Файл: Ішкі азалар туралы ілім спланхнология ескерту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ортаңғы қабаты, үлкен шарбыны көтергенде ғана көрінеді. Бұл қабаттың топографиялық ірі төрт бөлігі ажыратылады. Іш қуысының оң жақтағы бүйір қабырғасы – бір жағынан, екінші жағынан – соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек араларында, оң жиек ішек жанындағы жүлге, sulcus paracolicus dexter,орналасады. Бұл кеңістікті, оң бүйірлік өзек, canalis lateralis dexter, - деп те, атайды.Іш қуысының сол жақтағы бүйір қабырғасы – бір жағынан, екінші жағынан – төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек араларында, сол жиек ішек жанындағы жүлге, sulcus paracolicus sinister,орналасады. Жоғарыда аталғандай, бұл кеңістік, сол бүйірлік өзек, canalis lateralis siniter, - деп те, аталады.

Жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек араларындағы кеңістік, аш ішектің шажырқайы, mesenterium, арқылы, оң және сол шажырқайлық қойнауларға бөлінеді( 256 – сурет ) .



256 – сурет. Бауырдың байламдары және ішастардың басқа қатпарлары. ( Аш ішек, көлденең жиек ішектің бір бөлігі мен үлкен шарбы алынып тасталған).

1 – бауыр; 2 – бауырдың орақтәрізді байламы; 3 – бауырдың жұмыр байламы; 4 – тәждік байлам; 5 –сол үшбұрышты байлам; 6 – асқазан – көкет байламы; 7 – асқазан; 8 – көкбауыр; 9 – бауыр – асқазан байламы; 10 – асқазан – көкбауыр байламы; 11 – бауыр – он екі елі ішек байламы; 12 – шарбылық тесіктің алдыңғы қабырғасы; 13 – көлденең жиек ішектің шажырқайы,; 14,28 – көлденең жиек ішек; 15 – Он екі елі ішектік жоғарғы ұңғыл; 16 –– төмендеген жиек ішек; 17 – Аш ішек шажырқайының түбірі көкбауыр артериясы; 18 – сигматәрізді жиек ішек. 19 - Сигмааралық ұңғыл; 20 – тік ішек; 21 - құрттәрізді өсінді; 22 - құрттәрізді өсіндінің шажырқайы; 23 - Мықын – соқыр ішектік төменгі ұңғыл; 24 - соқыр ішек; 25 – мықын ішек; 26 - Мықын – соқыр ішектік жоғарғы ұңғыл; 27 - жоғарылаған жиек ішек; 29 - оң үшбұрышты байлам; 30 - шарбылық тесік.


Аш ішек шажырқайының түбірі, radixmesenterii, он екі елі – ащы ішек иілісінен, flexura duodenojejunalis,басталып, жоғарыдан төмен, сол жақтан оң жаққа қарай қиғаш бағытта жүріп, мықын ішектің соқыр ішекке өтетін жеріне дейін келеді. Оның ұзындығы 15 – 18 см. Шажырқайдың екі жапырақшасының ішінде шажырқайлық жоғарғы артерияның тармақтары, аттас венаның құйылыстары және лимфа тамырлары мен түйіндері, нервтер орналасады.Оң шажырқайлық қойнауды,
sinus mesentericus dexter, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек шажырқайының түбірі мен аш ішек шажырқайының түбірі шектеп тұрады. Қойнауда париеталды ішастармен жабылған оң бүйректің төменгі шеті, он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің төменгі жағы, он екі елі ішектің горизонталды бөлігі, олар қоршап жатқан ұйқы безінің басы, оң несепағар, төменгі қуыс вена орналасады.

Сол шажырқайлық қойнауды, sinus mesentericus sinister, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішектің шажырқайы мен аш ішек шажырқайының түбірі шектеп тұрады. Сол қойнауда париеталды ішастармен жабылған сол бүйректің төменгі бөлігі, он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі, сол несепағар, іш қолқасы орналасады. Сол шажырқайлық қойнаутөменгі жағында кіші жамбас қуысымен қатынасады.

Іш қуысының артқы қабырғасында, ішастар бір ағзадан екінші ағзаға өткенде ұңғылдар түзіледі.Бұл ұңғылдарда ретроперитонеалды жарықтар пайда болуы мүмкін.

Он екі елі ішектік жоғарғы ұңғыл, recessus duodenalis superior, көлденең жиек ішек шажырқайының түбірінің астында орналасқан. Ол, оң жағынан, он екі елі – ащы ішек иілісі, flexura duodenojejunalis, пен сол жағынан, он екіелі ішектік жоғарғы қатпар, plica duodenalis superior, аралығында жатады.Он екі елі ішектік жоғарғы қатпар (он екі елі – ащы ішек қатпары, plica duodenojejunalis ), ащы ішектің бастапқы бөлігінің жоғарғы, сол жағында орналасады.

Он екі елі ішектік төменгі ұңғыл, recessus duodenalis inferior,он екі елі – ащы ішек иілісінің астында жатады, Оны төменгі жағынан он екіелі ішектік төменгі қатпар, plica duodenali inferior, шектеп тұрады.

Мықын – соқыр ішектік жоғарғы ұңғыл, recessus ileocaecalis superior, мықын ішектің соңғы бөлігінің жоғарғы жағы мен жоғарылаған жиек ішектің аралығындағы, мықын – соқыр ішек қатпарының жоғарғы бөлігінің, plica ileocaecalis, астында орналасады.

Мықын – соқыр ішектік төменгі ұңғыл, recessus ileocaecalis inferior, мықын ішектің соңғы бөлігінің төменгі жағы мен соқыр ішектің аралығындағы, мықын – соқыр ішек қатпарының, plica ileocaecalis, төменгі бөлігініңастында жатады.

Соқыр ішек оң мықын шұңқырында орналасады, бұл жерді соқыр ішектік шұңқыр деп атайды. Соқыр ішектің латералды беті мен мықын бұлшықетін жауып жатқан париеталды ішастарды соқыр ішектік қатпарлар,
plicae caecales, байланыстырып тұрады. Осы жерде орналасқан соқыр ішек артындағы ұңғыл, recessus retrocaecalis, жоғарылаған жиек ішектің артына дейін созылып жатуы мүмкін.

Сигмааралық ұңғыл, recessus intersigmoideus,cигматәрізді жиек ішек шажырқайы түбірінің сол жақ бетінде орналасады. Осы шұңқыр аймағында, париеталды ішастар жауып жатқан сол несепағар өтеді.

Ішастар қуысының төменгі қабаты, жамбас қуысында орналасады. Париеталды ішастар іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, кіші жамбас қуысына өтеді де, тік ішектің жоғарғы бөлігін барлық жағынан (интраперитонеалды) жабады. Париеталды ішастардың тік ішекке өтетін жері, оның шажырқайын құрайды. Тік ішектің ортаңғы бөлігі – ампуласы, екі бүйір және алдыңғы жағынан, мезоперитонеалды, жабылған. Ал,төменгі бөлігі экстраперитонеалды орналасады. Еркектерде, ішастар, тік ішектен несеп қуыққа өтіп, тік ішек - несеп қуық ұңғылын, excavatio rectovesicalis, түзеді.

Әйелдерде, ішастар, екі ұңғыл түзеді. Тік ішектен жатырға өтетін жолында, тік ішек – жатыр ұңғылын, excavatio rectouterina (Дуглас кеңістігі), және жатыр мен несеп қуықтың аралығында,жатыр - несеп қуық ұңғылын, excavatio құрайды.

Дуглас кеңістігінің диагностикалық маңызы зор. Жатыр түтігі жарылып кеткенде, немесе басқа ағзаларда қабыну үдерістері орын алған жағдайда, қан немесе қабыну сұйықтығы, ірің, Дуглас кеңістігінде жиналады. Ішастар жатырды интраперитоналды жабады. Ішастардың, жатыр мен кіші жамбастың бүйір қабырғасы арасында созылып жатқан, екі жапырақшадан тұратын бөлігі - жатырдың жалпақ байламы, lig. latum uteri, деп аталады.