ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әңгімелесу
Тақырыбы: «Алғыс айту күні»
Тәрбиеші:
Алматы қаласы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту күні»
Мақсаты: Балаларды рухани байлықтың көзі – алғыс сөздермен таныстыру, алғыс
сөздердің адамның ішкі дүниесінің өсуіне және адамдар арасындағы
келісімге жақсы әсер ететініне көздерін жеткізу, қалыптан тыс терең ойлау
қабілеттерін дамыту.
Әдістер: әңгімелесу, әр түрлі жағдаяттарды талқылау, әдептілік туралы ой қозғау Құралдары: плакаттар
Барысы
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Сендерге бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алғыс айту парызым» екенін хабарлаймын. Адамдар бір-біріне ризашылықтарын, алғыстарын білдіріп тұру керек. Балалар, осы сөздерге назар аударыңдаршы. Алғыс айту – бір адамның екінші адамға деген ықыласы, оны мойындау сезімі, жақсылығы үшін білдіретін ниеті
Тәрбиеші: Адамдар бір-біріне деген алғыс сезімдерін қандай сөздер арқылы білдіреді?
- «Рахмет», «алғыс айтамын» «сізге өте тәнтімін», «көп-көп рахмет», т.б. сөздер.
- Мектепте оқып, білім алып жатқанымыз үшін алғыс айтуымыз керек.
- Бізге әріптерді үйреткен әліппеге алғысымызды айтуымыз керек.
- Жарық сәулесін сыйлаған күнге алғыс айтуымыз керек
- Таза ауасын сыйлаған ағаштарға рахмет айтуымыз керек
- Бізге өмір сыйлаған анамызға алғыс айтуымыз керек
Біз анамызға қалай алғыс білдіреміз?
- Анаға күлкі сыйлауымыз керек.
- Оған қамқор болуымыз керек
- Сабақты жақсы оқуымыз керек
- Тәртіпті, әдепті болуымыз керек.
Әдепті бала қандай болады?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата- аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
- Сабақтан кешігуге болмайды.
- Амандасуды ұмытпа
- Өзіңнен кішіні ренжітпе
- Көлікте өзіңнен үлкен адамға орын беру керек
Әдептілік туралы кім мақалды жақсы біледі екен оны байқау үшін үш қатардан үш оқушыны шақырамын
І. «Кім шапшаң» Мақалды жалғастыру
Әдептілік, ар-ұят—адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат—надандықтың белгісі.
Әдепті бала—арлы бала,
Әдепсіз бала—сорлы бала.
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі—келіп –кетіп жүргені.
Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген- әдеп,
Біз деген- көмек.
Ұлық болсаң- кішік бол.
Үлкеннен құрмет – кішіге міндет
Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
II. Сөзжұмбақ.
1. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
2. Қазақтың ұлттық аспабы . ( домбыра )
3. Ердің сыншысы- ел
4. қалың киімді ұнатады шешіндірсең жылатады (пияз)
5. Білім ордасы не? (мектеп)
6. Аңдардың жүріп өткен жолы ? (із)
7. Бала тілі - (бал)
8. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
9. Өз жұмыртқасын тастап кететін құс. (көкек)
ІІІ. Әр түрлі жағдаяаттарды талқалау.
1. Бала сабақта ұрсатынын біле тұрса да, бала бағаны өшіріп тастайды. Сендер не істер едіңдер?
2. Сен сабаққа кешігіп асығып бара жатырсың жолдан үлкен қарт кісінің өте алмай тұрғанын көрдің сен не істейсің?
3. Сен досыңның біреудің затын ұрлап алғанын білесің. Бірақ мұғалім басқа баладан күдіктеніп тұр. Сен не істейсің?
Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?
Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.
Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын-
2. Кішкене баланы-
3. Құстарды-
4. Қыз баланы-
5. Сабақтан-
6. Үйге жүгіріп-
7. Үлкен кісіні-
8. Оқу –құралдарын-
9. Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
- Балалар, басқаларға жақсылық жасауға, сараңдық жасамаңдар. Өз сөйлеулеріңде «рахмет», «алғыс айтамын», «өте тәнтімін», т.б. сиқырлы сөздерді көбірек қолдануға тырысыңдар. Жақсы алғыс сөздерін естіген адам жақсы істерін жалғастыруға құлшынып тұратынын ұмытпаңдар. Өз өмірлеріңнің әр сәтін бағалауды үйреніңдер. Сендерді қоршаған жақсы істер үшін әрқашан да алғыс айтып жүріңдер.