Файл: Оушыны оу жетістігін критериалды баалауды тиімділігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Критерийдің мазмұны: Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор–жетістікдеңгейінің сипаттамасы .Критерийлерге, Дескрипторлар. Білу және түсіну Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
Қолдану.Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады.

 Сабақтың  тақырыбы:  Тістің құрылысы және гигиенасы.  Сабақтың мақсаты:   Тістің құрылысы мен құрамын оқып түсініп,  оның      ерекшеліктерін   ажырата білу. Тіс  гигиенасы туралы түсінік алып, тісті сақтау жолдарын үйрену.

№ 3кесте


Бағалау критериі

Тапсырма мазмұны

Ұпай саны




Тістің құрылысы мен бөлімдерін ажырату

1
5
.Сурет бойынша тістің құрылысын ажыратып жазыңыз?

1_________

2__________

6__________

3__________

4__________

5__________

2.Тістің қабаты қалай аталады?

Сыртқы____________, Ортанғы -_____________, Ішкі -______________

2

1



Тістің жалпы сандарын білу

1.Тест Күрек тістің жалпы саны а. 2 в.4 с.6 д.8 е.10 Ит тістердің жалпы саны: а. 2 в.4 с.6 д.8 е.12 Кіші азудың жалпы саны: а. 2 в.4 с.6 д.8 е.10 Үлкен азудың жалпы саны: а. 2 в.4 с.6 д.8 е.12

1111




Адам тісінің құрылысының ерекшелікерін білу

1.Тіс топтарының құрылыс ерекшеліктеріне  қарап, сәйкес  жауапты  табыңдар:

Құрылыс  ерекшеліктері          Тіс топтары.

Үстіңгі беттері кедір-бұдырлы А. Сойдақ тіс.

Үстіңгі беттері біртегіс  жалпақ   Б. Азу тістер.

Үстіңгі ұшы үшкірлеу           В.  Күрек тістер

1

1

1






Барлық ұпай саны:

10




Тістің құрылысы мен бөлімдерін ажыратып сурет бойынша жаза отырып және тест мен сәйкестендіру кезеңдерінде дұрыс жауап бергенде қанша ұпай жинайтындығын біледі. Білімін көтеруге сөзсіз жұмыстанады. Тапсырмаларды орындаған кезде сыни тұрғыдан ойланады. Сонымен қатар өзінің жауабын ұпай сандарын қою арқылы тексереді. Олай болса оқушы өзінің оқу мүмкіндіктері мен берілген тапсырмаларды орындаудағы жетістіктері мен кемшіл тұстарын көріп талпыныс жасайды.



Қорытынды Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз: Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, тұлғаның өзіндік жауапкершілігін арттырып, еңбегін нақты бағалауға мүмкіндік береміз.Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын қамтамасыз ете аламыз. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау артықшылықтары: Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі; Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі; Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;  Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді; Білім берудің сапасы артады.

Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге. Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.


Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады; жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады; оқушылардың білім сапасын арттырады;

оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы; тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен  шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған»  сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі,  Оқушы жұмысы критерилер бойынша ұпаймен  бағаланып деңгейі салыстырылады. Мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Нәтижесінде оқушы тапсырманы орындауына қарай тиісті ұпайын алады. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау —  бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс  болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні  белгілі.

Үш негізгі бағытта алып қарайтын болсам: Нәтиже : Оқу процесінде оқушы өзін өзі бағалауды үйренеді. Өз білімінің артықшылығы мен кемшіл тұстарын кқріп отырады. Білімін қалай дамыту қажеттінін түсінеді. Оқушы білімінің деңгейі мен ілгерлеушілік байқалады.


Кедергілер: Кедергілер арқашанда болатындығы сөзсіз. Қағазбастылық. Мұғалімнің уақытын көп жұмсалуы. Асыра бағалаушылық (тапсырма даға дескрипторлар дұрыс құрылмаған жағдайда).

Болашақтағы мақсатым: Критериалды бағалау жүйесімен жұмыс жасау барысында оқушыларды сыни ойлауға, ойлау туралы ойлауға дағдыландыруым қажет. Уақытты тиімді пайдалануды назарда ұстау. Дарынды оқушыларды тәрбиелеу барысында дескрипторлар құрастыруға үйрету.

Нәтижесінде оқушы тапсырманы орындауына қарай тиісті ұпайын алады. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру жолдарының бірі болып табылады.