Файл: Ішкі азалар туралы ілім спланхнология ескерту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



255 – сурет. Іш қуысының алдыңғы қабырғасының артқы бетіндегі ішастардың бедері.

1 – ішастар; 2 - қуықүстілік шұңқыр; 3 - шаптық медиалды шұңқыр ; 4 - шаптық латералды шұңқыр; 5 - кіндіктік латералды қатпар; 6 - кіндіктік медиалды қатпар; 7 - кіндіктік ортаңғы қатпар; 8 - кіндіктік ортаңғы байлам; 9 - кіндіктік медиалды байлам ( кіндік артериясы ); 10 - құрсақтық төменгі артерия; 11 – шап байламы; 12 – несеп қуық.



Кіндіктік ортаңғы қатпар, plica umbilicalis mediana, несеп қуықтың ұшынан басталып кіндікке дейін барады. Бұл қатпардың ішінде бітеліп қалған несептік түтік жатады. Кіндіктік медиалды қатпар, plica umbilicalis medialis, Бұл қатпардың ішінде бітеліп қалған кіндік артериясы жатады. Кіндіктік латералды қатпар, plica umbilicalis lateralis, бұл қатпардың ішінде құрсақтық төменгі артерия мен вена орналасады. Осы аталған қатпарлардың араларында шұңқырлар орналасады.Кіндіктік ортаңғы қатпардың екі жағында жұп, қуықүстілік шұңқыр, fossa supravesicalis, жатады.Кіндіктік медиалды және латералды қатпарлардың арасында, жұп, шаптық медиалды шұңқыр, fossa inguinalis medialis, орналасады. Бұл шұңқыр шаптың беткей тесігіне (сақинасына), сәйкес келеді. Ол арқылы іш қуысынан шығатын жарық өтуі мүмкін.Кіндіктік латералды қатпардың сыртқы жағында,шаптық латералды шұңқыр, fossa inguinalis lateralis, бар. Бұл шұңқыр шаптың терең тесігіне (сақинасына), сәйкес келеді. Шап байламының медиалды бөлігінің астында, сан өзегінің ішкі тесігіне сәйкес келетін сан шұңқыры, fossa femoralis,орналасады.

Париеталды ішастар кіндіктің жоғарғы жағында көкетке өтеді,



257 – сурет. Іш қуысындағы ішастардың топографиясы.

1 – бауыр; 2 –бауыр – асқазан байламы; 3 – шарбылық қап; 4 – ұйқы безі; 5 –он екі елі ішек; 6 – аш ішектің шажырқайы; 7 – тік ішек; 8 – несеп қуық; 9 – аш ішек; 10 – көлденең жиек ішек; 11 –үлкен шарбының қуысы; 12 – көлденең жиек ішек шажырқайы; 13 – асқазан.


көкеттен сагитталды жазықтықта орналасқан орақтәрізді байлам, lig. Falciforme hepatis, және фронталды жазықтықта орналасқантәждік байлам lig.coronarium hepatis түрінде бауырға келеді ( 257 – сурет ). Тәждік байламның оң және сол жақтағы жиектері пішіндеріне орай, үшбұрышты байламдар, lig.triangulare dextrum et sinistrum,
деп аталады.Орақтәрізді байламныңтөменгі жиегінің ішінде, кіндіктен басталатын кіндік венасының қалдығы бауырдың жұмыр байламы, lig. Teres hepatis,өтеді.

Ішастардың бір ағзадан екінші ағзаға өтетін бөліктері – байламдар – деп, аталады.

Ішастар бауырдың көкеттік бетінен, оның висцералды бетіне өтеді. Бауыр қақпасында, артқы және алдыңғы жағынан келетін табақшалар бірігіп, екі табақшадан ( дупликатура ) тұратын, асқазанның кіші иініне баратын бауыр – асқазан байламын, lig.hepatogastricum, және он екі елі ішектің бастапқы бөлігіне баратын бауыр – он екі елі ішек байламын, lig.hepatoduodenale, түзеді.Бауыр – он екі елі ішек байламының ішінде, сол жақтан оң жаққа қарай: бауырдың меншікті артериясы, a.hepatica propria, аздап артқа таман орналасқан қақпа венасы, v. Portae, және жалпы өт түтігі, ductus choledochus, орналасады.Бауыр – асқазан және бауыр – он екі елі ішек байламдары бірігіп, кіші шарбыны, omentum minus,түзеді. Оның ішінде жоғарыда аталған анатомиялық құрылымдардан басқа, нервтер мен лимфа тамырлары өтеді. Ішастардың бауырдың оң үлесінен, оң бүйректің жоғарғы шетіне баратын бөлігі, бауыр – бүйрек байламы, lig. Hepatorenale, деп аталады.

Кіші шарбының екі табақшасы асқазанның кіші иінінде екіге айырылып, асқазанды интраперитонеалды – алдыңғы және артқы қабырғасын жабады ( асқазанның сірлі қабығын құрайды). Асқазанның үлкен иінінде, алдыңғы және артқы табақша қосылып төмен түсіп, үлкен шарбының, omentum majus, алдыңғы табақшасынтүзеді. Ол кіші жамбастың жоғарғы тесігі деңгейінде немесе одан жоғарырақ кері бұрылып, көтеріледі де, үлкен шарбының артқы табақшасын құрайды. Сонымен,үлкен шарбының әр табақшасы екі жапырақшадан тұрады. Балаларда үлкен шарбының қуысы болады, ал, ересек адамдарда қуысы тұтасып кетеді. Үлкен шарбы көлденең жиек ішекті және аш ішекті алдыңғы жағынан, алжапқыш сияқты жауып жатады. Оның асқазаннан көлденең жиек ішекке дейінгі бөлігі асқазан – жиек ішек байламы, lig. Gastrocolicum, деп, аталады. Үлкен шарбының құрамына тағы екі байлам кіреді. Біріншісі, асқазанның үлкен иінінен көкбауырға баратын, асқазан – көкбауыр байламы, lig. Gastrolienale, екіншісі асқазан – көкет байламы, lig.gastrophrenicum, асқазанның жүректік бөлігінен көкетке барады.Үлкен шарбының алдыңғы және артқы табақшалары көлденең жиек ішекпен тұтасып, бітісіп кетеді. Үлкен шарбының ішінде шарбылық лимфа түйіндері, nodi lymphatici omentales, орналасады.


Үлкен шарбы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Мысалы, іш қуысы ағзаларының қабынуына немесе бөгде заттарды алып тастауға арналған операциялар кезінде, үлкен шарбының жиырылып, қапшық сияқты қабыну аймағын шектеп тұрғанын көруге болады.

Үлкен шарбының артқы табақшасы одан әрі жоғары көтеріліп, көлденең жиек ішектің шажырқайының үстінде орналасады. Оның осы бөлігі шажырқаймен тұтасады. Одан кейін артқы табақша ұйқы бездің алдыңғы жиегіне келіп, екіге бөлінеді. Алдыңғы жапырақшасы ұйқы бездің алдыңғы бетін жабады да, жоғары көтеріліп, көкетке баратын – іш қуысының артқы қабырғасының париеталды ішастарына жалғасады. Ал, артқы жапырақшасы көлденең жиек ішек шажырқайының жоғарғы жапырақшасына өтеді де, көлденең жиек ішекті интраперитонеалды жауып, оның шажырқайының төменгі жапырақшасына өтеді. Одан кейін париеталды ішастар, іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, аш ішекті жауып, оның шажырқайын құрады. Шажырқай аш ішекті бекітіп, белгілі бір қалыпта ұстап тұрады. Шажырқайдың артқы табақшасы іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, кіші жамбас қуысына өтеді де, оның кейбір ағзаларының сірлі қабығын құрайды. Одан кейін, ішастар іштің алдыңғы қабырғасына барады.

Енді, іштің алдыңғы қабырғасының париеталды ішастарының көлденең бағыттағы жүру жолын оң жағынан бастап қарастырайық ( 254 – сурет ).




254 – сурет. Тұлғаның көлденең кесіндісі арқылы көрсетілген ішастардың топографиясы.

1 – висцералды ішастар; 2 –париеталды ішастар; 3 – аш ішектің шажырқайы; 4 – аш ішектің интраперитонеалды орналасуы; 5 –жоғарылаған жиек ішектің мезоперитонеалды орналасуы; 6 – бүйректің экстра( ретро)перитоналды орналасуы; 7 – ішастар қуысы.

Ішастар оңға жүріп, іштің бүйір, одан кейін артқы қабырғасын жабады. Ол жерден жоғарылаған жиек ішекке өтіп, оның оң бүйірін, алдыңғы қабырғасын және сол бүйірін – мезоперитонеалды жабады. Ал, соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді интраперитонеалды орналасады. Ішастар солға жүріп, іштің артқы жағында орналасқан кейбір ағзаларды экстраперитоналды жабады. Одан соң, аш ішек шажырқайының оң табақшасына өтеді де, ащы және мықын ішектерді интраперитонеалды жауып, аш ішек шажырқайының сол табақшасына өтеді. Бұл табақша париеталды ішастарға ауысады, ол солға жүріп, іштің артқы жағында орналасқан кейбір ағзаларды экстраперитоналды жабады. Одан кейін, төмендеген жиек ішекке өтіп, оның оң бүйірін, алдыңғы қабырғасын және сол бүйірін – мезоперитонеалды жабады. Ал, сигматәрізді жиек ішекті интраперитонеалды жауып, оның шажырқайын түзеді. Париеталды ішастар сол жаққа қарай – іштің артқы және бүйір қабырғаларын жауып, оның алдыңғы қабырғасына келеді.



Шажырқайлар, ішастардың іш қуысының қабырғасынан ағзаларға өтіп, оларды белгілі бір қалыпта ұстап тұратын, бекіткіш бөлігі. Оның екі табақшасының ішінде тамырлар мен нервтер өтеді.

Ішастар қуысы шартты түрде үш қабатқа (бөлімге) бөлінеді. Жоғарғы қабатты, жоғарғы жағынан – көкет, төменгі жағынан – көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы шектеп тұрады. Ортаңғы қабат, жоғарғы жағынан - көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы, төменгі жағынан – кіші жамбас қуысы аралығында орналасады. Төменгі қабат кіші жамбас қуысына сәйкес келеді

Жоғарғы қабатта бауырлық, асқазаналдылық және шарбылық деп аталатын үш қап ажыратылады. Бауырлық қап, bursa hepatica, көкеттің астында, бауырдың оң үлесін алып жатады. Оны артқы жағынан тәждік байлам, сол жағынан орақтәрізді байлам шектейді. Бауырдың астыңғы, терең жағында экстраперитонеалды жатқан оң бүйректің жоғарғы бөлігі мен бүйрекүсті безі жатады. Асқазаналдылық қап, bursa pregastrica, көкеттің астында, бауырдың сол үлесінің үстінде, асқазан мен кіші щарбының, және көкбауырдың алдында орналасады. Оны артқы жағынан тәждік байлам, оң жағынан орақтәрізді байлам шектеп тұрады. Шарбылық қап, bursa omentalis, асқазан мен кіші шарбының артында жатады. Бұл қаптың алдыңғы қабырғасының құрамына асқазан – жиек ішек байламы да кіреді. Артқы қабырғасын: іш қолқасын, төменгі қуыс венаны, ұйқы безін және сол бүйректің жоғарғы бөлігі мен бүйрекүсті безін жауып жатқанпариеталды ішастар құрайды. Жоғарғы қабырғасын: бауырдың құйрықты үлесі түзеді. Ал, көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы, және олармен тұтасып кеткен – үлкен шарбының артқы табақшасы –шарбылық қаптың төменгі қабырғасы болып табылады.

Шарбылық қаптың қуысы ішастар қуысының қалған бөлігімен шарбылық тесік, foramen epiploicum ( Винслоу тесігі ), арқылы қатынасады. Тесіктің алдыңғы қабырғасынбауыр – он екі елі ішек байламының бос жиегі, артқы қабырғасын – төменгі қуыс венаны жауып жатқан париеталды ішастар, жоғарғы қабырғасын – бауырдың құйрықты үлесі, төменгі қабырғасын – он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі құрайды. Шарбылық қаптың бауыр – он екі елі ішек байламының артында жатқан бөлігі шарбылық қаптың кіреберісі, vestibulum bursae omentalis, аталады. Қап сол жғында көкбауыр қақпасымен шектеледі.

Ішастар қуысының