ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл кезде Оспан қария немерелерінің қасына келген еді. Балапанды қолына алып, айналдырып көре бастады.
-Пәлі, мынау тырнаның балапаны ғой. Бейшараға жыртқыштың тісі тиген бе?
Кенет қарияның қабағы тұнжырай қалды.
-Оңбағандар, балапанды атып не олжа таппақ екен. жіліншігі, қанатының топшысы жараланыпты. Міне, көрдіңдер ме, майда бытыраның ізі.
-Не үшін атқан? – Гүлнұр жанары жаутаңдап атасына қарады.
-Не үшін дерің бар ма, қарағым. Адамгершіліктен, сезімнен жұрдай адамнан да қатыгез, найсаптардың ісі ғой мынау.
-Ата, балапанды қайтеміз? –деді Асқар.
-Алып жүріңдер, емдеп көреміз...
Асқар балапанды бауырына басып, атасының соңынан ерді.
ТАНЫСТЫҚ
Шаруаны жайлағаннан кейін атасы қайшы, дәке, йод, қатты қағаз алып, жаралы балапанды емдеуге отырды. Ұйысып, қанға былғанған топшысының қауырсындарын еппен ғана қайшымен тықырлап қиып тастады. Қауырсынына қайшы тиген сайын балапан бұлқынып қояды. Атасы балапанның топшысын жұмсақтау етіп дәкемен байлап тастады. Бытыра жіліншіктің дәл үстіңгі етінен сызып өтіпті. Егер тура тисе, сирағы ортасынан пышақпен қиғандай үзіліп түседі екен.
-Асқаржан, осы үйде жәшіктер бар емес пе еді. Соған жұмсақ шөп төсеп, балапанды жатқызып қойыңдар, -деді атасы.
-Алдына жем қойсам қайтеді, ата? –деді Асқар сұраулы жүзбен.
-Иә саған, балапан нан жейді, -деді Гүлнұр.
-Жә, айналайындар, таласпаңдар. Тырна түрлі шөптің жапырағын, шегіртке, көбелек, қоңыз тәрізді жәндіктерді қорек етеді. балапанды кейін жемдерміз. Енді шуламай, құрал-сайман тұрған сарайға апарыңдар.
Түскі ас ішіліп болған соң, атасы немерелерін ортаға алды.
-Жалпы, шырақтарым, тырна жүрекке ыстық, көзге таныс құс, -деп бастады атасы әңгімесін. –Көктемде, көбінесе сәуір айларында, үшкіл бұрыш құрып ұшып бара жатқан тырнаны көрген шығарсыңдар.
-Иә, папам бізге көрсеткен.
-Күзде де көргенбіз.
-Дұрыс айтасың, күзде олар жылы жаққа ұшады. Тырналар - шуаққор диқанның асыға күткен көктемінің, еңбек адамдарының жомарт күзінің белгісі. Тырнаның мен білетін он шақты түрі бар. Бүгінгі жаралы - ақ бас тырнаның тырнаның тұқымынан. Жаңа басы, желкесі, мойны, жемсауындағы ұзын қауырсындары байқадыңдар ма? өсе келе, екі шекесіндегі қос қауырсыны ақ бас тырнаға ерекше көрік береді. міне, осындай белгілері арқылы оны басқа тырнадан ажыратуға болады. –Атасы сәл ойланыңқырап, сөзін жалғады. –Сендер ақ тырнаны көрген жоқсыңдар ғой. Аяқтары қара түсті, тұмсығы қызыл күрең, оның бүкіл денесін аппақ қар жапқан дерсің. Көзі өткір адам оны екі-үш шақырымнан көре береді.
-Үш шақырымнан, -Асқар ішегін тартты.
-Білмегендіктен таңданасың, шырағым. Өздерің көріп жүрген кәдімгі қоңыр, сұр түсті тырналар ғой, -деді атасы сақалын уыстап.
-Ақ тырналар қайда кетті, ата?
-Қайда дерің бар ма?-Оспан қария Гүлнұрдың шашынан сипады.
-Естуімше тұқымы сиреп, азайып кетті деседі. Қазір қолына мылтық, астына темір көлік мінгендер көбейді емес пе? Аңшылық –білген адамға жақсы серуен. Бірақ көпшілігіміз соны түсінбейміз ғой. Сондықтан туған жердің әрбір талдарағын, аң-құсын мейірімсіз қолдан қорғауға сендер ат салысуға тиіссіңдер. Солай емес пе, балаларым?
-Менің атам қандай жақсы кісі! –деп Гүлнұр Оспан қарияның әжім торлаған бетінен сүйді.
Асқар басын үнсіз изеді.
(Мұрат Сыздықов «Ақ тырналар»)
-
Шөп шабуға барған балалар үшін қандай қауіпті нәрселер болуы мүмкін. Мысал келтіріңіз
Жауабы:
-
Тырнаның қорегі болатын нұсқаларды белгілеңіз
А) Шегіртке
В) Шөптің жапырақтары
С) Гүлдер
Д) Кішкентай құстар
Е) Көбелек
Ж) Қоңыз
Жауабы: А,В,Е,Ж
-
Ақ бас тырнаны және ақ тырнаны тырналардың басқа түрлерінен ажыратуға көмек болатын белгілерін атап жазыңыз
Жауабы: Ақ тырнаның аяқтары қара түсті,тұмсығы қызыл күрең,оның бүкіл денесін аппақ қар жапқан.Ақ бас тырнаның басы,желкесі,мойны,жемсауындағы қауырсындары ұзын болып келеді.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
8. Балапанды емдеудегі атасының іс-әрекетін реттілігі бойынша сәйкестендіріңіз
1. а) Атасы балапанның топшысын жұмсақтау етіп дәкемен байлап тастады.
2. в)Асқарға жәшікке шөп төсеп, балапанды жатқызуын сұрады
3. с)Ұйысып, қанға былғанған топшысының қауырсындарын еппен ғана қайшымен тықырлап қиып тастады.
Жауабы: С,А,В
9. Атасы мен немерелері су жағасына құрақ жинауға келуі туралы ақпарат мәтіннің қай бөлімінде айтылғанын таңдаңыз.
А) «Жаралы балапан»
В) «Таныстық»
Жауабы: А
10. Асқар мен Гүлнұрдың атасы қандай адам? Мінездеме беріңіз, ойыңызды түсіндіріңіз
Жауабы: Асқар мен Гүлнұрдың атасы ақылды,мейрімді жан.ОЛ немерелерін қатты жақсы көреді және оларға қамқор болып,жақсы мен жаманды ажыратып,білгенін үйретіп жүреді.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
11. Бұл кезде Оспан қария немерелерінің қасына келген еді. Балапанды қолына алып, айналдырып көре бастады.
-Пәлі, мынау тырнаның балапаны ғой. Бейшараға жыртқыштың тісі тиген бе?
Кенет қарияның қабағы тұнжырай қалды.
Қарияның қабағы не себепті тұнжырады? Ойыңызды түсіндіріп жазыңыз
Жауабы: Атасы балапанды жыртқыштар емес адамдардың жаралағанын көріп қабағы тұнжырап,адамдардың қатігездігіне іштей қайран қалды.___________________________________________________________
_____________________________________________________________
12. Мәтіннен қаряның тырналарды сипаттаған тұсын тауып, теріп жазыңыз.
Жауабы: Тырналар - шуаққор диқанның асыға күткен көктемінің, еңбек адамдарының жомарт күзінің белгісі. Тырнаның мен білетін он шақты түрі бар. Бүгінгі жаралы - ақ бас тырнаның тырнаның тұқымынан. Жаңа басы, желкесі, мойны, жемсауындағы ұзын қауырсындары байқадыңдар ма? өсе келе, екі шекесіндегі қос қауырсыны ақ бас тырнаға ерекше көрік береді. міне, осындай белгілері арқылы оны басқа тырнадан ажыратуға болады. Аяқтары қара түсті, тұмсығы қызыл күрең, оның бүкіл денесін аппақ қар жапқан дерсің. Көзі өткір адам оны екі-үш шақырымнан көре береді. _____________________________________________________________
_____________________________________________________________
13. Мәтіннің жанры мен стилін анықтаңыз
Жауабы: _____________________________________________________________
ФАРМАЦЕВТИКА ӨНДІРІСІНДЕГІ НЕГІЗГІ КӘСІПОРЫНДАР
14.Суретті пайдаланып, Қазақстандағы фармацевтикалық кәсіпорындардың өндірісін белгілеңіз: А.Медициналық бұйымдар өндіреді
В. Дәрі-дәрмек өндіреді
С. Екеуін де өндіреді
Кәсіпорын | ЖАУАП |
1.«Мерей медицина фирмасы» ЖШС | А |
2.«Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС | В |
3.«Вивафарм» ЖШС | В |
4.«Каз-диа-тест» ЖШС | А |
5.«Нур-май фармация» ЖШС | В |
6.«Султан» ЖШС | В |
7.«Химфарм» АҚ | В |
15.Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша орналасқан фармацевтикалық кәсіпорындардың санын анықтап жазыңыз
Жауабы:
-
Алматы облысында _________________ -
Алматы қаласында __________________
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмалар
-
МҰЗ ЖӘНЕ ӨРТ АРАЛЫ
Исландия Поляр шеңберінің дәл үстінде, Солтүстік Атлантикада, Гренландия мен Шотландия арасында орналасқан. Бұл табиғи құрылыс материалдарынан айрылған вулкандық арал;Солтүстік Атлант жотасының шыңында орналасқандықтан екі жаққа тартылып, Гренландия және Шотландияның бір-бірінен алыстауынан созылып жатқан табиғаттың аяқталмаған құрылыс алаңына іспеттес жер.
http://www.geogsite.com/pageid-708-1.html
сұрақ: МҰЗ ЖӘНЕ ӨРТ АРАЛЫ- Исландия орналасқан жерді көрсетіңіз:
-
Солтүстік Атлант жотасында -
Солтүстік Поляр шеңберінде -
Тынық мұхиты -
Солтүстік Атлантикада -
Гренландияның маңында -
Оңтүстік Поляр шеңберінде -
Финляндия маңында -
Жерорта теңізінде
Жауабы:
2 балл
2. НАЙЗАҒАЙ – АПАТТЫ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ
Найзағай – табиғаттың аса апатты құбылыстарының бірі. Бұл электр разрядтары, күн күркіреуімен бірге жүріп тұрады. (*дыбыстың таралу жылдамдығы 330 м/с). Найзағай бұлттары будақ бұлттардан пайда болады. Алдымен олар бұлттың даму кезеңінен өтеді, содан кейін ыдырау үдерісі жүреді (жауын шашын түседі, электр разрядтары босатылады). Найзағайлы бұлттардың пайда болуы үшін жоғарыға бағытталған ауа массалары қажет. Табиғи тосқауылды кесіп өту үшін ауа массалары жоғарыға қарай бағытталады, бұлттар пайда болады. Атмосфералық фронттар шекараларында да бұлттар пайда болады, өйткені суық ауа массалары жылы ауаны жоғарыға қарай көтереді.
сұрақ: Неліктен найзағай күн күркіреумен бірге жүреді?
Жауабы: Жарықтың таралу жылдамдығы дыбыстың таралу жылдамдығынан үлкен болғандықтан.
2 балл
3. НАЙЗАҒАЙ – АПАТТЫ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ
Найзағайдың пайда болуының дұрыс логикалық тізбегін көрсететін жауапты белгілеңдер. Неліктен бұл тізбек дұрыс екенін түсіндіріңіз.
A | Күн күркіреуі естілді, жақын арада найзағайды көреміз |
B | Найзағай жарқырады, күн күркіреді, жаңбыр жауды |
C | Қатты күн күркіреді, аспанда найзағай жарқырады, сол сәтте аспанда қара бұлттар төнді |
Жауабы: В
4. НАЙЗАҒАЙ – АПАТТЫ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ
Дамир кадрда найзағай мен күн күркіреу арасындағы уақытты тіркеді. Бұл уақытқа қарап Дамирден қандай арақашықтықта найзағай ойнағанын анықтауға бола ма? Ол үшін нені білу керек?
Жауабы: Ия,болады.Оқушылар дыбыстың таралу жылдамдығын шамамен 330м/с.Екенін білу керек,сондықтан көбейте отырып арақашықтық 1980м тең екенін есептей алады.
2балл
5. ЖАҢБЫРЛЫ БУДАҚ БҰЛТ
Сурет бойынша будақ бұлттардың қарқынды даму фазасын анықтаңыздар. Себебін түсіндіріңіздер
Жауабы: Максималды фазасында будақ бұлттарда жоғары турбуленттілік байқалады,сол турбуленттілік жоғары және төмен бағытталған ауа ағымдары пайда боллады.Жаңбырлы будақ бұлттардың қарқынды даму процессі неғұрлым қарқынды жауын шашын, дауылды жел,күн күркіреуі және найзағаймен сипатталады.
2 балл
6. БҰЛТТАРДЫҒЫ ИНТЕНСИВТІ ТУРБУНЛЕНТТІЛІК
Метеорологиялық жағдайды талдау және бағалау кезеңінде, әуе кемесінің экипажы ұшар алдында мынандай негізгі аэросиноптикалық материалдармен таныса алады: жералды синаптикалық картасы, ұшу деңгейінің топографиялық барикалық картасы, максималды желдер картасы, радиоокациялық бақылау карта-схемасы (найзағай болған жағдайда) карта-схема суретте көрсетілгін.