Файл: 5 саба. Моногенді тым уалау, моногенді белгілерді тым уалау типтері. Студент саба соында.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5 сабақ. Моногенді тұқым қуалау, моногенді белгілердің тұқым қуалау типтері.
Студент сабақ соңында гендермен бақыланатын адам белгілерінің (аурулардың) негізгі тұқым қуалау типтерін ажырата білуге, Г. Мендель ашқан моногенді белгілердің тұқым қуалауын, моногенді белгілердің тұқым қуалауының цитологиялық негізін, алған білімдерін аурулардың тұқымқуалайтын сипатын анықтауда қолдана білуге қабілетті болады.
Әдебиеттер

Міндетті:

1) Медициналық генетика, Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф.

Виллард: қаз. аударған м.ғ.к., профессор А.А.Төребеков.М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014, 112-128 б.

Қосымша:

1) Уильям С. Генетика негіздері: қаз. аударған б.ғ.к., Б.О. Бекманов. Алматы, 2017, 820 бет.

2) Қуандықов Е.У., Медициналық биология және генетика. 2014, 356 бет.

3) Ақпараттық-дидактикалық блок
Электронды ресурстар:

  1. Мендель заңдары. https://youtu.be/2eP3pCYeIYk


Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар:

1) Генетика пәні, міндеттері және әдістері.

2) Генетиканың негізгі терминдері мен ұғымдары:

- тұқымқуалаушылық және оның түрлері – ядролық, цитоплазмалық, митохондриалық, эпигенетикалық;

- аллельді, аллельді емес гендер; генотип, фенотип; гомозигота, гетерозигота, гемизигота; доминанттылық, рецессивтілік; талдаушы ағылыстыру.

3) Тұқым қуалау, анықтамасы. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары оның цитологиялық негіздері.

4) Тұқым қуалау, анықтамасы. Тұқым қуалаудың негізгі типтері: моногенді, полигенді, тәуелсіз, тіркес және т.б.

5) Адамның менделденетін белгілері. Менделдену жағдайлары.

6) Моногенді тәуелсіз тұқым қуалау заңдылықтарын білудің медицинадағы маңызы.

7) Тақырып бойынша 5 терминнен тұратын үш тілде глоссарий құрастыру.
Сабақтың өткізілу форматы: On-line тестілеу, ситуациялық есептерді шығару.

Бақылау: бағалау – суммативті, on-line тестілеу, есеп шығару негізінде қойылады. Қашықтықтан оқыту кезінде Module dis.kaznmu және Zoom платформасында.
БОӨЖ тапсырмалары: Ситуациялық есептер шығару

БОӨЖ бақылау: тапсырманың орындалғанын тексеру (тәжірибелік сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%). БОӨЖ сұрақтары сабақта талқыланбайды, бірақ аралық бақылау сұрақтарына енгізілген.
БӨЖ тапсырмасы:
«Адамның мендельдік аурулары» тақырыбы бойынша эссе жазу

БӨЖ бақылау: аралық бақылауға дейін қорғау.