Файл: Блім Дені сауды жаны сау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:Дені саудың жаны сау


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:




Күні: 10.01.23

Мұғалімнің аты-жөні: Рсаева Д.М.

Сынып: 2«А»

Қатысқандар:



Сабақтың тақырыбы

Дыбысты өңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату

2.2.4.1 Дыбысты жазу және ойнату үшін бағдарламаларды пайдалану

Сабақтың мақсаты

Барлықоқушылар:

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін білу, меню командаларын қолдана алуды түсіну, дыбыс жазу бағдарламасын пайдаланып дыбысты жазуды, өңдеуді және шығаруды қолдану;

Оқушылардың басымкөпшілігі

  • компьютерлік программаларда меню командаларын пайдаланып өңдеуді қолдану;

Кейбір оқушылар

  • арнайы дыбыс жазу программасында дыбысты өңдеуді қолдану

Бағалау критерийі

- цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін біледі, меню командаларын қолдана алуды түсінеді, дыбыс жазу бағдарламасын пайдаланып дыбысты жазуды, өңдеуді және шығаруды қолданады;

- компьютерлік программаларда меню командаларын пайдаланып өңдеуді қолданады;

- арнайы дыбыс жазу программасында дыбысты өңдеуді қолданады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар


Терминдер:

Дыбыс жазу – обработка звук – sound processing

Wavepad – дыбысты өңдеу бағдарламасы

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Дыбысты қалай жазуға болады?

Жазылған дыбысты қалай өңдейміз?

Wavepad қандай бағдарлама?

Құндылықтарға баулу


Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Ұлттық құндылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, музыка

Алдыңғы білім

Дыбыстық жазу және ойнату

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасы

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын құру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа зейіндерін аудару.

«Ыстық лебіз» тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді.

Топқа бөлу

Қазақтың ұлттық ойыны асық арқылы 2 топқа бөлінеді:

1-топ: қызыл асық «Дыбысты жазу»

2-топ: ақ асық «Дыбысты өңдеу»

Топтың ережесі

  1. Бір-бірімізді құрметтеу

  2. Өзгенің пікірін тыңдау

  3. Бірлесіп, ақылдасып жұмыс істеу

  4. Тапсырманы өзің орындап болсаң, басқаларға көмектес

  5. Мұғалімнің тапсырмасын нақты түсініп орындау

  6. Топтық жұмыста бірігіп жұмыс жасау

Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесі



Бағалау түрі

Фигуралар арқылы



Үй тапсырмасы «Аквариум» әдісі

  1. Дыбыстың қандай түрлері бар?

  2. Дыбысты жазу үшін қандай құрылғылар қажет?

  3. Жазылған дыбысты қалай сақтаймыз?

  4. Дыбыс файлының кеңейтілімі қандай?

  5. Не себепті дыбыстар табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді?

  6. Дыбыстарды жазғанда дыбыс колонкасы мен микрофон не үшін қажет?

Бағалау: Фигуралар арқылы бағаланады

Оқулық

Дәптер

Қызыл асық

Ақ асық

Фигуралар

Аквариум

Балықтар




Сабақтың ортасы
Жаңа сабақты түсіндіру

5 мин

«Ертегіәлемінде …» тапсырмасы

10 мин



Сергіту сәті

3 мин


«Қолданыпкөр» әдісі

5 мин

Жеке тапсырма

5 мин

Жаңа сабақты түсіндіру

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Wavepad программасы арқылы дыбысты жазуға, сақтауға, өңдеуге, болатынын айтады.

Мұғалім оқушыларға меню командаларын түсіндіріп, дыбыс жазу бағдарламасын пайдаланып дыбыс жазып көрсетеді. Сол жазылған дыбысты оқушылармен бірге өңдейді. Оқушылар жұптасып, өзара білімдерімен бөліседі.

Практикалық жұмыс

Топтық жұмыс

«Ертегілер елінде...» тапсырмасы. Оқушылар ертегі бойынша кейіпкерлерді бөліп алып, дыбыстайды, сақтайды, өңдейді.

1-топ: «Бауырсақ»

2-топ: «Мақта қыз»

Дескрипторлар:

  • Программаны іске қосады;

  • Кейіпкерлерді дыбыстайды;

  • Дыбысты сақтайды;

  • Программаның меню командаларын пайдаланады;

  • Артық жазылып кеткен дыбыстарды, өңдейді.

Топтар бір-бірін бесбармақ әдісі арқылы бағалайды.

Бағалау: Фигуралар арқылы бағаланады

Сергіту сәті

«Шынжыр» әдісі

Түрлі –түсті қағаздарды қиып оқушыларға береміз. Олар сол қиынды қағаздан шынжыр жасайды. Әр қағаз қиындысына өтілген тақырыпта кездесетін термин сөздерді жазып шығады. Қай топтың шынжыры ұзын болса, сол топ басым болады.

«Қолданып көр» әдісі

Практикалық жұмыс

Жұптық тапсырма

Мұғалім ұсынған музыкалық файлды ашыңдар. Музыканы тыңдаңдар. Тыңдау кезінде өздеріне ұнаған жерінен 30 секундын қиып алыңдар. Қиып алынған музыканы «Музыка» атымен сақтаңдар. Қайта ашып тыңдап көріңдер.

Дескрипторлар:

  • Музыканы таңдайды;

  • Программаның меню командаларын пайдаланады;

  • Музыканың керекті аралығын қиып алады;

  • Редакторланған музыканы сақтайды.

Жұптар бір-бірін бесбармақ әдісі арқылы бағалайды.

Бағалау: Фигуралар арқылы бағаланады

Практикалық жұмыс

Жеке тапсырма

Өзіңе ұнаған ақынның өлеңінен үзінді оқып, дыбыс жазу бағдарламасына жаз. Өзіңе ұнайтындай етіп өңде. Музыканы өз атыңмен сақта.

Дескрипторлар:

  • Өз дауысымен өлең жазады;

  • Өлеңді сақтайды;

  • Өлеңді өңдейді.

Бағалау: Фигуралар арқылы бағаланады


Компьютер





Түрлі-түсті қағаздар

Желім

Компьютер





Компьютер





Сабақтың соңы

2мин

Үйге тапсырма

1 мин

Кері байланыс

1 мин


Сәйкестендіру тесті

Микрофон

Дыбыстарды зерттейтін ғылым

Құлаққап

Дыбысты шығарады

Дыбыс колонкасы

Дыбысты тыңдайды

Табиғи, жасанды

Дыбыстың өлшеу бірлігі

Wma

Дыбыстың түрлері

Децибел

Дыбысты жазады

Акустика

Дыбыстық файлдың өлшем бірлігі

Дескрипторлар:

  • Құрылғылардың қызметін ажыратады;

  • Дыбыстың түрлерін біледі;

  • Дыбыстың өлшем бірлігін біледі.

Бағалау: Фигуралар арқылы бағаланады

Үйге тапсырма

Дыбысты өңдеу тақырыбын оқу

Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі.

Оқушыларға екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.

Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым: меңгердім.

Қызыл түсті алма- мен тапсырманы орындай алмадым, түсінбедім.



Сәйкестендіру тесті



Оқулық

46-47 бет.

Жасыл, қызыл, алма стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Сабақ барысында берілген тапсырмалар сараланған және оқушының жас ерекшеліктері ескерілген..

Ынтымақтастық ахуал туғызу мақсатында “Ыстық лебіз” әдісін қолданамын. Оқушылардан үй тапсырмасын «Аквариум» әдісімен ойын еркін жеткізе алуына ықпал жасаймын.. Заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде топтарға біріктіремін. Жаңа сабақты түсіну барысында «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолдану арқылы оқушыға тақырыпты меңгертемін.Тапсырмалар топтық, жұптық, жеке болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларды қолдау көрсетіп, мақсатқа жетелейді. «Қолданып көр» әдісінде компьютермен практикалық жұмыс орындай отырып, оқушылар өз бетінші жұмыс жасай алуға қалыптасады.

«Сәйкестендіру тесті» әдісін пайдаланып дыбыс туралы мәліметтерді сәйкестендіре алады, кейбірі анықтамасын бере алады.

Оқушылардың бүгінгі сабақта қаншалықты меңгергенін тексеру үшін, бағалау критерийлері мен дескрипторларға сүйене отырып әр тапсырмадан кейін түрлі фигуралар, бесбармақ, мақтау, мадақтау арқылы бағалаймын.

-Жарайсың!



-Жақсы!



-Талпындың!



Егeр бaлa түcінбeгeнін білдірce, нeні түcінбeгeнін cұрaп кeтeмін жәнe aлдыңғы caбaқтaрдaн мыcaлдaр кeлтіріп, жeтeлeуші cұрaқтaр қoя oтырып oқушының дeңгeйін көтeругe тырыcaмын.

Сабақтың соңында «Алма ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жүргіземін. Балалар сабақты қаншалықты меңгергендіктеріне кері байланыс жасайды.

Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп отыру

Оқушылардың компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау

«Шынжыр» әдісі арқылы сергіту сәтін жасаймын.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?