Файл: Мемлекет жне ы теориясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Диспозиция – қатынас мазмұны және субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Құқық институты - бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заңдық нормалардың реттелген жиынтығы.
Құқықтың кіші саласы құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың кіші топтарын біріктіреді және туыстық қоғамдық қатынастарды реттейді. Тек күрделі және ірі салаларда тиісті кіші салалар бар.
Құқық саласы - бұл құқықтық реттеудің өзіне тән әдісімен қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын құқық жүйесінің ең үлкен бөлігі.
Құқықтық акт - республикалық референдумда не уәкілетті органдар қабылдаған құқық нормаларын немесе жеке билік құқықтық нұсқамаларын қамтитын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Нормативтік емес құқықтық акт - құқық нормаларын қамтымайтын жазбаша ресми құжат. Оны уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шығарады, заңнамада белгіленген жеке айқындалған адамдардың құқықтары мен міндеттерін іске асырады не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларды түсіндіреді. Бұған мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер де кіреді.
Нормативтік құқықтық акт - республикалық референдумда не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, өзгертетін, толықтыратын, олардың қолданылуын тоқтата тұратын немесе тоқтататын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. НҚА тұрақты әрекет етеді, субъектілердің белгісіз шеңберіне таралады.
Құқықтық нысан – бұл мемлекетпен қабылданған және танылған құқық нормаларын жалпыға мән беретін ресми құжаттық нысан.


Адам құқығы - құқықтың маңызды қағидаларының бірі, адамның жоғарғы бағаланатындығын мойындау, оның құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір–қасиетін бағалап, адамдар арасындағы шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету.


Азаматтық – тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекет пен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.

Атқарушы билік - қабылданған заңдарды іске асыратын және жедел-шаруашылық қызметтерді орындайтын, тағайындалатын не болмаса сайланған атқарушы–иелік етуші билік органдары.


Әкімшілік – атқарушы-әкімші мемлекеттік органдар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.


Әлеуметтік нормалар – қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп ережелері.


Референдум - бүкіл халықтың дауыс беруі (референдум) ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы.


Вето – парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы.


Демократиялық режим - мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатысуы; азшылықтың мүддесін есептей отырып көпшілікпен шешімді қабылдау.


Заң - бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңга сәйкес актілер - бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер.
Заңнама - мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.


Заңдылық – қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз орындауға қажет талаптарының жиынтығы.


Заңды мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші.


Заңды тұлға - меншігінде мүлкі бар, сол мүліктерін басқару процесінде өз атынан мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.


Заңнаманың негіздері - күрделі (федеративті) мемлекеттерде қолданылады және белгілі бір құқық саласының немесе мемлекеттік басқару саласының маңызды негізгі қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық акт ретінде көрінеді.
Кодекс - бюджеттік, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, неке-отбасы, экологиялық, су, жер, орман, салық, кеден, еңбек, денсаулық сақтау саласында, кәсіпкерлік саласында, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, әкімшілік жауаптылыққа тартумен байланысты, әкімшілік жауаптылыққа тартумен байланысты салаларда көзделген біртекті аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жүйеленген заң болып табылады.




Конституция - мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы, оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрылымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым–қатынасының қағидаларын бекітеді.


Конфедерация - мемлекеттердің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді.


Кінә - заң бұзушының өзі жасаған әрекетіне психикалық қатынасының жағдайы (қасақана және абайсыздық).


Қоғам – тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы, бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы.


Саяси режим - саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары.
Саяси бостандық - әлеуметтік жүйені, басқару нысанын таңдау еркіндігі, конституциялық құрылымды анықтау және өзгерту, адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету құқығы.


Құқықтық тәртіп - қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сәйкес болуы.
Құқықтық келісім - бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан кұралған келісімі. Олар ішкі немесе халықаралық сипатта болуы мүмкін.
Мемлекеттік басқару - негізгі заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі.


Басқару - адамдар ұжымының біріккен қызметіне жетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру.


Басшылар - кадрларды таңдап талғауда байқалатын, заңдық биліктік өкілеттікке ие қызметкерлер.
Субьект - мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және азаматтар.

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.


Сот билігі - Жоғарғы Сот және төменгі буын соттарының қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешу.


Басқару әдісі - заңдық-биліктік өкілеттігі бар органдардың бағыныштыларға және басқа адамдарға ықпал етуімен іске асатын мемлекеттік басқару органдарының міндеттерінің жүзеге асуының әдіс-тәсілдері.


Әкімшілік құқық - билік пен бағыну негізінде құрылған және ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару органдарының атқару-өкімдік қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.


Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі.

Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекет азаматы.
Мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.


Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.


Лауазымдық өкілеттілік - заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретінін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.
Құқықтық сана - бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны. Құқықтық сана - бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына және т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.
Құқықтық бағыттылық - бұл тұлғаның занды мәні бар жағдайларда әрекет ету бағдарламасын тікелей қалыптастыратын құқықтық көзқарастарының жиынтығы.
Құқықтық психология - бұл, ең алдымен, құкыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады.
Құқықтық идеология - бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құқықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді.
Тұлғаның құқыктық мәдениеті - бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады.
Қоғамның құқықтық мәдениеті - бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалары мен заң қызметінің дамуының дәрежесі.
Құқық шығармашылық
- бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі.
Заң шығару бастамасы - құзыретті органдардың, қоғамдық ұйымдардың және адамдардың Парламентке жүгіну немесе оның алдына келіп түскен жобаны Парламенттің міндетті түрде қарауына әкеп соғатын өзге де актіні шығару, өзгерту немесе жою туралы мәселені қозғау құқығы.
Заң техникасы - нормативтік құқықтық актілерді және өзге де заңды құжаттарды дайындау, ресімдеу, жариялау және жүйелеудің қағидаларының, тәсілдерінің, ерекше құралдарының жиынтығы болып табылады.
Құқықтық аксиома - бұл заң ғылымында және тәжірибеде дәлелсіз, оның анықтығына, сенімділігіне және ақиқатына байланысты қабылданған ереже.
Құқықтық презумпция - бұл болжамды фактілер мен қолма-қол болған фактілері арасындағы байланысқа негізделген және алдыңғы тәжірибемен расталған белгілі бір фактілердің болуы немесе болмауы туралы болжам.
Құқықтық фикция - бұл қолданыстағы ереже емес, бірақ заңнамада танылған және осы танудың арқасында жалпыға бірдей міндетті болып табылады.
Преюдициялар (сөзбе - сөз латын тілінен аударғанда - "алдыңғы сот шешіміне қатысты") - істі қарайтын барлық соттар үшін бұрын заңды күшіне енген шешіммен немесе сот үкімімен белгіленген фактілерді тексерусіз және дәлелсіз қабылдау міндеттілігін білдіреді.
Құқыққолдану актісі - бұл белгілі бір заңды іс бойынша құзыретті органның ресми шешімі.
Құқықтағы олқылықтар - бұл заңнаманың қолданыстағы жүйесінде құқықтық реттеуді қажет ететін мәселені шешу үшін қажетті құқық нормасының болмауы.
Заң ұқсастығы - бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған кұқықтық норманың негізінде шешу.
Құқық ұқсастығы - бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу.
Заңды қарама-қайшылықтар (коллизия) - бұл бір қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар.
Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі.
Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.
Құқықтық мінез-құлық - бұл жеке тұлғалардың, субъектілердің немесе ұжымдық субъектілердің әлеуметтік маңызды мінез-құлқы, олардың санасы мен еркіне бағынады, құқық нормаларында қарастырылған және заңды салдарға әкеп соғады.