ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 52

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогтің аты-жөні

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды.

(қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы

Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдаяттан шығу үшін және жаңаны ашу үшін балалар бір таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту алгоритмімен танысады.

О қушылар жазбаша көбейтуді дұрыс орындау үшін, «бағанға» дұрыс жазу керек екенін түсіндіреді. Алдымен бірінші көбейткішті, астына екінші көбейткішті жазады. Бір таңбалы сан тек бірліктен тұрады, сондықтан оны бірліктің астына жазады. Алдымен бірліктерді көбейтеді: 3⋅2=6, бірліктің астына жазады. Ондықтарды көбейтеді: 4⋅2=8, ондықтардың астына жазады. Жауапты оқиды:86

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар жұппен жұмыс жасауды еске ала отырып, оқулықтағы №3 тапсырманы жұппен орындайды.

Жұппен жұмыс жасау ережесі.

1. Ақырын және байыппен сөйле.

2. Өз достарыңа құрметпен қара, жұбыңды мұқият тыңда.

3. Жолдасыңды бөлмей, оны аяғына дейін тыңдауға тырыс.

4. Ескертпені мәдениетті түрде жаса, дөрекі сөйлеме.

5. Егер қиындықты шеше алмасаңдар, онда мұғалімнен көмек сұраңдар.

Жаттығу: балалармен келісіп алыңыз, егер екі рет шапалақ ұрсаңыз (немесе қоңырауды сылдырлатсаңыз), барлығы қаттырақ сөйлей бастайды, үш шапалақ (қоңырау) болса, онда үндемей қалады, екі рет – тек жұбы ғана еститіндей сөйлейді.

Бірінші бағандағы өрнектердің мәнін табу кезінде жұппен жұмыс түрін қолдануға болады «амалдар бойынша»: бірінші оқушы алгоритм бойынша әрекетті түсіндіреді, екінші оқушы жазып отырады, бірінші оқушы тексереді; бірінші оқушы бірлікті санға көбейтеді, нәтижесін айтады, екінші келісіп, жазады; екінші оқушы осы санға ондықты көбейтеді, нәтижесін айтады, бірінші оқушы келісіп, алгоритмге сәйкес жазады, екіншісі тексереді.

Екінші бағандағы өрнектің мәнін есептеуді ұсынуға болады, «материал элементтерін бөлу» жұмысын жұппен жұмыс жасауды қолданып: бірінші оқушы бар жұмысты өз мойнына алады, ал екінші оқушы бақылайды.Үшінші бағандағы өрнекті шығарғанда, оқушылардың қызметтері өзгереді.

Өздік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы №4 есепті нұсқалар бойынша есептейді.

Жаңаны қолдану.

Оқушылар оқулықтағы №5 тапсырманы орындайды, кесте бойынша өрнектер құрастырады, оларды бағанға тізіп жазады да, көбейту компоненттері бойынша алған білімдері негізінде есептеп шығарады. №5 (ә) тапсырманы орындау барысында оқушылар «екі есе артық» деген сөзді қолдана отырып, кестеде берілген сандық мәліметтер бойынша екі амалдан тұратын есеп құрастырады.

Өткенді қайталау.

Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды. Мұғалім бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1.Теңдеуді оқы. 
2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 
3. Шығара алатын есептеуді орында. 
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар теңдеуді алгоритмге сәйкес есептейді.

Оқушылар оқулықтағы №7 тапсырманы қанша тәсілді қолданатынын түсіндіре отырып орындайды. Басқа нұсқаларын бейнелеп көрсетеді.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмала

рын орындау
«Қар кесегі»

Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

Сабақты пысықтау тапсырмалар

ын орындау..

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Көңілді қоңырау» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

«СМС»

Кері байланыс парағы.

Педагогтің аты-жөні

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды.

(қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы

Өздік жұмыс

Оқушылар №2 тапсырманы орындайды, өрнектерді баған түрінде тізіп жазады, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмімен сәйкес есептейді.

Оқушылар №3 тапсырманы орындайды, амалдардың орындалу ретін анықтайды, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес есептеуді баған түрінде орындап, көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды орындап, өрнектердің мәнін табады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.

Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.

Мен:

  • екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіруді;

  • разрядтан аттамай екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін қолдануды білемін.

Өткенді қайталау.

Мұғалім оқушының даму дегейіне байланысты жеке тапсырма береді.

Оқулықтан № 4 (а) тапсырманы орындау барысында оқушылар бір бағытта кестенің сандық мәліметін қолданып, есеп құрастырады. Кестедегі жетпей тұрған мәліметтерді толықтырамыз: шамалардың өзара байланысы бойынша: сызбалық үшбұрыштың көмегімен түсіндіре отырып, «баға», «сан», «құн» туралы айту.

№4 (ә) тапсырманы орындау барысында сызбаны пайдаланып, 3 амалды есеп құрайды, сол есептің бірін шығарады.

№5 есеп жұппен орындалады. Есепті теңдеу құру арқылы шығару дағдыларын қолданады. Мынадай теңдеулер құрады: 325 + х = 900, 118 + х = 265

Оқулықтан №9 тапсырма оқушылардың функционалды сауаттылықтарының қалыптасуын тексереді, топпен орындалады, оқушылар қойын дәптерінде белгіленгендерімен кестенің толтырылуын тексереді. Топтағы бір оқушы аптаның бір күніндегі баланың қызмет түрінің дұрыс толтырылуын тексереді.

Өздік жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды, олардың мәнін есептеп және көптаңбалы сандарды салыстыру алгоритмін қолданып, екі есептің мәнін салыстырады.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмала

рын орындау
«Қар кесегі»

Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

Сабақты пысықтау тапсырмалар

ын орындау..

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Көңілді қоңырау» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

«СМС»

Кері байланыс парағы.

Педагогтің аты-жөні

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ерте тұрып, күнде мен

Тереземді ашамын.

«Сәлем!» деймін күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

Айналама қарасам,

Ғажаптар қаншама,

Сан жетпейді санасам,

«Сәлем!» деймін күнге мен.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

ҚБ: Смайликтер арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Жаңаны ашу.

Ж аңаны ашу және туындаған қиындықтан шығу үшін мұғалім оқушылардан мына жағдайда есептеу тәсілін ұсына алатындығын тексереді. Оқушылар разрядтан атамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге ұқсас әрекет жасауды ұсынады, тағы бір амал қосылады – нәтижесі жүздіктің астына жазылған жүздікті бір таңбалы санға көбейту. Оқушылар алгоритммен танысады, өздерінің шешімдерін мәтінмен салыстырады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы №2 тапсырманы жұппен орындайды, өрнекті баған түрінде жазып, есептейді.

Оқушылар оқулықтағы №3 тапсырманы орындайды, оның жанама есеп екеніне мән бере отырып, есепті екі амалмен орындайды, оқушылар қандай есеп жанама есеп деп аталатынын атайды.

Егер есептің шарттары жанама түрде көрсетілген болса, жанама түрде жазылған мәтінді есептерді қысқаша жазбаға дұрыс ауыстыру маңызды.

Бұл үшін, алдымен есеп шарттарын қысқаша жазбастан бұрын, оқушылар үлкен немесе кіші санды анықтап, бірінші амалды табу керек. «Не» сөзі қыздарды, яғни қыздардың саны ұлдардан 4 есе кем екенін білдіреді. Яғни, ұлдардың санын қыздардан 4 есе көп деп айтуға болады, демек, бірінші амалда оларға көп санды табу керек. Үлкен санды табу үшін не істеу керек екенін анықтап, оқушылар есептің шарттарынан қысқаша жазба жасайды, есепті екі амалмен шығарады, есепке өрнек құрып, жауабын жазады.

Өздік жұмыс

Оқушылар оқулықтан №6 тапсырманы орындайды, өрнектердің біреуіне есеп құрастырады. Есептеу кезінде жазбаша есептеудің сәйкес алгоритмін қолданады.

Дескриптор:

Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Түйінді сөздер

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау..

ҚБ: Жұлдыздар арқылы бір-бірін бағалау.

Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Жетістік баспалдағы»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

«Жетістік баспалдағы» кері байланыс парағы таратылады.

«Жетістік баспалда

ғы»

Кері байланыс парағы.

Педагогтің аты-жөні

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы санды бір таңбалы санғажазбаша көбейту

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

ҚАМАЛДЫ ҚОРҒА - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

ҚБ: Балмұздықтар арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Өздік жұмыс

Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, амалдардың орындалу ретін анықтайды, разрядтан атамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес амалдарды бағанға жаза отырып, үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды есептейді.

Оқушылар №3 тапсырманы 3 және 2 амалмен орындайды.

Қиындықтарды түсіндіру.

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.

Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.

Мен:

  • үш таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіреді;

разрядтан атамай екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау..

ҚБ: Жұлдыздар арқылы бір-бірін бағалау.

Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Білім сандығы»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

Оқушыларға «Білім сандығы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

«Білім сандығы»

Кері байланыс парағы.

Педагогтің аты-жөні

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды.

(қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы

Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін және қиындықтан шығу үшін, сынып оқушыларын топтарға бөлуді және екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілінің жазбасын мұқият қарауды ұсынады. Әр оқушы топ ішінде бір элементтің жазылу мақсатын түсіндіреді. Мұндай бөлу әдісін қабылдаудың сәтті не сәтсіз болғанынан кейін, оқушылар оқулықтағы екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмімен танысады.

О қушылар бөлу амалының жазбасын дұрыс жасаудың маңызды екеніне мән беру керектігіне назар аударады. Алдымен бөлінгішті жазады. Оның оң жағына тік және көлденең сызық сызады. Сызықтың үстіне бөлгішті, астына бір-бірден бөліндінің мәні жазылады. Мұғалім балалардың есіне есептеу критерийлерінің дұрыстығын бақылауға мүмкіндік болу үшін, жауаптағы цифрлардың санын анықтау өте маңызды. Оқушылар бөлуді ең үлкен разрядтан бастау керек екенін түсінді. Берілген жағдайда бұл 8 ондық. Мұғалім бұл санды толық бөлгіш емес деп түсіндіреді. Оқушылар бірінші санды бөлген кезде қандай да бір сан шығатынын түсінеді, бөліндінің мәнінің орнына нүкте қоюға болады, бөлгіште тағы бір сан қалатындықтан, тағы бір цифр шығатындықтан, тағы бір нүкте қоюға болады. Яғни жауапта екі сан шығу керек (ондық және бірлік). Енді тікелей бөлуге кірісуге болады. Оқушылар өз амалдарына түсінік беріп бөлуді орындай білу керек. Әр оқушы топ ішінде тізбек бойынша алгоритмнің бір пунктін түсіндіреді:

- ондықтарды бөлемін: 8:2=4, бөліндінің орнына 4 жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 4=8, ондықтың астына жазамын. Азайтамын: 8 – 8 = 0. Яғни ондық толық бөлінді.

- Бірлікті бөлемін: 6 : 2 = 3, бөліндінің орнына 3-ті жазамын. Бөліндінің орнына 4-ті жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 3 = 6, бірліктің астына жазамын. Азайтамын: 6 – 6 = 0. Яғни бірлік толық бөлінді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы №3(а) тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, әр қатарға бір бағандағы өрнектің мәнін табуды орындау керек. Мұғалім әр жұпқа орындалатын жұмыстың түрін таңдауға мүмкіндік береді. Оқушылар алгоритмге сәйкес екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды. Жұппен жұмыстың бұл түрінде «материал элементтерін бөлу»: бірінші оқушы бәрін өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды.

Мына өрнектің мәнін табу барысында, оқушылардың қызметі ауысады. Жұппен жұмыс жасау барысында «амал бойынша» бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі жазып отырады, бірінші оқушы келіседі немесе келіспейді, бір есепті орындау барысында оқушылар орындарын ауыстыруына болады.

Өздік жұмыс

Оқушылар оқулықтан №4 тапсырманы орындайды, а) пунктінде есепті 3 амалмен орындайды, ә) пунктінде өрнек бойынша есеп құрастырады, оны шешеді.

Жаңаны қолдану.

Оқушылар оқулықтан №5 тапсырманы орындайды, оны әртүрлі тәсілмен орындайды, ә) пунктінде сол амалдармен шешілетін есеп құрайды, оны шешеді.

Өткенді қайталау.

Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды, берілген өлшем бірліктердің шамаларын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар шамалардың өлшем бірліктеріне қатысты біліктіліктерін қолданады (1дм = 10см = 100мм, 1м = 100см = 1000мм, 1км = 1000м).

Оқулықтағы №7 тапсырма ғылыми-зерттеушілік қабілетті талап етеді, оқушылар топпен орындайды. Қарбыздың салмағы 6 алманың салмағымен тең екеніне мән берсек, сәйкестендіргеннен кейін оқушылар 1 алманың салмағын анықтайды. 1 кг-да 5 алма болғандықтан, 1 алманың салмағын – 1000 г : 5. Кестеге сәйкес амалды қолданып, оқушылар бұл өрнектің мәнін ауызша есептейді.