Файл: Нормативті сілтемелер ЫСартылан сздерді маынасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мазмұны

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ

1.Кіріспе ..................................................................................................... 4-5бет

2.Негізгі бөлім. Әдеби шолу.........................................................................6бет

2.1.Ірімшік сарысуына жалпы сипаттама ...............................................6-7бет

2.2.Ірімшік сарысуының маңызы ..............................................................8бет

2.3.Ірімшік жасаудың технологиясы..........................................................9бет

2.4.Ірімшік сарысуының химиялық құрамы............................................ .10бет

2.5. Қазақстанның ұлттық бренді – ірімшік сарысуының құндылығы..11бет

3.Эксперименттік бөлім..............................................................................11бет

3.1. Экспериментке қолданылған бастапқы заттар және зерттеу әдістері.11б

3.2.Ірімшік сарысуының химиялық құрамын анықтау......................11-14бет

4.Қорытынды.......................................................................................... 14-15бет

5. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................... 16бет

Қосымшалар

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Ғылыми жобада келесі стандарттарға мына сілтемелер қолданылады.

АНЫҚТАМАЛАР

Стерилизация - микроорганизмдерді жоғары температура әсерімен химиялық заттармен жою

Сүт қышқылды бактериялар - сүттің әсерімен сүт қышқылды өнімдер

Микроорганизмдер - микроскоппен ғана көруге болатын организмдер

Витаминдер (дәрумендер) – организмнің дұрыс қалыптасып, одан арғы қалыпты тіршілігі үшін қажет

Бұл ғылыми жұмыста келесі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылған:

Экономикалық тиімділік – жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелілігі.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ

МО – микроорганизмдер

БТ - биотехнология

рН - қышқылдылық

Ккал - калория

Гр - грамм

Аннотация

«Меркі зауытынан алынған ірімшік сарысуының химиялық құрамын зерттеу» тақырыбына жазылған ғылыми жобада, химиялық әдістер арқылы зерттеу жүргізіп, адам денсаулығына өте пайдалы дәрумендер мен органикалық құнды заттар болатынын дәлелдеді. Жобада ірімшік сарысуының жасалу жолдары мен қолдануына және Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап өтіп, зауыттан аққан сарысудың ысырап болмай, қажетімізге жарату және қалдықсыз технологияны жолға қою туралы шешім қабылдаған.Жобада экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімділігі туралы баяндалған.


Аннотация

В научном проекте «Исследование химического состава подсырной сыворотки, полученной на заводе «Мерке» проведены исследования химическими методами и доказано, что витамины и органические ценные вещества очень полезны для здоровья человека. В проекте были подчеркнуты способы производства и использования подсырной сыворотки и возможность ее экспорта на мировой рынок в качестве национального бренда Казахстана, а также принято решение использовать сыворотку, которая вытекала с завода, не выбрасывая ее, и внедрить безотходную технологию.

Аbstract

“Merki zauytynan alyngan іrіmshik sarysuynyn khimiyalyk” In the scientific project “Study of the chemical composition of cheese whey obtained at the “Merki” plant, chemical studies were carried out and it was proved that vitamins and organic valuable substances are very beneficial for human health. The project highlighted the ways of producing and using cheese whey and the possibility of exporting it to the world market as a national brand of Kazakhstan, and also decided to use the whey that leaked from the factory without throwing it away and introduce a waste-free technology.

Кіріспе

Қазіргі уақытта әлемдік жаhандану үрдісіне бет бұру кезеңінде біздің еліміз-Қазақстан Республикасының да ілгері дамыған елдер қатарына енуіне қажетті алғы шарттарының бірі ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын дамыту, әлеуметтік –экономикалық саясатын жүзеге асыру керектігі жолдауда көрсетілген. «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында» деген сөз жолдары Жамбыл облысы жастарының да жаңа серпінмен еңбек етуін және өздерінің барлық күш жігерін елімізге жұмсауын міндеттейді.Өздеріңізге белгілі соңғы жылдары елімізге шетелдерден көп азық-түліктер келіп жатыр.Оның кері әсері адам денсаулығына, экологияға әсерін тигізіп жатыр.Сондықтан мен осы нәтижеге қол жеткізген жағдайда отандық өнімдердің де,экологиялық, экономикалық мәселелерді де іс жүзінде нақты шешімін табатынына көз жеткізгім келді. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры табылады.[1]

Ғылыми жобаның өзeктілігі: Меркі зауытынан алынған халқымыздың ежелгі ұлттық тағамы – ірімшіктен алыңған сарысудың химиялық құрамын зерттеу арқылықұндылығы өте жоғары екенін, адам денсаулығына пайдасы көп екендігін дәлелдеу. «Қазақcтан 2050» ұлттық cтpатeгияcы жәнe «Агpобизнec 2025» бағдаpламаcына cәйкec, жаңа тeхнологиялаp eнгізу арқылы экологиялық таза өнімдepді өндіpу арқылы адам денсаулығын жақсарту болып табылады.[9]

Зерттеу мақсаты: Ірімшік сарысуының құндылығы мен сапасын арттыру және адам денсаулығына қажетті тәсілдерді қолдану арқылы экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз ету, ысырапқа жол бермей, қалдықсыз технологияны қолға алу


Зерттеу міндеттері:

1. Ірімшік сарысуының құрамына кіретін дәрумендер мен органикалық заттарды зерттеу;

2.Ірімшік сарысуы тек азық ретінде емес, адам денсаулығы үшін және көптеген маңызы бар екенін зерттеу;

3. Үй жағдайында, мектепте жүргізілген химиялық зерттеулер мен сапаларға баға беру;

4. Ірімшік сарысуының экономикалық тиімділігін бағалау;

5.Қалдықсыз технологияны қолданудың шешудің жолдарын қарастыру,

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жамбыл облысы Меркі ірімшік зауытынан алынған сарысудың химиялық құрамы зерттеліп, адам денсаулығына тиімділігіне негіздеме берілді.Қалдықсыз технологияны қолға алу керектігі, шешуші жолдары қарастырылды.

Жұмыс жүргізілген орны: Ақарал ауылы Асубай көшесі, 56-үй

Зерттеудің мерзімі: 2021-2022ж

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу жасау, бақылау, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу

Зерттеу жұмысының болжамы:Сарысу тағамы болашақта ұлттық бренд бола алатынына көз жеткізу;

Сарысудың дайындалу әдісін және адам өмірінде алатын орнын көрсету;

Сарысудың химиялық құрамын зерттеу арқылы адам денсаулығына пайдасын насихаттау;

Зерттелетін зат: Ірімшік сарысуының химиялық құрамының тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.

2. Негізгі бөлім. Әдеби шолу

2.1 Ірімшік сарысуына жалпы сипаттама

Сарысу – сүттен жасалған ұлттық тағам. Сарысу – сөзінің мағынасы да сарысу, су деген мағынаны береді. Ірімшіктен қалған сарысуды ұзақ қайнатып,қоюланған кезде арнайы қалыпқа құйып,өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай бұрама,дөңгелек сарысу тәттісі деген түрлерге бөлінеді.Ірімшік сүзіп алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Сарысу қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған сарысуды суытып қояды, сонда сарысу бойына тартып қоймалжың тарта түседі. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен кайнатып, кептіріп алған сарысу жыл бойына
, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Сарысу – сүттен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның құрамында холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі.Сонымен қатар сарысу лактозадан тұрады. Ол артық майдың жиналуына жол бермейді әрі асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге септігін тигізеді."Қант глюкоза және лактоза деп бөлінеді. Ол ананың сүтінде және ешкінің сүтінде көп болады. Сонымен қатар сарысуда да бар. Оның құрамында адам организміне шипасын тигізетін витаминдер өте көп. Сарысу адам организмін тазалайды. Шаш түсіп тоқтамаған кезде сарысу жағатын болған. Нәтижесінде шаштың түсуі тоқтап, оған өң кірген. Сондай-ақ сарысуды малдың терісін жұмсартуға, тері илеуге қолданған. Ірімшіктің сарысуынан сірне алынады.Сарысу – сүттен жасалған ұлттық тағам. Сарысу – сөзінің мағынасы да сарысу, су деген мағынаны береді. Ірімшіктен қалған сарысуды ұзақ қайнатып,қоюланған кезде арнайы қалыпқа құйып,өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай бұрама,дөңгелек сарысу тәттісі деген түрлерге бөлінеді.[7] Ірімшік сүзіп алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Сарысу қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған сарысуды суытып қояды, сонда сарысу бойына тартып қоймалжың тарта түседі. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен кайнатып, кептіріп алған сарысу жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Сарысу күшті ас, ол дастарқан сәнін келтіреді. Қазақтың жиын тойларында ірімшікпен,құртпен қатар дастарқан сәні.Cарысуды сүзіп алады.Оны қазанға құйып көп қайнатады, әрі ондағы су буланады. Осы сәтте сарысу қоймалжыңдана бастайды. Кейін оны қазаннан түсіріп, қолмен алақанға алып сығады әрі кептіреді. Мұны "сірне" немесе "сүт сірне" деп атайды. Ол "ирис" кәмпитіне ұқсайды. Сондай-ақ бұл сүт өнімің адам ағзасына пайдасы зор. Ал,біздің ірімшік пен сарысу (ирис) десерт ретінде қолданылады. Нағыз тіске басар тәтті сарысу (ирис) шай ішуге таптырмас дәм.Алдын-ала кесіліп қойылған сарысу жел қағып, кеуіп қалады және өзіне тән дәмі мен исін жоғалтпайды, сол себепті ірімшікті дастарқанға еш қобалжымай қоюға болады.Сонымен қатар, сарысуды үйде жасауға болады. Екі қарапайым рецепт бар:


Үйде дайындалған сүт (1 л) жылы жерде табиғи қопсыту үшін қойылады. Содан кейін алынған йогуртты қайнатыңыз және салқындатуға мүмкіндік беріңіз. Жылыту нәтижесінде сүзбе арқылы сүзбеден өту керек сүзбе ұйыды. 1 литр қайнағанға дейін қыздырылған дүкендегі пастерленген сүтте (1 л) бір лимонның жаңа сығылған шырынын құю керек. Араластырыңыз және оттан алыңыз. Бұл бірінші рецепт бойынша, дәке көмегімен, сіз бөліскіңіз келетін сүт сарысуы мен ірімшіктен тұрады.[8]

2.2 Ірімшік сарысуының маңызы

Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да,жазда да таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс-тәсілдері мен жолдарын таба білген. Осындай байырғы амал,тәсілдер қазіргі таңға дейін ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жетіп,қолданып келеді.«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Қазақ халқының сүттен жасалатын ұлттық асының бірі- ірімшік.Ірімшіктен алыңған сарысудың құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер өте көп.Сарысу жалпы организмге пайдалы. Бұл қалпына келтіретін әсерге ие, асқазанның секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді. Диетологтар сарысуды артық салмақпен ауыратын адамдардың құрамына зат алмасу процестерін күшейту және токсиндердің шығуына әсер етеді. Сарысу жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында, иммунитеттің төмендеуінде, гормондардың, әсіресе жыныстық қатынастың бұзылуында пайдалы.

Гастрит, колит, жаралар, ішкі қабынуды жеңілдету, ішекті ынталандыру, шіріту процестерін тежеу және микрофлораны қалпына келтіреді.[4]Дәрігерлер сарысуды артық сұйықтық шығаруға және бүйрек, жүйке жұмысын қалыпқа келтіруге ішуге кеңес береді.Бұл өнім В дәрумендеріне өте бай. Сиыр сүтінің сарысуы ішекте пайдалы бактериялардың тепе -теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі. Құрамы бай болғандықтан, балалар тағамы өндірісінде танымал.Сарысу нәресте тағамдарын дайындауға жақсы, себебі құрамында табиғи сүтке жақын ақуыз бар.Еске салайық, сарысу балалар тағамын өндіруде қолданылады. Балаларға күніне 300 мл-ден көп емес сарысуды беру ұсынылады.Сарысуда маңызды элемент - кобальт бар, гемопоэзге, ферментативті реакцияларға, бауыр мен жүйке жүйесінің,сондай-ақ жүрек ауруы, өкпе жеткіліксіздігі және анемия кезінде қолданылады.Сарысудың бала ағзасына әсері:дәрумендер мен минералдармен байытылады, иммундық жүйені нығайтады.Сарысу бет пен шашқа маска жасау үшін де қолданылады. Бұл сау жасушалардың қабыршақтануына, тамақтануына және жасаруына көмектеседі. Сарысу сонымен қатар күн сәулесінің, желдің, шаңның және токсиндердің теріс әсерінің салдарын жояды. Сепкілдерден арылуға, маска дайындауға болады. Шашқа жылтыр қосып, оларды берік ету үшін шашты әдеттегі сусабынмен жуғаннан кейін сарысумен шайып тастау керек.Диетаны ұстанатындар тамақтанудан жарты сағат бұрын бір стақан пайдалы сусын ішуі керек.Ірімшік сарысуы косметологияның танымал ингредиенттері болып табылады.Бұл терінің және шаштың күйін жақсартуға көмектеседі.Теріде тітіркену мен қабыну болған кезде оны таза күйінде ашыған сүт сарысуымен емдеуге немесе әртүрлі кремдер мен майларға қосуға болады.Сүт сарысуы бас терісінің денсаулығына жағымды әсер етеді және қайызғақтан арылуға мүмкіндік береді. Сарысудың жұмсақ іш жүргізетін әсері бар, сондықтан оны көп мөлшерде ішкенде асқазан-ішек жолдары бұзылуы мүмкін. Жарамдылық мерзімі өткен немесе дұрыс сақталмаған сарысу зиянды болуы мүмкін - егер сіз осындай өнімді қолдансаңыз, ауыр улануыңыз мүмкін. [5]