Файл: Жрек ерекше мше ретінде Дайындаан Блт Айгерім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жүрек ерекше мүше ретінде

Дайындаған: Бұлұт Айгерім

Топ: П21-004-02


Жүрек ерекше мүше ретінде

Кіріспе. Жүрек – іші қуыс бұлшықетті мүше. Адам ағзасында жүректің алатын орны ерекше. Себебі жүрек қанды бүкіл ағза бойына айдап отырады, жүрек демалмайды. Жүректің тынықпауы адам ағзасының қорек пен оттегіні үздіксіз қажетсінуімен байланысты. Жүрек ағзаның физиологиялық ерекшеліктерімен осындай байланыста. Дегенмен, жүрек жайлы естігенде, оның тек қан айдаушы «мотор» деп қана елестетпейміз. Жүрек дегенде ойымызға түрлі сезімдер де түсетіні рас қой? Жүрекке біздің көңіл-күйіміз әсер етеді... Жүрек механикалық қызмет атқаратын қарапайым мүше емес, жүрек ерекше мүше. Жүректің өзіндік жасушалары мен биологиялық құрылымдары бар. Жүрек жасушалары – кардиомиоциттер деп аталады, ал бұлшықетті қабы - миокард. Жүрек жасушалары өте тығыз орналасады. Нәруызды талшықтарын миофибрилла дейді.Байқап қарасақ, жүректің құрамдас бөліктерінің атаулары «мио» қосымшасымен жалғанады, осыған сәйкес олардың құрылымдары басқа мүшелердікінен өзгешелеу болады. Мысалға кардиомиоциттерде көп мөлшерде митохондрия болады, ол оның үздіксіз жиырылуына байланысты.

Негізгі бөлім. Жүректің жалпыға бірдей таныс қызметі – қан тарату. Ол қанды бүткіл денеге тарайтындай айдауға қабілетті бұлшықетті мүше боп табылады. Жүректің анатомиялық құрылымы: екі жүрекше және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер қарыншалардың үстінде орналасады да, қанды қарыншаға қарай өткізіп отырады. Қарыншалар жүрекшелерден келген қанды бүткіл денеге қайта таратады. Туындайтын логикалық сұрақ: қарыншалар мен жүрекшерелдің қызметі шамалас па? Жүрекшелерге қан қарыншалардан шыға беріс кезіндегідей орасан зор қысыммен, күшпен келмейді. Ал қарыншалар келген қанды бүткіл дене тамырларымен өтіп, жүрекшелерге қайта келетіндей етіп айдау керек. Сәйкесінше, олардың жүктемелері әртүрлі, қарыншалардың қабырғалары жүрекшелердікіне қарағанда қалың боп келеді. Жүрек сол және оң жақ болып екіге бөлінеді. Қан айналым жүйесінде «қолқа» деген термин бар. Қолқа – адам ағзасындағы ең мықты, үлкен тамыр. Жүректен қолқаға қан 120 – 130 милиметр сынап бағанасымен, 0.5 – 1.3 м/с жылдамдықпен ағады. Қолқа тамыр сол жақ қарыншамен байланысқан. Айтылған мәліметтерге сүйене отырып, тұжырымдама шығарамыз: сол жақ қарынша оң жақ қарыншаға қарағанда қалың. Адам ағзасында қан адам жатқан күйде де, отырған күйде де, жүгіріп бара жатсақ та бағытын өзгертпей сол қалпы ағады. Бұл құбылыс жүректің анатомиялық ерекшелігіне байланысты. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады. Жүрекше жиырылған кезде қақпақшалар қанды қарыншаға өткізуге әрекет жасайды. Қарынша жиырылғанда, оның қақпақшалары қанды жүрекшеге қайта өтіп кетуіне үлкен кедергі жасайды. Жүректе секілді қан тамырларында да қақпақшалар болады, олар қанның бағытын өзгертпей ұстап тұрады. Бес минут ішінде ол арқылы бес литр қан өтеді. Бір сағатта жүрек орташа есеппен 4200 соққы жасайды және 300 литр қанды айдайды. Бір жыл ішінде ол олимпиадалық бассейнді толтыруға жеткілікті қанды - 2,5 миллион литрден астам айдайды және бұл үшін 38,5 миллион рет жиырылады.


Жүректің физиологиялық қасиеттері: қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия. Медицинада «жүрек автоматизмі» деген термин кездеседі. Жүрек автоматизмі – сыртқы тітіркендіргішсіз, өз тінінен шығатын қозулар әсерінен жиырылу қасиеті. Бұл қасиеті жүректің ерекше құрылымына байланысты. Олар: синоатриальды түйін және жүрекшелер мен қарыншалардың өткізгіштік жүйесі. Ырғақты серпіністердің кенеттен пайда болуы синоатриальды түйіндегі көптеген жасушалардың үйлесімді қызметінің нәтижесі боп саналады. Жүректің өткізгіш жүйесінің ерекшелігі: әр жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеті. Өткізгіш жүйесі оң жақ жүрекшенің жоғарғы бөлігінде орналасқан синус түйінінен (Кис-Флак түйіні) басталады. Синус түйінінің негізгі қызметі қалыпты кезеңділіктің (бірінші ретті автоматизм) электрлік импульстарын генерациялау болып табылады. Синус түйінінің қалыпты автоматизмі минутына 60-80 импульсті құрайды. Жүрекшелер бойындағы синус түйінінен қозу коронарлық синусқа жақын орналасқан атриовентрикулярлық түйінге (Ашофф-Тавара түйіні) таралады. Онда импульс 0,08 с кешіктіріледі (атриовентрикулярлық кідіріс). Әрі қарай импульс Гис шоғыры бойымен Пуркинье талшықтарына таралады. Қарыншалық миокардта қозу толқыны алдымен солдан оңға қарай мезовентрикулярлық қалқаны, содан кейін эндокардтан перикардқа қарай қарыншаларды жауып тұрады. Атриовентрикулярлық түйін, Гис шоғырының жоғарғы бөлігімен бірге екінші ретті автоматизмге (минутына 40-60), Пуркинье талшықтары - үшінші ретті автоматизмге ие. Сол шоғыр тармағы екі тармаққа бөлінгенін ескеріңіз - алдыңғы және артқы. Бұл деталь оның шоғыры бойындағы өткізгіштік бұзылыстарының нұсқаларын түсіну үшін маңызды. Өткізгіш жүйе импульстарды әдеттегі бағытта ғана емес - жүрекшелерден қарыншаларға, сонымен қатар кері бағытта, ретроградтық бағытта жүргізе алады.Физикада жүректі үлкен бір дипольдік жүйе деп қарастырады. Бір жерде пайда болған қозу жүректің бүткіл бойына тез тарап, әрбір жасушадан қозу өтеді. Жүрек сондай-ақ күшті электромагниттік энергияны шығарады. Ол біздің денеміздің барлық жасушаларына, соның ішінде мидың барлық жасушаларына енеді. Жүректен келетін электромагниттік сигналдың күші соншалық, ол тері арқылы өтіп, 360 градус шамасында және айналамыздағы кеңістікте шамамен 3 метрге таралады. Басқа ешбір органда мұндай күшті электромагниттік күш жоқ.

Марк Ньюманның 2001 жылы Journal of Medicine журналында жарияланған зерттеуіне сәйкес, шунттау операциясынан кейін есте сақтау, назар аудару және шоғырлану аздап төмендейді. Осыған ұқсас құлдырау бес жылдан кейін де байқалды. Бұл шунттың миға қан ағымына әсер етуі мүмкін дегенді білдіреді. Қан айналымы арқылы жүрек пен мидың арасында тікелей байланыс бар екен. Жүрек математикасы институтының зерттеушілері де жүрек адамның ақыл-ойы, эмоциясы және жеке басының қызметінде маңызды рөл атқарады деп мәлімдейді.



Қолданыстағы идеяларға сәйкес, бұл интуиция, махаббат, шығармашылық, даналық, алғыс, сенім және басқа да осыған ұқсас адамдық сезімдермен байланысты - жүрек. Адамның ең жақсы қасиеттері ақылмен емес, жүрекпен байланысты. Мұның бәрін біз қайдан білеміз? Біз мұны білеміз, өйткені біз осы эмоциялардың барлығын жүрегімізбен сезінеміз. Мұның бәріне ғылыми түсініктемелер бар ма?

Жүрек физикалық түрде мимен және дененің қалған бөлігімен «байланысады» және бұл байланыс жолдары біздің миымыздың эмоцияларға жауап беретін бөлігі арқылы өтеді, сонымен қатар мидың ойлау мен пайымдауға жауап беретін бөліктері арқылы өтеді. Жүректе ақпаратты есте сақтауға және сақтауға қабілетті күрделі жүйке жүйесі бар. Жүрек жасаған импульс қан қысымының толқынымен беріледі. Бұл импульс біздің денеміздегі және миымыздағы әрбір жасушаға жетеді және қуат береді.

Жүрек сонымен қатар «гормондық мүше» .Кейбір басқа гормондармен бірге жүрек гормондар арасындағы тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз ететін «баланс гормоны» деп аталатын гормонды да шығарады. Жүрек сонымен бірге адам сүйіспеншілік, ғашықтық күйінде болған кезде пайда болатын әйгілі «махаббат гормоны» окситоцинді шығарады.

Қорытынды. Жүрек өзге мүшелерге ұқсамайтын ерекше жеке «жүйе». Жүректің механикалық, өткізгіштік, генерациялық та қызметтері ажыратылады. Ол адам ағзасының ажырамас бөлігі бола тұра ерекше қасиеттерге ие. Жүрек адам ағзанының дем алуына, қоректенуіне жағдай жасайды , яғни қан айдау арқылы. Жүрек тылсым қасиет – автоматизмге ие. Жүрек жасушаларында митохондрия, яғни энергия көзі өте көп және де олар тығыз жанасқан күйде орналасады. Синустық түйінде «өздігінен» испульс пайда болған кезде, қозу үрдісі байқалады да, кардиомиоциттердің орналасу ерекшеліктеріне байланысты импульс бүткіл жүрекке тарайды. Жүрек жиырылады. Сонымен қатар жүректің жиырылуымен кейбір гормондар байланысты. Ал ми мен жүрек өзара мықты байланысқан, дегенмен бұл бірі бірінсіз өмір сүре алмайды деген сөз емес. Жүректегі импульс тамыр арқылы миға жетеді де, мидың маңызды бөліктерін қоздырып өтеді. Міне осы ақпараттарға байланысты жүрек пен сезімдер өзара пара-пар жүреді. Келтірілген мәліметтер бізге нені түсіндіреді? Біз жүректің қандай мүше екенін түсінуіміз керек, жүрек біздің денемізде демалмайтын жалғыз бір кесек ет. Сол себепті жүрегімізді күтіп ұстау өте маңызды. Жүрек бізге берілген үлкен нығмет, сый, аманат. Ал аманатқа қиянат жасау үлкен қылмыс.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. https://www.bbc.com/ukrainian/vert_fut_russian/2016/05/160525_ru_s_vert_fut_things_we_know_about_your_heart_and_blood

  2. https://cardianmed.by/informacziya/stati/serdcze-bolshe-chem-prosto-organ.html

  3. http://www.fesmu.ru/www2/poltxt/u0007/vvedenie/fisiolog/fisiolog1.htm

  4. https://www.greelane.com/ru/%d0%bd%d0%b0%d1%83%d0%ba%d0%b0-%d1%82%d0%b5%d1%85%d0%bd%d0%be%d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%b8%d1%8f-%d0%bc%d0%b0%d1%82%d0%b5%d0%bc%d0%b0%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0/%d0%bd%d0%b0%d1%83%d0%ba%d0%b0/heart-anatomy-373485/