Файл: 2. А бта банктерді аржылы Нтижесін талдау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................................5
1 ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДЕПОЗИТТІК ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................................7

1.1 Депозит туралы жалпы түсінік.................................................................................7

1.2 Депозиттік операцияларды дамыту жолдары.........................................................8

1.3 «БТА Банкі» АҚ депозиттің жалпы ережелері.......................................................9

1.4 Депозиттік Саясатты анықтайтын жалпы ережелер...........................................11

1.5 Депозиттік саясаттың мақсаттары.........................................................................13

1.6 Депозиттік саясаттың құқықтық негізі..................................................................14

1.7 Банктік салымдардың түрлері................................................................................16

2. АҚ «БТА» БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ.....................17

2.1 АҚ "БТА" банктің қазіргі қызмет ету жағдайы....................................................17

2.2 АҚ "БТА" банк қызметінің қаржылық нәтижесін бағалау.................................23

2.3 АҚ "БТА" банкінің ұйымдық құрлымы................................................................27

2.4 АҚ "БТА" банк депозиттің түрлері мен пайыздары............................................30

2.5 АҚ "БТА" банкінің активтер мен пассивтерді басқару....................................41

2.6 АҚ "БТА" банктің активтері мен пассивтерін талдау....................................49

2.7 АҚ "БТА" банктің үш жылдық балансы……………………………………...50

2.8 АҚ "БТА" банктің табыстар мен шығындар туралы есеп беруі………….56

2.9 АҚ "БТА" банктің пайдалылығын есепке алу арқылы өтімділікті талдау…...76

2.1 АҚ "БТА" банктің есептері және талдамалары ..................................................78

3.АҚ «БТА» Банк қызметі мен жауапкершілік орталықтарының қызмет ету тиімділігі мен пайдасын есептеу..................................................................................80

3.1 Мерзімді депозиті....................................................................................................80
Қорытынды…………………………………………………………………………….86

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………...89

КІРІСПЕ

«ТұранӘлемБанк» АҚ-ның Қазақстанның банк нарығында жұмыс істегеніне,міне,80 жылдың жүзі болды. Осы мерейлі күннің құрметке лайық екеніне әркім де келісер. өзгерістер дәуірінде және бір жүзжылдықтан екеншісіне аяқ басқан кезеңде ТӘБ тек нық тұрған қалғанында қала бергенімен қоймай, бүкіл Қазақстанның игідігіне жұмыс істей отырып, еліміздің табысты, орнықты әрі серпінді банкіне айнала белді.

«ТұранӘлем Банкінің» сәтімен өмірге келуі 1997 жылы қазақстан Республикасының ірі әрі тәжірибелі екі банкі – «Әлембанк Қазақстан» мен «Тұранбанкті» «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ, бүгінгі «ТұранӘлем Банкі» АҚ ретінде біріктіру жайтына байланысты. «Тұранбанк» - 1925 жылы құрылған КСРО өнеркәсіп-құрылыс банкінің бұрынғы қазақстандық филиалы. Оған, БТА банк, қазақстандықтар, елдің бүкіл құрылыс индустриясы үшін қарыздармыз. Ал «Әлембанк» - Кеңес Одағы кезінде республиканың барлық сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсеткен Қазақстан Сыртқы сауда банкінің «мұрагері».


БТА банкінің тарихында алғашқы қаржылық топтардың бірі ретінде ТӘБ тобының құрылуы маңызды орын алады. 1998 жылы БТА банкінің алдында Қазақстанның банк нарығында жетекші орындардың біріне шығу міндеті тұрды. Бұл міндетті банк 5 жылдың ішінде орындап шқты, нәтижесіннде барлық бағыттарда – корпоративтік бөлшек нарық, халықаралық және қаржы нарықтары бағытында елдегі жетекші банк мекемесіне айналды.

Бірақ, өкінішке орай, Банктің тарихында банк үшін, ондағы еңбек ететін адамдардың барлығы үшін, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның экономикасы үшін де мұнды, қайғылы сәттер бар – орны толмас қайғы,2004 жылы ТӘБ басшысы Ержан Тәтішевтің қаза болуы да соның бірі. Оның арқасында банк қаржылық сектордағы жетекші орындарды алып, елдің жүйе түзуші банкіне айналған еді. Дәл сол кездері, Е. Тәтішевтің жеті жыл атқарған басшылығы тұсында ТӘБ аты бүкіл Қазақстанның экоомикасымен ештене тығыз байланыста атала басталған болатын

Қазіргіге келсек, БТА банк бүгінгі күнде қазақстандық және шет елдік серіктестердің жоғары деңгейдегі сеніміне ие болуға, негізінен жаңа даму деңгейіне көшуге қол жеткізе алды. ТӘБ – 35 мыңнан астам клиент,800 мың депозиттік шот0 пластик карталардың ішкі нарық айналымының 20%-дан астамы,ТМД мен алыс шет елдердегі бірқатар халықаралық өкілдіктер. Жиынтық меншікті капиталы 600 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды. ТӘБ активтері 5,0 млрд. АҚШ долларынан асады және ТМД елдерінің аса ірі банктерінің арасында 6-шы ала отырып.

Ұзақ мерзімді ТӘБ стратгиясы Қазақстанды 2015 жылға дейін өнеркәсіптік – жанарпалқ жағынан дамытуға, сондай-ақ елде және шет елдерде шағын және орта бизнестің маңызы мен рөлін арттыруға ерекше мән берілетін мемлекеттік саясатпен ұштасады. Банк өзі үшін аталған экономика секторын оны қаржыландыру үрдісіне өзі білек сыбана ат салысуға ниетті, өзінің дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде айқындады. Банктің ұзақ мерзімді келешек жоспары – банк бизнесінің жоғарғы стандарттарын ұстанатын Қаржылық топ құру және Банктің клиеттері қай жерде орналасса да, оларға барлық қаржылық қызметтерді ұсыну.


1 «БТА Банкі» АҚ депозиттік саясаты

1.1 Депозит туралы жалпы түсінік
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозиттік қаражаттар;

- депозиттік емес қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша ақша қаражаттарын басқа корреспонденттік-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде , яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады .

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар . Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі .

1.2 Депозиттік операцияларды дамыту жолдары
Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.

Депозиттік операциялардың дамуына әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стартегиялар қабылдау қажет. Шетел тәжірибесіне жүгінсек , банктер туралы қарапайым халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін , сыйақы мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын жарияламайды. Қазіргі таңда кез келген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.

Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту, әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту болса, банк стратегиясы, мысалы басқа операциямен ұштастыру болып табылады. Өзімізге белгілі қазіргі таңда елімізде ипотекалық несиелеу дамуда. Бұл несие шарты бойынша белгілі көлемде алғашқы жарна төлену керек. Егер осы жарнаны депозит ретінде қабылдаса, онда екі жақты пайда болар еді. Банктен депозиті бар тұлғаға пайызы төмен қызмет көрсету сияқты шараларды қолдану ыңғайлы.


Қазақстан Республикасында 2000 жылдан кері жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры жұмыс істейді. Соңғы кезде осы қордың сақтандыру сомасын 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін өсіруді қарастыруда. Көптеген қаржыгерлердің ойлары әр түрлі болуда. Біреулері дұрыс деп санаса, біреулері қарсы.

ҚБА төрағасының айтуынша қор туралы заңдық жоба осымен қатар тағыда басқа. Кемшіліктері бар, бірақ депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Идеалды модельді қазіргі таңда құру өте күделі. Өйткені, қор аз депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеуі керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте күрделі. Б.Жамшиевтің айтуынша «Кішігірім депозиттермен, көп халықпен жұмыс істеу оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады».

Болашақта кепілдендіру қорының дамуы халықаралық ең жақсы тәжірибе негізінде болады. Банктердің еріксіз жабылу кезінде тез арада салымдарды қайтару, жүйенің қызмет атқару тәуекелін минимализациялау, сақтандырылатын депозиттерінің түрін көбейту.


1.3 «БТА Банкі» АҚ депозиттің жалпы ережелері
1. Саясат Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілеріне, Банктің Жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген, оның ішінде:

1.1. 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» Заңы;

1.2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі юанктеріне салынған депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру туралы» Заңы;

1.3. 1998 жылғы 29 маусымдағы №237-1 Қақастан республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңы;

1.4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» қаулысы;

1.5. 2008 жылғы 05 шілдедегі №67-IV Қазақстан Республикасның «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңы;

2. Саясат Салымшылар қаражатын тартудың және жинақтаудың негізгі міндеттері мен принциптерін, қолданыстағы шектеулер мен Салымдарды енгізу шарттарын анықтау мақсатында әзірленген.

3. Банктің даму стратегиясы қаржы нарығында жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын (жинақтарын) Сыйақы (мүдде) орналастыру және төлеудің тартымды шарттары мен Салымшылардың алдыңдағы міндеттемелердің орындалуының берік кепілдігі бар банктік салым шарты бойынша қызметтердің кең спектрін ұсыну акрқылы тарту және жинақтау бойынша операцияларды жүргізудің ауқымды мүмкіндіктері бар әмбебап банк құруға бағытталған.


4. Банк депозиттік саясатты ҚР заңдарының талаптарына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

5. Осы саясат Банктің барлық филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері үшін бірдей болып табылады және Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен толықтырыла/немесе өзгертіле алады, егер өзгертулер және/немесе толықтырулар міндетті түрде алдын-ала 26/11/2007ж. Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген №ПР-85-248 «БТА Банкі»АҚ ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу, бекіту және әрекет ету ережелеріне сәйкес Банктің ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту шараларын сақтай отырып Банк Басқармасымен келісілген болса.

6. Саясат жеке және заңды тұлғалардың Салымдарын тарту және сақтау саласында Банк қызметінің жалпы ережелері мен бағыттарын анықтайтын және оны алдын-ала Банк басқармасымен міндетті келісу жағдайында Банктің Директорлар кеңесімен бекітіледі.

7. Депозиттік саясатты іске асыруға қатысатын Банктің құрлымдық бөлімшелері мен уәкілетті органдары:

7.1. «БТА Банкі» АҚ Басқармасы;

7.2. Бухгалтерлік есеп және есептілік депортаменті-БЕжЕД;

7.3. Шағын және орта бизнес депортаменті-ШОБД;

7.4. Бөлшек сауда маркетингі депортаменті;

7.5. Бөлшек сауда сатылымдары депортаменті;

7.6. Қаржы контроллингі депортаменті;

7.7. Қазынашылық;

7.8. Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет-АПБК;

7.9. Корпоративтік блок-КБ;

7.10. Комплаенс-бақылау басқармасы;

7.11.БЕжЕД және жоспарлау басқармасы;

7.12.Филиалдар;

7.13.Заң депортаменті-ЗД.
1.4 Депозиттік Саясатты анықтайтын жалпы ережелер
1. Банк қызметі өзің-өзі өтеушілік және операциялардың табыстылық деңгейін көтеруге ұмтылыс негізінде құрылады.

2. Банк ішкі және сыртқы нарықтарда Депозиттерді тарту бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына ие.

3. Банк Клинттері, сонымен қатар Салымшылары болып жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері бола алады.

4. Мерзімді салымдар Банкпен қазынашылық операциялар жүргізу, әрі қарайғы орналастыру мақсатында кредит ресурстарын қалыптастыруға бағытталған.

5. Қысқа мерзімді және банкаралық депозиттер Банктің ағымдағы өтімділігін басқару мақсатында тартылады/орналастырылады. Ерекшелік болып өзара байланысқан мәмілелер бойынша тартылған Салымшылардың ақшалары (мысалы, белгілі жобаларды қаржыландыру үшін) ьабылады.

6. Депозиттік саясат бағыттар мен артықшылықтары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары талаптарын, оның ішінде төменде көрсетілген бөлігін