Файл: Анытамасы Уаыты 14 азан 2022 ж Масаты оушыларды патриотты сезімін ояту, Жас лан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер

ұйымына қабылдау туралы
Анықтамасы
Уақыты: 14 қазан 2022 ж

Мақсаты: оқушылардың  патриоттық   сезімін   ояту, «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Гимназияішілік бақылау жоспары негізінде №364-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып 14.12.2022 күні «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16-желтоқсан Тәуелсіздік  күніне арналған  Республикалық  бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымына қабылдау  салтанатты жиыны  өткізілді.

«Жас ұлан» біріңғай балалар мен жас өспірімдер ұйымына қабылданған оқушыларға гаустык пен төс белгі тағу құрметі гимназияның ұзақ жылдар бойы еңбегі сінген, шығармашыл, тәжірибелі ұстаздары 59 жасұландықтарға үлгі ретінде табыс етті. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұраны айтылып, үйымыға қабылданған оқушылардың атынан 8 б сынып оқушы Өмірсерікқызы Сания ортаға шығып ант берді. Соңынан  «Жасұлан»  әнін  хормен  орындады. Гимназия директорының міндетін атқарушысы Ниязова Айгүл Қиықбайқызына сөз  берілді. Келесі құттықтау сөзін «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі, Аудан бойынша «Үздік кошбасшы - 2022» номинациясының иегері Даярбек Айдаға беріледі. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау іс-шарасы өз деңгейінде өткізілді.
Ұсыныс.

  1. Салтанатты жиында оқушылардың дұрыс сапқа тұруын сынып жетекшілер қадағалау, назарға алынсын.


Орындаған: Педагог – ұйымдастырушы Ф.Қасымжанова