Файл: 8сынып Мазмны за мерзімді жоспар 3 Орта мерзімді жоспар 5.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары

Квадрат теңдеу

8.2.2.1

квадрат теңдеудің анықтамасын білу;

Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топқа әр түрлі (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі және т.б.) теңдеулер жазылған үлестірмелер таратыңыз. Оқушыларға берілген теңдеулерді классификациялап, классификациялау қағидасын түсіндіруді ұсыныңыз. Талқылау барысында, оқушыларды квадрат теңдеудің анықтамасын түсінуге әкеліңіз. Оқушыларға квадрат теңдеулерге өз мысалдарын келтіріп жазғызып, олардың коэффициенттерін атауды ұсыныңыз.

Т

Квадрат теңдеудің коэффициенттері олардың теңдеудегі орнына емес, айнымалының қандай дәрежесінің алдында тұрғанына байланысты екеніне оқушылардың назарын аударыңыз.

Мысалы, теңдеуіндегі бірінші коэффициент 2-ге тең.

Алгебра 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 3- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2012. – 288 бет. ISBN 978-601-282-574-9
http://www.mathsisfun.com/algebra/quadratic-equation.html

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/quadequationshirev1.shtml

https://www.youtube.com/watch?v=VqzYbWrE4e4

8.2.2.2

квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату;

Оқушыларға жұпта төмендегі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.

Мысалы:

1. Төмендегі теңдеулерден квадрат ЕМЕС теңдеуді көрсетіңіз. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.

А) ;С) ;

В) ;D) .

2. Төмендегі түріндегі квадрат теңдеулердің әрқайсысынан a, b, c коэффициенттерін көрсетіңіз.

1)

2)

= , = , = .


= , = , = .

3)

4)

= , = , = .

= , = , = .

Содан соң оқушыларға берілген теңдеулерді толық және толымсыз немесе келтірілген және келтірілмеген теңдеулер деген екі бағанға жазуды ұсыныңыз.

Ж


https://www.youtube.com/watch?v=VqzYbWrE4e4

https://www.youtube.com/watch?v=Vik90Q_yGSA

Квадрат теңдеулерді шешу

8.2.2.3

квадрат теңдеулерді шешу;

Оқушыларға толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді үйрету үшін көбейткіштерге жіктеу әдісін талқылаңыздар. Оқушыларды топтарға біріктіріп, бірнеше толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді ұсыныңыз. Оқушылар тапсырмаларды орындаған соң, толымсыз квадрат теңдеулерді шешудің алгоритмін құрастырады. Топтар өз жұмыстарын басқа оқушыларға көрсетеді.
Квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтауды зерттеу ретінде төмендегі тапсырманы ұсынуға болады.



Теңдеулер

Дискриминантты зерттеу __________

Түбірлер саны

1









2









3









4









5









6









7












Т

Квадрат теңдеуді шешудің барлық әдіс-тәсілдерін меңгерту қажет екеніне назар аударыңыз.

http://www.themathpage.com/Alg/complete-the-square.htm#proof

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/quadequationshirev2.shtml

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/quadequationshirev3.shtml

Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Алгебра 8 класс. Задания для обучения и развития учащихся. М.: Интеллект-Центр, 2013, 101-бет

https://www.youtube.com/watch?v=_8kCIRbOpsQ

8.2.2.4

Виет теоремасын қолдану;

Оқушыларға жұптасып төмендегі кестені толтыруды ұсыныңыз:



Теңдеулер

a

b

c









1
























2
























3
























4
























5
























6
























7

























Тапсырманы орындаған соң, оқушылар квадрат теңдеудің коэффициенттері мен түбірлері арасындағы байланысты ереже түрінде құрастырулары қажет.

Оқушыларға:

... ;

... ;

.. ;.

... ;

... .

өрнектерінің мәндерін Виет теоремасына сүйене отырып табуды ұсыныңыз, мұндағы және түріндегі квадрат теңдеудің түбірлері.

Виет теоремасына кері теореманы бекіту мақсатында оқушыларға төмендегі тапсырманы ұсыныңыз:

Түбірлері және болатын квадрат теңдеуді құрастырыңыз:



Ж

Дәл осылайша келтірілмеген квадрат теңдеулерді де қарастыруға болады.

Ү

«Квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбының 8.2.2.3 және 8.2.2.4 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Тапсырмалар квадрат теңдеулерді шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, соның ішінде талдау, жинақтау және бағалауға байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Мысалы, 8.2.2.4 оқу мақсатына қатысты түбірлерін анықтамай-ақ түбірлерінің квадраттарының қосындысын табу немесе түбірлердің айырмасын ( түбірлердің қатынасын) біле отыра квадрат теңдеудегі белгісіз коэффициентті табу


http://www.youtube.com/watch?v=DWNqFr-zXYA

Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Алгебра 8 класс. Задания для обучения и развития учащихся. М.: Интеллект-Центр, 2013, 110-111-бет
https://www.youtube.com/watch?v=6BNdfJIXYsY

Квадрат үшмүше

8.2.1.1

квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

Квадрат үшмүшенің түбірлері анықтамасын қолдануға оқушыларға жеке-жеке «Шифр-үлестірмені» ұсынуға болады.

Мысалы:

Ұсынылған айнымалының мәндері ішінен әрбір үшмүшенің түбірі болатын мәнді таңдап алу қажет. Сәйкес әріптің кодын үшмүшелер номері ретімен жазыңыз. Қолайлы болу үшін нәтижені кестеге жазыңыз, сонда математикадан тұңғыш қазақ профессорының тегі шығады.



Үшмүше

Айнымалының мәні

Әріптің коды

1

 3х2+ 8х – 11

 -0,5

М

2

 2х2 – 5х + 2

 -2

О

3

4х2 – 5х – 3,5 

 2

Р

4

 х2 + 6х – 7

0

Ж

5

 3х2+ 2х – 1

 -1

К

6

 х2+ 0,5х – 3

1

Е

7

 8х2+ 2х – 3

 0,5

В

Жауабы: ЕРМЕКОВ Әлімхан Әбеуұлы (1891-1970).

Ө

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М.: Мнемозина, 2010. – 384 с. ил.
https://www.youtube.com/watch?v=_Ymm-RO-E1Y




8.2.1.2

үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

Оқушыларға келесі тапсырманы орындауға ұсыныңыз.

Мысалы:

Екімүшенің квадратын бөліп алыңыз және бос орындарды толтырыңыз:



Содан кейін жауапты дайын үлгімен тексеруге болады.

Ө

Коэффициенті үшмүшені жіктеу жағдайына оқушылардың назарын аудару қажет.

Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Алгебра 8 класс. Задания для обучения и развития учащихся. Учебное пособие. М.: Интеллект-Центр, 2013. 108-бет.
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/quadequationshirev2.shtml




8.2.1.3

квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

Үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдыларын алғаш рет бекіту үшін оқушыларға келесі кестені толтыруды ұсыныңыз.



Квадрат үшмүше

Квадрат үшмүше түбірлері

Үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

1



,



2









3









4









5









6









Содан кейін жұпта дайын үлгі бойынша өзара тексеру жүргізуге болады.

Ө

Көбейткіштерге жіктеу тура орындалатын ғана емес, сонымен қатар ол қандай да бір есепті шешудің бір бөлігі болатын тапсырмаларды қарастыруға болады. Мысалы, алымы мен бөлімі үшмүше болатын алгебралық бөлшектерді қысқарту кезінде.

Ү

«Квадрат үшмүше» тақырыбының 8.2.1.2 және 8.2.1.3 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Тапсырмалар көбейткіштерге жіктеу және толық квадратын бөлу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Ю.М. Колягин, Ю.В. Сидоров,М.В. Ткачева, Н.Е. Федорова, М.И. Шабунин. Алгебра 8 класс. Рабочая тетрадь

Пособие для учащихся общеобразовательных учреждений. 6-е издание. М.:Просвещение. 2010 г.

Теңдеулерді шешу

8.2.2.7

квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу;

Оқушылармен келесідей теңдеулерді шешу мысалдарын қарастырыңыз:

  1. х4 + 5х2 = 126;

  2. (х2 - 1)2 –18(х2 - 1) + 45 = 0;

  3. х2 + 3|х|–4 =0;



  4. (х2 + 3х - 20)(x2 + 3х + 2) = 240;

  5. (х + 1)(х + 2)(х + 3)(х + 4) = 840.

Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға «Тапсырмалар қобдишасы» деген дидактикалық ойынды ұсыныңыз. Әрбір оқушы «қобдишадан» теңдеуі бар үлестірмені алып, оның шешімін алдында меңгерілген алгоритм бойынша орындайды.

Тапсырмасы бар үлестірмелерді оқушылардың өздеріне құрастыруды ұсынуыңызға болады.

М

Ө


https://www.youtube.com/watch?v=z3pzQ98FSqo

8.2.2.6

бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;

Оқушылармен бөлшек-рационал теңдеулерді шешу алгоритмін қарастырыңыз.

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру үшін әрбір теңдеуге Қазақстандағы облыс аты сәйкес келетіндей кешенді тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

Мысалы:

«Ауданы ең үлкен ( ) облыс»;

Ауданы ең кіші ( ) облыс;

Тұрғын саны ең көп облыс;

Тұрғын саны ең аз( ) облыс;

Қазақстандағы ең биік нүкте - Хан-Тәңірі шыңы орналасқан ( ) облыс;

Қазақстанда ең төмен температура тіркелген ( ) облыс(-570 С)».

Теңдеу

Облыс атауы



Атырау



Маңғыстау



Ақмола



Оңтүстік Қазақстан



Алматы



Қарағанды




Ө

Теңдеулерді шешу барысында теңдеу түбірлерінің мүмкін мәндер жиынына тиістілігіне оқушылардың назарын аударыңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=hQWlWH1AYGM
http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/kvadratnye-uravneniya-prodolzhenie/algoritm-resheniya-ratsionalnyh-uravneniy

8.2.2.5

|ax2 + bx| + c = 0;

ax2 + b|x| + c = 0түріндегі теңдеулерді шешу;

Оқушыларға түріндегі теңдеулерді модульдің анықтамасы және модулі бар қарапайым теңдеулерді шешу алгоритмі бойынша шешіп көрсетіңіз. Сонымен қатар, түріндегі теңдеуді де айнымалыны алмастыру немесе модульдің анықтамасы бойынша шешуді көрсетіңіз.

Осындай теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру үшін оқушыларға «Тапсырмалар қобдишасын» ұсыныңыз. Әрбір оқушы «қобдишадан» теңдеуі бар үлестірмені алып, оны алдында меңгерген алгоритмге сүйеніп шешеді.

М

Модуль анықтамасы мен түріндегі теңдеуді шешу ретіне оқушылардың назарын аударыңыз.

Ө

Ү

«Теңдеулерді шешу» тақырыбының 8.2.2.7, 8.2.2.6 және 8.2.2.5 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі.

Үйде орындау үшін тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды және үй жұмысына әрбір мақсатқа 2 теңдеуден болатындай теңдеулер саны 6-8 теңдеуді ұсынуға болады

https://www.youtube.com/watch?v=8lw3YcUa_t0

Мәтін есептерді шығару

8.4.2.1

мәтін есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

Оқушыларды 3 адамнан тұратын топтарға біріктіріп, өмірмен байланысты есепті шешуді ұсыныңыз.

Мысалы:

«Жас инженер Арман Ермеков «Жас жанұя» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алды. Ол балалар бөлмесінің еденіне ковролан төсеуді ұйғарды. Ол үшін ұзындығы енінен екі есе үлкен тіктөртбұрыш тәрізді ковролан сатып алды. Шеберлер ковроланды еденге төсеу үшін оның енінен 30 см және ұзындығынан 1 м 20 см қиып алды. Егер Ермековтың пәтерінің ауданы 17,36 м2болса, осы пәтерге қойылатын плинтустың ұзындығы қандай болуы керек?»

Оқушылар есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастыруы, теңдеуді шешуі және есептің шартына сәйкес жауапты жазуы қажет.

Әрбір топ өз шешімдерін басқа топтарға көрсетеді.

Шығармашылық тапсырма ретінде оқушыларға квадрат теңдеуге келтірілетін өмірмен байланысты өз есептерін құрастыруды ұсыныңыз.

Т

Математикалық модель құрастыру кезеңіне назар аударыңыз. Кестені немесе ауызша сипаттауды қолданыңыз:

«Айталық, х м ... болсын».

А.Г. Мордкович, Н.П.Николаев Алгебра. 8 класс: учебник для учащихся общеобразовательных учреждений/–4-е изд., перераб. – М.:Мнемозина, 2008, 240-бет

8.4.2.2

мәтін есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

Бөлшек-рационал теңдеулер құру есептерін шығару дағдыларын жетілдіру үшін «Карусель» (құрамы өзгеріп тұратын топтарда жұмыс істеу) техникасын қолданып көріңіз. Оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бірігіп, төрт түрлі (қозғалысқа берілген, жұмысқа берілген және т.б. есептер) тапсырмасы бар үлестірмелер алады. Әрбір оқушы кез келген бір тапсырманы таңдап, оның толық шешімін рәсімдеуі керек. Егер оқушы өз есебінің шешімінің немесе рәсімделуінің дұрыстығына күмән келтірсе, осы есепті таңдаған басқа оқушылармен бірігіп топ құрайды. Есепті толық шешкен соң, бастапқы өз тобы оқушыларына өз есептерінің шешімдерін түсіндіреді.

Т

Кестені немесе ауызша сипаттауды пайдаланып, математикалық модель құрастыру кезеңіне назар аударыңыз.

Ү

«Мәтінді есептерді шығару» тақырыбының 8.4.2.1 және 8.4.2.2 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі.

Үйде орындау үшін тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды, соның ішінде талдау, жинақтау және бағалауға байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Сонымен бірге практикалық тұрғыдағы есептерді берген жақсы болар еді. Талдау және синтез дағдыларын дамыту ұшін топтық шығармашылық тапсырманы ұсынуға болады:

«Есептерді шығару үшін тірек конспект құрастырыңыз және мысалдар келтіріңіз». Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға жұмысқа, құрлықтағы қозғалыс пен су бойындағы қозғалысқа есептерді қарастыру қажет.

https://www.youtube.com/watch?v=LtCh4ge5ewc
https://www.youtube.com/watch?v=LtCh4ge5ewc




Алгебра. Негізгі орта бiлiм беру. 8-сынып

8.3А бөлім: Квадрат теңдеулер


Ұсынылатын сағат саны: 6

Осыған дейін меңгерілген білім

Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, квадрат түбірлерді таба алу, иррационал өрнектердің мәнін есептеу, бүтін және иррационал өрнектерді ықшамдау дағдылары

Мәнмәтін

Бұл бөлімде алынған білім бүтін және рационал теңсіздіктерді шешумен қатар, кез келген теңдеулерді, соның ішінде квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешуде қолданылады.

Бөлім бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Бөлім бойынша лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- мәтін есептерді квадрат теңдеу немесе бөлшек-рационал теңдеу құру арқылы шеше алады.

Оқушылар:

- берілген бөлімнің пәндік лексикасымен және терминологиясымен жұмыс істейді.

- рационал теңдеу;

- бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер жиыны;

- бөгде түбір

- берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы бірдей, өйткені ... ;

- берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы әр түрлі, өйткені ... ;

- берілген түбір бөгде түбір, өйткені ...

Қысқаша шолу

Оқушылар мәтін есептерді квадрат немесе бөлшек-рационал теңдеулер құру арқылы шығара алады.



Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары

Мәтін есептерді шығару

8.4.2.1

мәтін есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

Оқушыларды 3 адамнан тұратын топтарға біріктіріп, өмірмен байланысты есепті шешуді ұсыныңыз.

Мысалы:

«Жас инженер Арман Ермеков «Жас жанұя» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алды. Ол балалар бөлмесінің еденіне ковролан төсеуді ұйғарды. Ол үшін ұзындығы енінен екі есе үлкен тіктөртбұрыш тәрізді ковролан сатып алды. Шеберлер ковроланды еденге төсеу үшін оның енінен 30 см және ұзындығынан 1 м 20 см қиып алды. Егер Ермековтың пәтерінің ауданы 17,36 м2болса, осы пәтерге қойылатын плинтустың ұзындығы қандай болуы керек?»

Оқушылар есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастыруы, теңдеуді шешуі және есептің шартына сәйкес жауапты жазуы қажет.

Әрбір топ өз шешімдерін басқа топтарға көрсетеді.

Шығармашылық тапсырма ретінде оқушыларға квадрат теңдеуге келтірілетін өмірмен байланысты өз есептерін құрастыруды ұсыныңыз.

Т

Математикалық модель құрастыру кезеңіне назар аударыңыз. Кестені немесе ауызша сипаттауды қолданыңыз:

«Айталық, х м ... болсын».

А.Г. Мордкович, Н.П.Николаев Алгебра. 8 класс: учебник для учащихся общеобразовательных учреждений/–4-е изд., перераб. – М.:Мнемозина, 2008, 240-бет

8.4.2.2

мәтін есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

Бөлшек-рационал теңдеулер құру есептерін шығару дағдыларын жетілдіру үшін «Карусель» (құрамы өзгеріп тұратын топтарда жұмыс істеу) техникасын қолданып көріңіз. Оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бірігіп, төрт түрлі (қозғалысқа берілген, жұмысқа берілген және т.б. есептер) тапсырмасы бар үлестірмелер алады. Әрбір оқушы кез келген бір тапсырманы таңдап, оның толық шешімін рәсімдеуі керек. Егер оқушы өз есебінің шешімінің немесе рәсімделуінің дұрыстығына күмән келтірсе, осы есепті таңдаған басқа оқушылармен бірігіп топ құрайды. Есепті толық шешкен соң, бастапқы өз тобы оқушыларына өз есептерінің шешімдерін түсіндіреді.

Т

Кестені немесе ауызша сипаттауды пайдаланып, математикалық модель құрастыру кезеңіне назар аударыңыз.

Ү

«Мәтінді есептерді шығару» тақырыбының 8.4.2.1 және 8.4.2.2 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі.

Үйде орындау үшін тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды, соның ішінде талдау, жинақтау және бағалауға байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Сонымен бірге практикалық тұрғыдағы есептерді берген жақсы болар еді. Талдау және синтез дағдыларын дамыту ұшін топтық шығармашылық тапсырманы ұсынуға болады:

«Есептерді шығару үшін тірек конспект құрастырыңыз және мысалдар келтіріңіз». Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға жұмысқа, құрлықтағы қозғалыс пен су бойындағы қозғалысқа есептерді қарастыру қажет.

https://www.youtube.com/watch?v=LtCh4ge5ewc
https://www.youtube.com/watch?v=LtCh4ge5ewc




Алгебра. Негізгі орта бiлiм беру. 8-сынып

8.3В бөлім: Квадраттық функция


Ұсынылатын сағат саны: 15

Осыған дейін меңгерілген білім

«Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының.

Мәнмәтін

Функциялардың графиктерін салу және түсіндіру дағдылары оқушыларға болашақта алгебра бөлімдерін, соның ішінде «Квадрат теңсіздіктер» бөлімін оқып үйренуге қажет және физика формулаларын түсінуге негіз болады

Бөлім бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Бөлім бойынша лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- квадраттық функцияның анықтамасы мен қасиеттерін біледі;

- әр түрлі әдістермен берілген квадраттық функциялардың графиктерін салады;

- функциялар графиктеріне түрлендірулер жүргізеді;

- бөлшек-сызықтық функциялардың графиктерін салады;

- қолданбалы есептерді шығарады

Оқушылар:

- функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;

-коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды;

- бөлшекті-сызықтық функцияның асимптоталарын табуды түсіндіреді;

- у = kf(х), у = f(х) + а, у = f(х-а) функцияларының графиктерін алу үшін y = f(x) функциясының графигін түрлендіру ретін сипаттайды.

- квадраттық функция;

- парабола;

- парабола төбесі, парабола тармақтары;

- симметрия осі;

- функцияның нөлдері;

- гипербола;

- асимптота;

- параллель көшіру;

- графикті симметриялы бейнелеу;

- х осімен сығу;

- х осімен созу;

- оңға жылжыту, солға жылжыту.

- парабола тармақтары ... бағытталған;

- график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан;

- квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >);

- берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту;

- у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады;

- у = kf(х) функциясының графигі 0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне есе сығу арқылы алынады.

Қысқаша шолу

Оқушылар квадраттық және бөлшекті-сызықтық функциялардың графиктерін салуды және олардың қасиеттерін сипаттауды үйренеді; квадраттық функцияның графиктерінің оның коэффициенттеріне байланысты орналасуын пайымдайды; функциялардың графиктерін түрлендіреді




Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары




Квадраттық функция және оның графигі

8.4.1.2

түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу;

Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топқа келесі тапсырмалардың бірін орындауды ұсыныңыз:

1. у = х2, у = 3х2, у = 0,2х2 функциялары үшін мәндер кестелерін құрып және олардың графиктерін салыңдар. у = 0,2х2 функциясының графигін у = х2 функциясының графигін өзгерту арқылы алуға бола ма екендігі туралы қорытынды жасаңдар. Егер мүмкін болса, әдісті сипаттаңдар.

2. у = х2, у = (х – 3)2, у = (х + 2)2 функциялары үшін мәндер кестелерін құрып және олардың графиктерін салыңдар. у = (х – 3)2, у = (х+2)2 функцияларының графиктерін у = х2 функциясының графигін өзгерту арқылы алуға бола ма екендігі туралы қорытынды жасаңдар. Егер мүмкін болса, әдісті сипаттаңдар.

3. у = х2, у = х2 + 2, у = х2 – 3 функциялары үшін мәндер кестелерін құрып және олардың графиктерін салыңдар. у = х2 + 2, у = х2 – 3 функцияларының графиктерін у = х2 функциясының графигін өзгерту арқылы алуға бола ма екендігі туралы қорытынды жасаңдар. Егер мүмкін болса, әдісті сипаттаңдар.

Әрбір топ оқушылары тапсырманы орындап болған соң өз қорытындыларымен таныстырады, әр топтың нәтижелерінен ортақ қорытынды жасайды. Барлық оқушылар барлық топтардың қорытындыларын қосып тірек конспект жазады.

Жұмыс аяқталған соң оқушылармен бірге у = 2(x - 3)2 +4 түріндегі функцияның графиктерін салу алгоритмін қарастырыңыз.

Проблемалық жағдайды тұжырымдаңыз. «Жасалған алгоритмді қолданып, у = 2х2 + 6х – 2 функциясының графигін қалай салуға болады?»

Оқушылар функцияның графигі бойынша квадраттық функцияның формуласын анықтай (жаза) және олардың қасиеттерін көрсете алуы үшін кейін өз-өзін тексеретіндей келесідей тапсырмалар жазылған жеке үлестірмелерді ұсынуға болады.

Үлестірме №1.

а) суретте белгіленген график у = х2 функциясының графигі болатындай координата осьтерін жүргізіңдер (бірлік кесінді - 1 торкөз);

ә) f, g, p, h функцияларының формулаларын жазыңдар;

б) барлық функциялар үшін анықталу облысын, мәндер жиынын, функция нөлдерін және таңба тұрақтылық аралықтарын, бірсарынды аралықтарын жазыңдар.



Т

Оқушылармен квадрат үшмүшеден толық квадрат бөліп алуды қайталаңыз.

Алгебра 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 3- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2012. – 288 бет. ISBN 978-601-282-574-9
Макарычев Ю. Н.

Алгебра. 8 класс: учеб. для учащихся общеобразоват.

учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 10-е изд., испр. – М.: Мнемозина, 2010. – 384 с. ил.
Лебединцева Е. А, Беленкова Е.Ю. Алгебра 9 класс. Задания для обучения и развития учащихся. - М: Интеллект - Центр, 2011-104 с, стр 19.
http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/povtorenie-kursa-algebry-8go-klassa/kvadratichnaya-funktsiya




8.4.1.3

түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу;

Оқушыларды квадраттық функцияның графигін салу алгортмімен таныстырыңыз.

1. Тармақтарының бағытын анықтау;

2. Төбесінің координаталарын анықтау, оны координаталық жазықтықта белгілеу;

3. Симметрия осін жүргізу;

4. Функция нөлдерін табу және оларды координаталық жазықтықта белгілеу;

5. Графиктің у осімен қиылысу (0;с)нүктесін анықтау және координаталық жазықтықта белгілеу; параболаның симметрия осіне қатысты осы нүктеге симметриялы нүктені белгілеу;

6. Егер қажет болса, функция графигіне тиісті қосымша нүктені және оған симметриялы нүктені анықтау.

Оқушыларға алгоритмге сүйеніп өздері функцияның бірнеше графиктерін салуға ұсыныс жасаңыз. Жұмысты аяқтағаннан кейін әр түрлі бағдарламаларды қолданып немесе өзара тексеру арқылы өз-өздерін тексеруді ұсынуға болады.

Оқушылар квадраттық функцияның қасиеттері бойынша білімдерін көрсету үшін оларға жұппен келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

«Суретте у = ах2 + bх + с, а  0 түріндегі функциялардың графиктері бейнеленген»



Суреттегі берілгендермен кестені толтырыңдар.



М

Салу алгоритмі қолданып отырған оқулық контекстіне байланысты өзгеруі мүмкін екендігіне назар аударыңыз.

Ө

Ж

Алгебра 8. Шыныбеков А.Н. Учебник для 8 класса общеобразовательной школы. 3-е изд. – Алматы: Атамұра, 2012. – 288 с. ISBN 978-601-282-527-5
Лебединцева Е. А, Беленкова Е.Ю. Алгебра 9 класс. Задания для обучения и развития учащихся. - М: Интеллект - Центр, 2011-104 с, 24-25 бет.
http://interneturok.ru/ru/school/algebra/9-klass/chislovye-funktsii/svoystva-kvadratichnoy-funktsii-y-ax-sup-2-sup-bx-c




8.4.1.4

аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

Оқушыларға жұпта жұмыс жасауды ұсыныңыз. Тапсырмаларды орындауды ұсныңыз.

1. Абсциссасы 1-ге тең у=2х2+3х–4 функция графигінің нүктенің ординатасын табыңдар.

2. у=2х2–3х–4 функция графигінің ординатасы 5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңдар.

3. y=х2–4х–4 функция графигінің ординатасы (-8) болатын абсциссаларының айырымының модулін табыңдар.

4. Координаталары (-3;6) нүктесі арқылы өтетін у=ах2–3 функциядағы а коэффициентін табыңдар.

5. у = 2х2 + bх + с функциясы үшін с коэффициентін табыңдар, егер парабола төбесінің координаталары (-0,5; 0,5) болса.

6. у = х2 + 45 және у = х2 + 5х функциялары графиктерінің қиылысу нүктесінің абсциссасын табыңдар.

7. у = 2х2 + 6х және у = 3х2 + 3х – 28 функциялары графиктерінің қиылысу нүктелерінің абсциссаларының қосындысын табыңдар.

8. у = 4х2 – 5х + 3 функция нөлдерінің квадраттарының екі еселенген айырымын табыңдар.

Алынған нәтижелерді төмендегі кестеге толтырыңдар, сонда сендер еліміздің ең үлкен театрында бірінші қойылымның болған уақытын құрастырасыңдар.

« жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бірінші қойылым өтті. Мұхтар Әуезовтің либреттосына «Айман Шолпан» музыкалық комедиясы қойылды. Онда Иван Коцык өңдеген әндер мен күйлер орындалды».

Графигі берілген нүктеден өтетін функцияның коэффициенттерінің белгісіз мәндерін табуға арналған есептерді қарастыру керек.

Ү

«Квадраттық функция» тақырыбының 8.4.1.2 және 8.4.1.3 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі.

Тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды ұсынамыз. Сонымен бірге, саны 4-5-тен аспайтын функциялардың графиктерін салуды ұсыныңыз.. Бұл ретте, мүмкіндігінше оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытатындай тапсырмаларды беріп, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдаланған жөн. Мысалы, осы бөлімнің мақсаттарына келесі түрдегі есепті ұсынуға болады: «Функциялардың графиктерімен сурет саламыз».

http://www.math.ru/lib/files/pdf/misc/Sivashinsky.pdf
http://mathembs.blogspot.com/p/15.html

Мәтін есептерді шығару

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

Оқушыларды бірнеше топтарға біріктіріңіз. Әр топқа квадраттық функция пайдаланып шығарылатын қолданбалы есептерді шешуді ұсыныңыз.

Оқушылар осы есепте экспериментті көрсетулері керек, сызбаны орындап, сұрақтарға жауап берулері керек. Мысалға,

«Дене вертикальды түрде жоғары қарай v0 (м/с-пен) бастапқы жылдамдықпен h0 (м-мен) биіктіктен лақтырылды. t (с-пен) уақытына тәуелді h (м-мен) биіктік h = -0,5gt2 + v0+ h0 формуласымен өрнектеледі.

h0= 20, v0 = 15, g = 10 жағдайы үшін h-тың t-ға тәуелділік графигін салыңдар.

График бойынша табыңдар:

1) Дене жоғары қарай қанша уақыт көтерілген?

2) Қанша уақыт ол төмен түскен?

3) Дене қандай ең жоғары биіктікке жетті?

4) Неше секундтан кейін ол жерге құлады?

5) Қанша уақыт аралығында дене 20 метрден жоғары болды?»

Т

Қолданбалы есеп үшін берілген функцияның анықталу облысының шектелгеніне, сондай-ақ берілген процесті суреттейтін функцияның графигінің шектелгеніне назар аудартыңыз.

http://sibac.info/studconf/hum/xxvii/40129




Бірнеше математикалық модельдерді оқушыларға көрсете отырып, оның нені білдіретінін сұраңыз.
Оқушыларға ұсыныңыз: топтасып шынайы өмірдегі жағдайға байланысты математикалық модель құруды және керісінше.

Оқушыларға квадраттық функцияның қолданылымына жеке жұмысты ұсыныңыз.

Доп 2 м биіктіктен жоғары қарай 3 м/c бастапқы жылдамдықпен жоғары қарай лақтырылды.

формуласын қолданып, мұндағы , h(t) функциясын құрастырыңыздар.

Осы функцияның көмегімен келесілерді табыңыз:

а) Қанша уақыттан кейін доп ең жоғары биіктікке дейін жетеді?

b) Доп қандай биіктікке дейін көтеріледі?

c) Қанша уақыттан кейін доп жерге құлайды?

Т

Ө

Ү

«Мәтінді есептерді шығару» тақырыбының 8.4.2.3 оқу мақсаты бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі.

Тапсырмаларды күрделілігіне қарай, соның ішінде талдау, жинақтау және бағалауға байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Практикалық тұрғыдағы байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Бұл ретте оқушыларға практикалық тұрғыдағы есептерді беру жақсы болар еді.







Алгебра. Негізгі орта бiлiм беру. 8-сынып

8.3С бөлім: Статистика элементтері


Ұсынылатын сағат саны: 8

Осыған дейін меңгерілген білім

Сандар қатарының құлашын, модасын, медианасын және арифметикалық ортасын таба алу. Диаграммаларды салу және оқу

Мәнмәтін

Бөлім әрі қарай статистиканы оқып үйренуге қажетті негізгі ұғымдарды қамтиды. Жоба және зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті деректерді жинау, жүйелеу және берудің кейбір әдістерін қарастырады

Бөлім бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Бөлім бойынша лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- таңдама нәтижелерін жиіліктер кестесі түрінде береді;

- таңдама нәтижелерін жиіліктер алқабы және гистограммасы түрінде береді;

- оқиғаның абсолютті және салыстырмалы жиілігін табады;

- берілген деректер жиыны үшін орта квадраттық ауытқу және дисперсияны шашырандылықтың өлшемі ретінде түсінеді және қолданады.

Оқушылар:

- абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерді анықтау тәсілдерін талқылап, қысқаша сипаттайды;

- жиналған деректерді жиілік кестесі түрінде сынып алдында таныстырады;

- деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды

- реттелген қатар;

- қатар элементі;

- бас жиын;

- нұсқалық;

- вариациялық қатар;

- статистикалық қатар;

- таңдама;

- репрезентациялық таңдалым;

- жиілік;

- абсолюттік жиілік;

- салыстырмалы жиілік;

- жинақталған жиілік;

- жиілік кестесі;

- салыстырмалы жиілік кестесі;

- деректер жинау;

- деректерді көрсету(беру);

- дисперсия;

- стандартты ауытқу

- таңдама көлемі...;

- деректерді үлестіру кестесін құрастыру;

- алынған деректерді жиілік кестесі түрінде көрсету;

- алынған деректерді салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсету;

- абсолюттік жиілікті есептеу үшін.... санау қажет;

- салыстырмалы жиілікті есептеу үшін .....санына.... бөлу қажет

Қысқаша шолу

Оқушылар деректерді жинау әдісін, олардың өңделуін және берілуін қарастырады. Бұл әдістерді оқушылар қоршаған ортадан дерек жинауда қолданады