Файл: Тжірибелік сабаа арналан дістемелік НСАу Медициналы биохимия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бірақ бұл қанда ТТЛП мөлшері асып кеткен, ал ТЖЛП нормасы төмендеген жағдайда ғана орын алады. ТТЛП нормасының артуы ТЖЛП нормасының артуына қарағанда өте қауіпті екенін есте сақтау маңызды.

Тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) немесе а липопротеидтер гепатоциттерде түзіледі, және фосфолипидтердің (25-27%), холестеридтердің (17-20%), белоктың (45-49%) жоғары мөлшерімен сипатталады және бауырдан тіндерге фосфолипидтерді тасымалдаудың басты жүйесі болып табылады. Бөлщектерінің диаметрі өте кішкентай болғандықтан тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) тамырдың клеткасының мебранасының арқылы тамыр қабырғасына жеңіл өтеді де, оған лимфа ағыны арқылы әкетеді. Ағзадағы холестериннің тұрақты, қалыпты деңгейде  холестериннің болуы осы процесстерге байланысты (ТТЛП мен ТЖЛП) болады. Осы баланстың бұзылуы салдарының бірі – гиперхолестеринемия болып табылады. Ол өт тас ауруына, жүректің ишемия ауруына және атеросклероздың дамуына әкеледі. Өт тас ауруы кезінде төс қуысында немесе өт жолдарында өт қышқылдарының синтезі немесе экскрециясының төмендеуінен болады. Холестериннің тұнбаға түсуіне өттің тұрып қалуы, өт қуысының қабыну процесстері де әсер етеді. Холестериннің кристалдануының орталығы ретінде белок конгломераттары болады.

Гиперхолестеринемия және гиперлипопротеинемия атеросклероз ауруының пайда болу қауіпін тудырады.  Әртүрлі деңгейдегі атеросклероз адамдардың барлығында болады, ал оның салдары өлімді тудырушы себептердің ішінде 1-ші орын алады. Қан тамырындағы атеросклеротикалық өзгерістер өте ерте, шамамен 3 жастан бастап белгі бере бастайды.

3 Есеп

Жас балаларда қандағы және мидағы кетондық денелердің қалыпты деңгейі ересектерге қарағанда екі есе жоғары. Кетондық денелер дегеніміз не? Бұл немен байланысты? Кетоз дегеніміз не? Кетондық денелердің қызметтері қандай?

Жалпы кетондық денелер дегеніміз – организмде эрнергия жетіпесе яғни глюкоза жетіспесе (мысалы ораза, ашығу, диета кезінде) бауыр майларды кетондарға или же кетондық денелерге айналдырады. Кетоз дегеніміз осы процестің аты яғни бұл энергия үшін көмірсулардың орнына майларды қолданған кездегі организмнің табиғи күйі. Кетоз ол ауру емес, тек организмнің метаболикалық күйі деугеде болады. Кетоздың екі түрін ажыратыға болады олар- 1.Физиологиялық(ашыққанда, көп күш түсетін жұмыста, және жаңа туылғандарда) 2. Патологиялық (қантты диабет кезінде пайда болады.) Кетоздың белгілері – құсу, енжарлық, бас айналу, бас ауруы, ұйқысыздық. Кетозға диагноз зәр или қан арқылы жасалады. Кетондардың қалпты мөлшері – 0,5ммоль/л. Егер одан асып кетсе яғни организмде кетоз жүріп жатыр яғни адам ашығып жатыр деген сөз. Кетоздың алдын алу ол балансированный диета ұстау, көмірсуды диеталық рационнан мүлде шектеуге болмайды. Кетондық денелердің негізгі қызметі яғни көмірсу жетіспеу кезенде энергия қызметін атқару.



4 Есеп

Науқаста бауырдың майлы дистрофиясы анықталды. Сіз оған қандай диета ұсынасыз? Неліктен? Бұл жағдайда қандай заттардың синтезі бұзылады? Реакция схемасын жазыңыз.

Бауырдың майлы дистрофиясы дегенде осы жердегі май мөлшерінің әдеттегіден көбейіп кетуін немесе химиялық құрамы басқаша болған майлардың жиналып қалуын түсінеміз. Қалыпты жағдайда бауырдағы майдың тек ¼ бөлігі ғана бейтарап майларға жатса, майлы дистрофияда оның барлығы дерлік бейтарап майдан тұрады. Жасуша ішіндегі үшглицеридтер

бауырдан шығып кету үшін апопротеин молекуласымен қосылып, липопротеин түзіледі. Бауыр жасушаларында әуелі майда тамшылар пайда болады, кейінірек олар бір- біріне қосылып ірі тамшылар түзеді. Бауыр майлы дистрофиясы нәтижесінде үлкейіп, божырап, қамырдай жұмсарып қалады, түсі қоңыр сарғыш немесе сары. Бауырдың майлы дистрофиясы улы заттар әсерінде, алкаголизмде, қанытты диобетте, семіздікте, белоктық заттардың жетіспеушілігіне байланысты дамиды. Егер ауру арақ- шарап ішуін тоқтатса, жасушадағы май бауырдан 2-4 апта ішінде жоғалып кетеді. Ал арақ шарап ішу жалғаса берсе, ауруда алькоголдік гепатит кейінрек цирроз дамиды. Қанытты диабетте, инсулин гармонының тапшылығына байланысты май қорларынан майдың қанға өтуі күшейіп, гиперлипидемия дамиды. Себебі, инсулин осы үрдіске қарай әрекет етуші гармондар қатарына кіреді. Сонымен қатар фосфолипидтердің синтезі және май қышқылдарының тотығуыда бұзылады. Жалпы семіру кезіндегі майлы дистрофия қанда май мөлшерінің өте көбейіп кетуіне байланысты инфильтрация себебінен дамиды.

Общем тежеледі, бұзылады – Фосфолипид и МҚ тотығуы, холестерин синетзі, Цитратты цикл, кетогенездер. Реакция схемасына соларды жазып бересіңдер.

Кітап бойынша –




5 Есеп

Клиникаға бір жастағы бала келіп түсті, бұлшықеттің зақымдану белгілері бар. Тексеру кезінде бұлшықеттерде карнитин тапшылығы анықталды. Бұл патологияның биохимиялық негізі қандай? Реакция теңдеуін жазыңыз.
карнитин — В тобындағы дәрумендерге қатысты табиғи зат. Организмде карнитин жеткіліксіздігінде бұлшықет тінінде липидтер шөгуі жүреді (қаңқа бұлшықеттерінде, миокардта), бұл олардың жиырылу белсенділігін бұзады. Дененің артық салмағын төмендетеді және бұлшықеттегі май мөлшерін азайтады. Қуат тасымалдау мен өндіру үшін қажетті; жасушалардан /митохондриядан уытты заттарды шығарады және жасушалық алмасу үдерісін оңтайландырады; ацетилдің жасушалық қорын жасап, оларды қол жетімді қуат көзі ретінде пайдаланады. L-карнитин ақуыз және май алмасуын қалыпқа түсіре отырып, ақуыздар синтезін ұлғайтады; тироксиннің ішінара антагонисі бола отырып, гипертиреоз кезінде жоғарылаған негізгі алмасуды қалыпқа түсіреді; қанның сілтілік қорын қалпына келтіреді, кетоқышқылдары түзілуін және анаэробты гликолизді бәсеңдетеді, лактоацидоз дәрежесін азайтады, сондай-ақ қозғалыс белсенділігін арттырады және дене жүктемелерін көтере алушылықты жоғарылатады, бұл ретте гликогенді үнемді шығындауға және бауыр мен бұлшықеттерде оның қорын ұлғайтуға ықпал етеді.

6 Есеп

Холестерин алмасуында вегетариандар мен рационында ет, сүт және жұмыртқа көп болатын адамдарда холестерин алмасуында айырмашылықтар бар ма? Холестерин синтезінің схемасын және оның реттелуін, сондай-ақ холестеринді синтездеугеқажет субстраттардың қайдан алынатындығын көрсетіңіз.
Холестерин алмасуында вегетариандар мен рационында ет, сүт және жұмыртқа көп болатын адамдарда холестерин алмасуында айырмашылықтар бар ма? Холестерин синтезінің схемасын және оның реттелуін, сондай-ақ холестеринді синтездеуге қажет субстраттардың қайдан алынатындығын көрсетіңіз. Факт: холестериннің негізгі мөлшерін бауыр жасушалары синтездейді, ал ол жануарлардан алынатын тағаммен түседі. Бұл арқылы вегетариандар мен рационында ет, сүт және жұмыртқа көп болатын адамдарда холестерин алмасуында айырмашылықтар бар екеніне көз жеткіземіз. Факт: холестериннің негізгі мөлшерін бауыр жасушалары синтездейді, ал ол жануарлардан алынатын тағаммен түседі. Бұл арқылы вегетариандар мен рационында ет, сүт және жұмыртқа көп болатын адамдарда холестерин алмасуында айырмашылықтар бар екеніне көз жеткіземіз.Жануарлардың майлары қаныққан, ал өсімдік майлары қанықпаған. Адам вегетариандықты ұстана бастағанда майларды аз алады, өйткені өсімдік тағамдарында қанықпаған майлар . Нәтижесінде өт бауырда түзіледі, бірақ ішекке енбейді.Сосын организм жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің өндірісін блоктайды. Бауыр липопротеидтерді аз шығара бастайды. Осылайша, вегетариандық холестерин алмасуының бұзылуына әкеледі және атеросклероздың дамуына түрткі болуы мүмкін. Егер ет, сүт және жұмыртқа көп болатын адамдарда нормамен қолданса ешқандай проблема болмайды. Егер нормадан көп болса Жүрек қан тамырлар асқынулар болады.

Жүрек-қан тамырлары асқынуларының дамуын болдырмау үшін мамандар майды тұтынуды 30% — ға дейін, ал қаныққан майларды диетаның күнделікті калориясының 10% - на дейін шектеуді ұсынады10. Бұл, ең алдымен, шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттарын, фаст-фудты, майлы тұздықтарды, майонезді, құрамында транс майлары бар өнімдерді диетадан шығару арқылы жасалуы керек
7 Есеп

Жасанды тамақпен тамақтандырылған нәрестелерде В6 витаминінің жетіспеушілігіне байланысты байқалатын жүйке жүйесінің зақымдануы сипатталған. Бұл витаминнің нейромедиаторлар мен аминқышқылдарының алмасуындағы рөлін еске ала отырып
, патологияның дамуының биохимиялық механизмдерін түсіндіріңіз. Кейбір биогенді аминдертүзілетін реакцияларға мысал келтірініз.


В6 витамині (пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин)

В6 витамині, аминқышқылдарының, нейромедиаторлардың метаболизміне реттеуші әсер етеді.
В6 дәрумені орталық және перифериялық жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды.
Пиридоксин – аминқышқылдарының алмасуын және нейромедиаторлардың синтезін қамтамасыз ететін трансаминазалар мен декарбоксилазалардың коферменті.

Жүйке жүйесінде пиридоксин нейромедиаторлардың синтезіне қатысады. Олар: норадреналин, дофамин, глицин, ГАМҚ және серотонин. Сонымен пиридоксин орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қозғыштығын реттеуге қатысады.

Пиридоксальды ферменттер амин қышқылдары алмасуында шешуші рөл атқарады: а.қ.-ның трансаминделуін, декарбоксилденуін катализдейді, кейбір а.қ. метаболизміндегі реакцияларға қатысады, және гем синтезіне қатысады
В6 витамин жетіспегенде ОЖЖ шамадан тыс қозғыштығы, қайталап тұратын ГАМҚ жеткілікті түрде түзілмеуінен туатын аяқ-қол тартылуы, дерматит,полиневриттер дамиды.
8 Есеп

Ауруханаға түскен екі жасар баланың психикалық дамуы нашар екені байқалады. Зәрді зерттеу кезінде фенилпирожүзім қышқылының бар екендігі анықталды. Бала қандай тағамды қабылдауы керек және неге? Тиісті амин қышқылының алмасу реакцияларыныңтендеуін ферменттерін көрсете отырып жазыңыз.
Фенилкетонурияны емдеудің негізгі факторы - ағзадағы ақуызды қабылдауды шектейтін диетаны сақтау. Диетаның негізі - аз ақуызды тағамдар - жемістер, көкөністер, шырындар,

ақуыз жетіспеушілігі туындамау үшін ақуыз гидролизаттары және аминқышқылдарының қоспалар қолданылады. Диетада ет, балық, сүт өнімдері және жануарлардың және ішінара өсімдік ақуызы бар басқа да өнімдер жоқ.
Өмір бойы тамақпен фенилаланинді қабылдауды шектейді, себебі мұндай адамдардың денесі ақуыз аминқышқылдарының бірі - фенилаланинді сіңірмейді.
Фенилаланин катаболизмінде, оның фенилаланингироксилазамен катализденетін тирозинге айналу бұзылғанда болады. Нәтижесінде гиперфенилаланинемия дамиды, зәрде фенилпируват, фенилацетет, фениллактат, фенилацетилглутамин конц. артады.
9 Есеп

Тұмау вирусы карбамоилфосфатсинтетаза
ның I ферментінің синтезін бұзатыны белгілі, бұл жағдайда балаларда құсу, бас айналу, құрысулар пайда болады, сананың жоғалуы мүмкін. Байқалған белгілердің себебін көрсетіңіз. Орнитин циклінің реакция теңдеулерін жазыңыз. Бұл жағдайда қанда қандай заттардың концентрациясы артады?
Науқастың қанында аммиак, глутамин, аммоний ионы NH4 + артады.

Мочевина синтезі (орнитин циклі) 5 тұрады:

1.Макроэргиялық қосылыс карбамоидфосфаттың түзілуі. Бұл энергия қажет ететін процесс, 2 молекула АТФ жұмсалады. Процесс бауыр митахондриясында жүреді, карбамоидфосфатсинтаза ферментті катализдейді.

2.Цитрулиннің түзілуі. Карбамоилфосфат орнитинмен конденсацияланып цитруллин түзіледі. Рефкцияны орнтин-карбамоилтрансфераза катализдейді.

3. Аргинин-янтарь қышқылының (аргининосукцинат) түзілуі. Бұл реакцияны арининосукцинатсинтетаза катализдейді және тағы бір молекула АТФ жұмсалады. Цитруллин аспарагин қышқылымен конденсацияланып аргининосукцинат түзеді.

4. Аргининнің түзілуі. Аргинин-янтарь қышқылы аргининосукцинат лиазаның қатысуымен аргинин мен фумаратқа ыдырайды.

5. Мочевинаның түзілуі. Аргинин аргиназа әсерінен мочевина мен орнитинге ыдырап, цикл тұйықталады. Оргинин катализатор сияқты циклге қайта түседі. Мочевина усыз, суда еритін қосылыс, зәрмен шығарылады.

10 Есеп

Жедел панкреатит кезінде қандай ферменттердің белсенділігі артады? Қандай дәрі-дәрмектер ұйқы безінің пептидазаларының әсерін төмендетуі мүмкін? Олардың әсер ету механизмі қандай?
Ұйқы безінің пептидазаларының әсерін глюкагон, кальцитонин, соматостатин төиендетеді. Сонымен қатар ұйқы безінің қызметін тежеу үшін антигистаминдер (димедрол, супрастин және т.б.) қолданылады. Ұйқы безі мен асқазан секрециясын азайту үшін Протон сорғысының ингибиторлары (омепразол, лансопразол, рабепразол және т.б.) тағайындалады.

11 Есеп

Балада пиридоксалды енгізгеннен кейін өтетін құрысулар пайда болды. Қандай әсер ету механизмін болжауға болады. Пиридоксалды енгізудің оң әсерін түсіндіретін реакция теңдеулерін жазыңыз.


12 Есеп

Науқаста дене салмағының күрт төмендеуі, тез ашулану, кешке температураның шамалы көтерілуі, экзольфтальм бар. Біз қандай ауру туралы айтып отырмыз? Жоғарыда аталған белгілердің даму себептерін түсіндіріңіз.

Мұндай себептердің бірден бір жағдайда зоб қалқанша безінің ауруына алып келеді.Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Көбінесе диетада пайда болады.