Файл: Ішкі азалар туралы ілім спланхнология ескерту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ІШКІ АҒЗАЛАР ТУРАЛЫ ІЛІМ - СПЛАНХНОЛОГИЯ

Ескерту: жаңадан жазылғандары және өзгертілгендері – қызыл түспен; өзгертілмегендері - қара

түспен берілген; Жасыл – қате жерлері түзетілген, Лунара Әлібекқызына жіберілген бірінші экземплярға да қою керек.

Ішкі ағзаларға,viscera,splanchna, ас қорыту, тыныс алу жүйелері мен несеп- жыныс аппараты жатады. Ағзалар жүйесін – атқаратын қызметі біртектес, даму тегі мен жалпы құрылымы ортақ ағзалар құрайды. Мысалы,ас қорыту жүйесі ағзаларының қызметі - ас қорыту, шығу тегі - алғашқы ішектен дамиды және жалпы құрылымы ортақ болып келеді. Ағзалар аппаратын – атқаратын қызметі біртектес, бірақ даму тегі мен жалпы құрылымы әр – түрлі ағзалар немесе атқаратын қызметтері әр – түрлі, бірақ дамуы мен құрылымы ортақ ағзалар құрайды. Мысалы,тірек – қимыл аппаратына сүйек жүйесі, сүйектер қосылыстары және бұлшықеттер біріктіріледі. Бұл аппаратқа кіретін ағзалардың қызметі бір, олар организмге тірек болады және дененің қимылын қамтамасыз етеді. Бірақ, олардың шығу тегі мен қүрылымы әр – түрлі болып келеді. Ал, несеп – жыныс аппаратын түзетін, несеп және жыныс ағзалары дамуы мен құрылымы жағынан тығыз байланысты болғанымен, әр – түрлі қызметтер атқарады.

Ішкі ағзалар қуысты ( түтікті ) және ұлпалы ( паренхималы) ағзалар деп екі топқа бөлінеді. Қуысты ағзалар қабырғаларының жалпы құрылымы біртектес болып келеді де, негізінен төрт қабықтан тұрады. Кейбір қабық өз алдына бірнеше қабаттардан тұрады ( мыс, шырышты қабық үш қабаттан түзіледі,оларды гистология пәнінен оқисыздар). Ағзаның қуысы жағынан бастап, сыртқа қарай қарастырғанда: біріншісі - шырышты қабық, tunica mucosa; ( М.Р.Сапин, 1 том, 2001, рис206, Строение слиз. об. Обозначенияларын өзім қазақша жазамын) Суреттердің нөмірлерін соңында қоямыз. Қазір Сапин бойынша тұра береді. екіншісі – шырышасты негізі,tela submucosa; үшіншісі - бұлшықетті қабық, tunica muscularis; төртіншісі - дәнекертінді немесе сірлі қабық, tunica adventicia seu tunica serosa,-

деп,аталады. Кейбір ағзалардыңқабырғалары үш (мыс. жатырда - шырышасты негізі болмайды), кейбіреуінікі бес қабықтан ( мыс. асқазанда: сірліасты негізі,tela subserosa, болады) түзіледі.





206 – сурет. Шырышты қабық құрылымының сызбасы.

1 - шырышасты негізі; 2 – шырышты қабықтың бұлшықеттік табақшасы; 3 - шырышты қабықтың меншікті табақшасы; 4 - он екі елі ішек; 5 – эпителийлік қабат; 6 – лимфойдты түйінше.





Шырышты қабық үш қабаттан түзілген. Олар: эпителийлік қабат ( пішіндері әр – түрлі болып келеді), шырышты қабықтың меншікті табақшасы және шырышты қабықтың бұлшықеттік табақшасы. Әр түрлі ағзалардың шырышты қабығы мен шырышасты негізінің құрылымы жалпы алғанда бірдей немесе өте ұқсас болады. Атап айтқанда, шырышты қабық пен шырышасты негізінде бездер ( мыс., жұтқыншақ, асқазан,көмей, жатыр бездері), жекеленген лимфойдты түйіншелер (мыс.,өңеште,ішекте, кеңірдекте, несеп қуықта), қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады.

Бұлшықетті қабық та өз алдына екі немесе үш қабаттан тұрады. Ал, іш қуысында орналасқан ағзалар ішастармен жабылған, бұл жағдайда олардың төртінші қабығы – сірлі қабық – деп аталады.

Ұлпалы ағзалардың қуысы болмайды, олар арнайы қызмет атқаратын жасушалар мен дәнекер тіннен(строма) түзілген. Мысалы, өкпе жасушалары (ацинус) тыныс алу, бүйрек жасушалары (нефрон) несеп шығару қызметтерін атқарады. Ағзалардың стромасы тірек және қоректендіру қызметтерін атқарады. Стромада қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады.

Ішкі ағзаларды оқып үйрену кезінде олардың топографиясы анықталады. Ағза топографиясын анықтау барысында голотопия , скелетотопия және синтопия деген ұғымдар қолданылады. Голотопия – деген түсінік ағзаның орналасқан жерін көрсетеді. Мыс.: асқазан іш қуысының жоғарғы бөлігінде, негізінен сол жақ қабырғаастында орналасады. Скелетотопия – ағзаның қандай сүйектің деңгейінде орналасатынын көрсететін түсінік. Мыс.: асқазанның жүректік (кардиялық) тесігі X – XI кеуде омыртқаларының сол жақ деңгейінде, ал, қақпалық тесігі XII кеуде немесе I бел омыртқасының оң жақ деңгейінде орналасады. Синтопия – ағзаның жанында орналасқан басқа ағзалармен арақатынасын көрсетеді.Мыс.: асқазанның алдыңғы қабырғасы кіші иіні аймағында - бауырға, денесі,түбі жәңе үлкен иіні аймағында - көкетке, алдыңғы қабырғасының кішкене үшбұрышты бөлігі - іштің алдыңғы қабырғасына жанасып жатады.

Асқорыту жүйесі

Адамның ас қорыту жүйесіне, systema digestorium, ауыз қуысы,жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек (он екі елі ішек, ащы ішек, мықын ішек), тоқ ішек (соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек ) , тік ішек және ірі бездер бауыр мен ұйқы безі жатады ( 208 – сурет ).



208 – сурет. Ас қорыту жүйесінің құрылымы.

1 - жұтқыншақ; 2 -өңеш; 3 - асқазан; 4 - он екі елі ішек; 5 и 14 - көлденең жиек ішек ( бір бөлігі алынып тасталған); 6 – ащы ішек; 7 - төмендеген жиек ішек; 8 - сигматәрізді жиек ішек; 9 - тік ішек; 10 - құрттәрізді өсінді; 11- мықын ішек; 12 – соқыр ішек; 13-жоғарылаған жиек ішек.

Ауыз қуысы

Ауыз қуысы, cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті ауыз қуысынан тұрады ( 209 – сурет ).



209 – сурет. Ауыз және жұтқыншақ қуыстары.

1 - меншікті ауыз қуысы; 2 - ауыз кіреберісі; 3 – мұрындық төменгі жол; 4 – мұрын кіреберісі; 5 – маңдай қойнауы; 6 – мұрындық ортаңғы кеуілжір; 7 - мұрындық төменгі кеуілжір; 8 - мұрындық жоғарғы кеуілжір; 9 – сынатәрізді сүйектің қойнауы; 10 – жұтқыншақ бадамшасы; 11 – есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі.12 – түтіктік буылтық; 13 – жұмсақ таңдай (таңдай пердесі); 14 - жұтқыншақтың ауыздық бөлігі; 15 – таңдай бадамшасын; 16 - аңқа; 17 – тіл түбірі ; 18 – көмей қақпашығы; 19 – ожау – көмей қақпашығы қатпары; 20 - жұтқыншақтың көмейлік бөлігі; 21- жүзіктәрізді шеміршек; 22 - өңеш; 23 - кеңірдек; 24 – қалқаншатәрізді шеміршек; 25 – тіласты сүйек; 26 – жақсүйек – тіласты бұлшықеті; 27 – иек – тіл бұлшықеті; 28 – төменгі жақсүйек.

Ауыз кіреберісі, vestibulum oris, - алдынан еріндер мен ұрттар, ал артынан қызыл иек пен тістер шектеген шағын кеңістік. Еріндер, labia – қабысқанда, шеттері езулермен, anguli oris, аяқталатын, көлденең орналасқан ауыз саңылауын, rima oris, шектейтін, негізін бұлшықеттер құрайтын құрылым. Еріннің: терілік, аралық және шырышты үш бөлігі ажыратылады. Еріннің терілік бөлігінде май және тер бездері, түктер орналасады, еркектерде сақал – мұрт өседі. Аралық аймақты жұқа тері қабаты жауып жатады, сондықтан, оның эпителиінің астындағы қан капиллярлары бұл аймаққа қызғылт түс береді. Еріндердің ішкі бетін түзетін шырышты қабық қызылиектің шырышты қабығына өтіп, екі бойлық қатпарлар: жоғарғы ерін жүгеншігі, frenulum labii superuoris, және төменгі ерін жүгеншігін, frenulum labii inferiorioris, түзеді. Еріндердің шырышасты негізінде шырышты қабыққа ашылатын көптеген майда бездер орналасқан.

Ұрттар,виссае, негізінұрт бұлшықеті, m.buccinator, түзетін, сыртынан терімен, ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған беттің бөлігі.Ұрт және меншікті шайнау бұлшықеттерінің аралығындағы теріастылық шелмай жақсы дамып, ұрттың майлы денесін, corpus adiposum buccae, түзеді. Ол, сыртқы атмосфералық қысымның әсерін азайтып, емшек ему үдерісін жеңілдететін анатомиялық құрылым, сондықтан емшектегі балада жақсы жетілген.

Ауыз кіреберісіне, жоғарғы екінші үлкен азу тіске қарама - қарсы ұрттың шырышты қабығында шықшыт безінің түтігі ашылады. Жоғарғы және төменгі жақсүйектердің ұяшықтық өсінділерін жауып жатқан шырышты қабық – қызылиек, gingiva, деп аталады. Ол тістердің мойнын жауып жатады.

Меншікті ауыз қуысының, cavitas oris propria, сыртқы қабырғаcын тістік доғалар мен қызылиектердің тілдік беттері, жоғарғы қабырғасын таңдай, ал төменгі қабырғасын ауыздың көкетін құрайтын, тіластыүстілік бұлшықеттер ( негізгісі: жақсүйек - тіласты бұлшықеті, m.mylohyoideus,) түзеді. Меншікті ауыз қуысы артқы қабырғасындағы тесік – аңқа (тамақ), fauces, арқылы жұтқыншаққа өтеді ( 210 – сурет ).



210– сурет. Ауыз қуысы, алдыңғы көрінісі.

1 – жоғарғы ерін; 2 - жоғарғы ерін жүгеншігі; 3 және 12 – қызыл йек; 4 –жоғарғы тістік доға; 5 – қатты таңдай; 6 – жұмсақ таңдай ( таңдай пердесі ); 7 - таңдай-тіл доғасы; 8 - таңдай-жұтқыншақ доғасы; 9 – таңдай бадамшасы; 10 – ұрттың кесіндісі; 11 – төменгі тістік доға;. 13 – төменгі ерін; 14 - төменгі еріннің жүгеншігі; 15 - тіл арқашығы; 16 – аңқа; 17- таңдай тілшігі; 18 - таңдай жігі.

Ауыз қуысының түбінде, тіл жүгеншігінің екі жағында, тіласты және төменгі жақсүйекасты бездерінің түтіктері ашылатын тіласты бүртігі, caruncula sublingualis, орналасқан. Тіласты бүртігі артқа қарай және латералды бағытта тіласты қатпарына, plicae sublingualis, жалғасады. Бұл қатпардың астында тіласты безі жатады.

ТІСТЕР

Тістер, dentes, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан. Тістердің түбірлері үздіксіз қосылыстардың бір түрі – қағу, gomphosis, арқылы ұяшықтарға бекіген ( 212 – сурет ).



212 – сурет. Тұрақты тістер, бүйір көрінісі.

1 – жоғарғыжақсүйек қойнауы; 2 - кіші азу тістер; 3 – ит тістер; 4 – күрек тістер; 5 – иек тесігі; 6 – үлкен азу тістер; 7 – төменгі жақсүйек.

Тістердің қызметі: асты бөлу, шайнау, майдалау және дыбыстардың дұрыс айтылуына, сол арқылы анық сөйлеуге мүмкіндік туғызу. Ересек адамдарда 32 тіс болады. Алғашқы сүт тістер 6 айда пайда болады, ал 6 - 7 жастан бастап, олардың орнын тұрақты тістер алмастыра бастайды.

Әр тісте сауытын, мойнын және түбірін ажыратады. Тіс сауыты, corona dentis, тістің қызылиектің шығып тұратын бөлігі. Тіс түбірі, radix dentis, тістің жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан бөлігі.Тіс мойны, cervix dentis, тістің сауыт пен түбірдің арасындағы қызылиекпен қапсырылған жіңішке бөлігі ( 213 – сурет ).



213 – сурет. Тістің құрылымы.

1 – кіреуке; 2 - дентин; 3 – тіс ұлпасы; 4 – қызыл иек; 5 – цемент; 6 – периодонт ; 7 – сүйек тіні. I – тіс сауыты; II –тіс мойны; III – тіс түбірі; IY - тіс түбірінің өзегі.

Тіс сауытының 5 беттерін ажыратады. Жоғарғы және төменгі тістердің бір-бірімен жанасатын беті -шайнау беті, facies masticatoria, немесе қабысу беті, facies оcclusalis, деп аталады.Күрек және ит тістерде шайнау беті жоқ ,олардың кесетін жиегі, margo incisalis, ажыратылады. Тістердің тілге қараған жағы - тілдік беті, facies lingualis, деп аталады, жоғарғы тістерде оларды таңдайлық беті - деп те атайды. Ауыз кіреберісіне қараған жағы - кіреберістік беті, facies vestibularis, - деп аталады, бұл бетін алдыңғы тістерде - еріндік, ал, артқы тістерде - ұрттық беті - деп те атайды. Тістің екі жағындағы көрші тістермен жанасатын - жанасу беті, facies contactus, ажыратылады. Оның өзі екіге: тістік қатардың ортасына қараған медиалды бетіне, facies melialis, жәнетістік қатардың шетіне қараған латералды бетіне,facies lateralis, бөлінеді.

Тіс ішінде тіс қуысы, cavitas dentis, орналасқан. Бұл қуыс тіс сауытыныңқуысы, cavitas coronalis, және тіс түбірінің өзегі, canalis radicis dentis,- деп, екіге бөлінеді.

Тіс түбірінің дисталды шеті - оның ұшы, apex radicis dentis, деп, аталады. Тіс ұшының тесігі, foramen apicis dentis, арқылы, тіс қуысын толтырып тұратын тіс ұлпасына, pulpa dentis, баратын артериялар және нервтер, ұлпадан шығатын веналар мен лимфа тамырлары өтеді. Осы аталған анатомиялық құрылымдар тіс ұлпасының негізін құрайды.

Тістің – кіреуке, еnаmelum,дентин, dentinum, және цементтен, cementum, түзілген. Тістің негізін дентин құрайды, тіс сауытындағы дентин кіреукемен, ал түбіріндегі дентин цементпен қапталған.

Адамдарда төрт түрлі: күрек тістер, ит тістер, кіші және үлкен азу тістерді ажыратады ( 216 – сурет ). .



216 – сурет. Оң жақтағы тұрақты тістердің пішіндері, тілдік беті.

1 – күрек тістер; 2 –ит тіс; 3 – кіші азу тістер; 4 – үлкен азу тістер.

Олар бір-бірінен тіс сауытының пішіні мен түбірлерінің ерекшеліктері арқылы ажыратылады.

Күрек тістер, dentes incisivi,жоғарғы және төменгі жақсүйектерде төртеуден болады, екі медиалды, екі латералды күрек тістер ажыратылады. Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі түзу қашау, күректәрізді болып келеді. Күрек тістер бір түбірлі болады.

Жоғарғы күрек тістердің сауыты төменгілерге қарағанда үлкен болады. Олардың ішіндегі ең үлкені - медиалды жоғарғы күрек тіс болып табылады. Төменгі латералды күрек тіс медиалдысынан үлкен болады.

Ит тістер, dentes canini, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде екеуден болады. Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі бір – бірімен үшкір түзе қосылатын екі бөліктен тұрады. Ит тістерде де бір ұзын түбірі болады. Кейде жоғарғы және төменгі ит тістердің екі түбірлісі немесе ұштары екіге айырылғандары кездеседі. Жоғарғы ит тіс төменгісінен ірілеу болады.

Кіші азу тістер, dentes premolares, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде төртеуден болады, ит тістердің артында орналасады,сауытының қабысу бетінің ерекшелігі – кіреберістік және тілдік - екі төмпешігі болады. Жоғарғы премолярларда жиі екі түбір кездеседі, ал, төменгілері бір түбірлі болады..

Үлкен азу тістер, dentes molares, - сауыты кубтәрізді, әр жақсүйекте алтаудан, жақсүйектің бір жағында үштен: 1-ші, 2-ші, 3- ші үлкен азу тістер орналасады. Алдынан артына қарай олардың көлемдері кішірейе береді. Үшінші үлкен азу тіс - ақыл тіс, dens serotinus, кеш шығу мерзімімен (12 - 26 жас аралығында) және шағын көлемімен ерекшеленеді.

Жоғарғы үлкен азу тістердің ерекшелігі – олар үш түбірлі болады. Түбірлердің екеуі ұрттық, біреуі тілдік деп аталады. Тіс сауытының шайнау бетінде негізінен төрт төмпешік орналасады. Жалпы 3-5 төмпешіктерден тұратын түрлері жиі кездеседі.

Төменгі үлкен азу тістердің ерекшелігі – олардың алдыңғы және артқы- екі түбірі болады. Тіс сауытының шайнау беті жиі төрт төмпешіктен тұрады. Жалпы 3-6 төмпешіктерден тұратын түрлері кездеседі.

. Сүт тістердің, dentes decidui, ішінде кіші азу тістер болмайды, үлкен азу тістері екеу болады. Сүт тістердің топтық формуласы:

2 0 1 2

2 1 0 2

2 0 1 2

2 1 0 2

Олардың құрылымы тұрақты тістердің құрылымы сияқты, бірақ, әрине көлемі кішкене болады. Кіреукенің түсі ақ – көкшілдеу болып келеді. Тіс сауыт пен түбірдің шекарасы өте айқын бөлініп тұрады.



Тістер жақсүйектерде – жоғарғы тістік доға, arcus dentalis superior, және төменгі тістік доға, arcus dentalis inferior, түзіп, симметриялы орналасады. Әр доғада 16 тістен орналасқан. Сагитталды жазықтықта әр доға тепе-тең оң және сол бөліктерге бөлінеді. Әр бөлік 8 тістен: 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші азу тіс және 3 үлкен азу тістен тұрады( 215 – сурет ). .



215 – сурет. Төменгі жақсүйектің тұрақты тістері.

1 – күрек тістер; 2 – ит тіс; 3 – кіші азу тістер; 4 – үлкен азу тістер; 5 – ақыл тіс.

Тістердің орналасуы тістік формула арқылы беріледі. Тістердің толық ( клиникалық) формуласы:

8 7 6 5 4 3 2 1

1 2 3 4 5 6 7 8

8 7 6 5 4 3 2 1

1 2 3 4 5 6 7 8

. Бұл формуладағы: 1 – медиалды күрек тіс; 2 - латералды күрек тіс; 3 – ит тіс және т.с.с. Жақсүйектердің әр жартысындағы тістерді түрлеріне байланысты топқа біріктіріп көрсететін – тістердің топтық (анатомиялық) формуласы:

3 2 1 2

2 1 2 3

3 2 1 2

2 1 2 3

Бұл фомулада жоғарғы жене төменгі жақсүйектердің бір жартысында, тістік қатардың ортасынан шетіне қарай: екі күрек тіс, бір ит тіс, екі кіші азу және үш үлкен азу тістер орналасқаны көрсетіледі. Сүт тістердің формуласы рим әріптерімен белгіленеді:



V IV III II I

I II III IV V

V IV III II I

I II III IV V

Сүт тістердің топтық формуласы

2 0 1 2

2 1 0 2

2 0 1 2

2 1 0 2

Бұл формула арқылы, екі күрек тістің, бір ит тістің болатыны, сүт тістердің ішінде кіші азу тістер болмайтыны және екі үлкен азу тістер бар екені белгіленеді.

Сүт тістер мен тұрақты тістердің шығу уақыты


Тіс

Жақсүйек

Тістердің шығу уақыты

сүт тістер,

айлары

тұрақты тістер,

жылдары

Медиалды күрек тіс
Латералды күрек тіс
Ит тіс
Бірінші кіші азу тіс (премоляр)

Екінші кіші азу тіс

(премоляр)

Бірінші үлкен азу тіс

(моляр)

Екінші үлкен азу тіс

(моляр)

Үшінші үлкен азу тіс

(моляр)

Жоғарғы

Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

Жоғарғы

Төменгі

7 - 8

6 - 7

8 - 9

7 - 8

18 - 20

16 - 18

-

-

-

-

14 - 15

12 - 13

21 - 24

20 - 22

-

-

7 - 8

6 - 7

8 - 9

7 - 8

11 - 12

9 - 10

10 - 11

10 - 12

10 - 12

11 - 12

6 - 7

6 - 7

12 - 13

11 - 13

17 - 21

12 - 26

Стоматологтар тістік формуланы латын әріптері арқылы да белгілейді. Қазіргі кезде дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған тістік формула:

18 17 16 15 14 13 12 11

21 22 23 24 25 26 27 28

48 47 46 45 44 43 42 41

31 32 33 34 35 36 37 38

Жоғарғы жақсүйектің оң жартысының тістері 1 санымен (11,12...), сол жартысының тістері 2 санымен басталып (21,22...) белгіленеді. Төменгі жақсүйектің тістері формуладан көрініп тұрғандай,оң жартысы - 3, ал, сол жақтағылары - 4 сандарымен басталады.

Тістің түбірі жақсүйектің тістік ұяшығының қабырғасына - периодонт, periodontum, деп аталатын дәнекертіндік байламдар арқылы бекиді.

Тістің түбірін қоршап жатқан анатомиялық құрылымдардың: периодонт, ұяшық және оны жауып жатқан қызылиектің жиынтығы – парадонт, parodontium, деп аталады.

Тіс және жақсүйектің оған сәйкес келетін бөлігі тіс – жақсүйек сегменті деп аталады.Тіс – жақсүйек сегментінің құрамына: тіс; периодонт; тістік ұяшық пен оған сәйкес келетін, шырышты қабықпен жабылған жақсүйектің бөлігі; тамырлар мен нервтер кіреді. Жоғарғы және төменгі жақсүйектерде күрек тіс - жақсүйектік сегменттер, ит тіс – жақсүйектік сегменттер және т.с.с. сегменттер ажыратылады.

Ауыз жабылған жабылған кездегі жоғарғы және төменгі тістік қатарлардың түйісуі окклюзия деп аталады. Жоғарғы және төменгі жақсүйектің бір – бірімен түйісетін тістері антогонист тістер деп аталады. Олар басты және қосалқы антогонистер деп екіге бөлінеді.Мысалы, жоғарғы медиалды күрек тістің басты антогонисі – төменгі медиалды күрек тіс, қосалқы антогонисі – төменгі латералды күрек тіс болады. Тек, төменгі медиалды күрек тіс пен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің біреуден ғана антогонистері болады.

Тістердің физиологиялық түйісуін орталық окклюзия деп атаймыз. Тістердің орталық окклюзия жағдайында орналасуы тістем деп аталады. Тістемнің 4 физиологиялық түрі ажыратылады.

1. Ортогнатия (прогнатия) ‒ жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді аздап жауып тұрады.

2. Прогения ‒ төменгі күрек тістер жоғарғы тістердің алдына шығып тұрады және оларды аздап жауып тұрады.

3. Бипрогнатия ‒ жоғарғы және төменгі күрек тістер алдыға қарай еңкейе орналасқан, жоғарғы тістер төменгі тістерді аздап жауып тұрады.

4. Тік тістем ‒ жоғарғы және төменгі күрек тістердің кескіш жиектері бір-біріне түйісіп тұрады.


ТІЛ

Тіл, lingua, дәм сезу, сөйлеу, асты араластыру, жұту үдерістеріне қатысатын бұлшықетті ағза. Тілдің алдыңғы бөлігі -ұшы, apex linguae, артқы бөлігі - түбірі, radix linguae, екеуінің арасында - денесі, corpus linguae, орналасқан. Жоғарғы, таңдай мен жұтқыншаққа қараған беті тіл арқашығы, dorsum linguae, деп аталады, ал, төменгі беті, facies inferior linguae, тілдің ұшы мен денесінің алдыңғы бөлігінің астында орналасады. Бүйір беті тілдің жиегі, margo linguae, деп аталады. Тіл арқашығында ортаңғы жүлге, sulcus medianus, өтеді. Ол тілдің ішінде орналасып, оны оң және сол жаққа бөліп тұратын -тіл қалқасына, septum linguae,сәйкес келеді. Ортаңғы жүлге артқы жағында тұйықталып соқыр тесікте, foramen caecum linguae, аяқталады. Соқыр тесіктен алдыға және екі бүйір жағына қарай, тілдің түбірі мен денесін бөліп тұратын шекаралық жүлге, sulcus terminalis, кетеді ( 217 – сурет ).



217– сурет. Тіл және жұтқыншақтың көмейлік бөлігі, жоғарғы көрінісі.

1 – тілдің ұшы; 2 - тілдіңденесі; 3 - тілдің жиегі; 4 –ортаңғы жүлге; 5 – жапырақтәрізді бүртіктер; 6 – саңырауқұлақтәрізді бүртіктер; 7 -науашықтәрізді бүртіктер; 8 - шекаралық жүлге; 9 –соқыр тесік; 10 – тілдіңтүбірі; 11 – тіл бадамшасы;. 13 – тіл – көмей қақпашығы қатпары; 14 - ожау – көмей қақпашығы қатпары; 15 - тіл арқашығы; 16 – дауыстық саңылау; 17- ожауаралық тілшік.

Тілдің шырышты қабығы, tunica mucosoe linguae, қызғылт түсті, бетінде майда өсінділері - тіл бүртіктері, papillae linguales, орналасады. Келесі бүртіктерді айырады:

1. Конустәрізді және жіптәрізді бүртіктер, papillae conicae et papillae filiformes, ең көбі, тіл арқашығында, шекаралық жүлгенің алдында орналасқан. Олар жалпы (жанасу, ауырсыну, температура) сезімталдықты өткізеді.

2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformеs, тілдің жоғарғы бетінде орналасқан. Саны жағынан конустәрізді және жіптәрізді бүртіктерден аздау болады.Дәм сезімталдығын қабылдайды.

3. Жапырақтәрізді бүртіктер , papillae foliatae, тілдің бүйір беттерінде орын тепкен. Дәм сезімталдығын өткізеді.

4. Науашықтәрізді бүртіктер, papillae vallatae, бүртіктер арасындағы ең азы (7 – 12) және ең ірісі болып табылады, оладың пішіні рим цифры V-тәрізді болып келеді де, шекаралық жүлгенің алдында жатады. Олар дәм сезімталдығын өткізеді. Тіл түбірінде лимфойдты түйіншелерден түзілген
тіл бадамшасы, tonsilla lingualis, орналасады.

Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы тегіс, бұл жерде бойлық бағытта жүріп, тілдің ұшы аймағында бір – бірімен қосылатын екі шашақты қатпарлар, plicae fimbriatae, өтеді. Тілдің төменгі бетінің ортасынан басталып, қызылиекке дейін баратын шырышты қабықтың қатпары - тіл жүгеншігін, frenulum linguae, түзеді



218 – сурет. Ауыз қуысы және тілдің төменгі беті.

1 – жоғарғы ерін; 2 – жоғарғы тістер; 3 - тілдің ұшы; 4 –тілдің төменгі беті; 5 – тілдің жиегі; 6 –шашақты қатпарлар; 7 -тіл жүгеншігі; 8 - тіласты қатпары; 9 –тіласты бүртігі; 10 – төменгі тістер; 11 – төменгі ерін.

Тіл бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшықеттерден тұрады. Тілдің ішінде орналасқан -тіл қалқасы, septum linguae, бұлшықеттерді оң және сол жаққа бөліп тұрады. Тіл бұлшықеттері қаңқалық және меншікті деп екі топқа бөлінеді.Қаңқалық бұлшықеттер сүйектерден басталып, тілдің ішінде аяқталады, ал, меншікті бұлшықеттер тілдің ішінде жатады.

Тілдің қаңқалық бұлшықеттері:

1. Тіласты-тіл бұлшықеті, m.hyoglossus, тіласты сүйегінің денесі мен үлкен мүйізінен басталады да тілдің бүйір жағына енеді. Қызметі: тілді артқа және төмен тартады ( 219 – сурет ). .



219 – сурет. Тіл бұлшықеттері, оң көрінісі.

1 – тіл арқашығы; 2 – тіл ұшы; 3 – төменгі жақсүйек; 4 –иек-тіл бұлшықеті; 5 – иек- тіласты бұлшықеті; 6 – төменгі бойлық бұлшықет; 7 – тіласты - тіл бұлшықеті; 8 – тіласты сүйегі; 9 – жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті; 10 – біз - жұтқыншақ бұлшықеті; 11 – біз - тіл бұлшықеті.

2. Біз - тіл бұлшықеті, styloglossus, самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен және біз – төменгі жақсүйек байламынан басталып, тілдің бүйір жағына енеді. Қызметі: тілді артқа және жоғары тартады.

3. Иек-тіл бұлшықеті, m.geniglossus,төменгі жақсүйектің иектік қылқанынан басталып, тілдің ортаңғы бөлігіне барады. Қызметі: тілді төмен және алға тартады.

Тілдің меншікті бұлшықеттері:

1. Тілдің көлденең бұлшықеті, m.transversus linguae,тіл қалқасынан басталып, тілдің бүйір жақтарында аяқталады. Қызметі: тілдің көлденең өлшемін азайтып, арқашығын көтереді, бұл кезде тіл ұзарады.

2. Тілдің вертикалды бұлшықеті , m.verticalis linguae, тілдің бүйір жағында, оның арқашығы мен төменгі бетінің аралығында орналасады.
Қызметі: тілді жалпайтады.

3. Жоғарғы бойлық бұлшықет, m.longitudinalis superior, тілдің жоғарғы бөлігінде орналасқан, тілдің түбірінен басталып, ұшына бекиді. Қызметі: тілді қысқартады және оның ұшын көтереді.

4. Төменгі бойлық бұлшықет, m.longitudinalis interior, тілдің төменгі бөлігінде орналасқан, тілдің түбірінен басталып, ұшына бекиді.Қызметі: тілді қысқартады және оның ұшын төмен түсіреді.

Тілдің тамырлары мен нервтері. Тілді тіл артериясы қанмен қамтамасыз етеді.Тіл венасы ішкі мойындырық венаға құяды. Лимфа тамырлары: иекастылық, төменгі жақсүйекастылық және мойынның терең латералды лимфа түйіндеріне құйылады.

Қозғалтқыш нервтенуі: тілдің бұлшықеттерін ХІІ-жұп бассүйек нерві - тіласты нерві нервтендіреді. Сезімтал (ауырсыну, температура және жанасуды сезу) нервтенуі: тілдің алдыңғы үштен екі бөлігін V- жұп нервтің үшінші тармағынан кететін тіл нерві нервтендіреді. Тілдің артқы үштен бір бөлігін тіл – жұтқыншақ нерві, тіл түбірінің көмей қақпашығына жақын бөлігін кезбе нервтен кететін - көмейлік жоғарғы нерв нервтендіреді. Тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінен дәм сезімталдығын тіл нервісіне келіп қосылатын, дабыл ішегі, chorda tympani, (бет нервісінің тармағы) өткізеді. Тілдің артқы үштен бір бөлігінен дәм сезімталдығын тіл – жұтқыншақ нерві өткізеді.

ТАҢДАЙ

Таңдай, рalatum, ауыз қуысының жоғарғы қабырғасын түзеді. Ол екі бөліктен, құрамында сүйек тіні бар қатты таңдай және жұмсақ таңдайдан тұрады. Шырышты қабық таңдайды жауып, бүйір жағынан жоғарғы жақсүйектің ұяшықтарына өтіп, қызылиек түзеді.

Қатты таңдай, palatum durum,жоғарғы жақсүйектердің таңдайлық өсінділері мен таңдай сүйектерінің горизонталды табақшаларынан құралған. Ол таңдайдың алдыңғы 2/3 бөлігін құрайды. Қатты таңдайдың ортаңғы сызығы бойымен таңдай жігі, raphe palati, өтеді. Одан екі жаққа қарай, балаларда өте жақсы жетілген көлденең қатпарлар шығады.

Жұмсақ таңдай, palatum molle,таңдайдың артқы 1/3 бөлігін құрайды.

Жұмсақ таңдай, жоғарғы және төменгі беттері шырышты қабықпен қапталған таңдайдың апоневрозы мен бұлшықеттерден құралған. Жұмсақ таңдайдың шырышты қабығы артқы жағында жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің шырышты қабығына жалғасады, ал алдында қатты таңдайдың шырышты қабығына өтеді. Жұмсақ таңдай, горизонталды орналасқан алдыңғы бөлігінен және төмен қарай салбырап тұрғантаңдай пердесі, velum palatinum, деп аталатын артқы артқы бөлігінен тұрады. Таңдай пердесінің ортасындағы өсінді -