Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 124

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ
Жалпы сипаттама
Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.
Сыныпты жоспарлау

Нақты ештеңе қажет емес.
Жұмыс алгоритмі
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
Ақылдың алты қалпағы (Де Боно)




Ақ қалпақ: деректер мен шынайы ақпаратқа негізделген бейтарап ұстаным


Қызыл қалпақ: болжам, интуиция, ішкі сезімдерге негізделген эмоциялық ұстаным
Қара қалпақ: «кері» (негатив) дәйектеуге негізделген сыни, сараптамалық ұстаным
Сары қалпақ: болашаққа сенімге, жағымды (позитивтік) дәйектеуге негізделген оптимистік ұстаным
Жасыл қалпақ: келешекті, өсу мүмкіндіктері мен жаңа идеяларды анықтайтын креативті ұстаным
Көк қалпақ: жоспарлы әрекет, нақты ұйымдастыру, бақылау мен міндетті түрде шешім қабылдауды көздейтін салқынқанды ұстаным.


41

ЕРКІН ӘҢГІМЕ
Жалпы сипаттама
Оқушының жауапкершілігін, көшбасшылығын ынталандырып, мұғалімнің материалды қайтадан пайдалануын болдырмауды көздейтін әдіс.
Сыныпты жоспарлау

Топтар немесе барлық сынып, шеңбер, үстел мен орындықтар.
Жұмыс алгоритмі
Бұны шағын топта, сондай-ақ бүкіл сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай әңгіме барысында оқушыларға көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда жүрсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Аталған мәселені шешудің тағы бір жолы: бір оқушыдан көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушылар мұғалімнің өзін қалай ұстауы қажеттігі туралы тәжірибеден өткеннен кейін, олармен осы рөлдің негізгі аспектілерін талқылауға мүмкіндік береді.






42

ТІКЕЛЕЙ РАДИОЭФИР
Жалпы сипаттама
Оқушылардың бойында белсенді тыңдау, көптеген талқылау дағдыларын дамытуға ықпал етуге бағытталған әдіс.
Сыныпты жоспарлау
Радио жүргізуші-мұғалім (немесе оқушы) төрт қонақты (оқушылар) және аудиторияны (қалған оқушылар) қарсы алады.
Жұмыс алгоритмі
Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты таңдайды. Студия қонақтарына (төрт оқушыға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды және т.б.





43

СҰРАҚТАР ШЕҢБЕРІ
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушылар бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді.
Сыныпты жоспарлау

Жылжымалы орындықтар.
Жұмыс алгоритмі
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезектесіп сөз сөйлейді. Оқушылар төрт немес бес адамнан тұратын топ құрайды. Оқушыларға тақырып және ол бойынша ой жинақтау үшін бірнеше минут беріңіз. Содан кейін талқылау басталады, әр оқушыға үздіксіз сөз сөйлеу үшін үш минутке дейін (немесе өзге уақытты таңдаңыз) уақыт беріледі. Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айта алмайды.
Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен кейін жалпы әңгіме жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріңіз. Бұл кезеңде оқушылардың өзінің жеке идеяларын емес, біреудің айтқандарын негізге ала отырып сөйлеуге тиіс екенін алдын ала ескертуді ұмытпаңыз, сонымен қатар әңгімені қорытындылау кезеңінде олар жаңа идеяларды енгізе алмайтындығын еске салу қажет (Брукфильд және Прескиль, 1999).
http://cte.uwaterloo.ca/teaching_resources/teaching_>ps/Other/gw_types_of_small_groups.pdf.pdf






44

СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ
Жалпы сипаттама
Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі жоқ ашық пікірталас жүргізу арқылы визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамытудағы тиімді әдістердің бірі. Талқылауға арналған маңызды тақырыптың болғаны жақсы.
Сыныпты жоспарлау

Әр оқушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын қажет.
Жұмыс алгоритмі
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін/эмоцияларын білдіре алады.





45

АЙНАЛМАЛЫ БЕКЕТТЕР
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді.
Сыныпты жоспарлау
Бөлмеге индикаторлары, түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекеттер қою керек (немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын көре аласыз).
Жұмыс алгоритмі
Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.
( http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm)





46

ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС
Жалпы сипаттама

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.

Сыныпты жоспарлау

Нақты еш нәрсе қажет емес.
Жұмыс алгоритмі

Төмендегіні қараңыз
Көбірек білу үшін http://www.eazhull.org.uk/nlc/think,_pair,_share.htm қараңыз





47

ҮШ ҚАДАМДЫҚ СҰХБАТ
Мақсаты:

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.
Сыныпты жоспарлау
Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.
Жұмыс алгоритмі

Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі. ( http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm)





48

ЖҰДЫРЫҚ-АЛАҚАН

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • өзін өзі басқару.


Жалпы сипаттама
Осы әдіс оқушыларда сабақтың немесе тоқсанның соңында күтілетін нәтижелерге қол жеткізгендігіне қаншалықты сенімді екендіктерін бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл сондай-ақ оқушылардың мұғалім жаңа ғана қойған сұрақтың жауабын білетіндіктеріне қаншалықты сенімді екендіктерін білдіретін құрал ретінде де қолданылады. Сонымен қатар оқушыларға өз оқулары туралы ойлануды ұсынатын тапсырма ретінде «Бас бармақты» қарауды ұсынамыз.
Жұмыс алгоритмі


  1. Тоқсанның соңында оқушылардан олардың мақсаттарға қол жеткізгендігіне қаншалықты сенімді екендіктерін сұрау қажет. Жауап ретінде қолдарымен үш түрлі белгі бере алады:


- егер олар мақсаттарға және күтілген нәтижелерге қол жеткізгендігіне сенімді болса - ашық алақан;
- егер олар мақсатқа жартылай ғана жетіп, бірақ әлі де болса жұмыс істеу керек деп санаса - үш саусағын жоғары көтереді;
- егер олар елеусіз ғана табысқа жеттім немесе мақсатқа жету үшін ештеңе істемедім деп есептесе – жұдырығын көрсетеді.


  1. Егер осы әдіс сабақ барысында мұғалімнің нақты сұрағына жауап ретінде пайдаланылса, онда мынадай қимылдарды қолдануға болады: егер олар жауапты білетіндігіне сенімді болса – ашық алақан; егер олар жауаптың бір бөлігін ғана білетін болса немесе өз жауабының дұрыстығына толық сенімді болмағанда - үш саусақты жоғары көтереді; егер олар жауапты білмеген жағдайда – жұдырығын көрсетеді.





  1. Егер осы әдіс тоқсанның соңында пайдаланылатын болса, жауап алу барысында мақсатқа қалай қол жеткізгендігін, оқушылардың тағы неге қол жеткізгісі келетіндерін және оған қалай кірісетіндерін, мақсатқа жетуге не бөгет болатындығын және болашақта оларға осындай кедергілерді қалай болғызбауға болатынын анықтауға болады.


49

  • (Білемін – Білгім келеді – Білдім)


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпаратты басқару;

  • өзін өзі басқару.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады.
Жұмыс алгоритмі


  1. БББ кестесіндегі «Білемін» бағанына оқушылар олардың белгілі бір тақырып немесе сұрақ бойынша нені білетінін жазады.


Егер оқушылар топтарда жұмыс істейтін болса, олар өздерінің бірлескен жауаптарын кестеге жазбай тұрып, алдымен «Стикер» тапсырмасын өткізе алады.


  1. Содан кейін оқушылар «Білгім келеді» бағанына не білгілері келетіндігі туралы жаза отырып, өз білімдеріндегі олқылықтар туралы ойланады.




  1. Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын толтырады. Бұл жерде олар бірінші екі бағанның дұрыстығын растайды және тақырып бойынша алған білімдерін өздерінің бұған дейін болған, «Білемін» бағанында жазылған білімдерімен салыстырады.


Тақырып: Танзания

Білемін




Білгім келеді




Білдім




 Дамушы ел;



мектептер туралы;



тайпалық тұрмыс мал




 Масай тайпалары;



импорт/экспорт;




өсіруге және




 Килиманджаро тауы;

 ең төмен күнкөріс деңгейі;




жаугершілікке




 санитарлық қызметтердің



тайпалық тұрмыс;



негізделген;




жетіспеушілігі;



басқа географиялық

Нгоронгоро кратері.




 Сафари.




пайдалы объектілер.