Файл: 1блім. Сндік олданбалы нер Мектеп Айдарлы ом мдшо.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бұл сіздің таңдауыныз және бұйымдар сіздің идеяныз – бұл сіздің қиялыныз.

Суреттерге қараныз ( мысал суреттер)

Сурет қандай кезеңдерден тұрады?

Әр сурет 3 кезеңден тұрды:

Композициялық дұрыс орналастыру (компоновка);

Құрастыру және пропорциялық қатынастарды зерттеу;

Композицияның пластикалық және түстік шешімдері.

Нобай бойынша жұмыс жасау кезде түске көңіл аудару қажет.

Түстер үйлесімділігіне арналған кестелерді зерттеу қажет. Қараныз…

Табиғаттың өзі – түстер үйлесімділігінің мысалы: гулдер түстері т.б.

Акварель техникаларын көрсету: мөлдірлету,шаю. Гуашьпен жұмыс істеу кезіңде суды көп қолданбаймыз,

акварельде керісінше – суды көп қолданамыз. Акварельде қылқаламмен қағаз бетінде 3 қабаттан артық жүруге болмайды.

- Ең маңыздысы - түспен сараптама жасау.

- Нобайды бояу алдында түстерді бөлек қағазда зерттеп қараныз.

Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасымен таныстыру.

3.Тәжірбиелік жұмыс кезеңі.

Зерттеу, тәжірбиелік, шығармашылық дағдыларды дамытуға, түспен тәжірбие жасауға арналған тапсырма:

Киіз басу (немесе ши тоқу) техникасындағы шығармашылық жұмысқа нобай орындау.

Бағалау критерийлкрі және дескрипторлармен таныстыру.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

*Киізден жасалған бұйымдар композицияларын зерттейді; * Киіз басу (техника ши) шығармашылық жұмысына арналған нобайды

А 4 қағаз форматында әдемі эстетикалық талаптарға сай, сауатты орналастыра отырып, орындайды;

*Сызық, пішін және бояужаққышта түспен эксперименттер жұмыстарын жүргізеді.

Дифференциация: оқушылардың таңдауы бойынша қарапайым және күрделі нобайлар алынады.

тәжірбиелік жұмыс арасында көзге жаттығулыр қолданылады. Тәжірбиелік жұмыс орындау

барысында мұғалімнің кері байланысы жүзеге асырылады: *қателермен жұмыс – түзету, ескертулер, ұсыныстар, кеңестер;

*мақұлдау, мақтау.


Ұзақ мерзімді бөлім жоспары:

1 бөлім. Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп: «Қасымбек ауылындағы орта мектеп» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оман Ж.Т


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Шығармашылық жұмысты орындау

Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтемелер)

8.2.1.1 - Күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерді жеткізу үшін айқындаушы құралдарды таңдау және пайдалану;

8.2.3.3- Шығармашылық жұмыс жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдалану;

8.2.6.1-Материалдар мен құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау, оның маңыздылығын түсіну;

Сабақ мақсаттары

  • Қазақ халқының және басқа елдердің суретшілерінің сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылық таныту

  • Дайындалған нобай мен технологиялық құжатына сәйкес тәжірбиелік жұмысты орындау

  • Жұмысты көрмеге шығару және өзара бағалау жүргізу

Сабақ барысы

Сабақ

кезеңі

Педагог іс-әрекеті

Оқушы әректі

бағлау

Ресурстар

Сабақтың басы



Амандасу.Түгендеу.Психологиялық ахуал орнату.

Сабақтың басында оқушылардың назарын аударту

- сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайтын және жобалық жұмыстарды бағалау критерийлерін ұсыну.

Миға шабуыл:

Қазақстан модельері Айя Бапанидің бейнебаян көрсетілімі

- осы әдіспен жұмыс жасайтын суретшілердің жұмыстарымен танысу

- оқушылар: өз альбомдарына суретшілердің есімдерін жазады

-құрғақ илеу тәсілімен танысу

-дымқыл илеу тәсілімен танысу

-шимен жұмыс істеу тәсілі және понно орындау әдісі

Сұрақ-жауап кезеңі

Өзін-өзі бағалау


Тұсаукесер
Бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=2tNhAhdp7Zo




Сабақтың ортасы

.

Мозаика тренингі.

Оқушыларға кескін бөліктері беріледі және олар осы кескіннің басқа бөліктерін оқушылардан табуы керек.Бұл сабақта жүн илеу немесе ши тоқу техникасында жұмыс істейтін шеберлердің суреттерін пайдалана аласыз, ал кері жағында бұл жұмысты орынған суретшінің атын жаза аласыз. Мозаиканы қажет болғанда бірнеше бөлікке бөлуге болады, оған қанша оқушыны топтарға жинағыңыз келетініне байланысты.

Дымқыл илеу әдісі үшін, сізге қажет:түтілмеген жүн, көпіршікті жабын, бамбук майлық, сабын, жылы су.

Дымқыл илеу әдісімен жұмыс істеуде, оқушылар шарфқа арналған нобай бойынша жүнді жабынға салып илеуге дайындайды.

Ши тәсілінде жұмыс істеуде, оқушылар панно өлшеміне сай нобай дайындап, жүн немесе жүнді жіппен белгілейді.

Мұғалім оқушыларды қолдайды және процесті бақылайды.1 кезең.Негізгі жүннен 8 сантиметрдей бірдей жүн үзіктерін бөліп аламыз. Дайын жүн үзіктерін көпіршікті жабынға бір бағытта, бір-біріне сәл жанастырып орыналастырамыз. Осы әдіспен, жүн үзіктерін қойып болғаннан кейін, келесі қабатты перпендикуляр орналастырады, осы кезекпен 3-4 қабат қойып шығу керек.

2 кезең.Соңғы қабатта бетіне сурет салу үшін, жүннен жасалған жіпті, жүн қалдықтарын және т.б. қолдануға болады. Сабын ерітіндісін дайындау. Мұны істеу үшін сабынды жылы сумен ерітіп (қолдың терісіне зиян келтірмейтін, ылғалды илеуге арналған арнайы сабын ерітіндісі болады, басқа да ерітінділерді қолдану, балаларға арналған, сұйық сабын немесе ыдыс жууға арналған жуғыш затты қолдануға болады) — қолда бар сабын

ерітіндісін қолданамыз.

Жасаған дайындамамызды дымқылдап, бетіне тор немесе көпіршікті жабынмен жабамыз. Дайындаманы жабынмен бірге бамбук майлыққа салып, тығыздап ораймыз. Артық суды шығару үшін ораманың сыртынан сүлгімен қаптаймыз. Жүз рет әрлі-берлі илейміз. Кейін ашып, 90 градусқа айналдырып, орама жасаймыз. Дайын өнімді жылы сумен жуып, құрғатамыз. Сықпаңыз, суды шығару үшін тек жеңіл ғана қысыңыз. Жұмыс жұппен немесе топпен орындалады.

Алдымен жұмыс орының дайындап алу қажет және шарф, палантин немесе панноның көлемін анықтау керек.

Ши тоқу.

1. Жауап беріңіз, неге жүндер түсіп қалады?

2. Сіз қандай жүн түрлерін білесіз?

3. Сіздің ойыңызша альпаканың жүнін, түйенің, лама, сондай-ақ кашемир, ангора және т.б. пайдалануға болама?

4. Жүннен жасалған қандай бұйымдарды жасауға болады?

5. Сіз жүнді илеу тәсілімен бұрын жұмыс жасадыңыз ба?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Толығырақ дымқыл илеу тәсіліне тоқталамыз, себебі біздің жасайтын бұйымымыз осы тәсілмен орындалады.


Дескриптор:

*жұмыс орнын дайындайды

*жүнді нобайға сәйкес таңдайды

*тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімді қолданады

*тәжірибелік жұмысты орындау барысында кезең – кезеңмен тәжірибелік бөлімнен өту.

-*тұсаукесерде құрғақ және дымқыл жүн илеу тәсілі мен ши орындау әдісінің кезеңдері баяндалады.


Қолөнер - Киіз кілем дайындау шебері

https://www.youtube.com/watch?v=wUDVFdOlpDo

Сабақтың соңы

Кері байланыс. Білім ағашы

Өз ой пікірлері

Өзара бағалау

стикер






Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

1-Бөлім. Сәндік қолданбалы өнері

Мектеп: «Айдарлы ОМ МДШО» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримжанова Жумагул Абдикаримовна


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны :

Сабақ тақырыбы

Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

8.2.6.1 Техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану

8.3.2.1 пәндік терминологияны қолдана отырып,өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау мен бағалау жүргізу үшін критерийлерді қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Дайын бұйымды этностилде сәндеу

  • Тәжірбиелік жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтау.

  • Шығармашылық жұмыстың жасалу үрдісіне талдау жүргізу, дизайнды жақсартуды қажет ететін күшті және әлсіз жақтарын анықтау

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі

Педагог іс-әрекет

Оқушы әрекеті

бағалау

Ресурсы

Сабақ басы


Сәлемдесу.Түгендеу.Психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар:Сабақтың мақсатымен және бағалау критерийлерімен танысады.Сабақтың мақсатын талдайды

Бұйымның бөлшектеріне байланысты сұрақтар қояды

Сұрақ-жауап кезеңі

Өзін-өзі бағалау

Презентация



Сабақтың ортасы


Тапсырма. Топта тәжірбиелік жұмыс.

Бүгін біз сіздермен жобалық жұмыстың қорытынды кезеңі – безендіру және нақтылаумен жұмыс жасаймыз.

Көбелекті қолмен салуға немесе ғаламтордан суретті табуға болады. Бізге барлық қанаттары бөлек керек болады: екі «Жоғарғы», екі «төменгі». Төселген жүннің мөлшерін үш есе қысқаруына байланысты есептейміз. Себебі біздің үлгі-суретіміз жеткілікті мөлшерде үлкен болады. Жоғарғы қанаттарын орналастырудан бастаймыз. Жүннің жұқа қабатын бояудан бастаймыз. Алдымен шет жақтарын, сосын ортасын ораймыз.

Кейін өткен сабақтарда көресетілгендей етіп жүнді басады.

Осылайша, қажетінше гүлдерді жасап, дайын шарфқа тігіп, моншақпен безендіруге болады.

Сондай-ақ шарфты фелтинг техникасымен орындалған киізден жасалған ойыншықтар аңдармен безендіруге болады.

Сіз өз қалауыңыз бойынша, жиынтықты қолғаппен, сөмкемен толықтыруға болады.

Өз жұмыстарыңыз шарф немесе палантинді алыңыз, дымқыл киіз кебеді және әрі қарай нақтылауды талап етеді, ол мүмкін нобайға сәйкес шарфты көбелекпен, гүлмен немесе моншақпен безендіруге болады.

Оқушылар бұйымның қандай техникада орындалғанын, жасап шығару үшін қандай материалдар қолданғанын талдау арқылы түсіндіреді. Өзінің және сыныптастарының жұмыстарында пайдаланылған әдіс-тәсілдер, идеяларға пікір жаза алады.

Критерийлер

арқылы бағалау

http://udivitelno.com/creation/item/110-vojlochnye_igrushki_tatjany_barakovoj


Сабақтың соңы


Оқушылар сабақ соңында рефлексия жүргізеді:

- сіз жұмысының қорытындысына қанағаттанасыз ба?

- болашақта немен жұмыс жасау қажет?

Оқушылар рефлексия бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жұмысты толықтай аяқтау

Өзара бағалау

стикер





Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім.Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп: «Айдарлы ОМ МДШО» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримжанова Жумагул Абдикаримовна


Класс: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар :

Сабақ тақырыбы

Жұмысты қорғау. Көрмеге ұсыну.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну


Сабақтың мақсаты

Арнайы термин сөздерді қолданып, арнайы критерийлер арқылы жұмыстарды талдау және бағалау;

Өз бұйымдарын аудитория алдыңда сенімділікпен қорғау және ұсыну.

Сабақтың барысы

сабақтың кезеңдер

Педагог іс-әрекет

Оқушы әрекеті

бағалау

Ресурсы

Сабақтың басы

Сабақ басында назар аударту:

- оқушылардың зейінін аудару

сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау /ОМ және бағалау критерийлері

слайд көрсету сипаттай отырып, дұрыс безендіріп көрмеге дайындау және бағалау критерийлері

1. Қызықты композиция

2. Дұрыс орналастыру

3. Кескіндемені орындау, киіз немесе әртүрлі жіптер реңктері бар.

4. Түстік шешімді дұрыс таңдау



Оқушылар:

Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады. Осыдан кейін келесі дескрипторлармен таныстырамыз:

шығармашылық жұмысты кезең – кезеңмен орындау барысын презентацияны даярлау;

жұмысты көрмеге даярлап безендіру;

жобаны қорғау.

Көрмені ұйымдастыру жөнінде қойылатын сұрақтарға жауап беріңіз.


Өзін-өзі бағалау


оқулық


Сабақтың ортасы


Презентация құру үшін ноутбкутерді дайындау және практикалық жұмыстың сипаттамасы.

Оқушының аты-жөнін, жұмыстың атын,қандай материалда орындалған, суретке басып шығарған атын бекіту

Кейін өткен сабақтарда көресетілгендей етіп жүнді басады.

Осылайша, қажетінше гүлдерді жасап, дайын шарфқа тігіп, моншақпен безендіруге болады.

Сондай-ақ шарфты фелтинг техникасымен орындалған киізден жасалған ойыншықтар аңдармен безендіруге болады.

Сіз өз қалауыңыз бойынша, жиынтықты қолғаппен, сөмкемен толықтыруға болады.

Оқушылар бұйымның қандай техникада орындалғанын, жасап шығару үшін қандай материалдар қолданғанын талдау арқылы түсіндіреді. Өзінің және сыныптастарының жұмыстарында пайдаланылған әдіс-тәсілдер, идеяларға пікір жаза алады.

Сіздің шығармашылық жұмысыңыздың оң аспектілері;

Жеке жұмысыңызда нені жақсартуға болады?


Өзінің жұмысын кезеңмен орындалған презентацияны дайындау. Оқушылар анализ жасау арқылы бұйымның орындалған техникасын түсіндіреді,құру кезінде қандай материалдар қолданған, идеяға пікір айту,әдістерімен тәсілдері, өзінің жұмысын қолданған және сыныптас жұмыстары. Сіздің шығармашылық жұмыстың оң аспектілері,өзіндік жұмысты қалай жақсартуға болады; ұйымдастыру үшін көрмеге жақсы орынды таңдау және мүмкіндігінше табиғи жарықпен жарықтандыру.

Композициялық орталықта, қажетінше көрме болуы тиісті ақпаратты толықтыру, эстетикада безендірілуі

Оқушылар көрме жұмысын ұйымдастыруда бірнеше түрін қолдану.

Мольбертке жұмыстарды ілу

Манекенге шарфты және палантинді ілу

Көз деңгейімен жазықтықта немесе тігінен жұмыстарды жіппен екі шегеге ілу.

ПВХ-ға арнайы папка бекіту, оларға, сондай-ақ тоқсан ішінде сізге қажетті түйін сөздерді ілу

мектеп жылжымалы тақта дөңгелегі бар жұмысты пайдаланылуы мүмкін

- Жұмыстарды көрмеге рамасымен безендіру

- Жұмыстардың атын басып шығару


жұмысты талқылау критерийяға сәйкес болу.

  • Қызықты композиция

  • Дұрыс орналастыру

  • Кескіндемелік орындау, киіз және түрлі түсті жіптерді пайдаланады

  • Колоритті сақтай отырып таңдап алынған түстер

Жұмысың бастапқы идеяға сәікес кемтіндігін талдайды және жұмысын ұсынады


https://www.youtube.com/watch?v=5aVnV_K633c


Сабақтың соңы

Кері байланыс. «жетстік баспалдағы»

Көрме ұйымдастыру

Өзін-өзі бағалау


стикер




Көркем еңбек

Мектеп: «Айдарлы ОМ МДШО» КММ


Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні: Каримжанова Жумагул Абдикаримовна


Сынып: 8 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету 8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

әртүрлі халықтың ұлттық киімінің ерекшелігі туралы түсінік береді;

ұлттық киімнің заманауи модельдері (этностиль) туралы түсінігін көрсетеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру



Сәлемдесу.Түгендеу.Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Тақырыпты және сабақ мақсатын анықтау

Оқушылар тақтаға орналастырылған қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген әртүрлі фотосуреттерді (мысалы, бас киімдер, аяқкиімдер, сыртқыкиім,аксессуарлар) қарастырады және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастыру-шы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

слайд

Жаңа білім

Этникалық стиль – киім жиынтығында белгілі бір халықтың (этнос) ұлттық костюмінің ерекшелігін жаңғыртатын стиль. Жиынтық дайындау барысында ең бастысы осы немесе өзге ұлттың киіміне тән пішім, материал, реңк, ою-өрнек, сән, аксессуарларды қолдану болып табылады.

Этностильдегі заманауи киімдердің фотосуреттерін көрсете отырып,этностиль түсінігі туралы шағын ақпарат береді, сонымен қатар қазіргі қазақстандық дизайнерлер, мысалы: «Құрақ көрпе» - сән студиясы, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнур Асанова, «Сымбат» сән студиясыжәне т.б.

Сұрақ-жауап:

Этностиль деген не?

Оның бірнеше түрін атаңдар?

Этностильде заманауи киім дайындауға бола ма? Мысал келтіріңдер.

Сән өнеріндегі қандай отандық киім дизайнерлерін білесіңдер?

Бұл суреттерде не бейнеленген?

Оларды не біріктіреді?

Сипаттаңдар, олардың айырмашылығы неде?

Мұнда көрсетілген киімдердің негізгі түрлерін атай аласыңдар ма?

Ұлттық киімдердің қандай түрлерін немесе элементтерін білесіңдер?

Ақпаратпен жұмыс . Оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің әртүрлі түрлері бейнеленген карточканы таңдап, 2 топқа бірігеді.

Ары қарай – оқушылар топта мұғалімнің ұсынған әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдері туралы ақпаратты (1 қосымша) зерттеулері және өздерінің зерттеу нәтижелерін кестеге (2 қосымша) жазулары тиіс:


Киімнің негізгі түрлері




Жасына қарай




Киім пішіні




Түс гаммасы




Ою-өрнекпен әшекейленуі





Мұғалім қажеттілігіне қарай оқушылардың сұрағына жауап бере отырып, жұмысты қорытындылайды.

Сұрақтарды талқылауды ұсынады:

*Ойланыңдар, әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің түсі мен пішінінде ұқсастық бар ма?

*Әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінде қандай айырмашылық және неліктен екенін сипаттап бере аласыңдар ма?

*Әр топ өз ойлары мен жауаптарын сыныптастарына айтады, мұғалім оны қажеттілігіне қарай түзетеді.

Кестемен жұмыс.

Сипаттамасы

Ерекшелігі

Ұқсастығы

Пішіні







Түс гаммасы







Ою-өрнек









Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді Оқушылар топта этникалық стиль, оның түрлері туралы презентациядағы ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді:

.

Дискриптор

әртүрлі халықтың ұлттық киімінің түрлерін біледі, түсті гаммасы мен ою-өрнек түрлерін анықтайды;

- қазақтың ұлттық киімінің жас бойынша бөліну мәнін түсінеді;

- кейбір халықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айыра біледі;

- этностильдегі ұлттық киім түрлерімен танысады.

Беларусс, татар, орыс халқының ұлттық киімі бейнеленген фотосуреттер

http://ehistory.kazakh.ru/ehistory/41740.php

(Қазақтың ұлттық киімі)

http://wlooks.ru/nacionalnye-kostyumy/tatarskie/

(татар ұлттық киімі)
http://nazaccent.ru/content/4989-belorusskij-narodnyj-kostyum-strojnyj-obraz.html

(белорусс ұлттық киімі)
http://www.voxpopuli.kz/main/ra-krpe-nacionalnye-tradicii-sovremennyy-podhod-12331.html

(Құрақ көрпе)

http://kurakkorpe.kz/

Қазақ, татар, белорусс, орыс халқының ұлттық киімі туралы мәтінімен ақпараты бар дидактикалық материал.




Бекіту

Кері байланыс

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.








Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 8 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Этностильдегі (бас киімдер, камзол қазақтың ұлттық киімдері)

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.5.1-Функционалды (техникалық), эстетикалық, экономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

8.1.5.2-Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау

Сабақтың мақсаты:

-Бас киім мен камзол пішімі бойынша үлгі жасайды.

-Өлшем алу ретін біледі

Матаға пішім түсіріп,пішуді біледі.

Ою-өрнекпен безендіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру


Сәлемдесі.Түгендеу.Жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Тақия кімде?» ойыны.Оқушылар тұрып немесе отырып шағын шеңбер жасайды. Мұғалім музыка қосқан соң, оқушылар бірнеше өрнектелген тақияны бір-біріне шеңбер бойымен ұсынады. Музыка тоқтаған кезде тақия кімде болса, басына киеді де өзгелердің болашақ жұмыс туралы сұрақтарына жауап береді. Мысалы, көркем еңбек сабағында жоба жасауда қандай жұмыс түрлері қарастырылған т.б.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Оқушылар тақырып пен мақсатты анықтау үшін, мұғалім тақиядағы және камзолдағы ою-өрнекке назар аударуын сұрайды және олар бұл заттың осы сабақққа қатысы барын байқайды.

Сұрақтары:

  • Неліктен сәндік ою-өрнек белгілі бір уақыттың, халықтың, елдің сәндік-қолданбалы өнер туындысына немесе көркем туындысына тән белгі болып табылады?

  • Ою-өрнек деген не?

  • Ою-өрнек не үшін арналған?

  • Тақия мен қамзол қандай ою-өрнекпен әшекейленген?

  • Тақиядағы қандай ою-өрнек сабақ тақырыбымен байланысты?

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Ортасы

Бас киім мен камзол пішімі бойынша үлгі жасайды.

Сұрақ- жауап: Қазақ ұлттық әйелдер мен ерлердің бас киімдеріне назар аударуын ұсынады,мысалы, тақия, сәукеле, кимешек (жаулық) т.б.

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл суреттерді не біріктіріп тұр? (ою-өрнектер, әйелдер бас киімі, белгілі бір материалдан дайындалған және т.б.)

  • Жас ерекшелігіне байланысты бұл бас киімдер туралы не айта аласыңдар? (тақия- қыздар, сәукеле-бойжеткен және кимешек-әжелерге)

  • Әр бұйымнан қандай ою-өрнек көріп тұрсыңдар? (оқушылар ою-өрнек түрлерін атайды, мысалы, өсімдік текті, геометриялық пішін, жануарлар мен құстарға ұқсас және т.б. ою-өрнектер).

  • Қалай ойлайсыңдар, оларды қазіргі күнделікті өмірде киім элементі ретінде қолдануға бола ма? Мысал келтіріңдер.

Шығармашылық жұмыс.

Таңдаған бас киім мен камзол суретін салыңдар.

Бас киім мен камзол пішімі бойынша үлгі жасайды.

Өлшем алады; Матаға пішім түсіріп,пішу

Ою-өрнекпен безендіру.

«Галереяға саяхат»

Таныстырылымнан кейін әр топ өз жұмысын «галереяға» орналастырады

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

-Бас киім мен камзол пішімі бойынша үлгі жасайды.

-Өлшем алу реті;

- өздерінің стильденген ою-өрнек идеясын ұсынынады.

Тақия немесе басқа сәндік ою-өрнектермен әшекейленген қазақтың ұлттық бас киімдері.

Камзол түрлері

Фетр,мата,

ине,жіп,

қайшы
http://ehistory.kazakh.ru/ehistory/41740.php

(Қазақтың ұлттық киімі)



Аяқталуы



Кері байланыс Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?




Оқушылар-дың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.