Файл: 20182019 оу жылы бойынша ы бзушылы жніндегі есеп.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2018-2019 оқу жылы

бойынша құқық бұзушылық жөніндегі есеп

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр жыл сайын айлық іс-шара жоспары жасалынып бекітіледі. Жоспар бойынша ай сайын және айлық жоспар бойынша түрлі әдістер мен іс-шаралар өткізіледі. Олар: дөңгелек үстел, пікірталас, тәрбие сағаттары, құқық бұзушылық қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп отырады. Осы жоспар бойынша тек құқық бұзушылық қана емес, сонымен қатар патриоттық, адамгершілік, талғамдық тәрбиеге қатысты жұмыстар атқарылуда.

Қазан айында мектеп инспекторы Нурадинов Бағдад «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасының талаптарын түсіндіру» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды.

Қазан айында Отбасы және балалықты қорғау орталығының мамандары «Болашақ бүгінен басталады» тақырыбында 6 сыныптармен тренинг жүргізді. Сондай-ақ қаңтар айында оқұшылар мектеп ішінде қымбат смарфондарын ұстауға болмайтындығы туралы және «Ұрлық» тақырыбанда дәріс оқып, қылмыстық баптармен таныстырды. Осыған байланысты қаңтар айында ұялы телефондардың ұрлануын алдын алу мақсатында, 5-11 сынып аралығында әр ата-анаға ақпараттық хат беріліп, қол койылды.

Мектеп әкімшілігі 2018 жылғы 19 қазанда Сарыарқа ауданының ІІБ басшысына өтініш хат жолдады. Өтініш хатта 8 «Б» оқушысы Сидорина Марияның анасы Сидорина Ирина Николаевнаның ішімдік ішіп бала тәрбиесіне назар аудармайтыны туралы жазылған. Анасымен мектеп әкімшілігі , сынып жетекшісі жүргізген жұмыстары жайлы баяндалған.

2017 жылы қазан айында Астана қаласының Комиссия шешімімен Марияның шешесі Сидорина Иринаға түзелу уақыты берілді, ата-аналық құқығынан айырмады. Егер бұл жағдай қайталанатын болса, ата-аналық құқығынан айырады- деп ескерту жасалса да осы іс шешімін таппай отыр. Қазіргі таңда Сидорина Мария Нұр- Сұлтан қаласы кәмелетке толмаған балаларды уақытша түзелту орталығында жатыр.

Мектепішілік бақылауда 3 оқушы тұр. 6 «В» сынып оқушысы Берняев Роман, 6 «А» оқушылары Жукова Алина, Хальзова Татьяна мектепішілік тәртіпті бұзғаны үшін тіркеуге алынды.Оқу жылынан бастап сабаққа келмеген оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жасалуда, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Самылтырова Айгүл Жақаншақызы мен мектеп инспекторы Сатыбалдина Қымбат ата-аналармен сөйлесіп, үйлеріне дейін барды.

Бұл тіркеудегі оқушыға қазіргі уақытта оқушының есепке алу парағы, оқушының жеке парағы, оқушыны
есепке алу хаттамасы, оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, сол оқушымен (әр қайсысымен) атқарылатын жұмыс жоспары, мектеп психологімен, сынып жетекшісімен, психологтің жүргізген жұмысының қорытындысы (әр оқушыға) сияқты жеке бақылау қағаздары толтырылды.

Мектеп бойынша «Қауіпті топ» есебінде оқушылар жоқ. Мектептің тәрбие ісі меңгерушісінің жалпы ата-аналар жиналысында бала тәртібі, баланың өз-өзіне қол жұмсауы сияқты мәселелерді қозғауы ата-аналарының сөзі бойынша нәтижесіз қалған жоқ.

Оқушылардың бос уақытын өткізуін бақылау мақсатында сынып жетекші тарапынан сенбі сайын балалардың мектеп үйірмелеріне қатысуын және мектептен тыс спорт секцияларына баруын қадағалап, бақ ылау жүргізуде.

Оқушылардың сабақты себепсіз босатуын болдырмау мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  • әр сынып жетекші әр күнгі және апта бойғы оқушылардың сабақты босатуы жайлы есеп беруде;

  • сабақ босатқан оқушылардың себебі анықталуда (анықтама қағазының;

  • ата-анасымен әр күні байланыс жасалуда;

  • қажетінше тиісті шаралар қолдануда;

  • оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру журналы жүргізілуде;

Мектеп директоры Косыбаева А.М.

Орынд.: Самылтырова А.Ж.

Тел.: 87013597144