Файл: Реферат Пні Философия Таырыбы Жаа дуір философиясы Тексерген Анламасова Ы. Ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Реферат

Пәні: Философия

Тақырыбы: «Жаңа дәуір философиясы»

Тексерген: Анламасова Ы. Ж

Орындаған: Сардарбек А. А

Тобы: БО-21

Қарағанды 2022 ж.

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

2. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.

3. Дж.Локк, Г.Лейбниц, Т.Гоббстың алеуметтік – философиялық концепциялары.

4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.

III. Қорытынды

Кіріспе

Жаңа Дәуір философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI – XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың эксперименталдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ – раионалистер Декарт пен Лейбниц, философ – эмпирисер Локк және Юм айналысты.

Дәл осы Жаңа Дәуір тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр – бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты эксперименталды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа Дәуір философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт және тағы басқалары жатады.

II. Негізгі бөлім. Жаңа дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

Жаңа Дәуір философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуірді айтамыз. Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ ғасырда капитализм әлемдік – дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқынымен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді және өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті.


Капиталистік өндіріс тәсілі ғылымға деген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте – бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсат етіп қойған европалық мемлекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.

Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.

Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан — ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан — философиялық шығармаларда діни – теологиялық мазмұн әлі де болса мол болды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бұра бастады. Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады.

Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.

Ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618 жылы ең жоғарғы – лорд – канцлерлік – әкімшілік орынға ие болады. Короь Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болды. Енді оның философиямен айналысуына жол ашылды.

Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.

Ф.Бэконның шығармаларының ерекшеліктері –ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөлді, ал оның негізгі жолы –тәжірибелік зерттеулер. «Не іс –әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері – оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.



Тәжірибені талдай келе, Ф.Бэкон оны екіге бөлді. Олар – жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.

Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала – салаға бөлу мәселесіне көп көңіл бөлді. Оның ойынша, адамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы қажет. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл – ой. Есте сақтау қасиетін сай ғылым – тарих, қиялға – поэзия, ақыл – ойға – философия.

Тарих ғылымын Ф.Бэкон екіге бөлді. Олар – жаратылыстану тарихы, екіншісі – азаматтық тарих.

Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісіншеғ адамның жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.

Ал, енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар – Құдай, Табиғат және Адам. Өз заманындағы түсініктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесін «қос ақиқат» тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл – оймен танып – білу мүмкін. Сондықтан ол теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.

Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екіге бөледі. Олар – теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия жемісті тәжірибелерге сүйеніп, табиғаттан бұрын – соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.

Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туралы туындысы ретінде осы философиялық антропология, ал қоғамның мүшесі ретінде азаматтық философия зерттейді.

Ф.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.

Ф.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «әртүрлі металл түрлері балқитын болса, онда бұл барлық металдардың балқу касиетіне ие екенін көрсетеді.") деп түсіндіреді Ф.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Ф.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:


  • «өрмекші жолы»

  • «құмырсқа жолы»

  • «ара жолы».

«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды».

«Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпирктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.

«Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап, ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше, танымның ең дұрыс жолы – индукцияға негізделетін (фактілерді жинау және жалпылау, тәжірибе жинау) заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік тәсілдерін пайдаланатын эмпиризм.

Таным мәселелері. Ф.Бэконның ойынша, ғылым салаларына ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануында кеселін тигізетін нәрселер ғана жаңа әдістерге жол ашылып, зерттеулердің тиімділігі артады. Сол ғылымдағы кедергілерді Ф.Бэкон «идеолдар», я болмаса «елестер» дейді. Олар – төртеу.

Бірінші елес – тектік идолдар. Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келіп тіреледі. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып – білуге бағытталған кезде, оларды «өзіне ұқсатып» түсіндіруге тырысады. Текті елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкін емес.

Екінші елес – ол үңгір идолы. «Әрбір адам белгілі бір отбасында, белгілі бір жерде дүниеге келліп, тәрбиеленеді, ересек адамға айналады. Біреу адам түгіл құдай да ұмытқан ауылда, екіншісі аудан орталығында, үшіншісі астанада, ия болмаса үлкен қалада туып –тәрбиеленеді. Біреу кедей, екіншісі ауқатты отбасында өсіп –өнеді, көбінесе соған сәйкес білім алуға, өмірде өз орнын табуға мүмкіндіктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзінің зор ықпалын тигізбей қоймайды. Ол сол өзін қалыптастырған «үңгірден» дүниеге қарайды, ал оның өзі «табиғаттың сәулесін әлсіретіп бұрмалайды», - дейді ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы – дүниеден алған жеке тәжірибені жалпыхалықтық тәжірибемен ұштастыру болмақ.


Үшінші – алаң, ия болмаса базар елестері. Олар қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзі – зат пен соны көрсететін, бейнелейтін сөзді толығынан теңеу. Ал шындығына келсек, сөз – затқа қойылған ат қана. Сөз көбіне заттың не екенін емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетеді, - дейді ұлы ойшыл. Егер сөзді затқа теңесек, онда көбіне біз «жалған даналық» жолына түсіп кетеміз. Бұл елеске берген сыннан біз схоластикалық философияға қарсы бағытталған Ф.Бэконның көзқарасын болжаймыз.

Төртінші, соңғы елес – театрлар идолы. Олардың дүниеге келу себебі – тарихтағы өмір сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтін мәңгі ақиқат» ретінде түсіну.

Сонымен жоғарыда айтылған идолдар қандай күшті болғанымен, ғылым жолына түскен адам өзінің ақыл –ойын, дүниесезімін олардан тазарту керек деп қорытады ұлы ойшыл.

Жинақтап айтқанда, Ф.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді:

  • философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды;

  • гносеология (таным туралы ілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралы ілім) деңгейіне жетті, және кез-келген философиялық жүйенің басты екі бөлімінің біріне айналды;

  • философияның жаңа мақсаты анықталды – адамға оның өз әрекетінде практикалық нәтижелерге жетуіне көмектесу (осылайша Батыс философиясы жанама түрде болса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізін қалады);

  • ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;

  • Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді.

Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) – Жаңа Дәуір философиясына өз үлесін қосып, негізін қалаған ірі тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарына оқып білім алған. Егер біз оны Ф.Бэконмен салыстырсақ, ол – бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған тұлға.

Ұлы математика, механик, физиологияның негізін жасаушы, психолог Декарт Аристотельден кейінгі жан –жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерімен ұштастыра білген бірден –бір ойшыл болды. Негізгі еңбектері: «Диоптирка» күн сәулесін зерттеуге арналған, «Метеорлар» метеорологиялық мәселелерге арналған, «Геометрия», «Философияның бастаулары», «Әдістемелер жөніндегі ойлар» т.с.с.

Декарттың философиядағы үлесі мынадай: