Файл: Жауабын крсету Жадаят типі жеке.odt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ғимаратта үш пәтер бар. 1-ші пәтер – ең үлкен пәтер, оның ауданы – 95 м2. Ал 2-ші және 3-ші пәтерлердің ауданы сәйкесінше 85 м2 және 70 м2 құрайды. Ғимараттың бағасы – 300 000 зед. Ендеше 2-ші пәтердің иесі қанша ақша төлеуі керек? Қалай есептегеніңізді көрсетіңіз.

Жауабы: пәтердің жалпы ауданы 250м квадрат.Ал оның үштен бірі 85м квадрат.Сондықтан 2-ші пәтер иесі жалпы құнын үштен бірін,яғни 100 000зед төлейді.
11 Гараж

Жауабын жасыру

Жағдаят типі: кәсіби

Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Гараж жасаушының негізгі ассортиментінде тек бір терезесі мен бір есігі бар модельдер бар.

Дәрмен келесі модельді негізгі ассортименттен таңдады. Ондағы терезе мен есіктің орны суретте көрсетілген.




Төмендегі суреттерде «негізгі» модельдердің артқы жағынан қалай көрінетіні бейнеленген. Олардың тек біреуі ғана Дәрмен таңдаған модельге сәйкес келеді.

Дәрмен қай модельді таңдады? A, B, C немесе D жауаптарының біреуін белгілеңіз.


A.



B.



C.



D.



Жауабы: С

12 Жел қуаты
Жағдаяттың типі: кәсіби

Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап



Зедтаунда электр қуатын өндіретін бірнеше жел электрстансасын орнатпақшы.

Зедтаун кеңесі мынадай модель туралы ақпарат жинады:



Ескерту: киловатт-сағат (кВт/сағ) – электр қуатының өлшем бірлігі.

Зедтаун шаршы пішіндес алаңда (ұзындығы мен ені = 500 м) бірнеше E-82 жел электр генераторын салуға шешім қабылдады. Құрылыс нормаларына сәйкес осы модельдегі екі жел электрстансасының тіректері арасындағы минималды қашықтық қалағының бес есе ұзындығына тең болуы керек.

Қала әкімі жел қондырғыларын алаңға суреттегідей тәртіппен орналастыруды ұсынды.




Қала әкімінің ұсынысы құрылыс нормаларына неге сәйкес келмейтінін түсіндіріңіз. Өз дәлелдеріңізді есептеулермен негіздеңіз.
Жауабы: жел электрстансасын орнату үшін модельдер арасында минимум 200м арақашықтық болуы қажет.Ал қала әкімінің ұсынған суретінде көлденең қарағанда модельдер арасындағы қашықтық 125м бұл модельдерді орнату нормаларына сәйкес келмейді.

13 Блок құрастыру

Жауабын жасыру

Жағдаят типі: кәсіби

Тапсырма форматы: қысқа жауап

Толқын кішкентай текшелерден блок құрастырғанды ұнатады, ондай текшелердің бірін мына суреттен көре аласыз.



Толқынның осындай кішкентай текшелері көп. Ол желіммен жабыстырып, олардан бір блок құрастырды.

Алғашында Толқын сегіз текшені бір-біріне желімдеп, бір блок құрастырды. Құрастырылған блок А суретінде көрсетілген.



A суреті

Содан соң ол B және C суреттерінде көрсетілгендей тұтас блоктар жасады.



B суреті



C суреті
Енді Толқынның ұзындығы 6, ені 5, биіктігі 4 текшеден тұратын тұтас блок құрастырмақ ойы бар. Ол текшелердің блок ішінде көрінбейтін орындарын бос қалдыру арқылы барынша аз текше қолданғысы келеді.

Осындай тұтас блок құрастыру үшін Толқынға ең аз дегенде неше кішкентай текше қажет?

Жауабы: 120


14 Бұралаң ғимарат
Жағдаяттың типі: білім алу және кәсіби

Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап

Қазіргі сәулет өнерінде пішімдері ерекше ғимараттар жиі кездеседі. Суретте «бұралаң ғимараттың» компьютерлік моделі мен ғимараттың бірінші қабатының жоспары бейнеленген. Компас нұсқарлары ғимараттың бағдарын көрсетеді.

Ғимараттың бірінші қабатында басты кіреберіспен қатар, дүкендерге арналған кеңістік бар. Төменгі қабаттан жоғары 20 қабаттың бәрінде пәтерлер орналасқан.

Әр қабаттың жоспары бірінші қабаттың жоспарымен бірдей, бірақ әр қабаттың бағыты төмендегі қабаттың бағытынан аздап ерекшеленеді. Цилиндр аумағына лифт шахтасы және әр қабаттың алаңы кіреді.

Бірінші қабатпен салыстырғанда пәтерлері бар қабаттардың әрқайсысы сәл «бұратылған». Ең жоғарғы қабат (20-қабат) бірінші қабатпен тік бұрыштап қиғаш орналасқан.


Сызбада бірінші қабат бейнеленген.

Бұл сызбаны дәптеріңізге көшіріп салыңыз. Осы сызбаның үстіне 10-қабат бірінші қабатпен салыстырғанда қалай орналасатынын көрсететін сызбаны салыңыз.

Жауабы: 20-ыншы қабат 1-ші қабатқа қиғаш орналасқандықтан 10-шы қабат екеуінің қақ ортасында орналасады.
15 Күншуақты бөлме
Жағдаят типі: қоғамдық

Тапсырма форматы: қысқа жауап

Суретте күншуақты бөлме (солярий) сызбасы көрсетілген. Бөлме үйдің қабырғасына жапсарлас салынады.

Бөлменің төрт қабырғасы – шаршы тәрізді мөлдір шыны панельдерден жасалған.

Төбесі:

- бірдей өлшемді трапеция тәрізді төрт мөлдір шыны панельден;

- дұрыс сегізбұрыштың жартысындай күңгірттелген шыны панельден жасалған.



Суретте төбе панельдерінің біреуінің AB жиегі көрсетілген. AB жиегінің нақты ұзындығы қандай?

Жауабы:


Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар
ТЕҢІЗДІҢ ЕҢ ТЕРЕҢ ЖЕРІНДЕ ӨМІР СҮРЕТІН БАЛЫҚ

(ақпараттық мәтін)

Тіршілік иелерінің көбі мұхиттың бетінде өмір сүретіні белгілі. Өйткені мұхиттың жоғарғы жағында қысым аз әрі оттегі мол. Мұхит тереңдеген сайын қысым көбейіп, оттегі азаяды. Содан тіршілік иелерінің өмір сүруіне де жағдай қалмайды.

Мұхиттың 6000 метр тереңдігінде небары 15 балық қана өмір сүреді. Ғылымға белгілісі осы. Ал 8000 метр тереңдікте тіршілік иесін кездестіру – ең қиын іс әрі ғылым үшін сенсация.

Бірақ жапон ғалымдары өткен жылы Мариан шұңғымасы маңындағы жоталарды автоматты батискафпен зерттеген кезде, өте тереңде тіршілік ететін ғылымға белгісіз балықтардың тобын тапқан. Балықтарды ұстау үшін ғалымдар макрельмен (теңіз балығы) жем-тұзақ құрып, оған аппаратты бекітіп шұңғымаға түсірген көрінеді.

Қолға түскен балықтардың липар тұқымына жататын балықтар екені белгілі болды. Бұрын бұлар 8143 метр тереңдіктен табылған. Енді 8178 метр тереңдіктен табылып отыр.

Фин шығанағында пинагор тұқымдасы –еуропалық липар балығы кездеседі. Ол үнемі салқын әрі қараңғы, қысым өте жоғары тереңдікте өмір сүреді.

Липардың денесі екі жанынан бүйірі жабысқан, терісі тегіс әрі ерекше қалың шырышпен қапталған. Олардың ұзындығы 16,5 см аспайды.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/63020/13-мәтін.



1-сурет

  1. Мұхиттың 6000 метр тереңдігінде небары 15 балық қана өмір сүреді екен. Теңіз түбінде өмір сүретін балық санының өте аз болу себебін түсіндіріп көріңіз

Жауабы: себебі,теңіз түбінде оттегі аз,қысым көп.Балықтардың өмір сүруіне кедергі жасайды. ___________________________________________________________

  1. Мәтіндегі «8000 метр тереңдікте тіршілік иесін кездестіру – ең қиын іс әрі ғылым үшін сенсация» деуінің себебін түсіндіріп көріңіз.

Жауабы: Өйткені мұхиттың жоғарғы жағында қысым аз әрі оттегі мол.Мұхит тереңдеген сайын қысым көбейіп,оттегі азаяды.Содан тіршілік иелерінің өмір сүруіне де жағдай қалмайды._____________________________________________________________


  1. Липар балығын ғалымдар қалай ұстады?

А. сүңгуірлердің көмегімен ұстаған

В. теңізасты кемесімен бейнебақылау жасаған


С. ау салып, бірнеше күн бақылаған

Д. жем-тұзақ құрып, оған аппаратты бекітіп шұңғымаға түсірген

Жауабы: Д


  1. 1-суретте липар балығының суреті берілген. Мәтіннен суретте көрсетілмеген липар балығы туралы қандай ақпарат оқуға болады?



_____________________________________________________________

Жауабы: Липардың денесі екі жағынан бүйірі жабысқан,терісі тегіс әрі ерекше қалың шырышпен қапталған.

ЖАРАЛЫ БАЛАПАН

Күн көтеріле, қос немересі Асқар мен Гүлнұрды арбасына отырғызып, Оспан қария шөп шабуға шықты. Жолшыбай көл жағалай өскен қалың құрақты көзі қиып тастап кете алмады. Қолдағы азын-аулақ малға шөп жинап жүрген жалғыз өзі болса бір сәрі. Онда асықпауға болады. Ал арқаны кеңге салсақ, аз уақыт өтпей-ақ, құрақтың орнына толқыған судың ізі ғана қалады.

Оспан қария атын қалың құрақтың түбіне шалдырды. Тізеден келетін судың зәрі сыныпты. Қоңыр салқын су аяғына жайлы тиді.

-Қарақтарым, түс ауғанша арбаны толтырып тастайық. Орылған құрақтарды ақырындап арбаға сала беріңдер. Сөйтіңдер, айналайындар, -деп Оспан қария іске кірісті. Күректей алақанымен құрақты уыстай қысып тартып қалса болғаны, жағада Асқар көтеріп әкететіндей бәр құшақ балауса жатады. Асқардың да дәл осылайша құрақ орғысы келеді. алайда атасы: «Бір жеріңді жазым етесің», -деп жүзі қылпыған орақты қолына ұстатқан емес. «Кейін буының қатайған соң, қол орақ түгілі, нағыз жігіттерше шалғы тартуды үйретемін», -дейді. Асқар сол кезді қиялдана еске алып, жағадағы құрақтарды жинауға ыңғайланды. Гүлнұр да түртінектеп, көмектескен боп жүр.

Кешікпей қос дөңгелекті арбаның қорабы жасыл құраққа лық толды. Атасы тершіген маңдайын сүртіп, үйден ала келген торсықтағы қымызды: -Мә, ішіңдер, қарақтарым, -деп немерелеріне ұсынды. Асқар да атасына ұқсауға тырысып, шөптесін жерде малдас құрып отыр. Гүл теруге әуес Гүлнұр шалғынды аралап кетті. Кенет: -Ата, Асқар, мұнда бір нәрсе жатыр! –деп әлденеге таңданған даусы естілді. –Байқа, қызым, жылан болмағай, - деп Оспан қария қолымен жер тірей, орнынан көтерілді.

Қарындасының даусын ести сала жүгірген Асқар түйежапырақтың астында тыпырлаған балапанды аңғарған. Есі шыққан балапан жаралы аяғын сүйретіп, қашуға әрекеттенді. асқар жерден көтеріп алғанда, балапан қинала шиқылдады.

-Балапан! Мойнын қара, қандай ұзын!