Файл: азастан Республикасы Денсаулы сатау министрлігі Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

«Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік

жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК



Сабақ жоспары

(теориялық оқыту)

Тақырып: Қарапайым физиотерапиялық процедураларды қолдану

Модуль /пән атауы: «Мейіргер ісі негіздері»

Дайындаған педагог: Әділбек Назерке Маратқызы

  

   

2023 жылғы

1.Жалпы мәліметтер

      Курс ІІ, 2022-2023 оқу жылы, топ 2 мейіргер ісі «А», «В», «С».

      Сабақ типі: аралас
 2. Сабақтың мақсаты: Беріліп отырған тақырыпты мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарлама негізінде білім алушылардың білімін дамытуда және дағдыны оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып қалыптастыру, мейірбике ісі негіздері пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру, білім алушыларға клиникалық ойлауды дамыту.



Сабақтың міндеттері:

Білімділік: медбикелік іс негіздері пәнінен алған білімдерін жетілдіру, білім алушыларға клиникалық ойлауды дамыту, медбикелік үрдісті ұйымдастыру

Дамытушылық: студенттердің назарын, логикалық ойлауын, сөйлеуін, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: студенттердің болашақ мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыру, оқуға деген адал көзқарасын тәрбиелеу, орындалатын жұмыстың сапасы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
2.1 Сабақтың өзектілігі және себептілігі.

3. Сабақ оқу барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби шеберлік және күтілетін нәтижелер тізімі.

Студент білуі керек: «Физиотерапия» анықтамасы туралы түсінік.

Ең қарапайым физиотерапиялық процедуралардың ағзаға әсер ету механизмі туралы түсінік.

Қыша қою, жылыту, емдік және ыстық компресстер, жылыту жастықшалары, термиялық көрпе, суық компресстер, мұз қаптамасын қолдану мақсаты, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және асқынулары.

Науқасқа алдағы процедура туралы хабарлаңыз

Науқасты алдағы процедураға дайындаңыз

- банктерді салу;

- қыша сылақтарын, тері қыша ванналарын қою;

- жылыту, емдік және ыстық компресстер қою;

- жылыту жастықшасын қойыңыз

- термиялық көрпе жағыңыз.

- объектілерді дезинфекциялау;


- процедуралар кезінде асқынған жағдайда алғашқы көмек көрсету.

- Суық компресс қолданыңыз

- мұз пакетін салыңыз;

Науқасты және сүлгілерді гирудотерапияға дайындау, жою.

Парафинмен емдеу

Гидротерапия
4. Қажетті ресурстар

ОӘК, кестелер, диаграммалар, мультимедиялық презентация.
Оқытушы мен білім алушыларға арналған әдебиеттер:

1. Мухина С. А. " Мейірбике ісінің теориялық негіздері"

2. Обуховец Т. П., Чернова О. В. 1-Бөлім. «Мейірбике ісі теориясы».
5. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин

Оқытушының кіріспе сөзі – 3 мин

Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру – 15 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру – 50 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 10 мин

Сабақты қорытындылау – 3 мин

Үй тапсырмасы – 2 мин

    

Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы





Сабақ барысы

Уақыт

І

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

ІІ

Оқытушының кіріспе сөзі

3 мин

ІІІ

Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

15 мин

ІҮ

Тексеруді қорытындылау

5 мин

Ү

Жаңа тақырыпты түсіндіру

50 мин

ҮІ

Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту

10 мин

ҮІІ

Сабақты қорытындылау

3 мин

ҮІІІ

Үй тапсырмасы

2 мин

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа қатынасын тексеріп шығу, кезекшімен сұхбат, сабаққа әзірліктерін қарау.

Оқытушының кіріспе сөзі.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Қарапайым физиотерапиялық процедураларды қолдану».
Білімнің негізін өзектілеу. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Сұрақ: Инъекциядан кейін қандай асқынулар болуы мүмкін?

Жауап: Дәрілерді парентеральды енгізген кезде жиі: инфильтраттар, абсцесс, флегмона, некроз, аллергиялық реакция байқалады.

2.Сұрақ: Жүрек гликозидтерінің қолдану көрсеткіштері?


Жауап: - жүрек жеткіліксіздігі

- тахикардия

- аритмия

3.Сұрақ: Инсулинді енгізу орындары?

Жауап: Инсулин тері астына иықтың сыртқы бөлігіне, санның сыртқы бөлігіне, іш аймағына (кіндік айналасы), жамбасқа егіледі.

4.Сұрақ: Инсулинді енгізгеннен кейін келесі асқынулар болуы мүмкін?

Жауап: аллергиялық реакция, инсулинге резистенттік, липодистрофия, ісіктер, гипогликемиялық кома.

5.Сұрақ: Гепарин қандай кездерде қолданылады?

Жауап: Гепарин жедел миокард инфарктісінде, жүрекке және қан тамырларына операция жасағанда, өкпе және ми қан тамырларына тромбоэмболиясында, тромбофлебитте, тромбоэмболия асқынуларының алдын алу және емдеуде қолданылады.

6.Сұрақ: Гепаринді қолдануға болмайиын жағдайлар?

Жауап: анемия, жара бар аурулар, қан аурулары.

Сұрақ: Жүрек гликозидтері дегеніміз:

Жауап: . жүрек жетіспеушілігінде жүрек бұлшық еттеріне әсер ететін дәрі дәрмектер

8.Сұрақ: Инсулин қандай гормон?

Жауап: Ұйқы безі гормоны, көмірсу алмасуына әсер етеді.

Бастапқы білім деңгейінің қорытындысы.

Әрбір білім алушының жауабының толығына, сауаттылығына, ойлау қабілетіне көңіл бөліп, жеке – жеке бағалау.

Тақырыпты бекіту, тест сұрақтарын шешу.

Білім алушылардың білімдерін бағалау .

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

Үй тапсырмасы: Тыныс алу функциясының бұзылуы кезіндегі мейірбикелік процесс. Оттегі терапиясы.Жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуында мейірбикелік процесс

Қарапайым физиотерапиялық процедураларды қолдану.

Физиотерапия – адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл – күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.

Физиотерапияны қолдануға көрсетілімдер, физиотерапиялық әдісі беткейлі региональді және орталық қан айналуды жақсартады, ұлпаның трофикасын жақсартады, нейрогумаральдық регуляцияны қалыптастырады, және иммундық жүйенің бұзылуын қалыптастырады. Физиотерапия әдетте қызбалы жағдайда кері көрсетілім береді, аурудың тез таралуы, ағза – инфекциялық аурудың ең жоғары сатысында, туберкулездің актив кезеңінде, жаңадан пайда болған жаман сапалы және олардағы өзгерістерге көз қарас, қан жүйесінің ауруы, қан кетуіне дағдыланған және қан кетуі; қан айналымының жүрек тамырларының жетіспеушілігі ауруы қан айналымының ІІ сатысынан жоғары аортаны аневризмасы және үлкен тамырларда олар ауруға шалдығуы тез қозудан пайда болады. Емдеуде және профилактикада физикалық факторларды пайдалануда физиотерапиялық кабинеттерде және емхана, поликлиника бөлімдерінде жүргізіледі. Поликлиникада және басқа да емдеу – профилактикалық, қажет кезде емханалық палаталарда және үйлерде жүргізіледі. Физиотерапиялық бөлімшелер емханада жұмысты орындайды, және поликлиникада 10 дәрігерден кем болмаған жағдайда. Профилактикалық ұйымдар жас балдардың арасында жүргізледі, (өндірістік, демалыс үйлерінде санаторияларда). Физиотерапиялық бөлім ірі емхана және поликлиниканы басқарады. Дәрігер – физиотерапевт, арнайы дайындықтан өтпеген кезде орта медбике жұмысшы физиотерапиялық жұмысқа жіберілмейді, тек қана арнайы дайындықтан өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі.


Қарапайым физиопроцедураның түрлері

Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.

Қарапайым физиопроцедураның түрлері:

— Мұзды мұйық;
— Жылытқыш;
— Қыша қағазы;
— Қыздырма компресстер;
— Салқын компресстер;
— Ыстық компресстер;
— Сүлікпен емдеу.

Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары.

Мұзды мұйықты қолдану

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.

Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
— Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
— Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
— Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
— Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
— Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
— Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
— Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
— 0,015 % деохлор  ертіндісімен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
— Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Жылытқыш көрсетілімі, кері көрсетілімі, асқынулары.

Жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып, ішкі мүшелерге  қанның толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді. Жылытқышты ауырған және көгерген жерге қойса, жылудың әсерімен ауырғаны басылады. Медицинада резеңке қалтадан жасалған және электр жастық жылытқыштары қолданылады.                                                          

Көрсеткіштері:                                                                                                    


— Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін
— Жалпы жылыну үшін
— Созылмалы гастрит және колит ауруында(ауырсынуды басу үшін)
— Гипертоникалық кризде
— Бүйрек ұстамасында
— Гематоманы емдеу үшін
— Радикулитте
— Буындардың қабынуында
— Тері және майлы қабаттың қабынуларында                                                  

Қарсы көрсеткіштері:

— Іштің түсініксіз ауырсынуы
— Жедел аппендицит
— Жедел холецистит
— Жедел панкреатит
— Перитонит
— Қан кету
— Терінің зақымдануы
— Іріңді жаралар
— Мастит
— Дене қызуы көтерілуі
— Қатерлі ісіктер
— Ессіз пациенттерге

Асқынулар: күйік, денеде дақ болу

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық еті, оң жақ қабырға асты. 

Жабдықтар:резеңке жылытқыш(1.5-2), су температурасы (60-70 С), жеке орамал, 0,015 % деохлор  ерітіндісі бар ыдыс, жылытқышты өңдейтін екі дәке, су температурасын өлшейтін термометр.

Процедура барысы:

1.  Пациентпен сенімділік қарым қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру.
2.  Керекті жабдықтарды дайындау.
3.  Ыстық суды (600С) жылытқышқа құю.
4.  Жылытқыштың жоғарғы бөлігін қысып ауаны шығарып бұрандасын жабу.
5.  Жылытқышты аударып көру.
6.  Төмен ұстап құрғатып сүрту.
7.  Жылытқышты орамалмен пациентке беру.
8.  Жылытқышты керекті жерге 20 минутқа қою.
9.  Жылытқышты алып, суын төгу.
10.  Пациенттің терісін қарап, ыңғайлап жатқызу жылы көрпе жабу.
11.  Қолды жуып, резеңке қолғапты кию.
12.  Жылытқышты 0,015 % деохлор  ертіндісімен өңдеу (екі рет аралығы 15 мин).
13.  Сумен жуып, құрғату арнайлы жеріне қою.
14.  Қолғапты шешу, қолды жуып құрғату.

Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары. 

Қышаны дененің жапсырылған тұсы қызарғанша (әдетте 5-10 минут) ұстайды. Алғаннан кейін денеге жабысып қалған қышаны жылы сумен шайып, содан кейін ептеп сүртіп тастайды, тері қатты қызарған болса, ол жерге вазелин жағады. Қышаны қолдан дайындау үшін оның құрғақ ұнтағын (балалар үшін оны жартылай бидай не картоп ұнымен араластырады) жылы су қосып, қою ботқа болғанға дейін араластырады. Дайын ботқаны нығыздау матаға 0,5 см қалындықпен жағады. Содан кейін бетіне шүберек салып денеге жабысқанша саусақпен басып ұстайды не бинтпен таңып тастайды. Тыныс жолдары қабынғанда қышаны кеуде тұсқа (кеуденің дал ортасына) және балтырға, бронхит кезінде кеуденің бір не екі жағына, гипертонияда желкеге қояды. Тері ауруларымен ауырғанда қышаны пайдалануға болмаңды.