Файл: 2. А бта банктерді аржылы Нтижесін талдау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ауылшаруашылығын дамыту мақсатында БТА мен ЕБРР бірге 25 млн АҚШ доллары көлемінде дәндік міндеттемелер бағдарламасын табысты жүзеге асырды. 2001 жылдан бастап АҚ «БТА банк» ЕБРР-дің өкілдерімен бірге «Дәндік міндеттемелер» бағдарламасын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бағдарлама қаржыландыруды 2 негізгі кезең аумағында жүзеге асыруды қарастырады.

«Несиелік жүйе» деп аталған бірінші кезең 25 млн АҚШ долларына жыл сайын енгізуде. Оны қаржыландыру 2003 жылдын 18 шілдесіндегі несиелік келісім аумағында жүзеге асырылады. Нақты кезеңде бағдарламаның 2-ші кезеңін қаржыландыру жүзеге асырылуда. Бұл кезеңді «Қорлық қатысым» деп атады.

IFC банк акционері бола тұрып, сондай-ақ БТА-мен жобаларды жалпы 15 млн АҚШ долларына қаржыландыруға қарыз бөлу арқылы кешенді әріптес болуда. IFC банк және құрылмдық бөлімшелеріне стратегиялық клиенттерді іздеу және тарту бойынша әріптесі болып отырады.

2005 жылдың сәуірінде IFC ORIX (Жапония) және Лизинг Пакистан компанияларымен бірге БТА Лизинг компаниясының капиталында бірге қатысуға келісім шартқа отырды. Бұл компания кейіннен БТА ORIX Лизинг болып аталды.

Бұл екі банк Қазақстанның банкілік жүйесімен экономикалық индустриалды – аграрлық секторының құрылуы мен дамуында үлкен роль ойнады.

Қазақстанның АҚ "Әлем Банк"-і 1990 жылы СССР-дың Ішкі эконом банкісінде қазақстан филиалы ретінде құрылып, бірнеше жыл Қазақстан Республикасы үкіметінің мемлекеттік кепілі болды. 1994 жылға дейін әлемдік операцияларды жүргізетін жалғыз банк еді. Әлем банк SWIFT және REUTERS сияқты халықаралық банкілік жүйелерге қосылған және VISA INTERNATIONAL мен MASTER CARD жүйелерінің алғашқы мүшелері болды.

АҚ "ТұранӘлем" банктің құрылу тарихы 1925 жылдан Республика территориясындағы СССР-дың ПРОМСТРОЙБАНК бөлімшесінің ашылуымен басталады. Банк қызметі индустриалды экономиканың құрылуымен тығыз байланысты, яғни банк құрылысты қаржыландыру мен Қазақстанның ірі кәсіпорындарына қызмет көрсетті.

1998 жылдың 15 -ші қыркүйегінен бастап "ТұранӘлем Банк" Ашық Акционерлік Қоғам ретінде қызметін жалғастырды.

"БТА" жабық акционерлік қоғам ретінде екінші деңгейлі банк қатарына жатып, ҚР-да банкілік жүйе шегінде қызмет атқарады. Басқарма ААҚ "БТА" банктің құрылымдық бөлімшесі мен өз қызметін ҚР- ның заңына, үкімет пен ҚР- ның Ұлттық Банкінің нормативті актілері мен жарғысы, ішкі жағдайлары және АҚ "БТА" банктің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Қазақстанның тарихы әзірше әлдеқайда қысқа, бірақ осы мерзім ішінде біздің республикамыз едәуір нәтижелерге қол жеткізді, Қазақстанның экономикасымен бірге "ТұранӘлем" банкі де дамыды. Бүгінгі таңда банк акционерлерінің құрамында ірі халықаралық қаржылық институттары бар: Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕБРР), австриялық "Райффайзен Централ" банкі, Германияның инвестициялық компаниясы (DEG), Халықаралық қаржылық корпорация (IFC), Голландық даму банкі.


"ТұранӘлем" банкі Қазақстан бойынша филиалдық жүйені иеленетін, өз құрамына 22 филиал мен 211 есепті – кассалық бөлімшелерді еңгізетін және бірлескен банкингте қалай маманданса, дәл солай бөлшек банкингте маманданатын, Қазақстанның жүргізуші банктерінің бірі болып келеді. Банк екі өкілдікке ие – Ресейде, Украинада және Қытайда үшінші өкілдікті ашуға дайындалып жатыр.

Банктің рейтингі әрқашан жоғарылауда. 2002 жылдың 28 мамырында "Standard & Poor's" халықаралық агенттігі АҚШ – тың 225 миллион доллары көлемінде "БТА" банктің доллар түріндегі кепілді облигацияларын шығаруы туралы "ВВ" рейтингін жариялады. Бұдан ертерек "Mood's" агенттігі осы облигацияларға "Baa3" деңгейінде рейтинг берген. Бұл рейтингтер – СНГ-ң барлық қаржылық институттарының ішіндегі ең жоғарғыларының бірі болып келетін инвестициялық сыныпқа жатады.

АҚ "БТА" банкі белсене дамып келеді және банкілік қызмет нарығында өзінің позицияларын нығайтуда. Банктің тұрақтылығы бір жыл ішінде қалыптаспайтыны және оның принциптермен анықталатындығы баршаға мәлім. "БТА" банкі үшін бұл ең алдымен - банктердің анық жоспарланған даму стратегиясы, қызметтің жан-жақтылығы, қызметкерлерінің кәсіпшілдігі, банкті басқарудағы шапшаңдығы, клиенттердің тұрақтылығы.

Банк қызметінің бірнеше негізгі бағыттары бар: Қазақстан экономикасындағы нақты сектордың дамуына мүмкіндік туғызады, клиенттерге қызмет көрсетуде жоғары сапалы кепілмен ұсынылатын қызметтердің спектрін кеңейтеді, Қазақстанның инфрақұрылымының дамуына көмектеседі, үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларына белсенді қатысады, банктің қаржылық тұрақтылығын көтереді, республика тұрғындарының Қазақстанның банкілік жүйесіне деген сенімін қалай жоғарылатса, дәл солай халықаралық қаржылық институттардың сенімін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Оның негізгі өнімдері: қаржыландыру, тарту, сервис. Басты қызметі – корпоративті банкілік операцияларды жүргізу, саудалық қаржыландыруларды, орта және кіші бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға қызмет көрсету, валюта және бағалы қағаздармен сауда жасау, сонымен қатар несиелік және төлем карточкалары бойынша қызмет көрсетуден тұрады. Банк мемлекеттің көптеген алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік компанияларын қамтитын кең диверсификацияланған клиенттік базаны иеленеді.

Банк потенциалын нығайту мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатымен, сонымен қатар қаржылық қызметті кеңейту үшін "БТА" қаржылық тобы құрылды. "БТА" банкісінің қаржылық тобын, бас банктен басқа келесі компаниялар көрсетеді:


- сақтандыру қызметтерінің нарығы: "БТА" сақтандыру компаниясы, "Династия" сақтандыру компаниясы;

- зейнетақы қорлары: "Қазақстан" мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, "Құрмет" мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры;

- ломбардтық қызметтер: "Алтын-орда";

- ипотекалық несиелеу нарығы: "БТА Ипотека";

- қаржылық лизинг нарығы: "ТӘБ Лизинг";

- бағалы қағаздар нарығы: "БТА Секьюритис";

- клирингтік қызметтер: Алматы қалалық клирингтік палатасы;

- халықарлық нарықтар.

"БТА" банктің сақтандыру бойынша қызметі қарамағындағы екі компаниялар арқылы жүзеге асады. ААҚ "ТӘБ Сақтандыру компаниясы" арқылы "БТА" өз клиенттері үшін міндетті сақтандыру түрлері бойынша (қайғылы жағдайлардан сақтандыру және меншікті сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыруды қосқанда), толық қызметтерді ұсынады. ААҚ "ТӘБ Сақтандыру компаниясы" бөлшек нарыққа бағытталған.
2.2 АҚ "БТА" банк қызметінің қаржылық нәтижесін бағалау
Банкілер қаржылық нәтиже түсінігін 1998 жылы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға көшуі кезінде алды. 1997 жылдың аяғында банкілер пайыздық табыстар мен шығындарды есептеуде кассалық әдістен есептеу принципіне көшті, яғни барлық табыстар мен шығындар олардың түсу кезінде емес, пайда болу кезінде есепке алына бастады. Бұл баланстық шоттардағы алынған табыстарды ғана емес, сонымен қатар аударылған табыстарды көрсетті. Өздерінің банкілік мекемелеріндегі қызметтерін бағалау үшін банкілер аналитикалық есептерінде табыстар шоттарына алынған және аударылған (бірақ әлі алынбаған) пайыздардың белгілерін еңгізулері керек еді. Сонымен қатар, баланстан тыс аударымдардың уақыттылығына қосымша бақылау қажет болды. Ал пайыздық шығындар ше? Баланста барлық есептелген (яғни төленген және төленбеген) шығындар да көрсетіледі ғой. Бірақ шығындар мәселесіне амал басқаша болды. Егер табыстар есептеліп, бірақ клиенттің төлем қабілетсіздігінен түспеген болса, онда банк шығындарды міндетті түрде төлеуі қажет. Сондықтан да банкілер нақты нәтижені бағалау үшін алынған табыстармен барлық баланс бойынша шығындардың айырмасын қолданды. Сонымен қатар, шығындарды дебиторлық қарызда көрсету жолымен төменднтуге болады. Осылай табыстар мен шығындарды баланста көрсету жолы қаржылық нәтижені арттыру мүмкіндігін болжайды. Мұндай қателіктерден аман болудың жолы біреу: есептелген табыстар мен шығындардың, сонымен қатар дебиторлық қарыздардың дұрыс есептелуін бақылау. Жаңа есеп шоттарға көшуі нәтижесінде банкілердің шығындарына салықтың қосылуы банкілер үшін өте күрделі жұмыс болды. Ең басты салық – ол пайдаға салынатын салық. Неғұрлым салық жоғары болса, соғұрлым қаржылық нәтиже төмен болады, ал неғұрлым салық төмен болса, соғұрлым қаржылық нәтиже жоғары болады. Әрбір банк нәтижені неғұрлым объективті бағалау үшін басқару есебінде – қосымша көрсеткіш - пайдаға салық салуды қолданды, шығындардан пайдаға салынатын салықты алып тастағанда.Пайдаға салынатын салықтан басқа шығындарда барлық басқа да салықтар көрсетіледі. Ең үлкен салықтар табыстан есептелетін болғандықтан, банкілер салық салынатын базаларды қысқартуды қарастырды. Бірақ, банкілер операцияларды табыстар алмау үшін қысқартты деп ойлап қалмаңыз. Жүйелік банктер бойынша бірыңғай балансқа көшу табыстардан ішкі айналымдарды алып тастауға және салық салынатын базаларды анағұрлым төмендетуге мүмкіндік береді. Қосымша шығындарға қарамастан бұл оларға салық сомасының күрт төмендеуіне жағдай жасады. Осыны, сонымен қатар бөлек салықтарды еңгізуді немесе алып тастауды ескере отырып талдау кезінде берілген шығындарды бөлек бөлген жөн.


Егер 1998-1999 жылдары банкілерді есептелген, бірақ алынбаған пайыздар мен салықтар уайымдатса, 2000 жылы басты мәселелердің бірі несиелер, бағалы қағаздар, дебиторлық қарыздар арқылы қорлардың құрылуы болды. Егер де барлық банкілер Ұлттық банк басқармасының барлық талаптарын орындағанда, жеке банкілердің қызметтерінің қаржылық нәтижелері туралы нақты пікір айтуға болар еді. Бірақ, егер де резервтер барлық банкілер бойынша құрылмаса, онда біреуі артық, біреуі кем құрғанына көз жеткізуге болады. Яғни неғұрлым резервтер көп болса, соғұрлым баланс бойынша қаржылық нәтиже нашар болады. Сондықтан да, қаржылық нәтиже Ұлттық банк басқармасы саясатының қаталдығына байланысты.

Банк қызметінің қаржылық нәтижесіне валюта нарығындағы жағдайлар да әсер етеді, себебі ашық валюталық позиция кезінде сәйкес валютада қосымша пайда табуы немесе валютаның айырбас курсының өзгеруі нәтижесінде қосымша шығын тәуекеліне ұшырауы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын банк қызметінің қаржылық нәтижесін бағалауда аналитикалық есеп беру негізінде жүзеге аспаған нәтижені шетел валюталарымен жүргізілген операциялардан бөлген жөн.

Халықаралық стандарттар бойынша банкілер үшін алынған штрафтарды табыстарға, ал төленген штрафтарды шығындарға жатқызу да жаңашылдық болды. Әрине бұл фактор ағымдық өтімділік тәуекелін көрмеген банкілердің қаржылық нәтижелеріне үлкен әсер тигізе алмайды.

Сонымен, қаржылық нәтиже бойынша банкінің қызметін бағалауға болады, егер де банк: клиенттерден барлық есептелген табыстарды алса; уақытылы шығындарды аударса; активтерді сыныптау ережелерінің барлығын сақтай отырып, нормативті актілермен белгіленген барлық резервтерді ұйымдастырса; дебиторлық қарыздың өсуі болмаса; тұрақты салықтық заң шығарулар мен тұрақты валюталық нарық шарттарында жұмыс істесе; негізгі қорларды өткізбесе; штрафтар төлемесе; алдын-ала ескерілмеген табыстар мен шығындары болмаса. Қалыптасқан тәжірибе кезінде осы нұсқаның ерекше екенің түсіну үшін осындай шарттардың тізімі жеткілікті. Қайта құру стадиясы кезінде кең филиалды жүйесі бар, қаржылық жағдайы қиын ірі банкілердің нәтижелерін бағалау әлде қайда қиын. Мұндай банкілер қаржылық нәтиженің бағасын баланс бойынша емес, басқару есебінен алуға болады. Басқару есебінде банк қызметінің қаржылық нәтижесін келесідей құраушы бөлімшелерге бөлуге болады:

  • банкілермен және клиенттермен несиелік операциялар;

  • бағалы қағаздармен операциялар;

  • депозиттік және есепті-кассалық операциялар;

  • басқа да банкілік және банкілік емес операциялар;

  • шетел валютасымен жүргізілген операциялардың жүзеге аспаған нәтижелері;

  • штрафтар;

  • алдын-ала қарастырылмаған табыстар мен шығындар;

  • қорлар;

  • пайдаға салынатын салық;

  • басқа да салықтар;

  • негізгі құралдарды өткізгеннен кейінгі нәтиже.


Мәселелерді шешу үшін кіріс информациясының 3 түрі қолданылады:

  1. Табыстар мен шығындардың аналитикалық есебінің берілгендері;

  2. Шығындардың факторлары – қызмет түрлері бойынша саны мен көлемі;

  3. Шығындардың факторлары, банкінің операциялық күнінің берілгендері бойынша есептелетін.


2.3 АҚ "БТА" банкінің ұйымдық құрлымы

ЖФ директоры


Менеджерлер

-ипотекалық несие

- авто несиелер

-экспресс несие


КБ директорының орынбасары


Копоративтік несиелеу бизнес бөлімі


Шағын және орта бизнес


Клиенттермен қарым-қатынас бөлімі


Клиенттерге қызмет көрсету секторы


Әкімшілік ету және есеп жүргізу жөніндегі директорының орынбасары


Бас бухалтер


БЭК офис


Есеп жүргізу және беру бөлімі


Соңғы бақылау бөлімі


Ақпараттық технологиялар секторы


Маркетолог


Аналитик


Кассалық оператор бөлімі