Файл: Ахметке арнау Тадырды тартан талай ауыр сынын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ахметке арнау
Тағдырдың тартқан талай ауыр сынын,

Алашқа қызмет еткен сол бір ұлың

Әліпбидің жаңа түрін жазып шыққан,

Қолыңдағы қалам менен қауырсының.
Қазақ жазуын ерекшелеп дәріптеген,

Баба Ахмет өзіңді жарық тұлға көрем.

Тіл құралын, төл таңбасын, терминдерін,

24 таңбаның тарихын жазып шықты әріптермен.
Бұзылмай тектілігі бойындағы,

Ерлік пен ептілігі жойылмады.

Қара хан қасиетті Исламды,

Мемлекеттік дінім деп мойындады.
Даланың киесіндей Көктүрігім,

Дүбірлеткен әлемді өтті күнің.

Байтұрсынов, өзің жаққан білім шырақ,

Бұл сенің өзгеден ерек тектілігің.
Қазақтың сүйрей білген көшін алға,

Маса болып ызыңдап өткен тұлға.

Қырық мысал ол бір һәм меселелер

Ұрпаққа аманат еткен қасиетің дара
Қазақ үшін жанын қиған азаттығын,

37 жыл ақын үшін азапты күн,

Сор маңдай жазықсыз жала жауылып,


Ахметтей көрді басқа азапты кім?
Алашқа айбат алауыз шеккенді ұра,

Қайсар мінез қайратты жеткен мына,

Жалындаған жастарға жалын рухты,

Байтұрсынүлы Ахмет еткен мұра
Рухыңа тағзым етеміз,
Құрметтейміз бас иеміз,
Елім деп еңіреген
Ер Ахмет,
Жырыңды жырлап өтеміз!