Файл: 2. А бта банктерді аржылы Нтижесін талдау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
есепке ала отырып, Банктің өзімен анықталады:

6.1. Сыйақы ставкасының тәртібі Уәкілетті органмен Банктік салым шартында және сонымен қатар қаржы қызметтері бойынша Сыйақы шамалары туралы Клиенттермен жасалатын басқа шарттарда белгіленген расталған, жылдық, тиімді, салыстырмалы сипатта көрсетілуі;

6.2.Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғаларға және өзара байланысқан тараптарға – Саясаттың 10, 11 тармақтарына сәйкес ҚР тыс аумақтағы рзидент еместерге жеңілдікті шарттар ұсынуға тиімді белгілеу;

6.3.Пруденциялық нормативтерді, және басқа да сақталуға міндетті уәкілетті оргенмен белгіленген нормалар мен лимиттерді сақтау.

7. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады және Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры берілген Куәліктің негізінде әрекет етеді.

8. Банктік салым шарттарын және банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғалармен басқа шарттарды жасау туралы шешімдер, және Банктің ірі мәмілелері тізіміне кіретін Банктік салым шарттарын және басқа да шарттарды жасау туралы шешімдер Банктің Директорлар кеңесімен қабылданады.

9. Банк,Директорлар кеңесі ірі мәмәлер болып таблатын шартты жасау туралы шешім қабылдағаннан кейін акционерлік қоғамдар туралы заңдармен бекітілген мерзімде Банк кредиторлары мен акционерлерін ақпараттау үшін мәміле туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік және басқа тілдерде жариялануын жүзеге асырады.

10. Банк Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғаларға джәне өзар байланысқан тараптарға – ҚР тыс аумақтағы резидент еместерге жеңілдікті шарттар ұсынбайды, оның ішінде:

10.1. Банкпен ерекше қатынаспен байлансқан тұлғамен немесе оның мүддесінде мәні, мақсаты, ерекшеліктері және тәуекелділігі бойынша Банк онымен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғалар болып табылмайтын Клиенттермен мәміле жасамайды;

10.2. Сыйақы жәгне банктік операция орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етілетіннен төмен қамтамасыз ету қабылдағаны үшін төлемді алмайды.

11. Банк клиенттермен оларға келесі мүмкіндіктерді ұсыну мақсатымен құқықтық қатынасқа түспейді:

11.1. Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлға алдындағы міндеттемені төлеу;

11.2. Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алу;

11.3. Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғамен шығарылған құнды қағаздарды сатып алу.

1.5 Депозиттік саясаттың мақсаттары

1.Банктің депозиттік саясатының мақсаттары:

1.1. Банк қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

1.2. Әрі қарайғы орналастыру және табыс алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың бос ақшаларын тарту;

1.3. Банктің активтерінің тиімді орналастырылуы мен пассивтерінің пайдаланылуын қолдау үшін тартылған ақшаларды рационалды басқару;

1.4. Оптималды резервтер мен несие портфелін анықтау;

1.5. Банк пассивтерінің оптималды құрылымын анықтау – ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржыландыру көздерінің қатынасы;

1.6. Тартылған депозиттердің табыстылығын қамтамсыз ету мен қайтарылуын кепілдендіру;

1.7. Клиенттерге қызмет көрсету тәсілдері мен сапасын жақсартумен бір уақытта депозиттік өнімдер спектрін кеңейту (бөлшек сауда және корпоративтік депозиттер, ШОБ депозиттері);

1.8. Банктік салымдарға қызмет көрсету бойынша Банктің операциялық шығындарын төмендету;

1.9. Банктің қаржылық қамтамасыз етілуін бекіту үшін нарықпен өзара байланысты дамыту.
1.6 Депозиттік саясаттың құқықтық негізі
1.1995 жылғы 31 тамыздағы №244 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»Заңына сәйкес Банктің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша агенттігі берілген лицензия мен Банк Жарғысының негізінде заңды және жеке тұлғалардан Депозиттері қабылдауды жүзеге асырады.

2. Банк пен Салымшы арасында Банктік салым шартын жасаған кезде Банкпен Салымшыға Салымды орналастыру үшін жинақ шоттар ашылады.

3. Жинақ шот бойынша Банк төмендегілерімен байланысты операцияларды жүзеге асырады:

3.1. Салымшыға тиесілі ақшаның (салымның) болуын қамтамасыз ету және Банкпен пайдаланылуы;

3.2. Салымшыдан немесе үшінші тұлғалардан қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз қабылдауын жүргізу;

3.3. Банктік салым шартымен анықталған мөлшерде және тәртіпте Сыйақы төлеу;

3.4. Банктік салым шартымен және Қазақстан Республикасының заң шығарушы актілерімен қарастырылған шарттармен салымшыға ақшаны (салымды) қайтару, сонымен қатар оларды Салымшының басқа банктік шотына аудару арқылы;

4. Банктік салым шарты Салым сомасы Салымшының жинақ шот(тар)ына түскен күнінен бастап жасалған болып есептеледі, егер басқасы Банктік салым шартымен қарастырылмаса;

5. Банк пен Салымшы арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және олармен жасалған Банктік салым шартымен реттеледі.


6. Банктік салым шарты келесілерден құоалуы тиіс:

6.1. Шарттың мәні;

6.2. Салық төлеушінің – Салымшының салық қызметі органымен берілген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі, жинақ шот ашу кезінде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды есептемегенде;

6.3. Банктің қызмет көрсету шарттары мен оларды төлеу тәртібі;

6.4. Тараптармен келісілген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да шарттар.

7. Жинақ шот ашу үшін салымшы Банкке 2000 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережелерінің» және Банктің Ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынуы тиіс.

8. Жинақ шот ашу үшін Салымшымен ұсынылған құжаттар тігіледі және Банкте Банктік салым шартының түпнұскасымен бірге сақталады.

9. Банктік салым шарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша агенттігі заң шығарушы актілерімен, нормативтік құқықтық актілермен және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрімен белгіленген талаптарға жауап беретін жазбаша нысанда жасалуы керек. Банктік салым шартының жазбаша нысанының сақталмауы осы шарттың жарамсыздығына әкеледі. Мәмілені банкаралық нарықта жасау жағдайында оны REUTERS-DEALING жүйесі арқылы ресімдеуге рұқсат етіледі.

10. Олармен алынған Салымдарды қайтаруды қамтамасыз ету үшін Банк қолдануы керек құрал-жабдықтар мен тәсілдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша агенттігі заң шығарушы актілерімен, нормативтік құқықтық актілерімен және Банктік салым шартымен анықталады.
1.7 Банктік салымдардың түрлері
1. Салымдарды қайтару шарттарына қарай олар төмендегідей болып бөлінеді:

1.1. Талап етілмелі төлем;

1.2. Мерзімді салым;

1.3. Шартты салым;

2.талап етілмелі салым мерзімсіз болып табылады және Салымшының бірінші талап етуі бойынша толық немесе ішінара қайтарылуға тиесілі.

3. Мерзімді салым Банктік салым шартымен қарастырылған белгілі мерзімге енгізіледі.

4. Шартты салым Банктік салым шартымен анықталған жағдайлар туындағанға дейін енгізіледі.

5.Банктік салым шарттарының үлгілік нысандары жеке тұлғалар үшін Бөлшек сауда маркетингі депортаментімен, ал заңды тұлғалар үшін Қазынашылықпен әзірленеді.


2. АҚ «БТА» БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ

2.1 АҚ "БТА" банктің қазіргі қызмет ету жағдайы
2008 жылдың 24 қаңтарында АҚ «Тұран Әлем Банкі» ребрендингтен өтуге байланысты. Қазақстан Республикасының заң министрлігінің тіркеу қызметінде қайта тіркеу процедурасын өтіп сәйкесті АҚ куәлігін алды және АҚ «БТА банк» деп атала бастады. Жыл басынан бастап өткізілген ребрендингтің өткізілуіне табысты халықаралық банктік конгломераттың құрылуына бағытталған жаңа стратегияны қабылдау себеп болды.

Акционерлік қоғам АҚ «БТА банк»-тің құрылу тарихы 1925 жылдың 15 қазанынан басталады. Сол кезде Қазақстанның халық шаруашылығының Орталық кеңесінің басқармасы шешімімен республика аумағында өнеркәсіптік банктің бөлімшесін ашты.

Өнеркәсіптік банк туралы: бұдан әрі қарай өнеркәсіптік банктің бөлімшесі көптеген өзгерістерге ұшырады. 1932 жылдың 7 маусымында республиканың халықтық коммиссарлар кеңесінің «Қазақстан территориясында ұзақ мерзімді салымдардың арнайы банктерін ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Алматыда өнеркәсіптік банк негізінде СССР-дың құрылыс пен энергетика шаруашылықтарын қаржыландыру банкінің қазақтардың бөлімшесін құрды.

1949 жылдың 11 шілдесінде СССР-дің министрлерінің кеңесінің өкімі бойынша Алматылық облыс аралық кеңесі СССР-дің өнеркәсіптік банкінің республикалық кеңесі болып, қайта құрылды. Бұдан әрі оны СССР-дың Қазақстандық Республикалық кеңесі деп қайта атады. 1991 жылдың 4 наурызында СССР-дың мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіптік – құрылыс банкінің №126 бұйрығымен республикалық банк СССР-дың өнеркәсіптік банкі «Тұран банк» мемлекеттік өнеркәсіптік – құрылыс банкінің Қазақ республикалық банкіне айналдырылды.

Тұран банкі туралы: 1991 жылдың 24 шілдесінде Қазақ СССР министрлер кеңесінің №444 өкімімен қазақ акционерлік банкін құрды. Акционерлер жиналысында ҚАБ «Тұран банкі» басқармасы председателі болып Бейсенов Ораз Макаевич таңдап алынды. Осы мезетте «Тұран банкінің» 66 бөлімшесі болды.

БТА банкі – бұл стратегия орталық кеңсесі Қазақстанда орналасқан әмбебап, үрдісті дамушы банк. Нақты кезеңде ТМД елдерінің, Батыс Европа мен Азияның дамушы нарықтарында әртүрлі қаржылық қызметтер көрсетуді дамытуда. Қаржылық және кеңес беру қызметтерін көрсетудің тиімділігі мен сапасын көтеру түрлеріне маманданған бөлімшелер жүйесін құруда.

Банктің негізгі бәсекелік артықшылықтарының бірі – жаңа нарықтарға қатысуға және өз өнімдері қатарын үйлестіруге, жоғары сапалы қызмет көрсетуге дайындығынан көрінетін инновация мәдениеті. Осынысымен бұл банк нарықтың қажеттілігін қанағаттандыруда.


БТА – ның үрдісті дамуының негізгі қайнар көзі болып, совет үкіметінен кейінгі кеңістіктегі (ТМД) елдерінің зор нарықтық потенциалын жүзеге асыру және белгілі бір деңгейде іскер қарым – қатынастарға бірдей көзқарас БТА келесі мезеттерге сүйене отырып, ТМД нарығында негізгі қатысушыларының бірі болуға ұмтылуда:

  • нарықта қатысушы шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін жергілікті нарықты және клиенттер қажеттіліктерін өте терең білуі;

  • Қазақстан нарығында бизнес жүргізудің үлкен жинақталған тәжірибесі және халықаралық тәжірибені қолдануы жергілікті банктермен тиімді бәсекеге түсуге мүмкіндік береді;

  • стратегиялық әріптестердің кеңейтілген желісін жасауы, оның ішінде халықаралық маманданған компанияларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тартуы.

БТА ТМД – дағы өте ірі жекеменшік банк болуға ұмтылуда. Банк Қазақстан мен ТМД – ның басқа елдерінің үрдісті сыртқы саудалық ағымдарын. ТМД – ның ірі әріптес елдерінде, оның ішінде Түркияда, Қытайда және т.б. елдерде өз қатысуын кеңейту мақсатында тиімді қолдану мақсат етуде.

2005 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес БТА банкі келесі мақсаттарға жетуді жоспарлауда:

- Нарықтағы үлесі бойынша:

Қазақстан – 25%-дан кем емес.

Ресей – 2%-дан кем емес.

ТМД-ның басқа елдері – 5%-дан кем емес.

АҚШ долларындағы актив көлемі бойынша:

2010 – 25 млрд $-тан кем емес.

2015 – 50 млрд-тан кем емес.

"БТА" жабық акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 1997 жылдың 15 қаңтарында АҚ "Әлем Банк" пен АҚ "БТА"-тің қосылуымен құрылған. Банк 1998 жылы толығымен аукционда жекешелендірілді.

ЕҚЖДБ (ЕБРР) ЕББР-мен әріптес болу банктің іс-әрекетінде маңызды элемент болып табылады. Осы кезеңде ЕББР басқа 4 шетелдік инвесторлармен бірге банктің акционерлері құрамына кірді. ЕББР-мен жасалған арнайы бағдарламалар шеңберінде ТБА банкіне бөлінген қаржы көлемі 152 млн АҚШ долларын құрады.

2003 жылдың бірінші жартысында ЕББР төрт жылдық синдикаттық қарыз бөлді. Нақты несиенің бірегейлігі бұл шетелдік коммерциялық банктер жағынан орта мерзімдік қаржыландыру нарығын ашты. Мұндағы ЕББР үлесі 10 млн АҚШ долларын құрады, 20 млн АҚШ доллары Европаның коомерциялық банктерінің несиелерінің синдикатымен тартылды.

ЕББР санктің құрамдас компанияларына бағдарламалық қарыз береді, мысалға ипотекаға 15 млн АҚШ доллары, мезингке 5млн АҚШ доллары.