Файл: О у ісіні орынбасары А. Е. Таргынова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітілді»_____________________оқу ісінің орынбасары А.Е.Таргынова


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні

Шорманова Ж.Б.

Күні

09.01-11.01.2023

Сынып

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Заттар интернеті» деген не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.3.4.8 - «Заттар интернетінің» жұмыс қағидаларын сипаттау

11.3.4.9 - «Заттар интернетінің» перспективалары туралы айту

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Заттар интернеті» дегеннің не екенін түсіндіру;

Көптеген оқушылар:

«Заттар интернетінің» негізгі жұмыс істеу қағидаларын салыстыра алады;

Кейбір оқушылар:

«Заттар интернетінің» болашағын талқылай алады

Бағалау критерийлері:

  • «Заттар интернеті» дегеннің не екенін біледі;

  • «Заттар интернетінің» негізгі жұмыс істеу қағидаларын салыстырады;

  • «Заттар интернетінің» болашағын талқылайды

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жұмыс дәптері

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі


1)Заттар интернеті деген не ?
2)Заттар интернеті индустрияның қандай салаларында қолданылады ?
3)Заттар интернетін жүзеге асыру үшін қандай шарттар қажет ?
4)Заттар интернеті не үшін қажет ?
5)Неге заттар интернеті бүгінгі күні әлем үшін жаһандық жаңалық болды ?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ:

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

 заттар интернеті;

 заттар интернетінің жұмыс істеу қағидалары;

 заттар интернетінің даму болашағы туралы білетін боласыңдар.

«Өзара оқу» стратегиясы.

Әр топқа жаңа тақырыптың белгілі бір фрагменті көрсетіледі. Оқушылар топтағы

рөлдерін бөледі.

Бастапқыда әркім өз бетінше мәтінді оқиды.

Содан кейін топтың біреуі не туралы білгенін түсіндіреді, екіншісі оқылған мәтін бойынша сұрақтар қояды,

үшіншісі қорытындылайды. Топтарда талқылау аяқталған соң, түсіндірушілер жаңа топқа біріктіріледі, екінші

топқа сұрақ қоюшылар, үшінші топқа қорытушылар біріктіріледі. Жаңа топтарда әркім алдыңғы топта не білгенін

кезекпен айтады. Әрбір топ кластер құрады.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.


Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК





Білу және түсінік


1. «Заттар интернеті» деген не?

2. Заттар интернеті қалай пайда болды?

3. Заттар интернетін пайдалануға мысал келтір.

4. Заттар интернетін пайдаланудың артықшылықтарын ата.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.

Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК





Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату


1. Заттар интернетін дамыту жолында қандай негізгі кедергілер кездеседі?

2. Заттар интернетінің қандай негізгі ерекшеліктері бар?

3. Заттар интернетін қолданудың жаңа нұсқаларын ұсын.

4. Заттар интернетін қолданатын негізгі салаларды ата.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.

Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК




Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі. Кестені толтыр. Кесте

оқулықта берілген.
В деңгейі. Келесі тақырыптар бойынша таныстырылым жаса:


а) заттар интернетінің пайда болу және даму тарихы;

ә) заттар интернетінің дамуына әсер еткен негізгі түрткіжайттар;

б) Желілік технологиялар және Заттар интернеті;

в) Заттар интернетінің жұмыс істеу қағидалары.

Зерттеу нәтижесін таныстырылым, бейнеролик, буклет немесе web-беттер түрінде әзірле.

С деңгейі. Қандай да бір салаға заттар интернетін қолданудың жаңа нұсқасын ұсын. Мақсатын, қандай құрылғылар

және бұл құрылғылар қандай міндеттерді шеше алатынын анықта.

Топтық жұмыс

Топта талқылап, заттар интернетін өз елді мекеніңде пайдалану концепциясын ұсыныңдар

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

-бір-бірімен талқылайды.

-сұрақтар қояды.

-жауап береу арқылы өз білімдерін толықтырады.



Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

1. «Заттар интернетінің болашағы» тақырыбына хабарлама жаз.

2. «Қазақстандағы заттар интернеті» деген тақырыпта зерттеу жүргіз, нәтижесін MS Excel-де статистикалық

деректер мен диаграмма түрінде көрсет.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.








Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні

Шорманова Ж.Б.

Күні

13.01.2023

Сынып 11 Б

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мобильді қосымшала конструкторлары және мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.1 1 - конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру

11.5.2.2 - шарттары мен циклдері бар кодблоктарын қолданып, мобильді қосымшаны әзірлеу

11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін түсіндіру

Көптеген оқушылар:

Конструктор интерфейсіне бағдарлана алады.

Кейбір оқушылар:

Достық интерфейсін жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі;

  • Конструктор интерфейсіне бағдарланады.

  • Достық интерфейсін жасайды.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

1.Мұғаліммен амандасады.



Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

 мобильді қосымша конструкторларын;

 мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасын;

 мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасының интерфейсін;

 әзірлеу ортасының мүмкіндіктерін білетін боласыңдар.

Мәтінмен жұмыс.

Оқу материалын бөліктерге бөліп оқыту. Негізгі ұғымдармен таныстыру, түсіндіру.

Жұптық жұмыс:

№1 тапсырма: Терминдерді анықтамаларымен сәйкестендір.

Білу және түсіну

1. Мобильді қосымшалардың конструкторы дегеніміз не?

2. Конструктор мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасынан несімен ерекшеленеді?

3. Қосымшалардың қандай түрлері мобильді қосымшалардың конструкторларын

жасауға мүмкіндік береді?

4. Қандай компоненттер шоғырланған әзірлеу ортасын құрайды?

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі. Интернет желісінің ресурстарын пайдаланып, мобильді қосымшалардың танымал

10 конструкторының тізімін жаса.

Нәтижесін кесте түрінде жаз.

Білу және түсіну

1. Мобильді қосымшалардың конструкторы дегеніміз не?

2. Конструктор мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасынан несімен ерекшеленеді?

3. Қосымшалардың қандай түрлері мобильді қосымшалардың конструкторларын

жасауға мүмкіндік береді?

4. Қандай компоненттер шоғырланған әзірлеу ортасын құрайды?

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі. Интернет желісінің ресурстарын пайдаланып, мобильді қосымшалардың танымал

10 конструкторының тізімін жаса.

Нәтижесін кесте түрінде жаз.



В деңгейі. Интернет желісінің ресурстарын пайдаланып, мобильді қосымшаларды әзірлеудің

ең танымал шоғырландырылған ортасының тізімін жаса. Нәтижесін кесте түрінде жаз.



С деңгейі. MIT App Inventor функционалдық ортасын бағала. Бұл ортада қандай

компоненттер бар? Осы компоненттердің негізінде қандай қосымшаларды құруға болады?

Жаз.

Топтық жұмыс

Топта функционалдық көзқарас негізінде MIT App Inventor ортасын талқылаңдар,

бағалаңдар.

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды



2 балл

2 балл

2 балл
2 балл

2 балл

Презентация


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

1. MIT App Inventor-дың көмегімен қосымшаға қолданушылық интерфейсінің қандай

компоненттерін орналастыруға болады. Осы туралы ақпарат тап.

2. Screen, Батырма, Жазба, Мәтін компоненттері үшін «Компоненттер мен олардың

қасиеттері» кестесін толтыр. Кестеде құрауыштың

5 негізгі қасиеті мен мүмкін мәндерін көрсет.












Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мобильді қосымша интерфейсіне қойылатын талаптар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.1 1- конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру

11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау

11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторы дегеннің не екенін біледі;

Көптеген оқушылар:

Конструктор интерфейсіне бағдарланады;

Кейбір оқушылар:

Достық интерфейсін жасайды.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.

Жұлдыз

2 балл


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

 мобильді қосымшалар интерфейсі дегеннің не екенін;

 қай интерфейсті достық деп санауға болатынын;

 мобильді қосымшалар интерфейсіне қойылатын талаптарды білетін

боласыңдар.

– Usable сын есімінен шыққан usability сөзі «қолдану ыңғайлы,

ыңғайлылық деңгейі және оңай қолдану» деп аударылады. Бірақ

IT-саласының көптеген терминдері сияқты белгілі бір уақыттан бастап

оны кірме сөз ретінде қолдана бастады.

Юзабилити – сайтты қолдану ыңғайлылығы, оның тапсырмасын

қолданушыға ыңғайлы және түсінікті болатындай етіп жасау, сонымен қатар қолданушының

қызығушылығын арттыру.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп оқиды. Оқушылар өз түсінгендерін әңгімелейді. Педагог оқушылардың

айтқандарын толықтырып түсіндіреді.

Білу және түсіну

Оқушылар мына сұрақтарға жауап беретін постер жасайды:

1. Юзабилити деген не?Юзабилитидің негізгі эвристикаларын сипаттап беріңдер.

2. Юзабилитидің дизайннан ерекшелігі неде?

3. Мобильді қосымшалардың дизайнына қойылатын негізгі талаптар қандай?

4. Юзабилити-сынақтан өткізу деген не?

Бағалау талаптары

• Берілген тақырыпқа сәйкестік

• Графикалық және орфографиялық режимді сақтау

Жұптық жұмыс:

№1 тапсырма: «Қолданушының қосымшаны «өзіне ыңғайлы» етіп баптай алу мүмкіндігі»

сипаттамасын қандай талапқа жатқызуға болады?

 Қателіктің алдын алу.

 Жүйемен және нақты әлеммен өзара байланыс.

Оқулық

 Пайдаланушыларды басқару және еркіндік.

 Пайдаланудың ыңғайлылығы мен тиімділігі.

 Анықтама және құжаттама.

 Эстетикалық және минималистік дизайн.

№2 тапсырма: Блок пен ондағы нысандар арасындағы сәйкестікті тауып, дұрыс орналастыр.


Түйін сөздер:

Негізгі басқару элементтерін

мобильді қосымшаға

орналастыру үшін.

Қосымша сілтемелер мен мәзір

элементтерін орналастыру

үшін.

Контент қосымшасын

орналастыру үшін.

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі. Мына қосымшаға арналған юзабилити-сынақтама өткізу сценарийін әзірле:

Оқушыларға арналған репетитор іздеу



В деңгейі. Мобильді қосымша интерфейсінің негізгі элементтерін сипатта.

С деңгейі. В деңгейінің тапсырмасын орында және юзабилити бойынша интерфейс элементтерін

қарастыр.

Топтық жұмыс

Топта юзабилити ережелерін талқылаңдар және қарапайым қолданушының көзқарасымен юзабилити

тұжырымдамасын жасаңдар.

Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату

Өзіңнің смартфоныңа орнатылған 3 қосымшаға шағын зерттеу жүргіз. Олардың дизайн мен

юзабилити бойынша артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсет.


Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2- тапсырманы орындайды





Презентация


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

Өз қосымшаңа логотип ойлап тауып, оны кез келген графикалық редакторда сыз.

2. «Мобильді қосымшалар дизайнына қойылатын талап» жаднамасын жаса.












Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мобильді қосымша жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.1 1- конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру

11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау

11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады.

Көптеген оқушылар:

Мобильді қосымшаны әзірлейді.








Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.

Жұлдыз

2 балл


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Педагог сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

 конструктордағы мобильді қосымшада достық интерфейсін қалай жасау;

 шарттары мен циклдері бар код блоктарын қолдана отырып, мобильді қосымшаны қалай

әзірлеу;

 әзірленген мобильді қосымшаны қалай орнату керектігін білетін боласыңдар.

– MIT App Inventor ортасы – визуалды программалау ортасы, сондықтан

мобильді қосымшаны құру бірнеше кезеңнен тұрады. (Оқулықтағы оқу материалымен жұмыс

жүргізіледі).

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп оқиды. Оқушылар өз түсінгендерін әңгімелейді. Педагог

оқушылардың айтқандарын толықтырып түсіндіреді.

Жұптық жұмыс:

№1 тапсырма: Мәтіндегі бос орындарды толтыр.

Мобильді қосымшаларды құруды бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде мобильді

қосымшаның ___________баптау мен ____________ кодты құру жүргізіледі. Бұл кезеңге

қосымшаның құрамдас бөліктерінің қасиеттерін ____________ және олардың әрқайсысың

программалық ____________жазу кіреді. Екінші кезеңде _____________ мен мобильді

қосымшаларды _______________ жүргізіледі. Үшінші кезеңде қажет болған жағдайда

компьютерге ______________ эмулятор орнатады. Төртінші кезеңде мобильді қосымша

________________ орналастырылады.

Түйін сөздер:

 оңдау

 программалық

 кодын

 интерфейсін

 баптау

 смартфонға

 тестілеу

 Android

ДК-мен жеке жұмыс

Қосымша жасау

1. Жобалар менюінде Жаңа жоба бастауды таңда.

2. Дизайнерде Батырма элементін алып, Экранға апар.

3. Компоненттер саласында мына қасиеттерге тапсырыс бер: батырма мен мәтіннің түсі, қаріп

пен пішіннің параметрі.

4. Орналасуда компоненттің орналасу жерін анықта (экранныің ортасында немесе т.б.).

5. Жобаға екінші Жазба элементін қос.

6. Жазбалар қасиетінде «Атыңыз кім?» мәтінін өзгерт.

7. Мәтінді енгізу үшін «поле (алаң)» қос.

8. Мәтін енгізуге компонент атауын енгіз.

Батырманы оны шерткен кезде жазу шығатындай етіп программалау қажет. Блоктарды

редакциялау режіміне ауыс. MITApp Inventor редакциялау блогы ашылады.

Сол жақтағы панелде 1Батырма панелін таңда. Осы элементке әсер ететін тізім ашылады,

олардың әрқайсысына сай өз блогы бар. 1Батырма басылғанда, ... істеу керек блогын таңда.

Жазу шығуы үшін, Жазбаны таңдап, оған Жазба1 Беру – көрінетін – ақиқат блогын таңда. Осы

операцияны 2Батырма және Мәтінмен орында.

Пайдаланушының сәлемдесуі шығуы үшін Енгізу батырмасын программала. Енгізу батырмасы

басылғанда әрекеті үшін Жазба компонентінде, Мәтін қасиетінде, «Сәлем бердікті...» Қосу

және Енгізу Мәтіні. Мәтін кодын қосу.

Нәтижелерді талқылау.

Әрбір қосымша сыныптастармен бірге қарастырылады.

Кері байланыс оқулықтағы код пен «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жасалады

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды




Презентация

Оқулық

Дербес компьютер



Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/




Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 11

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мобильді қосымшаны орнату

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.1 1 - конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру

11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау

11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторының не екенін біледі; конструктор интерфейсіне бағдарланады

Көптеген оқушылар:

Мобильді қосымшаны орнатады.