Файл: Тжірибелік сабаа арналан дістемелік НСАу Медициналы биохимия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік НҰСҚАу

«Медициналық биохимия» пәні бойынша
6В10107 – «Жалпы медицина» мамандығына арналған
Аралық бақылау №2 «Майлар, аминқышқылдар, және нуклеотидтердің алмасуы. Гормондар биохимиясы. Бауыр биохимиясы»
Сағат саны: 3
Курс: 2

Астана 2022 ж.
Тақырыбы: «Майлар, аминқышқылдар, және нуклеотидтердің алмасуы. Гормондар биохимиясы. Бауыр биохимиясы»
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Тағамдық майлар, тәуліктік тұтыну нормасы, ас қорыту, ас қорыту өнімдерін сіңіру. Өт қышқылдарының рөлі.

2.Ішек жасушаларында майлардың ресинтезі. Май алмасуындағы хиломикрондардың рөлі.

3.Жоғары май қышқылдарының (ЖМҚ) тотығуы, реакциялар реттілігі, ЖМҚ тотығуы, ҮКҚЦ-мен байланыс, реттеу.

4.Май қышқылдарының биосинтезі, реакциялардың реттілігі, физиологиялық маңызы, биосинтез жылдамдығының тамақтану ырғағы мен тамақ құрамына тәуелділігі.

5.Триацилглицеридтердің, фосфолипидтердің биосинтезі.

6.Кетон денелерінің синтезі және ыдырауы. Кетонемия.

7.Майлардің қорытылуы мен сіңірілуі процестерінің бұзылуы. Хиломикронемия, стеаторея.

8.Холестерин: құрылымы, физиологиялық рөлі, ағзада қолдану көздері мен жолдары.

9.Денедегі холестерин биосинтезінің кезеңдері. Осы процестерді реттеу.

10.Холестеринді тасымалдау және липопротеиндердің осы процестегі рөлі.Липопротеидтердің класы. Атерогенді және антиатерогенді липопротеидтер.

11.Холестерин алмасуын реттеу механизмі. Атеросклероз.

12.Холестерин алмасуын реттеу механизмі. Гиперхолестеринемия, Өт-тас ауруы, Семіздік.

13.Адам ағзасының негізгі майлардың құрылымы мен қызметі.

14.Азоттық баланс, квашиоркор. Тамақтанудағы ақуыз мөлшері.

15.Ақуыздардың қорытылуы. Протеиназалардың белсенүі, субстраттың ерекшелігі. Гидролиз өнімдерін сіңіруі.

16.Жасушадағы аминқышқылдарының көздері. Амин қышқылдардың тасымалдануы. Катепсиндер.

17.Аминқышқылдарының алмасуының жалпы жолдары: а) трансаминделу.

18.Аминқышқылдарының алмасуының жалпы жолдары: б) дезаминделу.

19.Аминқышқылдарының алмасуының жалпы жолдары: в) декарбоксилдену.

20.Пиридоксаль мен глутаматтың аминқышқылдарының метаболизміндегі рөлі.

21.Биогенді аминдер: гистамин, серотонин, ГАМҚ, катехоламиндер. Аминоксидазалардың қызметі. Синтезі, инактивациясы (белсенділігі), биологиялық рөлі.
22.Ақуыздардың қорытылуының және аминқышқылдарының сіңуінің бұзылуы.

23.Метионин, оның трансметилдену реакцияларындағы рөлі. Бір көміртекті қалдықты тасымалдау реакцияларына TГФҚ қатысуы.


24.Фенилаланин мен тирозин алмасуының ерекшеліктері. Амин қышқылдарының алмасу процестерінің тұқым қуалайтын бұзылыстары.

25.Аммиактың пайда болуы, оның уыттылығының себептері. Аммиакты залалсыздандыру және оның ұлпаларға тасымалдануы.

26.Орнитин циклі және оның биологиялық рөлі. Аммоний тұздарының шығарылуы.Гиппераммониемия және оның себептері.

27.Пурин нуклеотидтерінің катаболизмі. Зәр қышқылының түзілу жолдары. Гиперурикемия және подагра.

28.Реттеуші жүйелердің иерархиясы.

29.Метаболизм реттелуінің негізгі механизмдері. Зат алмасуындағы жасушааралық пен ағзааралық координациясын реттеудегі гормондардың ролі.

30.Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормоналды жүйенің құрылымы: гормон, рецептор, аралық тасымалдаушы, жасушалар мен нысана-ағзалары.

31.Гормондардың жіктелуі: а) гормондардың синтезі жүретін жердері бойынша; ә) биологиялық қызметіне сәйкес; б) химиялық құрамына сәйкес; в) әсер ету механзмі бойынша.

32.Инсулин және глюкагон химиялық табиғаты, синтезі және зат алмасуға әсер ету механизмі.

33.Қалқанша безі гормондары: химиялық табиғаты, синтезі және зат алмасуға әсер ету механизмі. Йодтирониндер синтезінін реттелуіндегі гипоталамо-гипофиз жүйенің ролі.

34.Эндокринді аурулардың молекулалық негіздері: а) ашығу кезіндегі зат алмасудың бұзылуы; ә) эндокринді бұзылыстар кезіндегі зат алмасуының бұзылуы (қантты диабеті, микседема, тиреотоксикоз).

35.Норадреналин мен адреналин: химиялық табиғаты, синтезі және зат алмасуға әсер ету механизмі.

36.Тұз-су алмасуы туралы түсінік. Электролиттер туралы түсінік. Ренин ангиотензиндік жүйе. Бүйрек гипертензиясы дамуының биохимиялық механизмі. Тұз су алмасуының гормоналдық реттелуінің бұзылыстары.

37.Кальций мен фосфор алмасуы. Физиологиялық ролі, организмге түсуі. Фосфат-кальций алмасуының реттелуіндегі паратгормон мен кальцитониннің ролі. Паратгормон мен кальцитониннің синтезі мен әсер ету механизмі. Рахит кезінде фосфат-кальций алмасуының бұзылыстары. Гипер- және гипокальциемия.

38.Гомеостаздың тұрақтылығын сақтаудығы бауырдың рөлі және экспорттық заттардың биосинтезі. (глюкоза, аминқышқылдары)

39.Бауырдың метаболиттік қызметі. Бауырдағы көмірсулар алмасуының ерекшеліктері. Бауырдағы липидтер алмасуының ерекшеліктері. Бауырдағы аминқышқылдарының алмасу ерекшеліктері.

40.Бауырдың ас қорыту функциялары: өт түзілуі және секрециясы.
1 Есеп

Ұзақ уақыт бойы майды қабылдамаған, бірақ көмірсулар мен ақуыздарды жеткілікті мөлшерде қабылдаған адамда дерматит, жараның нашар жазылуы, көру қабілетінің нашарлауы, жыныстық функцияның төмендеуі байқалады. Құрамында балық майы бар емдік диетаны тағайындаған кезде симптомдар жойылды. Метаболизмнің бұзылуының мүмкін себептерін түсіндіріңіз.

Майлар жасуша қабықшасының құрылыс материалы болып табылады. Майлар өмірлік маңызды майда еритін витаминдерді сіңіру, гормондардың синтезі және жүрек бұлшықетінің тамақтануы үшін қажет. Ми майдан тұрады, оны тамақтандыру керек. Сондықтан майларды толығымен алып тастау қажет емес. Пайдалы майлардың болмауы біздің денеміз үшін айтарлықтай проблемаларға толы. Олардың ең зиянсызы - терідегі, шырышты қабаттармен, дұрыс емес жылу берумен және тітіркенумен байланысты проблемалар. Майы аз диета ұзақ уақыт бойы жалғасса, жүрек, бауыр және өт қабының проблемалары болуы мүмкін.

Терінің бұзылыстары және тітіркенуі, қайызғақ, шаштың түсуі - бұл белгілердің барлығы денеде май қышқылдарының жетіспейтінін көрсетуі мүмкін. Тері жасушалары омега-3 және омега-6 май қышқылдарынан тұратын мембраналар арқылы қорғалған. Олар терінің серпімділігін береді, ылғалды сақтайды. Олардың жетіспеушілігімен терінің қорғаныш қасиеттері айтарлықтай төмендейді, ерте қартаю орын алады.

Салауатты майлар көмірсулардың сіңуін баяулатады және қандағы қанттың жоғарылауын болдырмайды, бұл дененің қажетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, денеге энергия өндіру үшін майлар қажет. Егер олар диетада жеткіліксіз болса, онда жылдам көмірсуларды жегеннен кейін күш пен ұйқышылдықтың күрт төмендеуі мүмкін.

Жағымсыз сезімдер, көздің құрғауы және қызаруы - бұл белгілерді офтальмологтар құрғақ көз синдромы деп атайды. Бірақ мәселе компьютерде ұзақ жұмыс істеу және құрғақ ауа ғана емес, сонымен қатар диетадағы майдың болмауына байланысты туындайды. Өйткені, май қышқылдары көзді қорғайтын және ылғалдандыратын көз жасына арналған қабықтың пайда болуына әсер етеді. Олардың жетіспеушілігімен табиғи ылғалдың деңгейі төмендейді. Бұл әсіресе контактілі линзаларды киетін адамдарға қатысты.

Майлар салмақ жоғалтудың басты жауларының бірі болып саналады, олардың калориялары көп. Бірақ майлардан бас тарту тері мен шаштың нашарлауына, гормоналды теңгерімсіздікке және салмақ қосуға әкеледі.

БАЛЫҚ МАЙЫ – мырыш, йод, кальций, фосфор, магний, натрий, темір элементтеріне өте бай. Сонымен қатар A және D дәруменінің қайнар көзі десек те болады. Пайдалы құрамының арқасында: көздің көру қабілетін жақсартады, сүйектің шымырлығын еселейді, есте сақтау қабілетін жақсартады, шаш, тырнақ және тістің саулығын арттырады. Балық майы Омега-3 майлы қышқылына бай. Бұл өз кезегінде егде кісілерге өте пайдалы әрі аса қажет. Егер балық майын үнемі қабылдап жүретін болсаңыз: мидың ерте қартаюына тосқауыл болып, жұмысын жандандырасыз, ағзаның суықтауынан сақтанасыз, артық салмақтан арыласыз, депрессиямен күресуге қабілетті келесіз, қатерлі ісік
ауруларын болдырмайды, қандағы холестерин деңгейін реттейді, ағзадағы улы заттарды шығарып, ерте қартаюдың алдын алады, бұлшықетті оттегімен қамтамасыз етеді, майдың тез еруіне септігін тигізеді, ағзаның төзімділігін арттырады, жүрек пен қан тамырды қуаттандырады, қанның ұюына жол бермейді; жараның жылдам жазылуына ықпал етеді, буындардың саулығын арттырады, шаштың саулығын жақсартып, тез өсуіне ықпал етеді, қан қысымын қалыпты ұстайды.

2 Есеп

Қартайған адамның миокард инфарктісінің даму себептерінің бірі ТТЛП бауыр рецепторларының құрылымының бұзылуымен байланысты. Бұл бұзылулар миокард инфарктісінің алдында қандай аурудың дамуына әкеледі? ТЖЛП биологиялық рөлі қандай? Бұл жағдайда липидтер алмасуының қандай бұзылыстары дамыды?
Тығыздағы өте төмен липопротеидтер бауырда және ішекте синтезделінеді. Липопротеидтердің бұл түрі қан плазмасында тығыздығы төмен липопротеидтерге айналады. Тығыздығы төмен липопротеидтердің құрамында 45% - ке жуық холестериннің эфирі және холестерин болады. Сонымен тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринді тіндерге жеткізеді. Тығыздығы жоғары липопротеидтер бауырда синтезделеді. Бірақ бұл липопротеидтердің құрамында холестериннің мөлшері аз, сондықтан қан тамырларының мембранасындағы холестериндерді қосып алады және лецитинхолестеринацетилтрансфераза ферментінің көмегімен оны эфирге айналдырады. Тығыздығы жоғары липопротеидтер холестеринді тіндерден бауырға тасымалдайды. Бауырға осы жолмен жеткен холестерин әрі қарай өзгерістерге ұшырайды немесе организмнен керексіз зат есебінде сыртқа шығарылады.

ТТЛП белок-рецепторларының жаңадан синтезделуіне және липопротеин құрамына холестериннің артық мөлшерінің түсуіне кедергі жасайды. Холестериннің артық мөлшері қайтадан бауырға келіп түседі. Оны тығыздығы жоғары липопротеидтер қамтамасыз етеді. ТЖЛП алғаш бауыр клеткаларында синтезделіп, олардың құрамында холестериннің мөлшері өте аз болады, ал тіндердің клеткаларында ТЖЛП лецитинхолестеринацилтрансфераза (ЛХАТ) ферментінің қатысуымен холестеринді байланыстырып, яғни өзінің құрамындағы холестериннің мөлшерін артырып, қайтадан бауырға қайтып келеді, сөйтіп бауырда әрі қарай өзгерістерге ұшырайды. ЛХАТ ферменті лецитиннің құрамындағы май қышқылдарын холестеринге жеткізіп холестериннің эфирін түзуге қатысады. Міне, ТТЛІІ мен ТЖЛП арасында осындай күрделі байланыс бар. Сондықтан ферменттердің жұмысында, рецепторлардың синтезіндегі кішкене ғана өзгеріс, холестериннің қандағы мөлшерінің артуына немесе кемуіне әсерін тигізеді.


Егер де тін, орган клеткаларындағы ТТЛП рецепторлары жеткіліксіз болса, қандағы холестериннің және тығыздығы төмен липопротеид мөлшері күрт өсіп кетеді. Холестериннің қандағы артық мөлщері гипелхолестеринемия деп аталады да, бұл теріде ксантоматоз (тері астында холестериннің жиналуы), өт қапшығында өтке тастың байлануын, қан тамырларының қабырғаларында холестериннің жиналуы - атеросклероз ауруларын туғызады. Сонымен қатар, қазіргі кезде отбасылық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия белгілі. Гомозиготалы науқастарда ТТЛП-дің активті рецепторлары болмайды да, олар нәресте кезінде ақ жүрекке қанды жеткізетін қан тамырларының зақымдалуынан қайтыс болады. Ал гетерозиготалы науқастарда, гомозиготалы науқастарға қарағанда гиперхолестеринемия жеңілірек өтеді, себебі бұл кезде ТТЛП-белок-рецепторлары синтезделеді, бірақ оның мөлшері жеткіліксіз болады.

Атеросклероз. Қалыпты жағдайда холестериннің қандағы мөлшері 130-320 мг %. Атеросклероз - грек тіліндегі екі терминнен тұрады: ather - бидай ботқасы; sсlerosis - қатты. Осы екі сөздің мазмұны, атеросклероз ауруына қысқаша түсінік бере алады, яғни атеросклероз кезінде қан тамырларының қабырғалары зақымдалады, алғашқы кезде ботқа сияқты болып тұнбаға түскен холестерин, кейінірек қатаяды. Атеросклероз науқасы осы күнге дейін жан-жақты зерттелуде. Бұл ауруының тууына әртүрлі факторлар әсер етеді, солардың бірі қан тамырлары және қанның құрамы. Академик Аничковтың еңбектері бойынша қанның құрамындағы холестерин мен атеросклероз ауруының дамуы арасында, холестерин мен жүрек ауруларының тууы арасында тікелей байланыс бар. Холестериннің қандағы мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым жүрек ауруларының инфаркт, инсульттің даму мүмкіндігі күшейеді.
Холестерин адам ағзасындағы өмірлік қажетті зат болып табылады.

ол жасушалық мембрананың құрамына кіреді (құрылымдық функция);

бауырда холестерин өт қышқылдарының ізашары;

эндокриндік органдарда гормондардың синтезіне қатысады (тестостерон, эстрадиол, прогестерон, кортизол, альдостерон);

теріде ультракүлгін сәулелердің әсерінен холестерин қышқылының өнімдері D3 дәруменіне айналады.

Қандағы холестерин деңгейі оның тамақпен түсу, ішекте сіңу, бауырдағы синтез және ағзадан шығару процестерінің арақатынасымен анықталады.

Холестеринді шартты түрде негізгі екіге бөледі:

Тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП)

Тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП).

ТЖЛП-ны «жақсы», ал ТТЛП-ны – «жаман» холестерин деп атайды, бұның себебі төмен тығыздықтағы липопротеиндер тамырлардың қабырғаларына жиналуға бейім. Олардың тамыр арнасын тарылтатын және жүректің ишемиялық ауруын, инфаркт пен инсульт тудыруы мүмкін атеросклероздық түйіндақтардан тұрады.