ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Мемлекет және құқық теориясының пәні - мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.
Объективтік құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Субъективтік құқық - бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы.
Құқықтық реттеу әдісі - бұл сапалы біртекті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы.
Құқықтың реттеуші функциясы - бұл мінез-құлықтың оң ережелерін орнатуда, субъективті құқықтар беруде және қоғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның мүдделеріне сәйкес келетін қатынастарды нығайту және дамыту үшін құқық субъектілеріне заңды міндеттер жүктеуде көрінетін әлеуметтік мақсатқа байланысты құқықтық ықпал ету.
Құқықтың қорғау функциясы - бұл жалпыға бірдей, маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, олардың қол сұғылмаушылығына, құқықтық қорғау және құқықтық жауапкершілік шараларын белгілеуге, оларды жеткізу және орындау тәртібіне бағытталған әлеуметтік мақсатқа байланысты құқықтық ықпал ету.
Жеке құқық - жеке мүдделер мен қажеттіліктер саласын (азаматтық, отбасылық, еңбек, халықаралық жеке құқық) реттейтін нормаларды қамтитын салаларды біріктіреді.
Жария құқық - бұл нормалары жария сипаттағы мүдделерді қамтамасыз ететін құқық салаларының жиынтығы (конституциялық, қылмыстық, әкімшілік, қаржылық және т.б.).
Нысан - оның ішкі мәнін көрсететін объектінің немесе құбылыстың сыртқы көрінісі.
Мәні - бұл объектінің немесе құбылыстың негізгі мақсаты, ол не үшін қажет, не қызмет ететіндігінің көрсеткіші.
Функция - бұл құбылыстың немесе объектінің негізгі қызметі, оның негізгі мақсаттары.
Мазмұн - белгілі бір нысанда болатын заттың немесе құбылыстың ішкі мазмұны.
Құқықтың ішкі нысаны - бұл оның құрылымы, осы құбылыстың мазмұнын құрайтын элементтер жүйесі.
Құқықтың сыртқы нысаны - құқықтық құбылыстарды формальды түрде бекітетін және құқықтық нормаларды пайдаланушыларға олардың нақты мазмұнымен танысуға және оларды пайдалануға мүмкіндік беретін құқықтық көздер кешені.
Құқықтың қайнар көздері - бұл мемлекеттен туындайтын немесе онымен танылатын, құқық нормаларын айқындайтын немесе бекітетін, оларға заңдық, жалпыға міндеттілік мән беретін ресми құжаттық нысандар.
Құқықтық әдет-ғұрып нормалары - бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі.
Сот прецеденті - бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті занды мағынаны иеленетін нақты бір занды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
Құқық қағидалары - бұл белгілі бір әлеуметтік реттеуші ретінде құқықтың заңдылықтары мен мәнін білдіретін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар.
Құқық қағидалары - бұл заңда тікелей тұжырымдалған немесе оның мағынасынан алынған мінез-құлықтың жалпы ережелері.
Салааралық қағидалар - бірнеше құқық салаларының маңызды белгілерін сипаттайтын қағидалар болып табылады. Оларға мыналар жатады: жауапкершіліктің сөзсіздігі қағидасы, бәсекелестік қағидасы, сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидасы және т. б.
Салалық қағидалар - тек бір салада қолданылатын қағидалар деп аталады. Оларға мыналар жатады: азаматтық құқықта - мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы, іс - әрекеттің еріктілігі қағидасы; қылмыстық процесте - кінәсіздік қағидалары немесе презумпциясы; еңбек құқығында - еңбек бостандығы қағидасы және т. б.
Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекет типі - сәйкесінше тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты.
Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі.
Салықтар - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Құқықтық мемлекет - конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқық жүйесі – барлық қолданыстағы құқықтық нормалардың бірлігі мен үйлесімділігінде және олардың салалар, кіші салалар мен құқықтық институттар бойынша логикалық бөлінуінде көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.
Құқық нормасы – бұл мемлекет кепілдік беретін және санкциялайтын және нормативтік актілердің баптарында көрсетілген қоғамдық қатынасты реттейтін мінез-құлықтың бірыңғай жалпыға міндетті ережесі.
Теологиялық (діни) теория – мемлекет пен құқық Құдайдың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи (органикалық) теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық белгілі бір тарихи кезеңдерде пайда болып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды.
Шартты теория - билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның катысушылары - адамдар болып табылады
, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
Күштеу теориясы - мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады.
Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты.
Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
Азаматтық қоғам - саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
Құқықтық қатынастар – қатысушылары субъективті құқық пен міндеттерді атқарушылар болып табылатын құқық нормаларына сәйкес туындайтын қоғамдық қатынастар.
Құқық қабілеттілік – тұлғалардың құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті.
Әрекет қабілеттілік (дееспособность) – тұлғаның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті.
Деликт қабілеттілік – заңнамамен жүктелген міндеттерді орындау барысында туындаған жауапкершілікті жүзеге асыру қабілеті.
Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Заңга сәйкес актілер - бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер.
Заңнама жүйесі - құқықтың мазмұндық және құрылымдық сипаттамалары объективті болатын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
Құқықтық нигилизм – заңға сенбеушілік, немқұрайлылық.
Мемлекеттік аппарат - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі.
Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылу.
Басқару нысаны - бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі.
Монархия - мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік ететін монарх сайланбайды және тағайындалмайды, мұрагерлік жолмен жүзеге асады.
Республика - жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асыратын мемлекеттік басқару нысаны.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады - демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Мораль - адамдардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен қағидалар.
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік берілген мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Құқық нормасы - бұл мемлекет белгілеген немесе ол санкциялаған, негізгі құқықтық қағидаларға сәйкес келетін және қажет болған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
Реттеуші норма – бұл субьектінің субьективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Қорғаушы норма – бұл субьектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма – бұл субьектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек екенін көрсетеді.