Файл: Оытушы(лар) туралы млімет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқытушы(лар) туралы мәлімет:

Боранбаева Н.Б., магистр қос қызмет негізінде аға оқытушы.

Ұялы/жұмыс телефоны: 8-777-806-47-27 e-mail: aiman_93kz@mail.ru

Курстың академиялық презентациясы
Курстың қысқаша сипаттамасы Пәнді оқытудың мақсаты мұнай және газды қайта өңдеудің технологиялық процестері; оларға қойылатын негізгі талаптар; негізгі аппараттары мен жабдықтарын қолдану, процестердің толық жүзеге асуын қамтамасыз ету, қолдану және конструкциялау, негізгі есептеу жолдарын үйрену болып табылады.

Курстың мақсаты –студенттерді теориялық білімдерін практикалық мәселелерді шешуде қолдана алуына үйрету болып табылады. Курс өз бетінше мұнай және газ кең орындарын игеру және пайдалануды автоматтандырумен байланысты инженерлік шешімдерді қабылдауға қабілетті маман ретінде бакалаврды қалыптастырудағы кезекті кезен болып табылады.

Курстың міндеттері: Болашақ мамандарға автоматтандыру сұрақтары бойынша білім беру, технологиялық процесстерді автоматтандырылған басқару жүйелері туралы, оларды бұрғылауда, мұнай мен газды игеру және өндіру, мұнайды жинау және қайта өндеу жүйелерінде, тасымалдауда қолданылуының негізгі түсініктерін беру үшін арналған. Бұл курс МГІ мамандығының студенттері үшін арналған.
Пререквизиттер: Мұнай-газ өндіру процестерін автоматтандыру
Постреквизиттер: Дипломалды практика
Пән бойынша қалыптастын негізгі құзіреттіліктер:

(құзыреттер пәннің мақсаттары мен мазмұнына сәйкес нақты, түсінікті және қысқа болуы тиіс)
Пәнді оқыту нәтижелері:

Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну: Студенттер курстың мазмұнын, зерттеу методикасын және мұнай-газ құрылғыларын автоматтандыру жобалау жүйелерінің түсінігін және терминдерін білу қажет.

Қолдану:Студенттер жіктелу нысандарын анықтай білу керек; компьютердің берілген мәліметтерді өңдеуіне сәйкес басты көрсеткіштері бойынша нысандарды жіктеу;

Талдау: Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының технологиясын зерттеуге жататын мәліметтерді жинау және интерпретациялау.


Синтез:Фундаменталды ғылымдарды терең білу қажет, өнімді бақылау және игеруін талдау программалар жиынтығын қолдану үшін компьютерді біліп, қажетті деңгейде пайдалану.

Бағалау:Оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу.

Курстың академиялық саясаты

Білім алушы барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаған білім алушылар өтілмеген материалды өз бетінше игеруге міндетті.

Білім алушы бақылау тапсырмаларын орындауға және бекітілген мерзімде тапсыруға міндетті. Мерзімінен кеш тапсырылған бақылау жұмыстарының бағасы төмендетіледі.

Білім алушыларды ағымдық бақылау пәннің жұмыс оқу бағдарламасына (силлабус) сәйкес жүргізіледі. "Platonus" ААЖ-да "online" режимінде электрондық журналды толтыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білім алушының оқу жетістіктерін бағалау жүргізіледі.

Рубеждік бақылау қорытындысы шығарылғанда білім алушының сабақтарға қатысымы, өзіндік жұмыстарды орындауы және бекітілген мерзімде тапсыруы, сабақтардағы ауызша және жазбаша жауаптары, рубеждік бақылау жұмысының нәтижесі ескеріледі.

Білім алушы науқастануына байланысты немесе басқа дәлелді себептермен сабақтарға қатыспай, рубеждік бақылауды мерзімінде тапсыра алмаса, дәлел құжаттар негізінде жеке тапсыру құқығына ие болады. Мұндай жағдайда ұсынылған дәлел құжаттар негізінде рубеждік бақылау мерзімі білім алушы үшін жеке бекітіледі.

Қорытынды бақылау кезінде білім алушының сабаққа қатысымы мен ағымдағы үлгерімінің бағалары ескеріле отырып қойылуы тиіс.

сабақ өткізу кезінде ұялы телефондар өшірілуі немесе оқытушының рұқсатымен оқу мақсаттарында ғана пайдаланылуы тиіс.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар е-mail арқылы пән оқытушыларынан қосымша консультация, әдістемелік көмек алуына болады.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру барысында оқу сабақтары "online" және "offline" режимінде жүргізіледі және белгіленген оқу жүктемесіне, білім беру бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарsна және сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады; "Оffline" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының "Platonus" ААЖ қашықтықтан оқыту технологиясы өзіндік платформалары және олардың чаттары мен форумдарының ішкі сервистері арқылы қарым-қатынас жасауға негізделеді. "Online" режимінде оқу сабақтарын жүргізу нақты уақыт режимінде бейнеконференция арқылы өзара қарым-қатынас жасаудыі көздейді: (Zoom, Hangouts және т. б.).



Білім алушылар пәннің оқу материалын (дәрістер, зертханалық, практикалық, семинарлық және басқа да сабақ түрлері) университеттің «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ААЖ) порталы арқылы игереді, жазба жұмыстарын тексертеді, оған қоса online платформаларын, оның ішінде Zoom, т.б. жалпы қолжетімді платформаларын пайдалана отырып, университеттен тыс жерде интернет ресурстарын қолдану арқылы меңгереді.

Семестр басталғанға дейін білім алушылар қашықтықтан оқыту технологияларымен пайдалануды үйренуі тиіс және «online» сабаққа тіркелу барысында барлық бөлімдерді дұрыс толтыруы қажет: тегі, аты, тобы, курсы, мамандығы, профиліне өз суретін қою, т.б. Білім алушылар оқу-жұмыс орнын, интернет ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Оқу үдерісінің кедергісіз өтуіне алдын-ала жағдай жасауы қажет (бөгде дыбыстардң болмауы, өзге адамдардың қатыспауын қадағалау т.б.). Онлайн сабақтарда дресс-кодты және жалпы тәртіп ережелерін сақтау талап етіледі.

Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі, кешігуге, «online» сабаққа қатыспауға қатаң түрде тыйым салынады. Сабаққа қатысудың күнделікті мониторингі жүргізіледі. Егер оқытушы сұрақ қойса, компьютердегі «қолын көтеру» арнайы функциясын пайдалана отырып жауап беруге болады. Сабақ кезінде туындаған сұрақтарды Zoom платформасындағы чатта қоюға болады.

Білім алушылардың ағымдық бақылауы пәннің жұмыс оқу жоспарына (силлабус) сәйкес жүргізіледі. «Platonus» ААЖ-ға электрондық журналды толтыру нұсқаулығына сәйкес «online» режимінде интернет ресурстары арқылы «Platonus» ААЖ электронды журналына баға қойылады.

Оқытылатын пән бойынша тапсырмалардың "online" режимінде уақтылы орындалуына білім алушының өзі жауапты болады. Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда білім алушы бұл туралы өзінің кураторына/эдвайзеріне/және кафедра меңгерушісіне кез келген байланыс құралдары арқылы хабарлауға міндетті.
Баишев университетінің "Академиялық адалдық саясатынан"

КӨШІРМЕ

  • сапалы білім алу;

  • сабақтан себепсіз қалмау және сабақтан кешікпеу (оқытушы сабаққа кешіккен студентті сабаққа кіргізбеуге құқылы);

  • оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау;

  • тапсырманың барлық түрлерін (ОБАӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өз бетінше орындау және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну;

  • ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде шпаргалка, ұялы телефондарды қолданбау;

  • оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін жұмыс соңында көрсету;

  • ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу;

  • өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыға ұсынбау;

  • жеке, туыстық және қызметтік қарым-қатынастарды пайдалану арқылы оқытушыға және әкімшілікке пара ұсынбау.



1.КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР






Тақырып атауы


Апта

Жүктеме көлемі (сағ.)

Өзіндік жұмыс (сағат көлемі)

Дә

ріс


Практикалық/ семинар сабақтары


Зертханалық сабақтар

ОБАӨЖ

БАӨЖ

1-МОДУЛЬ: Технологиялық процестерді басқарудың негізгі ұғымдары

1

Өндірістік процестерді автоматтандырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.

1

1

2

-

1

6

2

Технологиялық басқару объектілері. Негізгі ұғымдар.

2

1

-2

-

1

6

3

Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде талдау

3

1

2

-

1

6

4

Мұнай мен газды өңдеу процестерінің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері

4

1

2

-

1

6

5

Мұнай мен газды өңдеу процестерінің тиімділігін арттыру құралы ретінде басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту

5

1

2

-

1

6

6

Табиғи газдың газ тарату пунктін автоматтандыру


6

1

2

-

1

6

7

Табиғи газды сепарациялау технологиясы

7

1

2

-

1

6

2-МОДУЛЬ: Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері

8

Автоматты реттеу жүйесінің (САР) және автоматты басқару жүйесінің (САУ) түрлері

8

1

2

-

1

6

9

Бұрғылаудағы ТП АБЖ

9

1

2

-

1

6

10

Игеру және пайдаланудағы ТП АБЖ

10

1

2

-

1

6

11

Мұнайды жинау және дайындау жүйесіндегі ТП АБЖ

11

1

2

-

1

6

12

Мұнай және газды транспорттаудағы ТП АБЖ

12

1

2

-

1

6

13

ГӨЗ (ГПЗ) объектілерін автоматтандыру

13

1

2

-

1

6

14

Компрессорлық қондырғыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі

14

1

2

-

1

6

15

Газ тарату станциясының технологиялық процестерін автоматтандыру

15

1

2

-

1

6




Барлығы




15

30

-

15

90




2. КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ
1-МОДУЛЬ: Технологиялық процестерді басқарудың негізгі ұғымдары

1-ТАҚЫРЫП: Өндірістік процестерді автоматтандырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Дәріс жоспары

  1. Кіріспе

  2. Автоматизацияның негізгі түсініктері мен міндеттері.

Практикалық/семинар сабақ жоспары

Автоматтандыру құралдары мен аспаптардың шартты белгілері.

  1. Бір өлшемді автоматты реттеу жүйесінің құрылымдық схемасы

ОБАӨЖ арналған тапсырмалар

  1. Автоматиканың қысқаша даму тарихы.

  2. Мұнай және мұнай өнімдерінің массасын және көлемін өлшеу алгоритмі

Ұсынылатын әдебиеттер: №1,2,3 қосымша №4,5.

2-ТАҚЫРЫП: Технологиялық басқару объектілері. Негізгі ұғымдар.

Дәріс жоспары

Автоматика элементтерін жіктеу

  1. Автоматизация схемалар, шартты белгілердің орналасу мысалы

  2. Агрегаттағы отын шығынының АРЖ функционалдық құрылымдық схемасы

Практикалық/семинар сабақ жоспары

  1. Температура, қысым, деңгей мен шығынды бақылау жүйелері

  2. Бағыныңқы функцияны анықтау. Типтік звенолардың үлгісі.

ОБАӨЖ арналған тапсырмалар

  1. Мұнай және мұнай өнімдерін коммерциялық тіркеуге арналған автоматтандырылған қондырғылар

  2. Өлшеуші желілер блогы (ӨЖБ)

Ұсынылатын әдебиеттер: №1,2,3 қосымша №4,5.

3-ТАҚЫРЫП: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде талдау

Дәріс жоспары

1. ТП АБЖ-да басқару кешендерін қолдану

2. Технологиялық басқару объектілері. Негізгі ұғымдар.

Практикалық/семинар сабақ жоспары

1. Технологиялық басқару объектілерінің жіктелуі.

2. Технологиялық Объектіні басқару жүйесі. Басқару жүйелерінің жіктелуі.

ОБАӨЖ арналған тапсырмалар

1. Бақыланатын және дабыл параметрлерін таңдау.

2. Реттелетін шамаларды және реттеуші әсерлерді енгізу арналарын таңдау

Ұсынылатын әдебиеттер: №1,2,3 қосымша №4,5.

4-ТАҚЫРЫП: Мұнай мен газды өңдеу процестерінің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері

Дәріс жоспары

НПЗ-дің қысқаша сипаттамасы және жіктелуі

НПЗ-ді жобалаудың негізгі принциптері

Практикалық/семинар сабақ жоспары

1. Мұнай өңдеуді тереңдетудің негізгі принциптері және отын профиліндегі мұнай өңдеу зауыттарының ағындық схемалары

ОБАӨЖ арналған тапсырмалар

1. Мұнай өңдеудегі технологияны экологияландыру мәселелері

2. Негізгі тенденциялар және қазіргі проблемалар жоғары

Ұсынылатын әдебиеттер: №1,2,3 қосымша №4,5.