Файл: 8сынып Мазмны за мерзімді жоспар 3 Орта мерзімді жоспар 5.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары

Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы

8.3.4.1

таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;

Жұппен тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

Мысалы:

Оқушы портфелінің салмағы қанша болатынын анықтау үшін бірінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі сан қатары (портфель массасы кг- мен берілген) алынды:

2,1; 2,45; 1,9; 2,6; 3,1; 1,95; 3,4; 4,3; 1,15; 2,7; 2,2; 3,2; 2,4; 2,2; 1,8; 1,5; 2,4; 2,25; 2,6; 1,75.

Бұл деректерді жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіздер.



Не алынды?

Таңдама нұсқалықтарының мәндерінде сәйкестік бар ма?

Деректердің осындай көрсетілімі көрнекі бола ма?

Қалай ойлайсыз, кестені қалай көрнекі етіп жасауға болады?

Сондықтан деректерді топтастырып және жиіліктердің

интервалдар кестесі түрінде көрсетіңдер.

Мәннің интервалдық шекке түсуіне назар аударыңыз.

Екі рет есептемес үшін мән қандай да бір интервалға қойылады (мысалы, сол жақ).

Ж

http://www.grandars.ru/student/statistika/ryady-raspredeleniya.html

8.3.4.2

жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;

Интервалдық жиіліктер кестесінен алынған деректер жиіліктер гистограммасы түрінде көрсетіледі.

Оқушыларға 8.4.4.4 мақсаты үшін ұсынылған іс-әрекеттердегі бірінші сынып оқушысының портфелінің массасын зерттеу деректерін «Microsoft Excel» бағдарламасында жиіліктер гистограммасы түрінде көрсету сияқты тапсырмаларға ұқсас тапсырма беріңіз.

Көлденең өс бойында интервалдар мәндері, ал әрбір интервал үстіне ауданы берілген аралыққа түсудің салыстырмалы жиілігіне тең баған салынады.



«Деректер қатарының форматы» мәзіріне бағандар арасында саңылау болмас үшін «саңылаусыз» деген бүйірлік саңылау белгісін қою керек.


Таңдама мәндері ретінде орташа сипаттамаларды есептеу үшін интервалдар орталары алынатынына назар аудартыңыз.

Ө

Ү

«Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы» тақырыбының 8.3.3.1 және 8.3.3.2 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі.

Оқушыларға өздері ойлап тапқан немесе интернет-ресурстарынан алынған таңдамалар мысалдарын келтіріп, берілгендерді жиілік алқабы(полигоны) немесе гистограмма түрінде көрсетуді ұсыныңыз.




Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

8.3.4.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;

Оқушыларға келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз:

Кіріс деңгейі бойынша отбасыларын үлестіру кестесі– жиіліктердің интервалдық кестесі келтірілген.



Теледидардан сіз отбасылардың шамамен алғанда 12% кедейлік шегінен төмен өмір сүретінін естідіңіз делік. Осы кедейлік «шегін» анықтауға тырысыңыз. Бұл есепті шешу үшін жинақталған жиіліктер кестесін құрастырамыз.

1000-нан 1500-ге дейін кесіндіде жинақталған жиілік 15%.

Егер дәлірек есептесек х≈1285 теңге.



Есеп шешуді ұсыныңыз.

Кестеде бір күннің ішінде көрермендердің теледидар алдында қанша уақыт өткізетіні туралы әлеуметтік сауалнаманың деректері көрсетілген. х-тің қандай мәндерінде келесі тұжырымдар кестедегі деректерге қайшы келмейді: «Сауалнамаға қатысқандардың жартысы теледидар алдында күніне х сағатқа дейін, ал екінші жартысы – күніне х сағаттан артық уақыт өткізеді».



Ж

http://www.grandars.ru/student/statistika/ryady–raspredeleniya.html

8.3.4.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау;

Оқушыларға тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Мұғалім топтардың жұмысын бақылай тұрып, назар аударатын сұрақтар қояды, алынған нәтиженің мәнін түсінуге бағыттайды.

1. Кестеде N қаласында 1980 жылы маусым айындағы және1990 жылы маусым айындағы температура бойынша деректер келтірілген. Бұл кестеде күнделікті бақылау ақпараты берілген.


Қай жылы ауа температурасының 26o -тан ыстық күндері көп болған?

2. Тоғызыншы сынып оқушылары (әрқайсысы өзбетімен) кроссворд шешті. Шешіп болған соң табылмаған сөздер санын салыстырды. Деректер кестеде берілген (%-бен):



Оқушылардың қанша пайызы екі сөзден артық сөзді шеше алмады?

3. Оқушылар үйден мектепке дейінгі жолға орташа есеппен алғанда қанша уақыт жұмсайтынын табыңдар.


Оқушыларға келесі түрдегі тапсырма ұсыныңыз:

stat.gov.kz сайтына кіріңіз және өзіңіз қандай да бір диаграмманы тауып оны талдаңыз.
Деректерді талдау дағдыларын қалыптастыру үшін оқушыларға жұппен жұмысты ұсыныңыз. Әр жұпқа жиіліктер полигоны (кесте, диаграмма) беріледі. Оқушылардың әрқайсысы полигоннан немесе оны талдаудан алынған ақпаратты оқу үшін қойылатын сұрақтар құрастырады. Сұрақтарды құрастырып болған соң оқушылар дәптерлерімен алмасып, көршісінің сұрақтарына жауап береді. Соңынан оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерін талдайды және бағалайды.

Оқушылардың осы бөлімдегі білім сапасын бағалау үшін тест түрінде тексеру жұмысын өткізіңіз: теориялық бөліміне ашық түрдегі тест сұрақтарын, тесттің сұрақтарының келесі бөлімінде жабық түрдегі сұрақтардың шешімін артынан интерактивті тақтада немесе ауызша тұжырымдау арқылы өзара тексеру жүргізіңіз.

Т

Ө


http://festival.1september.ru/articles/531635/
Петерсон Л.Г. и др. Математика. 7 класс. Учебник 3 ч.– М.: Ювента, 2011.
http://www.yaklass.ru/
http://interneturok.ru/
http://free.megacampus.ru/xbookM0005/index.html?go=part-031*page.htm




8.3.4.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу;

Сандық сиапттамалар қарастырылып отырған шамалар туралы әрқашан оң түсініктер бере бермейді. Мысалы, Меркурий ғаламшарында орташа температура+150. Осы статистикалық көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, Меркурийде өмір сүруге қолайлы қоңыржай климат деген ой туады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Шынында Меркурийде ауа температурасы-1500 пен + 3500арасында ауытқиды. Яғни, сан қатары туралы орташа сипаттамалардан өзге таралу немесе шашыраңдылық сипаттамаларын білген жөн.

Дисперсия:

Дисперсия – орта мәнге қарағанда таралудың сандық дәрежесін сипаттайтын шама. Оны есептеу үшін:



формуласы қолданылады.

Стандартты ауытқу немесе орташа квадраттық ауытқу- таңдама дисперсиясынан алынған арифметикалық квадрат түбір.

Орташа квадраттық ауытқу гректің сигма σ әрпімен белгілеу қабылданған:



1-тапсырма.

Қай қатардың дисперсиясы артық?

Бірінші қатар: 1,2,3,4,5

Екінші қатар:3,4,5,4,3.

Өз жорамалдарыңызды есептеулермен растаңыз.

2-тапсырма.

Бастапқы сан қатарының әрбір саны 10-ға артты. Құлаш қалай өзгереді? Дисперсия ше? Орташа квадраттық ауытқу ше?

Ж

Ү

«Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу» тақырыбының 8.3.3.4 және 8.3.3.5 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Оқушыларға дисперсия мен стандартты ауытқуды есептеу формулаларын қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін 3-4-тен артық емес тапсырмаларды ұсыну қажет.

http://ecson.ru/economics/post/zadacha-4.raschyot-sredney-zarabotnoy-platy/



Алгебра. Негізгі орта бiлiм беру. 8-сынып

8.4А бөлім: Теңсіздіктер


Ұсынылатын сағат саны: 17

Осыған дейін меңгерілген білім

Теңдеулер жүйесі және оның шешімі ұғымын білу; квадрат теңдеулерді шешу, квадраттық функциялардың графигін салу дағдылары, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдану; есептерді шешу дағдылары

Мәнмәтін

Квадрат, рационал теңсіздіктерді, олардың жүйелері және жиынтығын шеше алу логарифмдік, көрсеткіштік, иррационалдық және басқа теңсіздіктерді шешу үшін негіз болып табылады; және де функцияларды таңба тұрақтылыққа зерттеген кезде қажет

Бөлім бойынша оқу мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Бөлім бойынша лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

- квадрат және рационал теңсіздіктердің анықтамаларын біледі;

- квадрат теңсіздікті, модуль таңбасы бар өрнектегі теңсіздікті, рационал теңсіздікті шешеді, соның ішінде интервалдар әдісімен;

- екі теңсіздіктен тұратын жүйелерді және жиынтықтарды шешеді;

- квадрат түбірлері бар өрнектердің анықталу облысын табады

Оқушылар:

- бір айнымалысы бар теңсіздіктерді ауызша және жазбаша сипаттайды;

- айнымалының мүмкін мәндер жиынын табуда теңсіздіктерді (теңсіздіктер жүйесін) құруды түсіндіреді;

- модуль таңбасы бар өрнектегі теңсіздіктерді шешуде жүйе мен жиынтықты құруды дәйектейді

- квадрат теңсіздік;

- рационал теңсіздік;

- бөлшек-рационал теңсіздік;

- теңсіздікті шешу;

- теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу;

- теңсіздіктер жиынтығы, теңсіздіктер жиынтығын шешу;

- функцияның нөлдері, таңба тұрақтылық аралықтары;

- теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы және бірігуі;

- интервалдар әдісі

- ... үшін функция мәндері теріс емес;

- ... үшін функция мәндері оң;

- теңсіздіктер жүйесінің шешімі ... болады;

- теңсіздіктер жиынтығының шешімі ... болады;

- ... әрбір санды интервалда функцияның таңбасын анықтаймыз;

- параболаны сұлба түрінде бейнелеп ... аламыз;

- таңбалардың алмасу қасиетін қолданып ... анықтаймыз

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар аудандардың қасиеттерін оқып біледі. Үшбұрыштар және төртбұрыштар аудандарының формулаларын қорытады және аудандарды есептеуге арналған есептерді шығаруда үшбұрыш медианасының қасиеттерін қолданады.




Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқу ресурстары

Квадрат теңсіздік

8.2.2.8

квадрат теңсіздіктерді шешу;

Квадрат функцияның таңба тұрақтылық аралықтары қалай анықталатынын оқушылармен бірге қайталаңыз.

Оларға кестені толтыруды ұсыныңыз.


Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз және оларға бірнеше квадраттық функциялардың графиктерін салуды ұсыныңыз.

Мысалы:

у = х2 + 3х – 4, у = х2 – 4, у = 2х2 + 3х; Салынған сызбалардан таңба тұрақтылық аралықтарын жазуды сұраңыз.

Квадрат теңсіздіктің анықтамасын тұжырымдаңыз және теңсіздіктерді шешуді ұсыныңыз:

1. х2 + 3х – 4 >0;

2. x2 – 4 < 0;

3. 2х2 + 3х ≥ 0».

Оқушыларға орындалған тапсырмаға талдау жасауын ұсыныңыз. Оларды квадрат функцияның графигін қолдану арқылы квадрат теңсіздікті шешу алгоритмін түсінуге алып келіңіз.

Ө

Ү

«Квадрат теңсіздік» тақырыбының 8.2.2.8 оқу мақсаты бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Тапсырмалар квадрат теңсіздіктерді графиктің көмегімен және интервалдар әдісімен шығару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Әр сабаққа қатысты үй жұмысында 6-8 теңсіздіктен артық болмауы керек.

Алгебра 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 3- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2012. – 288 бет. ISBN 978-601-282-574-9
http://nrich.maths.org/downloads/graphmatica.zip
http://www.mathopenref.com/graphfunctions.html
http://nrich.maths.org/7105
http://nrich.maths.org/5966

8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу;

Оқушылармен рационал теңсіздіктерді шешу алгоритмін көрсетіңіз. Функцияның еселі нөлдерімен мысалдар қарастырыңыз.

Бекіту үшін оқушыларға жұпта жұмыс жасауын ұсыныңыз. Тапсырманы орындағаннан соң, оларға Қазахстанның бірінші ғарышкерінің тегін білу алда күтіп тұр.

Теңсіздік

Әріп



О



К



Т



І



Ә



Р



В



У



Б


Кесте түсіндірмесі.

АТЫ:


ТЕГІ:


Анықтама үшін. «Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 - қазанда егеменді және тәуелсіз Қазахстанның ғарыштық бетін ашты. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, 1946 жылы 27-шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1- Май ауылында дүниеге келген. Әкесі – ауыл ұстасы. Тоқтар бала кезінен ұшқыш болуды қалаған. Болашақ ғарышкер еңбектік қызметі Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болып бастаған. 1969 жылы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін әуе шабуылына қарсы қорғаныс ұшқышы болып бітірген. КСРО-ның ӘӘК-да (Әскери әуе күші) қызмет еткен».

М

Интервалдар әдісінің алгоритмі оқулықтың мәнмәтініне байланысты ауысу мүмкін екеніне назарын аударыңыз.
Ж

Ү

«Рационал теңсіздік» тақырыбының 8.2.2.9 оқу мақсаты бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Тапсырмалар рационал теңсіздіктерді шешу интервалдар әдісімен шығару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Әр сабаққа қатысты үй жұмысында 4-6 теңсіздіктен артық тапсырма болмауы керек.

Қосымша шарттары бар бір есепті қосу қажет. Мысалы,

теңсіздіктің ең үлкен бүтін шешімін табыңыз.

Алгебра, 8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений, Ш.А. Алимов и другие, 17-е издание, Москва: Просвещение, 2010. – 255 с.: ISBN 978-5-09-024154-0.
http://mathematics.ru/courses/algebra/content/chapter3/section2/paragraph2/theory.html#.Vx8iuPmLTIV

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

8.2.2.10

біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;

Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз, оларға сәйкестендіруге тапсырма орындауын ұсыныңыз.

Мысалы:

Жүйе




Шешімі



















Өз жауабы









Ж

Сандық жиындардың бірігуі мен қиылысуы туралы оқушылардың естеріне түсіріңіз.

http://interneturok.ru/ru/school/algebra/9-klass/sistemy-racionalnyh-neravenstv/sistemy-iz-lineynyh-i-kvadratnyh-neravenstv

8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;

«Пирамиданы тұрғыз» дидактикалық ойыны.

Оқушыларды бірнеше кіші топқа (2-3 адамнан) біріктіріңіз, оларға теңсіздіктер жүйелері мен жиынтықтары бар тізім ұсыныңыз. Жүйені немесе жиынтықты дұрыс шешкен оқушылар «кірпіш» алады.



Жеткілікті мөлшерде жинап, пирамида тұрғызады.



Егер жүйе немесе жиынтық дұрыс шешілмесе, онда оқушыларға басқа мысалды шешу керек болады.

Мысалыға тапсырмалар тізімі.



Т

Тақырыпты оқу барысында оқушылардың назарын жүйенің шешімі жиындардың қиылысуы, ал жиынтықтың шешімі сандық жиындардың бірігуі болып табылатынына аударыңыз.

Ү

«Теңсіздіктер жүйелерін шешу» тақырыбының 8.2.2.10 және 8.2.2.11 оқу мақсаттары бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Тапсырмалар теңсіздіктер жүйелері мен жиынтықтарды шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Әр сабаққа қатысты үй жұмысында 4-6 теңсіздіктер жүйесінен артық тапсырма болмауы керек.

Оқушыларға жеке шығармашылық тапсырмалары бар үлестірмелерді ұсынуға болады. Практикалық мазмұны бар мәтін есептермен берілген шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында математикалық модельді теңсіздіктер жүйесі түрінде құрып, шешу қажет.


Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. – 7-е изд., испр. и доп. – М.: Мнемозина,

2008. – 447 с. ил.
Мерзляк А.Г., Полонский В.Б., Рабинович Е.М,., Якир М.С. Сборник задач и контрольных работ по алгебре для 9 класса. – Х: Гимназия, 2010. – 128 с. илл. ISBN 978-966-474-056-9.
Ключникова Е.М. Тесты по алгебре: 9 класс: к учебнику А.Г. Мордковича «Алгебра. 9 класс» / Е.М.Ключникова, И.В.Коммисарова. – 2-ое изд., стереотип. – М.: Издательство «Экзамен», 2011. – 125,[3] с. (Серия «Учебно-методический комплекс)
http://interneturok.ru/ru/school/algebra/11-klass/uravneniya-i-neravenstva-sistemy-uravneniy-i-neravenstv/sistemy-i-sovokupnosti-neravenstv



  • 1   2   3   4   5   6   7   8

Қысқа мерзімді жоспар

  • Сабақ жоспары


  • Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.



    • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

    • Мектеп:

    • Күні:

    • Мұғалімнің аты-жөні:

    • Сынып:

    • Қатысқандар саны:

    • Қатыспағандар саны:

    • Сабақ тақырыбы



    • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



    • Сабақ мақсаттары

    • Сабақ мақсаттарын анықтап алыңыз. Олар оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе ОМ ұзақ мерзімді сипатта болса, нақты осы сабаққа бейімделген болуы мүмкін (ОМ қол жеткізу үшін бірнеше сабақ қажет болған жағдайда)

    • Бағалау критерийлері

    • Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін бағалау критерийлерін көшіріп алыңыз.

    • ҚБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін бағалау критерилерін өзіңіз құрастырыңыз.

    • Тілдік мақсаттар

    • Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

    • Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз



    • Пәнге тән лексика мен терминология:



    • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

    • Құндылықтарды дарыту

    • Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған құндылықтарды көрсетіңіз.

    • Құндылықтарды дарыту … арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

    • Пәнаралық байланыстар

    • Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

    • Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)

    • АКТ қолдану дағдылары

    • Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

    • Бастапқы білім

    • Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

    • Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

    • Сабақ барысы

    • Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    • Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

    • Ресурстар

    • Сабақтың басы

    • Сабақ басында:

    • - оқушылардың зейінін шоғырландыруға

    • - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

    • - оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет



    • Сабақтың ортасы

    • Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

    • Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды



    • Сабақтың соңы

    • Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

    • - нені білдім, нені үйрендім

    • - нені толық түсінбедім

    • - немен жұмысты жалғастыру қажет

    • Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады



    • Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

    • Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

    • Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    • Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

    • Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

    • Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

    • Денсаулық сақтау технологиялары.

    • Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

    • Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

    • Сабақ бойынша рефлексия

    • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

    • Жеткізбесе, неліктен?

    • Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

    • Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

    • Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

    • Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



    • Жалпы баға

    • Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    • 1:



    • 2:



    • Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    • 1:



    • 2:

    • Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?