Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 126

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





50

Қалай оқу керектігін үйрену жөніндегі сынып сабақтары
Бұл бөлімде Уоткинс бірнеше автормен (2000) бірлесіп ұсынған сабақтар жинақталған. Қалай оқу керектігін үйренуге басты назар аударылған. Мақсаты оқушыларға зерделеуге, ойлануға және оқыту үдерістері туралы білуге көмектесу болып табылады.
Бұл сабақтарға негіз болған оқушылар мен оқыту қағидаттары төменде берілген:


  1. Табысты оқушы – оқумен байланысты үдерістерді түсінетін және осы түсініктерін оқу барысында кеңінен қолдана алатын бала.




  1. Тиімді оқытуға жататын үдерістер:

  • түрлі мәнмәтіндерде зерделенген мәселелер арасында байланыс орнату;

    • басқа біреудің өз бетінше оқуы және оқу стратегиялары туралы ойлар;

  • оқу үдерісін тиімді ету үшін оқыту жағдайлары қандай рөл атқарғандығы туралы зерделеу;

  • оқытудың алдағы мақсаттарын белгілеу;

  • оқу кезінде өзгелермен жұмыс істеу.


    Оқушының оқуға деген жалпы бейімділігін дамытуға бағытталғандықтан, бұл тарауда сөз болатын әдістер белгілі бір пәндік салаға қатысты емес, олар оқыту үдерістері мен түрлі жағдайларда оқу туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Бұл тараудың көздеген мақсаты түрлі жағдайларда оқушыларды оқытуды жақсарту болып табылады. Олар оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін әзірленген, мұғалімдер бұл әдістерді орта және кіші буын оқушыларына қолдана алады, бірақ бастауыш сынып оқушыларына пайдалану үшін біршама жетілдірілуі қажет.
    Тиімді оқытуды жоспарлау кезінде тапсырмалар мен үдерістер

    • белсенді тыңдауға;

    • бірлесіп оқуға;

    • оқу нәтижесі үшін жауапкершілік алуға;

    • оқу туралы білім алуға ықпал етуі тиіс.

    Осыған қол жеткізу үшін сабақтар оқыту циклінің кезеңдері бойынша құрылған:

    Орындау

    Оқушылар ойлануды, өзара бірлесіп әрекет етуді және ұжымдық жұмысты




    талап ететін түрлі тапсырмаларға тартылған.

    Талдау

    Оқушылар сабақ туралы ойланады және олардың жеке адам, сондай-ақ топ




    мүшесі ретінде оқытылуына көмектесе немесе кедергі жасай алатын танымдық




    және эмоциялық аспектілерге баға береді.

    Зерделеу

    Оқушылар оқытуды талдау барысында аңғарған нәрселері мен болжамдарын




    пысықтап, талдайды. Бұл төмендегілерді қамтуы мүмкін:




    не үшін

    оқу кезіндегі мақсаттар




    қалай

    оқу кезіндегі стратегияларды орындау




    не

    оқу кезінде әсер туғызу




    қалай

    оқу кезінде эмоцияларды сезіну




    қашан, кіммен, қайда

    оқу жағдайы




    Бұл оқушылардың жаңа стратегиялар жасауына және/немесе оқытудың ескі




    стратегияларын қайта қарастыруына түрткі болады.

    Қолдану

    Оқушылар ойланады және өздерінің жаңа немесе қайта қарастырылған




    стратегияларын оқудың түрлі жағдайларында қолдануды жоспарлайды. Тиімді




    оқуды жалғастырудағы мұғалімнің рөлі маңызды.



    Жоғарыда аталған төрт кезеңде мұғалім атқаратын әрекеттер:



    Орындау Мұғалім сабаққа, тапсырмалар мен үдерістерге белсенді тарту үшін оқушыларды ынталандырады және қолдайды.



    Талдау Мұғалім оқушылардың мәселе төңірегінде ойлануын, оны талқылау барысын және кері байланысты үйлестіреді және жаңа болжамдар мен бақылаулардың, стратегияларды бағалаудың пайда болуын ынталандырады.




    Зерделеу Мұғалім оқушыларға талдау барысында пайда болған бақылаулар мен





    51

    болжамдарды атап көрсете отырып, нағыз стратегияларды салыстыруға және қарама-қарсы қоя білуге, олардың келесі деңгей үшін қалай өзгеретіндігін анықтауға көмектесе отырып, олардың оқу үдерісіне қолдау көрсетеді.
    Қолдану Мұғалім оқыту трансфертін, нақты жағдайлар мен мәнмәтіндерге сәйкес стратегияларды жоспарлап, мақсаттарды анықтауды алға тарта отырып, оқушыларға жаңа болжамдар негізінде болашақты өзгеше жоспарлауға көмектеседі.



    Алда келтірілген әдістер сипаттамасында ол әдісті қай кезде қолдану тиімді екенін көрсету мақсатында осы төрт кезең ерекшеленіп, қою бояумен беріледі.
    БІЗ ҚАЛАЙША ЖАҚСЫ ОҚИМЫЗ?
    Бұл әдіс Г.Гиббс зерттеуіне негізделген (1981) «Оқушыларды оқуға үйретеміз: оқушы

    көзқарасы», Мильтон Кейнс: Open University баспасы.

    Бұл кіріспе жаттығу оқушыға:


    • өзінің оқуы туралы ойлай бастауға;

    • өзінің оқуына әсер ететін аспектілерді айқындауға;

    • оқушы ретінде өзі туралы кейбір сәттерді аңғаруға;

    • өз оқуын қалай жақсарту туралы пікірталасқа араласуға көмектеседі.



    Талдау:


    1. Өз бетіңізше өткен кезеңдердегі аса жақсы емес деген оқу тәжірибеңізді еске түсіріңіз. Бұл мектеп, спорт немесе әуестенетін ісіңіз болуы мүмкін – сіз оқуға, білуге сонша ұмтылғаныңызбен де, бұл жақсы тәжірибе бола алмады. Мүмкін сіз оқудан көңіліңіз қалғаныңызды сезген боларсыз, немесе өзіңізге қажет деген нәрсені оқымаған шығарсыз.


    Оқуыңызды егжей-тегжейлі еске түсіріңіз және содан кейін оқу тәжірибеңіздің нашар болуына не себеп болғанын ойлаңыз. Бұған себеп болған аспектілерді жазып алыңыз [3 минут].


    1. Енді оқу тәжірибеңіз сәтті болған оқиғаны еске алыңыз – өзіңізге қажетті нәрсені үйреніп алған, немесе сізге білім алған қатты ұнаған болар, не сіз оқуға аса құныққан жағдайларды және т.б. еске түсіріңіз. Бұған не себеп болды? Кейбір аспектілерді жазып қойыңыз. [3 минут]




    1. Жұп болып бір-біріңізге таңдап алған тәжірибеңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Тәжірибе неліктен сәтті болғаны немесе сәтті болмағаны туралы түсіндіріңіз.


    Екеулеріңіз айтқандардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз. Жұптағы адамыңыз бен сіздің тәжірибелеріңізде ұқсас аспектілер болды ма? Пікірлеріңіз бір-біріне қарама-қайшы келетін ұстанымдар болды ма? [10 минут]


    1. Топ болып әр қатысушының кейбір түсініктемелерін жинақтаңыз. Содан кейін тәжірибе неліктен жақсы болатынын және неліктен онша жақсы болмайтынын сұраңыз.


    Зерделеу: Сәтті және аса сәтті емес тәжірибелерді түсіндірген кезде мынадай мәселелерге көңіл бөлуге тырысыңыз:


    • Сіз не үшін оқыдыңыз, өз мақсаттарыңыз туралы айтыңыз?

    • Бұны Сіз қалай істедіңіз, Сіз оқушы ретінде қолданған стратегия?

    • Сіз және басқалар үшін сіздің оқуыңыздың нәтижелері, салдары қандай?

    • Аталған оқуға қатысты сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз – оқуға дейін, оқу кезінде, одан кейін?

    • Оқыған кезде сіз қашан, қайда, кіммен бірге болдыңыз, сіз болған жағдай қандай болды?

    • Сіз өзіңіздің немесе біреудің оқуы туралы қызық жайларды білдіңіз бе?


    Қолдану: Бұл тапсырманы орындағаннан кейін оқу кезінде байқап көргің келетін жаңа нәрселер пайда болды ма? Қандай жағдайды таңдар едіңіз? Қашан? Сіз жаңа нәрсені орындап көргеннен кейін не болғанын басқалармен қай уақытта талқылайсыз?



    52


    53

    ОҚУ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА
    «Сіз өзіңіздің оқуыңызбен айналысасыз ба?» Бұл сауалнама сіздің кейбір оқу стратегияларыңызды айқындауға көмектеседі, содан кейін олар туралы ойлауға мүмкіндік береді.



    Орындау

    төменде келтірілген алты тұжырымның әрқайсысын оқыңыз және:




    Үзілді-кесілді қарсы болсаңыз

    ҮКҚ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;




    Қарсы болсаңыз

    Қ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;




    Білмесеңіз




    Б деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;




    Келіссеңіз




    К деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;




    Толығымен келіссеңіз

    ТК деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз.




    1. Мен мектепте аса қызықты болатын






















    пәндерді емес, маған кейін жұмыс табуға






















    көмектесетін пәндерді таңдар едім






















    ҮКҚ

    Қ

    Б

    К

    ТК






















    2 Менің мектептегі жұмысым өзімді





































    а




    іштей қолайлы сезінуге мүмкіндік береді



















    деп санаймын

















































    3 Мен барлық пәндер бойынша жоғары
















    ә




    баға алуға тырысамын, себебі маған








































    басқа балалардан артық болған ұнайды






















    4 Мен тек мұғалімнің айтқанын ғана
















    б

























    оқимын, артық оқымаймын

























    5 Мектепте оқып жүрген кезімде бұны
















    в

























    алдағы өмірде қалай кәдеге

























    жарататынымды ойлаймын



















    г































    6 Сыныпта кітаптарды, конспектілерді






















    және басқа да заттарды өзім ойлап тапқан
















    ғ




    тәсілмен сақтаймын, осылайша оларды








































    оңай тауып аламын



























    Жоғарыда көрсетілген алты пікірдің ішінде сіз толығымен келісетін пікір болды

    ма?
    Бұл қандай пікір: а, ә, б, в, г әлде ғ (соңғы бағанды қараңыз)?

    Төменде келтірілген тұжырымдармен жоғарыдағы жұмысты қайталаңыз:


    54

    7 Егер мен тестіні нашар жазсам, келесі






















    ҮКҚ

    Қ

    Б

    К

    ТК







    жолы оны қалай жазатынымды ойлап,




























    қатты уайымдаймын






















    8 Тіпті басқалар менен де көп білсе де,
















    а




    өзімді дұрыс ойлаймын деп санаймын






















    9 Мен мектепте шынымен де басқаларға
















    ә




    қарағанда жақсы оқығым келеді






















    10 Мен барлығын түгел жаттап алғанда,
















    б




    оқу маған жеңіл тиеді






















    11 Жаңа материалды оқыған кезде мен
















    в




    өзіме таныс нәрселер туралы есіме











































    түсіремін де, оларға басқа көзқараспен






















    қараймын
















    г




    12 Мен бүкіл оқу жылында өз оқуымды






















    жоспарлауға тырысамын, осылайша
















    ғ




    мен жоғары баға аламын