ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Математика
Бөлімі: | 3А Сандармен амалдар орындау. Есептер. | |
Педагогтің аты-жөні: | Конаккалиева А.Н | |
Күні: | 26.01.2023 ж. | |
Сыныбы: 1 б | Қатысушылар саны:20 | Қатыспағандар саны: 1 |
Сабақтың тақырыбы: | Кері есептер | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару | |
Сабақтың мақсаты: | Есептер шығарасың. |
Сабақтың барысы:
Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Қызығушылықты ояту 0-3 | ЫнталандыруАраларыңда түйені көргендерің бар ма? Ертеде адамдар түйені не үшін пайдаланған? «Түйе» сөзі айтылса, бірден «шөл кемесі» деп қосып қояды. Оны неге бұлай атайды? Жүктерді шөл мен далада таситын түйелер тобы қалай аталады? (Керуен.) Жолдар төселмеген жерлерде бұл қозғалыстың жалғыз тәсілі.
| Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | | Слайд |
4-6 | Өзектендіру. Мұғалім оқушыларға бейнеролик көрсетеді Есепте не белгілі? Есепте не белгісіз? Қандай амалдың көмегімен қалған саңырауқұлақ санын табуға болады? Есептің қысқаша жазбасын жаз. Есептің сұлбасын білесің бе? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Есепті шығарады. Шешуі: 9-3=6 (с) Жауабы: 6 саңырауқұлақ қалды | Оқушылардың білімі ат суреттері арқылы бағаланады | Бейнеролик https://youtu.be/enUgZSoLDL8 |
7-10 | Мақсат қою (мәселелік жағдаят). Міне, біздің атпенсаяхаттай жүріп, жолда сендерге есептершығарып жарысасыңдар. «Миға шабуыл» стратегиясы. Оқулықтан №1 тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Мұғалім балалар назарын есептердің шартына аударады. Бірінші есепте не белгілі? Есепте нені табу қажет? Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу қажет? Есеп қандай амалмен орындалады? Неге? Екінші есептің шарты қандай? Есептің сұрағы қандай? Үшіншіесепте не берілген? Шартықандай? Олардыңбәрібірдейме? (Өрнектердегі сандар бірдей және өзара байланысқан). Ұқсастықтары неде? (Есептердің ұқсастығы бір керуен туралы айтылуында) Айырмашылықтары неде? (Есептердің айырмашылықтары берілгендердің кейбірінің және есептер сұрағының орын ауыстыруында). Мұндай есептерді қалай атаймыз? (Кері.) Топпен жұмыс | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Есептердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуды үйренеді. І топ А) Шешуі: 20+10=30 (т.) Жауабы: екі керуенде барлығы 30 түйе бар. ІІ топ Ә) Шешуі: 30-10=20 (т.) Жауабы: бірінші керуенде 20 түйе бар. А) Шешуі: 30-20=10 (т.) Жауабы: екінші керуенде 20 түйе бар. . | Аттың суретімен бағалау | Оқулық, дәптер. «Миға шабуыл» стратегия сы. Слайд, есептер жазылған жұмыртқа суреттері |
Мағынаны тану 10-20 | Өзіндік жұмыс. Оқулықтағы №2тапсырманы өзбетімен орындайды. Бірінші түйеге 40 кг, ал екіншісіне 50 кг жүк артылған. Екі түйеге барлығынеше килограмм жүкартылды? Есепті шығарады, кері есептер құрастырады. Олардың біреуін шығарады. Сергіту сәті | Тапсырманы өзбетімен орындайды. Б ірінші түйе – 40кг Екінші түйе - 50 кг ? Шешуі: 40+50=90кг Жауабы: 90кг жүк артылды. Кері есептер құрастырады. Олардың біреуін шығарады. | Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты Атпен бағалау арқылы өзін-өзі бағалайды. | Оқулық, дәптер. Интербелсенді тақта https://youtu.be/ax--ydb4rss |
20-25 | Қиындықтарды түзету. Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындықтар туындады? – Сендер қай жерде қателік жібердіңдер? – Жіберілген қателіктің себебі неде? – Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар. (Қосымша тапсырмалар орындау). – Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай? (Қателіктерді түзету). – Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз. Қателікті түзету үшін оқулықтағы №3тапсырманы орындайды. «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. Суреттер бойынша есептер құрастыруды ұсынады. | Қатемен жұмыс жасайды. Суреттер бойынша есептер құрастырады. Оларды шығарады. | | Оқулық, дәптер. «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. |
25-35 | Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс. Оқулықтағы №4 зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады. «Сиқырлы» сандарды тап. Бірінші суреттен мынадай қорытынды жасайды. Бірінші өрнекте бірдей үш түйе қосындысы 90-ға тең. Қандай бірдей үш қосылғыштардың қосындысы 90-ға тең? (30) 30+30+30=90 Енді екінші өрнекті қарастырамыз. Бір түйе мен екі сиырдың қосындысы 50-ге тең. Бір түйе, яғни бірінші қосылғыш белгілі, ол 30-ға тең. Қосуға кері амал азайтуды пайдаланып екі қосылғыштың қосындысын табамыз. 50-30=20 Екі қосылғыш қосындысы 20-ға тең болса, онда олардың әрқайсысы 10-ға тең болады. 10+10=20 Жауабы: Сиқырлы сандар – 30, 10. | Оқушылар зерттей отырып «Сиқырлы» сандарды табады. Бірінші сурет сияқты екінші суреттегі сиқырлы сандарды анықтайды. | Оқушылардың жұмысы аттың суретімен бағаланады. | Оқулық, дәптер. |
Рефлексия 35-40 | «Ат суреті» әдісі. Оқушылар жинаған аттың суреттерін санап, жинаған суреттерімен бағаланады | Сабақ аяқталған соң жиналған суреттерді санайды | | |