Файл: азастан Республикасы Денсаулы сатау министрлігі Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы.

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), лоток, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
— Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).
— Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.
— Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
— Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
— 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).
— Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
— Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
— Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.
— Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:
— қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;
— қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;
— емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.

2.6. Компресс түрлері.

Компресс — дегеніміз — көп қабаттап орау.

Компрестің түрлері:

Құрғақ суық
Дымқыл ыстық
Жалпы жылы
Жергілікті дәрілік

Суық компресс — теріні суытып, тамырларын жіңішкертеді, бұны жарақаттың бірінші сағатында, мұрыннан қан кеткенде, дене қызуының екінші кезеңінде қолданады. Суық компрессті қою үшін бірнеше қабатты суық суға малынған дәкені сығып салатын жеріне салып 2 – 3 минут сайын ауыстырып отырады. Мұндай жағдайда екі компресспен қолданады. Біреуін салады, ал екіншісін дайындап отырады.


Ыстық компресті — тамырларын кеңейтіп тінге қанның баруын жақсартады, сол себептен тіннің ісігі азаяды және ауру жерін басу үшін қолданады.

Қыздырма компресс көрсетілімі, қарсы көрсетілімі;

Қыздырушы компресс қою

Мақсаты: Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.

Көрсетілімі: Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.

Қарсы көрсетілімі: Қан кетулер, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.

Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ерітінді, (бөлме температурасымен бірдей су (20-25ºС), 40% спирт немесе 6% сірке суы (жарты литр суға 1 кіші ас қасық сірке суы) клеенка немесе компресті қағаз, мақта, бинт, қайшы.

Дәрілік компресс көрсетілімі, қарсы көрсетілімі;

Қыздыру және дәрілік компрестерді қою

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.
— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
— Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
— Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.
— Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
— Дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
— Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).


— Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.
— Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
— Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.
— 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
— Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.
— Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.
 
Ескерту:
— егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;
— спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;
— компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

Суық компресс

Суық компресс қан тамырларын тарылтып, нерв талшықтарының сезінгіштігін азайтады.

Суық компресс қойылатын аурулар:

1.  дене жаңадан зақымданғанда (травма, ушиб);
2.  буын немесе сіңір зақымданғанда;
3.  мұрыннан қан кеткенде;
4.  бас ауырғанда.

Суық компресті әрбір 2-3 минутта ауыстырып тұру керек. Әдетте суық компресті екі дана етіп дайындаған дұрыс. Біреуін қойған кезде екіншісі мұздай суда тұруы керек.

Салқын компресті қою

Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.

                                         Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
— Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
— Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
— Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
— Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.
— Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.


Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

Сумен емдеу;

Сумен емдеу (гидротерапия) – аурудың алдын алу және емдеу мақсатында сыртқы тәсілмен қолдануды айтады. Механикалық, химиялық және термиялық әсеріне байланысты тері рецепторлары арқылы жүйке, жүрек – қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту, бұлшық етке және т.б. ағза жүйелеріне әсер етеді.

Келесі түрлерге бөлінеді: ванналар (гигиеналық және емдік ), душ, сүрту, су құю, жуыну, суға түсу т.б.

Су процедурасының ішінде кең таралған түрі — емдік ванналар.

Ванналар келесі түрге бөлінеді:

— Жалпы — суға денені  толығымен батыру;
— Жергілікті — суға дененің жеке бөліктері батырылады.
— Жартылай — суға дененің төменгі бөлігі ғана батырылады.

Судың температурасына байланысты ванналар бөлінеді:

— Индифферентті —су температурасы 34 – 370С
— Салқын — су температурасы 33 – 230 С
— Мұздай — су температурасы 200С дейін
— Жылы — су температурасы 37 – 390С
— Ыстық — су температурасы 40 – 420С

Индифферентті ванналар – организмге «сергектік» әсерін тигізеді, басқа әсері байқалмайды, 20 – 30 минутқа созылады.

Мұздай және салқын ванналар -  организмге «сергектік» әсерімен қоса жүрек қан тамырлар, жүйке жүйесін реттейді, зат алмасуды жақсартады, 1 – 3 минутқа созылады.

Жылы ванналар – жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқыны жақсартады, ауырсынуды азайтады, 5 – 10 минутқа созылады.

Ыстық ванналар – зат алмасуды және тер шығуын жақсартады, 5 минутқа созылады.

Судың құрамына байланысты емдік ванналар бөлінеді:

— Қарапайым – таза су
— Хош иісті – хош иісті заттарды сумен қолдану.
— Емдік – дәрілік аттарды сумен қоса қолдану.
— Минеральды – тұздарды, газдарды сумен қоса қолдану

СТАНДАРТ

Қыша қағазын қою іс-әрекеттері

Көрсетілімі: тыныс жолдарының ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, гипертониялық криз, миозит, невралгия

Қарсы қөрсетілімі: тері ауруларында, дене қызуы 38ºС-тан жоғары, өкпеден қан кеткенде, қатерлі ісікте, тері сезімталдығы жоғарылағанда

Әзірле:  қыша қағазы, лоток, жылы су 37-40ºС, сүлгі

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қыша қағазының қолдануға жарайтындығын тексеріңіз (қағаздан қыша үгілмеуі және өзіне тән ерекше иісі болуы керек).
2. Лотокқа 37-40ºС жылы су құйыңыз (одан жоғары температурада эфирлі қыша майының қасиеті бұзылады).
3. Науқасты ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз,терісін тексеріңіз.
4. Қыша қағазын жылы суға малып (аздап суын сілкіп), денеге қыша жағымен біртіндеп салыңыз.

5. Науқастың үстін орамалмен және көрпемен жабыңыз (бірнеше минуттан кейін науқас жылылықты және күйгенді сезінеді).
6. Қыша қағазын 7-10 минуттан кейін алыңыз (дене терісінің қыша қағазын қойған жері қыздырады).
7. Теріні жылы суға малынған салфеткамен, сонан соң құрғақ орамалмен сүртіңіз. Науқасты қайтадан жылы жауып жатқызыңыз.

Ескерту: Қыша қағазын денеге ұзақ уақыт ұстаса, тері күлдіреп күйеді.

СТАНДАРТ

Жылытқышты қою

Көрсетілімі: тоңу кезінде, егуден кейінгі инфильтрат, спазм түріндегі ауырсыну, қызбаның 1-3-ші кезеңдерінде

Қарсы көрсетілімі: қан кету, іріңді жарақаттану, қатерлі ісіктер, терінің зақымдануы, құрсақ қуысы қабынуында, зақымданудың алғашқы тәулігінде.

Әзірле:

— резеңке жылытқыш
— 70ºС-тағы су
— сүлгі
— залалсыздандыру еретіндісі

Іс-әрекет алгоритмі:

Жылытқыштың 2/3 бөлігін ыстық сумен толтырыңыз.

1. Жылытқыштағы ауаны шығарыңыз.
2. Аузын жақсылап бекітіңіз.
3. Жылытқыштың тығынын төмен қаратып төңкеріп, бүтіндігін тексеріңіз.
4. Жылықышты құрғата сүртіңіз.
5. Жылытқышты сүлгімен ораңыз.
6. Жылытқышты науқасқа беріңіз.
7. 5 минуттан  соң терінің қызармағандығын тексеріңіз.
8. Жылытқышты суыған соң алыңыз.
9. Жылытқышты пайдаланып болғаннан соң, залалсыздандыру ерітіндісімен екі рет араға 15 минут салып сүртіңіз.

Асқынулар: 

— күйіктер;
— тері пинментациясы

Ескерту: денесінде ісігі бар және терісі сезімтал, сонымен қатар балаларға жылытқышты қолданғанда су өте қатты ыстық болмауы керек.                   

СТАНДАРТ

Мұзды торсықты қою техникасы

Көрсетілімі: қан кеткенде, терінің зақымдануы, операциядан кейінгі кезең, қызбаның екінші кезеңі

Қарсы көрсетілімі: үсік, тоңу кезінде

Әзірле: 

— мұзды торсық;
— сүлгі;
— мұз немесе салқын су;
— залалсыздандыру ерітіндісі

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мұзды торсықты алып, тығынын ашып, ішіне мұз кесектерін салу.
2. Тегіс көлденең жерге қойып, тығынын жабу.
3. Мұзды торсықты сүлгімен орау.
4. Дененің керекті бөлігіне қою: басқа 5 минут (арасына 5 минут салып), құрсақ қуысына 15-20 минутқа (арасына 30 минут салып).
5. Уақытты белгілеп, кестеге сәйкес ауыстыру (2 сағат бойы).
6. Мұз еріген жағдайда суды төгіп, мұз кесектерімен толтыру.
7. Мұзды торсықты залалсыздандыру ерітіндісіне арасына 15 минут салып, 2 рет тазартуды жүргізу, сүрту, лотокқа жинастыру.
8. Қолды жуып, кептіру.

Ескерту: Мұзды торсық мұз кесектерімен 2/3 көлемде толтырылады