Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 119

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Тақырыпты таңдау (үйретіліп жатқан тілдегі сөз тіркестері).
Оқушылар үйреніп жатқан тілдерінде жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін емтиханға қандай тақырып таңдауы керектігін талқылайды:

  • Жәнібек – тамаша атлет.




  • География мұғалімі Жәнібек өте көңілді.

  • Жәнібек апта бойы географиядан үй тапсырмасын орындаған жоқ.

  • Жәнібек алдағы уақытта бай болғысы келеді.




  • Жәнібек дәмді асты ұнатады, алайда дәмді ас дайындай алмайды.




    • Командалық талқылауға берілген уақыт біткен соң, оқушылар өз шешімдеріне түсініктеме беріп, орынды болса нақты дәлелдерді келтіре отырып, оларды тармақтар бойынша негіздеп шығады.




    • Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында оқушылар шешім қабылдауға түрткі болған немесе шешілетін проблеманы анықтауға көмектескен үдерістерге назар аудара алады. Жауап алу жүргізу барысында қолдануға ұсынылатын сұрақтар:


Топ бұл шешімге қалай келді? Келіспеушіліктер болды ма? Келісімге қалай қол жеткізілді? Шешімдер әділ негізделді ме? Шешімдер дұрыс баяндалды ма?
Топ ішінде рөлдер таратылды ма және олар қаншалықты дұрыс қолданылды?


23

ҮШІНШІСІ АРТЫҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс;

  • ақпаратты басқару.


Жалпы сипаттама
«Үшіншісі артық» – пайдалы әдіс, оны тақырыпты бастапқы зерделеу кезінде немесе білімін бекіту тәсілі ретінде тақырыпты талқылаудың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Бұл әдіс оқылатын салаға қарай оқушыларды сөздердің, сөйлемдердің, идеялардың, адамдар мен заттардың сипаттамасы туралы ойлануға итермелейді. Оқушылар осы заттардың арасындағы кез келген қарым-қатынасты тереңірек түсініп, оларды тиісінше жіктей білу үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.
Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушылар жұпқа немесе топқа бөлінеді.




  1. Оқушыларға оқылатын сала мен тақырып төңірегінде бірқатар маңызды сөздер/идеялар/орындар/заттар беріледі. Бұл қатар, мысалы, диаскопиялық проекторда немесе үлестірме материалдағы тізім болмаса шәкіл түрінде ұсынылуы мүмкін.




  1. Оқушылар әрбір шәкіл немесе тізім бойынша артық элементті табуы тиіс. Дұрыс немесе қате жауаптың болмауы мүмкін, болмаса кез келген сөз артық болуы ықтимал. Сондықтан, оқушылар неліктен ол сөзді таңдағаны туралы дәйекті және нақты жауап бере отырып, тізімдегі басқа сөздердің арасындағы байланысты көрсетеді.




Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Менің үйім (үйретіліп жатқан тілдегі сөздер)
Кереует, тоңазытқыш, теледидар, гардероб, перде, тұрақ, орындық, ванна, тумба.

  • Тұрақ артық болуы мүмкін, себебі ол бөлмені білдіретін жалғыз сөз;




  • Перде артық болуы мүмкін, себебі қалған заттардың барлығында негіз бар, немесе олар еденде тұрады.


Бұл тапсырма мәселені балалар үйреніп жатқан тілде талқылауға ықпал етеді.


  1. Қосымша тапсырма ретінде оқушылар қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты сөздерге қосу үшін мағынасы жақын басқа сөз ұсына алады. Сонымен қатар оқушыларға өздерінің артық сөздер тізімін не шәкілін ойлап табуға болады.




  1. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында оқушылардың тапсырмадағы сөздердің арасындағы байланысты қалай анықтағандығына және командалық жұмыстың оқушыларға басқа жағдайда байқамай қалатын түрлі байланыстарды көруге көмектескендігіне көңіл аудару керек.


24

БАП (басқа адамдардың пікірлері)
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпаратты басқару;

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, проблемаларды шешу;

  • шешім қабылдау.


Жалпы сипаттама
Бұл тәсіл оқушыларға белгілі бір сұрақтың немесе тақырыптың төңірегінде басқа адамдардың/оппозицияның көзқарастарына назар аударуды ұсынады. Оқушылар осы пікірталастың қаралатын мәселеге қатысты факторларға, салдары мен мақсатына жаңа көзқарастар болуы мүмкін екендігін анықтауға көмектесетіндігі туралы ойланады. Оқушылар белгілі бір көзқарастың онымен келісетін адам үшін қаншалықты орынды екендігі, өз пікіріңді басқаға қыстырмалаудың орынсыздығы жөнінде ойлана бастайды. Проблемаға ықпал ететін жиынтық факторларды салыстыру үшін «БФЕ» әдісін қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Егер «Әткеншек» тапсырмасымен қатар қолданылатын болса, онда оқушылар бөлме ішінде партадан партаға өтіп, топта алмасуы тиіс. Сондай-ақ оқушылар орындарында қалып, берілген уақыт біткен соң оқу плакатын артында отырған топқа береді.

Жұмыс алгоритмі


  1. Мұғалім оқушылармен бірлесіп басқа адамдарды шешім қабылдау мен проблеманы шешу үдерісіне тартудың маңыздылығын талқылайды. Адамдардың түрлі білімдері, қызығушылықтары, түсініктері мен құндылықтары жекелеген адамдардың көзқарасын байытып кеңейте алады. Оқушылар тақырып аясында түрлі көзқарастар туралы хабардар болады.




  1. Оқушылар сынып ішінде жүріп, басқаның пікірін сұрап, оларды қағазға енгізеді. Әртүрлі бес пікір жинаған соң оқушылар парақтың төменгі тұсында пікірлерді жинақтайды да, олардың қайсысымен келісетіндігін және себебін айтады.



БАП-қа мысал бола алатын оқиға
Адвокат сотта машинасының терезесін сындырғаны үшін көршісі айып таққан жас жігітті қорғайды. Сондай-ақ жас жігіт көршісіне қоқан-лоқы көрсеткені үшін – терезеге тас лақтырып, кішкентай балаларын қорқытқаны үшін айыпталады. Осы жағдайда туындауы мүмкін әртүрлі көзқарастарды және кімнің олармен келісетінін анықтау.


  1. Тапсырма аяқталған соң оқушылар топтарда ауысады да, басқа топтар анықтаған факторларды қарайды. Олар өзара бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.




  1. Одан кейін оқушылар басқа топтардың парақтарына жазғандардың негізінде өздерінің алғашқы пікірлеріне өзгеріс енгізіп, немесе кеңейте алады.




  1. Бүкіл топтың барлық факторларын біріктіру үшін тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізген тиімді болмақ.




  1. Белгілі бір пікірлерді одан әрі дамытып, оқушыларға белгілі бір пікірлерді айтуға көмектесу үшін «Ар-ождан аллеясы» және «Кедергілер сызығы» сияқты модельдеу тапсырмаларын пайдалануға болады.


25

БИНГО
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс істей білу.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс жаңа топтардың мүшелерін жақындастыратын, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе қарым-қатынас дағдыларын дамытудың амалы ретінде пайдаланылады. Ол қозғалып жүріп-тұруды, қарым-қатынас жасауды және басқа да көптеген жағдайларды талап етеді.

Сыныпты жоспарлау

Қозғалу және қарым-қатынас жасау ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік керек.
Жұмыс алгоритмі


  1. Әр адамға тоғыз, он екі немесе он алты шаршыға бөлінген Бингоға арналған карточка беріледі.




  1. Әрбір шаршыда тақырыпқа қатысты тапсырма көрсетіледі. Мысалы:



Топқа арналған тапсырмалар:

  • Көздері көк үш адамды табыңдар.

  • Америкаға барған үш адамды табыңдар.




  • Бөлме иті бар үш адамды табыңдар.


Тақырыбы: Саламатты өмір салты

  • Мектепке велосипедпен баратын үш адамды табыңдар.

  • Органикалық тамақ ішетін үш адамды табыңдар.

  • Күніне үш литрден астам су ішетін үш адамды табыңдар.




  1. Оқушылар әрбір пікірге сәйкес келетін адамды тапқан кезде, осы адамға қарастырылып отырған мәселелер бойынша өздерінің қосымша екі сұрағын қоя алады. Бұл егжей-тегжейлі талқылау жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы:



Тақырыбы: Саламатты өмір салты


  • Органикалық тамақ ішетін адамды табыңдар. Болжалды қосымша сұрақтар:




  • Қандай органикалық тамақ ішесіз?




  • Сіз неге органикалық тамақ ішесіз?




  1. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында мұғалім оқушылардан қайсысы естерінде қалғандығы немесе қосымша сұрақтар арқылы басқа адамдардан нені білгендігі туралы сұрайды.





  1. Егер де Бингога арналған карточканы істеуге немесе көшірмелеуге мүмкіндік болмаса, мұғалім нөмірленген сөйлемдерді тақтаға, диаскопиялық проекторға немесе флипчартқа жазады. Одан кейін оқушылар қарсы отырған адамның нөмірін және атын жазады.


26

МОДЕЛЬДЕУ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс істей білу;

  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау.


Жалпы сипаттама
Бұл шығаршылық рөлдік ойын – оқушыларды белгілі бір сұрақты талқылауға немесе ақпарат алмасуға тартудың ықпалды тәсілі.
Сыныпты жоспарлау

Қозғалуға арналған орын қажет етіледі.
Жұмыс алгоритмі


  1. Моделдеу барысында оқушылар құрылымдалған ортаның аясында белгілі бір проблемаға қатысты жауап береді, мысалы, сотқа еліктеу, парламенттік тыңдау, кеңестің отырысы, үйлестіру кеңесі. Ортақтастықты күшейтіп, мәселе төңірегінде бірлесіп толғануды дамыта отырып, өз көзқарасын, пікірлері мен құндылықтарын айтуда бұл тәсіл өте қолайлы. Алайда, бұл күрделі, қиын үдеріс, себебі ол көп дайындықты қажет етеді. Сөз болатын оқиға өзекті болуға тиіс, әрі оны жүзеге асыруға мүмкіндік болғаны жөн, сондай-ақ оқушылар өздерінің рөлдік ойындарын ойнауды бастамас бұрын, топтық модельдеу арқылы олардың өзіне деген сенімін күшейтіп, өз рөлдерін ойнау үшін қолайлы аймақ ұсыну үшін тиісті ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.


27

ҚАР КЕСЕГІ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлау, проблемаларды шешу;

  • шешім қабылдау.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларға проблемаларға орай өз әрекеттері туралы ойлануға және аталған тақырып бойынша өз ойларын қарастыру үшін ақырындап жан-жағындағы адамдармен бірлескен жұмысты бастауға мүмкіндік береді. Бұл - аз сөйлейтін оқушылардың өз ойларын әуелі жұптарда, одан кейін топтарда айтуға мәжбүрлейтін практикалық тәсіл. Бұл сонымен қатар оқушылардың сұраққа байланысты пікірлерін білдіруге жетелеп, жалпы талқылаусыз бүкіл сыныпқа келісімге келуге мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе, оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.