Файл: Географияны баса ылымдардан ерекшелігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

8 сынып барлық база

  1. Географияның басқа ғылымдардан ерекшелігі: географиялық орта элементтерінің кеңістіктегі орны мен олардың арақатынасы туралы ғылым, табиғат пен қоғам туралы ғылымдар тоғысында дамитын ғылым, табиғат пен қоғамдағы құбылыстар мен үдерістердің өзара байланыстары, әрекеттесуі, шарттастығы, кеңістігі туралы ғылым, көптеген ғылым салаларымен байланысады, алуан түрлі ақпаратты пайдалана алады;

  2. Физикалық география: жалпы физикалық география, геоморфология, климатология, гидрология, топырақ географиясы, биогеография

  3. Қоғамдық-география: экономикалық, әлеуметтік, халықтар географиясы, саяси география

  4. Табиғи-қоғамдық: геоэкология, тарихи география, рекреациялық, табиғат ресурстары географиясы, медициналық, геоглобалистика

  5. Картография: картография

  6. География ғылымының зерттеу бағыттары: табиғатты пайдалану және қорғау мәселелері, қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуы, тұрақты дамудың кеңістіктік әлеуетін қамтамасыз ету, қолданбалы картографиялық зерттеулер, урбандалу мен демографиялық өзгерістер

  7. Зерттеудің әдістері: далалық, картографиялық, теориялық

  8. Далалық эксперимент: зерттеу ауданында жүргізілетін тәжірибе, эксперимент

  9. Далалық әдістердің түрлері: экспедициялық, стационарлық

  10. Картографиялық әдістің талдау түрлері: картометриялық, графикалық, статистикалық, математикалық, визуалды

  11. Теориялық әдістер түрлері: анализ бен синтез, салыстырмалы географиялық, жалпылау мен жүйелеу, модельдеу

  12. Экспедиция кезінде қолданылатын тәсілдер: маршруттық байқаулар, өлшеулер жүргізу, су, топырақ, ауа сынамаларын алу, тау жыныстары, топырақ үлгілерін жинау, өсімдіктер мен жәндіктердің коллекциялыраны жинақтау, далалық эксперимент, фото-бейне түсірілімдер жасау, сауалнамалар жүргізу

  13. Салыстырмалы географиялық әдісті ең алғаш негізін қалады: Гумбольт

  14. Деректердің өңдеу мен талдаудың мақсаттары: бастапқы материалды реттеу және деректерді біртұтас жүйеге келтіру, деректердегі қателіктерді, жетіспеушілікті таби және қою, байқалмайтын тенденция, заңдылықтар мен байланыстарды анықтау, зерттеу барысында күтпеген, байқалмаған жаңа фактілерді табу, жинақталған деректердің дәлдігін анықтап, қорытындылар жасау

  15. Сандық деректерді топтастыру үшін қолданылатын әдіс: ранг әдісі

  16. Модель: нақты нысанның, құбылыс немесе үдерістің жеңілдетілген үлгісі

  17. Географиядағы алғашқы модельді жасады: 1826ж Иоганн Генрих фон Тюнен

  18. Блок-сызба: алгоритмдер мен үдерістерді сызықтар арқылы байланысқан әртүрлі пішіндегі блоктар түрінде бейнелеу

  19. Диаграмма: бірнеше шамалардың арақатынасын көрсететін деректердің графиякалық көрсетілімі

  20. Модельдеу: модельді құрастыру кезеңдерін түгел қамтитын үдеріс

  21. Заттық модельдеуде: нысан, құбылыс, үдерістің зат түріндегі нақты пішіні беріледі (глобус)

  22. Ақпараттық модель түрлері: вербальды, графикалық, кестелік, математикалық

  23. Вербальды модель: нысан, құбылыс, үдеріс туралы жазбаша немесе ауызша түрде сипаттама беру (жер сілкінісі сипаттамасы)

  24. Графикалық: диаграмма, график, блок-сызба, карталар

  25. Кестелік модель: Қазақстан өңірінің демографиялық көрсеткіштері кестесі

  26. Математикалық модель: нысан, құбылыстың сандық сипаттамалары формулалар арқылы жасалады

  27. Зерттеу нәтижелерін ұсыну түрлері: мәтіндік, көрнекілік

  28. Мәтіндік жұмыстар: баяндама, мақала, реферат (ғылыми тілмен жазылады)

  29. Көрнекілік жұмыстар: модельдер, электрондық және қағаз түріндегі таныстырылым, қабырғалық баяндама

  30. Баяндама: зерттеу нәтижесін белгілі бір ғылыми іс-шара кезінде ауызша айтып беру

  31. Реферат: зерттеу нәтижелерін қысқаша түрде баяндау, әдебиеттерге шолу жасау

  32. Географиялық карталар: математикалық тәсілмен анықталып, кішірейтілген және жинақталған Жер бетінің немесе басқа аспан денелері мен ғаламшарлардың беткі пішінінің жазықтық бетіне көшірілген нақты көрінісі;

  33. Карталар бөлінеді: мазмұнына қарай, қамтитын аумағына қарай, масштабына қарай

  34. Тақырыптық картаны сипаттайтын басты белгілер: картографиялық бейнелер, картаның математикалық негіздері, көмекші жабдықтары, қосымша мәліметтер;

  35. Тақырыптық карталарда қолданылатын бейнелеудің өзіндік әдістері: түс әдісі, изосызықтар, қозғалыс сызықтары

  36. Картографиялық проекция: жер эллипсоидін белгілі бір математикалық тәсілмен жазықтық бетіне көшіру

  37. Диаграмманың ең көп қолданыстағы түрлері: шеңберлік, бағаналы, радиалды

  38. Картографияның геоақпараттық картографиялау саласы қалыптасқан кезең: ХХ ғ аяғы

  39. ГАЖ-дың құрамдас бөліктері: енгізу жүйесі, графикалық мәліметтер базасы, тақырыптық мәліметтер базасы, визуализация жүйесі, басқару және өңдеу жүйесі, шығару жүйесі

  40. ГАЖ-дың түрлері: графикалық, тақырыптық

  41. Үшөлщемді компьютерлік модельдер: компьютерлік бағдарлама көмегімен табиғаттағы құбылыстар мен кейбір жүйелердің абстрактілі үлгісін шынайы пішінде көрсету

  42. Анимациялық кескіндер: қиымл-қозғалыс көмегімен табиғаттағы түрлі құбылыстарды бір үлгі деңгейінде түрліше ақпарат көмегімен заманауи картографиялық анимациялық туындыларға айналдыру;

  43. Анаморфоз картасын жасаған университеттер: Шеффилд, Мичиган

  44. АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі тапсырысымен құрастылырып, қолданысқа енгізілген жүйе: GPS

  45. Ресейдегі ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйе: ГЛОНАСС

  46. ГЛОНАСС жерсеріктік жүйесі шығарылды: 12.10.1982

  47. Жер бедерін қалыптастырушы күштер: ішкі (эндогенлік) және сыртқы (экзогендік)

  48. Антиклиналь: қатпарлану кезінде біртұтас жоғары көтерілген бөлігі

  49. Синклиналь: қатпарлану кезінде майысып төмен түскен бөлігі

  50. Моноклиналь: қатпарлану кезінде беткі тегіс болып көтерілген бөлігі

  51. Тау жасалуы: тік қозғалатын белсенді тектоникалық қозғалыстар әсерінен тау құрылымдарын қалыптастыратын геологиялық үдеріс

  52. Тербелмелі қозғалыстар: жер қыртысының бір бөлігінің төмен түсуіне ықпал жасайтын баяу қозғалыстар

  53. Физикалық үгілу: тау жыныстары минералды құрамының өзгеріске ұшырамастан бұзылуы (арктика, антарктика, биік таулар, шөл, шөлейттің аридтік аймақтарына тән)

  54. Химиялық үгілу: тау жыныстарының маңызды химиялық, биогендік, биохимиялық реакциялар әсерінен бұзылуы

  55. Сыртқы күштің ең басты әрекеті: үгілу

  56. Үгілудің түрлері: физикалық, химиялық

  57. Бедленд: бүлінген жаман жерлер

  58. Бедленд таралған аудандар: АҚШ жеріндегі Ұлы жазықтар, Орталық Азияның, Кіші Азия мен Үндістан түбектерінің тауалды аймақтары

  59. Карст пішіндерінің ішіндегі ең кең таралғаны: үңгірлер

  60. Жер шарындағы ең ұзын үңгір: Аппалачтағы Флинт-Мамонт үңгірі (587км)

  61. Ең терең үңгір: Кавказдағы Крубери-Воронья (тереңдігі – 2256м)

  62. Карст нәтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндері: Балқан, Кіші Азия, оңтүсттік-шығыс Азия, Аппалач

  63. Қазақстанда кездесетін кішігірім карст пішіндері кездесетін жерлер: Қаратау жотасы, Маңғыстау, Үстірт

  64. Тау жыныстары: жер қыртысын құрайтын әртүрлі агрегаттық күйдегі минералдар жиынтығының тұрақты құрамы

  65. Тау жыныстары түрлері: шөгінді, магмалық, метаморфты

  66. Интрузивті жыныстар: жер қыртысының белгілі бір тереңдігінде қалып қойған бөлігі

  67. Эффузивті жыныстар: лава түрінде жер бетіне шыққан, құрамындағы бу мен газдан ажыраған бөлігі

  68. Магмалық тау жынысына жатады: гранит, габбро, пемза, туф

  69. Магмалық тау жынысының жер бедерінің сипаты: батолит, лакколит, жанартау конустары

  70. Шөгінді тау жынысына жатады: қиыршықтас, құм, тас тұзы, глаубер тұзы, мұнай, таскөмір

  71. Метаморфты тау жынысына жатады: гранит-гнейске, құмтас-кварцитке, әктас-мәрмәрға

  72. Магмалық тау жыныстары жер қыртысының қанша бөлігін құрайды: 60%

  73. Шөгінді жыныстар жер қыртысының қанша пайызын құрайды: 10%

  74. Шөгінді жыныстар жер бетінің қанша пайызын жауып жатыр: 75%

  75. Табиғатта кездесетін минералдар саны: 3000 астам

  76. Кристалдар дегеніміз: құрамындағы атомдары мен молекулалалары белгілі бір дұрыс геометриялық пішінде орналасатын минералдар

  77. Кристалдардың ең көп таралғандары: тетрагональ, гексагональ, ромб, моноклинді кристалдар, куб тектес

  78. Моос шкаласы: минералдың қаттылығын сызық түсіру арқылы анықтайтын эталондық минералдар жиынтығы

  79. Минералдардың жарық өткізгіштік қасиеті қалай аталады: Мөлдірлігі (мөлдір-тау хрусталі, жартылай мөлдір-халцедон, мөлдір емес-пирит)

  80. Тау жынысының жасы: абсолютті, салыстырмалы

  81. Жер қыртысындағы ең ежелгі тау жынысының жасы: 3,8 млрд жыл

  82. Ең үлкен уақыт аралығы: эон

  83. Эонның ішіндегі кезең: эралар

  84. Өте ежелгі тіршілік: архей

  85. Өте ертедегі қарапайым тіршілік: протерозой

  86. Ежелгі тіршілік: палеозой

  87. Орта кезең тіршілігі: мезозой

  88. Жаңа кезең тіршілігі: кайназой

  89. Архей кезеңіде тіршіліктің дамуы: алғашқы қарапайым біржасушалы бактериялар пайда болды, катты вулканизм, ежелгі қатпарлықтар жүрді

  90. Протерозой кезеңінде тіршіліктің дамуы: байкал қатпарлығының басталуы, ежелгі платформалардың пайда болуы, бактериялар мен балдырлардың қарқынды өсуі

  91. Палеозой кезеңінде тіршіліктің дамуы: теңіз суларының көп аумақты басуы, теңіздегі омыртқасыз жануарлардың қарқынды дамуы, алғашқы құрлық өсімдіктерінің пайда болуы, ыстық климат, шөлдердің пайда болуы, алғашқы қосмекенділердің шығуы, балықтардың қарқынды дамуы, герцин қатпарлығы маңында таулардың көтерілуі, климаттың құрғақ бола бастауы, алғашқы ашық тұқымды өсімдіктің пайда болуы

  92. Мезозой кезеңінде тіршіліктің дамуы: мұхит аумақтарының кішірейе бастауы, шөлді аумақтардың ұлғаюы, алғашқы сүтқоректілердің шыға бастауы, ашық тұқымды өсімдіктердің басымдығы, қарапайым құстардың шығуы, алып бауырмен жорғалаушылардың қарқынды дамуы, қазіргі мұхит айдындарының анықталуы, ыстық, ылғалды климат, құстар мен сүтқоректілердің дамуы, алып бауырмен жорғалаушылардың жойылуы, таулардың көтерілуі

  93. Кайназой: мезозойда көтерілген таулардың бұзылуы, гүлді өсімдіктердің қаулап өсуі, құстар мен сүтқоректілердің қарқынды дамуы, гүлді өсімдіктердің қарқынды өсуі, ежелгі қатпарлықтағы таулардың жаңғыруы, адамның пайда болуы, мұз басудың бірнеше рет қайталануы, жер бедерінің жаппай биітеу, неотектоникалық қозғалыстардың күшеюі

  94. Жасына сәйкес қойылған дәуірлер: палеоген, неоген

  95. Адамның шығуымен байланысты дәуірлер: антропоген

  96. Табылған орнын қарай қойылған дәуірлер: кембрий, девон, пермь

  97. Ежелгі тайпа атына қойылған дәуір: ордовик, силур

  98. Тектоникалық қозғалыстар: жер қыртысындағы құрылымдарды қалыптастыратын ішкі күш

  99. Неотектоникалық қозғалыстар: альпі қатпарлығында тектоникалық әректтердің аса қарқынды жүруі бқл белдеуге көршілес орналасқан ежелгі тау құрылымдары

  100. Қазіргі кезде құрлық пен мұхит табандарындағы сөнбеген жанартаулар саны: 800-ден астам

  101. Ноосфера ұғымын енгізді: 1944ж, В.И.Вернадский

  102. Террикондар: жасанды төбелер

  103. Адам әрекеті әсерінен түбегейлі өзгеріске ұшырамаған табиғи жер бедері: құм төгілген жағдажай, грунт жолдарын қалыңдату




  1. Климат: белгілі бір аумаққа тән ауа-райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы

  2. Климат түзуші факторлар: географиялық ендік, атмосфера циркуляциясы, жер бедерінің сипаты, мұхиттар мен теңіздер, жер бетінің төсеніші (альбедо)

  3. Географиялық ендік: жер бетіне келіп түсетін күн радиациясының түсу мөлшерін анықтайды

  4. Атмосфера циркуляциясы: ауа массалары типтері, қысым белдеулері мен қысым орталықтары, атмосфералық фронттар, басым желдер

  5. Жер бедерінің сипаты: жер бедерінің абсолюттік және салыстырмалы биіктігі, тау жоталарының жату бағыттары

  6. Мұхиттар мен теңіздер: мұхиттар мен теңіздердің алыс немесе жақындығы, мұхиттағы жылы және суық ағыстар

  7. Жер бетінің төсеніш беті: жер беті жамылғысының күн сәулесін шағылыстыру мүмкіншілігі

  8. Күн радиациясының түрлері. Тура және шашыранды

  9. Альбедо: жер бетінің күн сәулесін кері шағылдыруы

  10. Жаңа жауған қар күн радиациясын шағылдырады: 90%

  11. Солтүстік жарты шар үшін ең ыстық ай: шілде

  12. Солтүстік жарты шар үшін ең суық ай: қаңтар

  13. Оңтүстік жарты шар үшін ең суық ай: шілде

  14. Оңтүстік жарты шар үшін ең ыстық ай: қаңтар

  15. Мұхит үстінде қалыптасқан жоғары қысымды орталықтар: Азор, Гавай максимумдары

  16. Мұхит үстінде қалыптасқан төмен қысымды орталықтар: Исландия, Алеут минимумдары

  17. Ауа массалары: температуралық көрсеткіші, ылғалдану дәрежесі, қалыптасу ауданына сәйкес жинақталған біртектес ау ағыны

  18. Экваторлық ауа массалары: температуралық көрсеткіші жоғары, ылғалдану дәрежесі жоғары, мөлдірлігі жоғары, өрлеген ауа ағыны басым, қысымы жыл бойы тұрақты төмен болады

  19. Тропиктік ауа массалары: температуралық көрсеткіші жоғары, ылғалдану дәрежесі төмен, мөлдірлігі түрліше сипатта, төмендеген ауа ағыны басым, қысымым жыл бойы тұрақты болады

  20. Қоңыржай ауа массалары: температуралық көрсеткіші орташа, ылғалдану дәрежесі орташа, мөлдірлігі түрліше сипатта, жыл мезгілдеріне қарай температурасы, қысымы мен ылғалдану дәрежесі өзгеріп отырады

  21. Арктикалық ауа массалары: температуралық көрсеткіші төмен, ылғалдану дәрежесі төмен, мөлдірлігі жоғары, мұхит үстінде қалыптасуына қарамастан, құрғақ болып келеді, қысымы жыл бойы жоғары, төмендеген ауа ағыны басым болады

  22. Климаттық фронттар: арктикалық, полярлық, экваторлық

  23. Фронттар ауа массаларының қозғалу сипатына қарай бөлінеді: жылы, суық

  24. Изобара: қысым көрсеткіштері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар

  25. Циклон: қысым көрсеткіші төмен орталықтары

  26. Антициклон: қысым көрсеткіші жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесі

  27. Циклон белгілері: орталығында қысым төмен болатын ауаның құйынды қозғалысы басым болады, ауа ағыны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта, жан-жақтан төмен қысымды орталыққа қарай қозғалады, орталығында ауаның өрлеген ағыны басым болды, ауа-райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынды болып келеді, қатты желдер соғады

  28. Тропиктік циклондардың қалыптасу аудандары: мексика шығанағы, Калифорния түбегі мен мексика жағалауы, оңтүстік-шығыс Азия жағалауы, оңтүстік Азия жағалауы, Африканың оңтүстік-шығыс жағалауы, Индонезия аралдары мен Аустралияның солтүстік-батыс жағалауы, Аустралияның шығысы мен мұхит аралдары аймағы

  29. Төмен қысымды белдеулер: экваторлық, 2 қоңыржай

  30. Жоғары қысымды белдеулер: 2 тропиктік, арктикалық, антарктикалық

  31. Пассаттар: атмосфералық қысым жоғары болатын тропиктік ендіктерден қысымы төмен экваторға бағытталатын тұрақты желдер

  32. Батыс желдер: екі жарты шардың 40-60 ° ендіктерінде басым болады, мұхиттар үстінде басым болады

  33. Муссондар: маусымдық сипаттағы ауа ағындары

  34. Муссондық циркуляция қамтиды: Үнді мұхиты алабының тропиктік ендіктерде жатқан үлкен кеңістіктерін қамтиды

  35. Климаттық аудандастырды: Б.П.Алисов

  36. Гумидтік климат: экваторлық климат

  37. Экваторлық климат: орташа айлық температура +27+28°С, сирек жағдайда +20°С-қа төмендеуі мүмкін, жылдық температура айырмашылығы 1°С-тан аспайды, ал тәуліктік амплитуда 10-15°С-қа жетеді

  38. Субэкваторлық белдеу: екі жарты шарда шамамен 5°-20° ендіктер аралығын алып жатыр, қыс пен жаздың температура айырмашылығы 5°С-қа дейін жетеді, жазы экваторлық белдеуге, қысы тропиктік белдеуге жатады, жауын-шашынның жылдық мөлшері 2000 мм-ден аспайды

  39. Тропиктік белдеулер: орташа айлық температура амплитудасы - 20°С, тәуліктік ауытқу 40°С, қысым тұрақты жоғары

  40. Тропиктердегі аса ірі континенттік шөлдер: Сахара, Арабия, Калахари, Виктория

  41. Субтропиктік белдеу: жазы тропиктік белдеуге өте ұқсас, антициклондық режим басым

  42. Торнадо: жылдамдығы – 200-300км/сағ, жиі байқалады – жаздың ортасы мен күздің басы,

  43. Торнадо жиі байқалады: Орталық және Ұлы жазықтардың шектескен аймағы

  44. Ураган: тропиктік циклондардың солтүстік Америкада аталуы

  45. Акклиматизация: адамның жаңа климаттық –географиялық жағдайларға бейімделуі

  46. Соңғы 20 жыл ішінде болған құрғақшылық: 4 рет қайталанды



  1.   1   2   3   4


Құрлық суларының түрлері: беткі су, жерасты сулары

  • 2. Өзен: өзі жасап, өзі өңдеген арнамен ағатын табиғи су ағыны

  • 3. Дүниежүзіндегі өзендер алабыең үлкен өзен: Амазонка

  • 4. Өзен суы алмасу үшін қажет күн: 11 күн

  • 5. Алаптар арасындағы шегара: суайрық

  • 6. Су шығыны дегеніміз: өзеннің көлденең су қимасынан белгілі бір уақыт бірлігі ішінде ағып өтетін су мөлшері

  • 7. Амазонка өзені тасымалдайтын қатты заттар мөлшері: 500 млн т

  • 8. Хуанхэ өзені тасымалдайтын қатты жыныстар мөлшері: 1 млрд 820 млн т

  • 9. Грунт сулары: жер бетіне жақын, су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы сулар

  • 10. Қазақстан аумағындағы артезиан алабы саны: 70-тен астам

  • 11. Қазақстан жеріндегі 50%жерасты сулары шоғырланған аймақ: Оңтүстік Қазақстан

  • 12. Суық сулар: температурасы +20ºС-дан астпайтын жерасты сулары

  • 13. Термальды сулар: температурасы +20ºС-тан +1000ºС-қа дейін жететін сулар;

  • 14. Гейзер: жоғары температуралы сулардың жер бетіне бұрқақтап шығуы

  • 15. Гейзерлер кездесетін аймақтар: Исландия, Камчатка, Жаңа Зеландия, Жапония,АҚШ

  • 16. Қазақстанда емдеу-сауықтыру мақсатында кеңінен қолданылатын минералды су көздері: 300-ден астам

  • 17. Адамзат тарихындаға алғашқы өркениеттер қалыптасқан көл-өзен бойындағы мәдени ошақтар: Месопотамия, Ежелгі Египет, Ежелгі Қытай, Үнді

  • 18. Дүниежүзіндегі ірі қалалардың қанша пайызы ауызсумен жерасты суы есебінен қамтамасыз етіледі: 70%-дан астамы

  • 19. Жерасты суы бірден-бір су көзі боп табылатын дүние бөліктері мен аймақтары: Азия, Солтүстік Америка, Африка, Аустралия

  • 20. Қазақстанда анықталып, зерттелген минералды бұлақтар саны: 300-ден астам

  • 21. Тұщы судың 85%-дан астамы ауылшаруашылық қажетіне жұмсалатын жер беті бөлігі: Азия

  • 22. Эрозияның түрлері: бүйірлік, түпкі;

  • 23. Өзендердің жер бедерін құрудағы басты факторлары: өзен ағысы мен жылдамдығы

  • 24. Эрозия: өзен ағысының тау жыныстарын бұзып, ағызып, жаңа өзен арнасын қалыптастырып отыруы

  • 25. Эрозия базисіне жатады: көл, теңіз, мұхит деңгейі

  • 26. Өзен сағасы: өзеннің құяр жері

  • 27. Өзен сағасы қалыптасу ерекшелігіне қарай бөлінеді: эстуарий, атырау (дельта)


  • 28. Эстуарий жасап құятын өзендерге жатады: Темза, Сена, Енисей, Парана, Конго

  • 29. Ең үлкен эстуарий: Парана өзені сағасындағы Ла-Плата шығанағы

  • 30. Ла-Плата шығанағы сипаттамасы: ұзындығы – 320км, көлденең қимасы – 220км

  • 31. Кірме: шағын эстуарийлер

  • 32. Атырау жасап құятын өзендер: Ніл, Лена, Еділ, Ориноко

  • 33. Аңғарлар жер бедері сипатына қарай бөлінеді: таулы, жазық

  • 34. Өзен аңғарының негізгі элементтері: арна, жайылма, терраса

  • 35. Арна: өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең терең бөлігі

  • 36. Жайылма: Өзен аңғарының өзен суы тасыған кезінде су басып кететін бөлігі

  • 37. Террасалар: тегіс немесе аздаған еңкіштігі бар аңғардың беткейлер шегінде сатыланып орналасқан алаңдары

  • 38. Өзен: өзі қазып, өзі өңдеп алған ойыс арнасы арқылы тұрақты ағатын және өз алабындағы беткі, жерасты сулары есебінен толығып отыратын су ағыны

  • 39. Атырау: өзеннің теңізге немесе көлге құяр бөлігінде аллювийлік тұнба жыныстардың жиналуынан түзілетін саға

  • 40. Эстуарий: теңіз суының өзен аңғарына тереңдеп енуінен пайда болатын терең шығанақтар

  • 41. Лиман: өзен аңғарының сағаға жақын жиектерінің су астында қалған бөліктері

  • 42. Саңылау: екі жағы тік құламалы, тар аңғарлар

  • 43. Каньон (шатқал): жағаларының беріктігі әртүрлі, қабаттала жиналған тау жыныстарын судың қазып, тілімденуі нәтижесінде қалыптасқан саты тәрізді аласаратын аңғар типі.

  • 44. Аңғарлардың түрлері: саңылау, шатқал, каньон

  • 45. Өзендер немен қоректенеді: мұздықпен, қар суымен,жаңбыр, жерасты суымен

  • 46. Муссонды климат тән: Оңтүстік және Шығыс Азия

  • 47.Деңгейлері жыл бойы тұрақты болатын өзендер: Амазонка, Конго

  • 48. Басым түрде мұздық суымен қоректенетін өзендер: Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф, Скандинавия тауларынан бастау алатын өзендер;

  • 49. Басым түрде қар суымен қоректенетін өзендер қай елге тән: Ресейдің солтүстігінде

  • 50. Қазақстанда қар суының үлесі басым өзендер: Ембі, Сағыз, Торғай

  • 51. Жаңбыр суының үлесі бар өзендер: Есіл, Нұра

  • 52. Қар, мұздық суларымен қоректенетін өзендер: Ертіс, Сырдария, Іле;

  • 53. «Өзендер климаттың өнімі» деп кеткен ғалым: А.И.Воейков

  • 54. Жер бетіндегі сумен толтырылған ойыс жер: көл

  • 55. Көлдер алып жатырған құрлық бөлігі: 2%

  • 56. Көлдердің шығу тегіне байланысты түрлері