Файл: 8сынып Мазмны за мерзімді жоспар 3 Орта мерзімді жоспар 5.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

АЛГЕБРА

Оқу жоспары

2018-2019 оқу жылы

8-сынып

Мазмұны

Ұзақ мерзімді жоспар 3

Орта мерзімді жоспар 5

8.1А бөлім: Квадрат түбір және иррационал өрнек 5

8.2А бөлім: Квадрат теңдеулер 11

8.3А бөлім: Квадрат теңдеулер 21

8.3В бөлім: Квадраттық функция 24

8.3С бөлім: Статистика элементтері 30

8.4А бөлім: Теңсіздіктер 37

Қысқа мерзімді жоспар 43

Сабақ жоспары 43




















Ұзақ мерзімді жоспар


Пәні: Алгебра

Сынып: 8

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

1-тоқсан (23 сағ + 1 сағ)

7-сыныптағы геометрия курсын қайталау (3 сағ)

8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

(20 сағ)

Нақты сандар

8.1.1.1

иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру;

Квадрат түбір

8.1.1.2

санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату;

8.1.2.1

арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;

8.1.2.2

квадрат түбірдің мәнін бағалау;

Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

8.1.2.3

көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;

8.1.2.4

бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;

8.1.2.5

құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

8.1.2.6

нақты сандарды салыстыру;

функциясы, оның графигі және қасиеттері

8.4.1.1

функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;

8.4.1.4

аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

2-тоқсан(23 сағ + 1 сағ)

8.2А Квадрат теңдеулер.

(23 сағ)

Квадрат теңдеу

8.2.2.1

квадрат теңдеудің анықтамасын білу;

8.2.2.2

квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату;

Квадрат теңдеулерді шешу

8.2.2.3

квадрат теңдеулерді шешу;

8.2.2.4

Виет теоремасын қолдану;

Квадрат үшмүше

8.2.1.1

квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

8.2.1.2

үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3

квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

Теңдеулерді шешу

8.2.2.5



түріндегі теңдеулерді шешу;

8.2.2.6

бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;

8.2.2.7

квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу;

3-тоқсан (29 сағ +1 сағ)

8.3А Квадрат теңдеулер.

(6 сағ)

Мәтінді есептерді шығару

8.4.2.1

мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.2

мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

8.3В Квадраттық функция

(15 сағ)

Квадраттық функция және оның графигі

8.4.1.2



түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу;

8.4.1.3

түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу;

8.4.1.4

аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

Мәтінді есептерді шығару

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

8.4.3.1

есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

8.3С Статистика элементтері (8 сағ)

Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы

8.3.3.1

таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;

8.3.3.2

жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;

Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

8.3.3.3

жинақталған жиілік анықтамасын білу;

8.3.3.4

статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау;

8.3.3.5

дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;

4 тоқсан (23 сағ +1 сағ)

8.4А Теңсіздіктер (17 сағ)

Квадрат теңсіздік

8.2.2.8

квадрат теңсіздіктерді шешу;

Рационал теңсіздік

8.2.2.9

рационал теңсіздіктерді шешу;

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

8.2.2.10

біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;

8.2.2.11

құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;

8-сыныптағы геометрия курсын қайталау (6 сағ)




Орта мерзімді жоспар


Алгебра. Негізгі орта бiлiм беру. 8-сынып

8.1А бөлім: Квадрат түбір және иррационал өрнек


Ұсынылатын сағат саны: 20

Осыған дейін меңгерілген білім

Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамаларын, дәреженің қасиеттерін білу; дәреженің мәнін есептеу дағдысы, санды санның квадраты түрінде жаза алу; функцияның графигін салу дағдысы; рационал сандар тізбегін жалғастыра, құрастыра алу.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде алынған білім әр түрлі алгебралық бөлшектерді ықшамдауда, сонымен бірге квадрат теңдеуді шешу және квадраттық функцияны зерттеу барысында қолданылады.

Бөлім бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Бөлім бойынша лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- иррационал сан тұғымын біледі, иррационал сандарды олардың жазылуы бойынша анықтайды;

- сандарға амалдар қолданғанда шыққан нәтижені талдай алады;

- квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбірдің анықтамаларын біледі;

- квадрат түбірдің мәнін табады;

- квадрат түбірдің қасиетін біледі және қолданады;

- квадрат түбірдің қасиеттері мен ҚКФ пайдаланып иррационал өрнектерді түрлендіруді орындайды;

- функциясының графигін салады, қасиеттерін біледі және оны квадрат түбірдің мәндерін салыстырғанда пайдаланады, немесе квадрат түбірдің мәнін бағалайды.

Оқушылар:

- сандардың иррационалдығын дәлелдей біледі;

- квадрат түбірдің қасиеттерінің тұжырымын пайдаланып өз шешімін түсіндіреді;

- иррационал сандар қасиеттері түсінігіне негізделген сандар туралы талқылау жүргізеді;

- функциясының графигін салу алгоритмін және оның қасиеттерін сипаттайды.

- нақты сандар жиыны;

- рационал және иррационал сандар;

- шектеусіз периодты (периодсыз) ондық бөдшек;

- квадрат түбір;

- арифметикалық квадрат түбір;

- қосындының түбірі және түбірлердің қосындысы;

- көбейтіндінің түбірі және түбірлердің көбейтіндісі;

- бөліндінің түбірі және түбірлердің бөліндісі;

- санның квадрат дәрежесінің түбірі;

- санның жұп дәрежесінің квадрат түбірі;

- иррационал өрнек;

- түбір астындағы өрнек;

- иррационал өрнектің мүмкін мәндер жиыны.

- рационал сан ... түрінде жазылуы/ұсынылуы мүмкін;

-иррационал санды ... түрінде жазуға/ұсынуға болмайды;

- егер ... болса, оң саннан алынған квадрат түбірді иррационал сан деп айтуға болады;

- иррационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану нәтижесінде...;

- иррационал сандардың қосындысы ... болады;

- иррационал сандардың көбейтіндісі ... болады;

- көбейткішті түбір таңбасы алдына шығару үшін ...;

-көбейткішті түбір астына алу үшін ... ;

-иррационал өрнектің мағынасы болады, егер ... ;

- түбір астындағы өрнекті жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазуға болады, ... ;

- бөлшек бөліміндегі (алымындағы) иррационалдықтан құтылу үшін ... .

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар квадрат түбір ұғымын білетін болады, квадрат түбірлер мен иррационал өрнектердің мәндерін табуға үйренеді,әр түрлі иррационал өрнектерге түрлендірулер орындайды.




Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары

Нақты сандар

8.1.1.1

иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру;

Оқушыларды 3-4 адамнан топтарға біріктіріңіз, әр топқа түрлі нақты сандар жазылған үлестірмелер жиынтығын ұсыныңыз. Оқушыларға үлестірмелердегі сандарды Венн диаграммалары арқылы білетін сандар жиынына топтастыруды ұсыныңыз. Жиындарда алынған қарым-қатынастарды символдар арқылы жазуды сұраңыз (N Z, 5 N, 3,5 Q жәнет.б). Оқушылар назарын үлестірмедегі кейбір сандардың (мысалы: π саны немесе шектеусіз периодсыз бөлшек) белгілі жиындарға енгізу мүмкін емес екеніне аударыңыз. Пайда болған проблемалық жағдайды талқылаңыз, иррационал сан ұғымын енгізіңіз, мысал келтіруді ұсыныңыз.

Т

Натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар анықтамаларын оқушылардың есіне салыңыз.

Алгебра 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 3- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2012. – 288 бет. ISBN 978-601-282-574-9

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М.: Мнемозина, 2010. – 384 с. ил.

http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/funktsiya-y-x-svoystva-kvadratnogo-kornya/irratsionalnye-chisla

Квадрат түбір

8.1.1.2

санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату;

Оқушыларды 3-4 адамнан топқа біріктіріп, у = х2 функциясының графигінен функцияның берілген мәндеріне сәйкес аргументтің мәндерін табуды ұсыныңыз. Мысалы:

у = 4 болғанда, аргументтің мәні х = 2 немесе х= -2; у = 6 болғанда, аргументтің мәні х  2,45 немесе х  - 2,45.

у = х2 графигін салу үшін «GeoGebra» бағдарламасын қолданыңыз. Проблемалық жағдай жасау арқылы аргументтің «тура» мәнін табуды ұсыныңыз. Квадрат түбірдің, арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын тұжырымдаңыз және де арифметикалық квадрат түбір белгісін (радикал) көрсетіңіз. Оқушылар назарын өрнегінің а ≥ 0 болғанда ғана мағынасы болатынына аударыңыз.

Т

Радикалы бар өрнектерді дұрыс оқуына назар аударыңыз.

Алгебра. 8 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М.: Мнемозина, 2010. – 384 с. ил.

8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;

Оқушыларға арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін білдіретін теоремаларды көрсету (көбейтіндінің квадрат түбірі,бөліндінің квадрат түбірі және жұп көрсеткішті дәреженің квадрат түбірі).Санды өрнектің мәнін табу үшін оларды қолдану мысалын келтіріңіз.

Мысалы:

;

;

;

;

;

;
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін оқулықтар ресурстарына сүйене отырып, оқушылардың түсіндіруімен тізбектеліп орындалатын жұмыс беріңіз.
Оқушылардың мақсаттарға жету жетістігін тексеру үшін «Tarsia» бағдарламасында дайындалған модельді жинайтын жеке жұмыс ұсыныңыз.

М

Егер мүмкіндік болса арифметикалық квадрат түбір қасиеттерін көрсету үшін видео, PowerPoint демонстрациялық презентациясында анимация қолданыңыз.

Ұ

Оқушылар түсіндірмелерінде қасиеттердің тұжырымдамаларының дұрыс қолданылғанын қадағалаңыз.

Ө

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М.: Мнемозина,

2010. – 384 с. ил.
http://en.wikibooks.org/wiki/A– level_Mathematics/OCR/C1/Indices_and_Surds
http://xetcom.com/programs/system/development/2415–geogebra
http://www.mmlsoft.com/index.php/products/tarsia

8.1.2.2

квадрат түбірдің мәнін бағалау;

Оқушыларға жұпта жұмыс жасауын ұсыныңыз. Әрбір оқушы түрлі сандардың квадрат түбірі бар үлестірме алады,түбірдің мәнін бағалайды, қажетті жазбаны дәптерге орындайды. Жұмыстарын аяқтаған соң, оқушылар дәптерлерін алмастырады және калькуляторды пайдаланып өзара тексеруді жүзеге асырады.

Ж

Ү

«Квадрат түбір» тақырыбының 8.1.1.2 және 8.1.2.1 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Үйде орындау үшін тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды, соның ішінде талдау, жинақтау және бағалауға байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Бұл ретте, мүмкіндігінше оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытатындай тапсырмаларды беріп, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдаланған жөн. Мысалы, 8.1.2.2 мақсатына сәйкес келесі түрдегі есепті ұсынуға болады:

өрнегінің мәні

3-тен аспайтындай етіп,

х-тің үш мәнін табыңыз.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М: Мнемозина,

2010. – 384 с. ил. 140 бет

Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу ;

Көбейткішті квадрат түбір таңбасының астынан шығару дағдылрын қалыптастыру үшін оқулық ресурстарын және «тізбекпен» жұмыс жасауын пайдаланыңыз.

Ұ

Оқушылар назарын айнымалыны түбір таңбасының астынан шығарғанда және түбір таңбасының астына енгізгенде өрнектің таңбасына, яғни айнымалының мәні оң немесе теріс болатынына аударыңыз.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М.: Мнемозина, 2010. – 384 с. ил.
https://www.youtube.com/watch?v=Ub1iT5gwXD4
https://www.youtube.com/watch?v=nbHyo4BHsQ8

8.1.2.4

бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;

Оқушыларға бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан, соның ішінде бөлімінде түбірлердің қосындысы бар, арылуға мысалдар көрсетіңіз,.
Бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылу дағдысын бекіту үшін оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасын ұсыныңыз. Әрбір оқушы кестенің бірінші бағанында бөлшек бөлімінде иррационалы бар өрнек, ал екінші бағанында иррационалсыз жазылған өрнегі бар үлестірме алады. Оқушы екі бағандағы өрнектердің сәйкестіктігін меңзермен көрсетеді. Мысалы:





















































М

, қасиетін және квадраттардың айырмасының формуласын, өрнектердің түйіндесі ұғымын оқушылардың есіне салыңыз.
Ө

Алгебра. 8 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Неш-

ков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М. : Мнемозина, 2010. – 384 с. ил.
https://www.youtube.com/watch?v=LKuC7RF2hZA

8.1.2.5

құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

Оқушылармен өрнектерді түрлендіруге әртүрлі мысалдар қарастырыңыз, соның ішінде жақшаны ашу, ұқсас мүшелерді біріктіруді, қысқаша көбейту формуласын, сонымен қатар алгебралық өрнектерге амалдар орындауды қолданыңыз.

Ұқсас есептер шешу дағдыларын қалыптастыру үшін «Тапсырмалар қобдишасы» дидактикалық ойынын ұсыныңыз. Әрбір оқушы «қобдишадан» тапсырма жазылған үлестірме алады, тапсырманы түсіндіре отырып шешеді.

М

Оқушылар назарын өрнектерді түрлендіргенде қысқаша көбейту формулаларын және көпмүшелерге амалдар қолдану алгоритмдерін пайдаланатынына аударыңыз.

Ө

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Неш-

ков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М. : Мнемозина,

2010. – 384 с. ил.
Мерзляк А.Г., Полонский В.Б., Рабинович Е.М, Якир М.С. Сборник задач и контрьных работ по алгебре для 8 класса. – Х.: Гимназия, 2010. – 96с.: илл.

ISBN 978 – 966 – 474 – 014 – 9.

8.1.2.6

нақты сандарды салыстыру;

Сандарды салыстыру дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға жұптасып нақты сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастыруды ұсыныңыз (әр санға бір әріп сәйкес келеді). Көрсетілген тәртіппен сандарды орналастырып және оған сәйкес келетін әріптерді жазғанда сөз алынады (ғалымның тегі және т.с.).

Мысалы: «Сандарды өсу ретімен орналастырып, сәйкес әріптерді жазыңыз»









2



Д

К

И

Е

Л

В




Ж

Ү

«Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбының 8.1.2.3, 8.1.2.4 , 8.1.2.5, 8.1.2.6 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Тапсырмалар иррационал өрнектерді түрлендіру дағдыларын пысықтауға, соның ішінде көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу және бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтуға бағыттылған .

http://www.yaklass.ru/p/algebra/8-klass/deistvitelnye-chisla-9092/mnozhestvo-deistvitelnykh-chisel-12419/re-53ed48d3-8592-4a4f-a2ba-8cc3886db5dd

функциясы, оның графигі және қасиеттері

8.4.1.1

функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;

Оқушыларға кестені толтыруды ұсыныңыз:



Оқушылардан координаталық жазықтықта координатасы кестедегі санмен сәйкес келетін нүктені белгілеуді (абсциссасы – х, ординатасы – ) және оларды тұтас сызықтармен қосуды сұраңыз. Оқушыларға «функцияның түбірі» ұғымын және оның графигінің түрін түсінуге алып келіңіз.

Оқушылардан салынған график бойынша берілген функцияның қасиеттерін тұжырымдауды жұпта орындауды сұраңыз.

Ұ

Оқушылардың назарын функцияның түбірінің өспелі екеніне және осы қасиетті түбірі бар өрнектердің мәндеріне салыстыруда пайдалануға болатынына аударыңыз.

Ж

Оқушылар назарын берілген функцияның анықталу облысына, яғни бұл қасиетті түсіну 8.2.1.4 мақсатына табысты жету үшін қажет екендігіне аударыңыз.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М.: Мнемозина, 2010. — 384 с. ил. 143 бет.
http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/funktsiya-y-x-svoystva-kvadratnogo-kornya/funktsiya-y-x-eyo-svoystva-i-grafik-reshenie-zadach

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

Функция графигін оқу дағдыларын және функцияның мәндерін табу дағдыларын қалыптастыру үшін келесі тапсырманы ұсынуға болады:

«Берілген сызбаны талдаңыз. Белгіленген нүктелердің координаталарын табыңыз».



Ө

Ү

« функциясы, оның графигі және қасиеттері» тақырыбының 8.4.1.1 және 8.4.1.4 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Үйде орындау үшін тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды, соның ішінде талдау, жинақтау және бағалауға байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Бұл ретте, мүмкіндігінше оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытатындай тапсырмаларды беріп, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдаланған жөн. Мысалы, 8.4.1.4 мақсатына сәйкес келесі түрдегі есепті ұсынуға болады: «Функциялардың графиктерімен сурет саламыз»

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М. : Мнемозина,

2010. – 384 с. ил.



Шартты белгілеулер:

Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс;

Т = топтық жұмыс;

Ө = өздік жұмыс;

Ж = жұптық жұмыс;

М = мұғалімнің көрсетуімен;

Ү = үй тапсырмасы.



Алгебра. Негізгі орта бiлiм беру. 8-сынып

8.2А бөлім: Квадрат теңдеулер


Ұсынылатын сағат саны: 23

Осыған дейін меңгерілген білім

Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, квадрат түбірлерді таба алу, иррационал өрнектердің мәнін есептеу, бүтін және иррационал өрнектерді ықшамдау дағдылары.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде алынған білім бүтін және рационал теңсіздіктерді шешумен қатар, кез келген теңдеулерді, соның ішінде квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешуде қолданылады.

Бөлім бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Бөлім бойынша лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- квадрат үшмүше мен квадрат теңдеудің анықтамаларын біледі;

- квадрат теңдеулердің түрлерін біледі және анықтайды;

- квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын біледі және қолданады;

- Виет теоремасын біледі және қолданады;

- бөлшек-рационал және квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешеді.

Оқушылар:

- квадрат немесе бөлшек-рационал теңдеудің шешімін түсіндіреді;

- квадрат теңдеудің түбірлерінің саны туралы дәлелді талқылайды;

-квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алу және квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмін сипаттайды;

- Виет теоремасына (оған кері теоремаға) сүйеніп, квадрат теңдеудің түбірлері туралы талқылау жүргізеді;

- берілген бөлімнің пәндік лексикасымен және терминологиясымен жұмыс істейді.

- квадрат үшмүше;

- квадрат үшмүшенің түбірі;

- квадрат теңдеу;

- екінші дәрежелі теңдеу;

- толық және толымсыз квадрат теңдеулер;

- келтірілген квадрат теңдеу;

- бірінші немесе басты коэффициент, екінші коэффициент немесе х-тің коэффициенті, бос мүше;

- дискриминант;

- екімүшенің квадратын бөліп алу;

- рационал теңдеу;

- биквадрат теңдеу;

- бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер жиыны;

- бөгде түбір.

- теңдеудің сол жақ бөлігін екімүшенің квадраты түріне келтірейік;

-... квадрат теңдеудің дискриминанты деп аталады;

- берілген квадрат теңдеудің... (түбірлер саны) түбірі бар, өйткені ... ;

- кез келген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін ... арқылы өрнектеуге болады;

- берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы бірдей, өйткені ... ;

- берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы әр түрлі, өйткені ... ;

- берілген түбір бөгде түбір, өйткені ... .

Қысқаша шолу

Оқушылар квадрат, бөлшек-рационал және биквадрат теңдеулерді шешуді үйренеді; квадрат теңдеу түбірлерінің саны мен таңбалары туралы талқылайды.