ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.04.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | СПИД ғасыр дерті | |
Мақсаттары | Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. | СПИД вирусының қай жылы кім ашты? СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. | | презентация |
Сабақтың ортасы | «Кофе таяқшалары» , яғни сұрақтарға жауап беру. 1.Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы.) 2.Құрамында этил спирті бар. Ол не? (ішімдік). 3.Темекі құрамындағы улы зат? (никотин). 4.СПИД неліктен қорқынышты? (ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ). 5Салауаттылық сөзінің негезгі мағынасы? (Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, сабырлы). 6.СПИД нашақорларға қалай жұғады? (ортақ пайдаланған инее арқылы). 7.Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні ? (1желтоқсан). 8.шылымның зияны тиетін мүше? (өкпе) | Алдарыңызда берілген суреттер мен мәтіндерді пайдаланып , постер құрастырамыз. СПИД жұқпалы ауруы 1981 жылы АҚШ – та пайда болды. Ол өте қауіпті індет. Оны « ХХІ ғасырың обасы» деп атаған. Онымен ауырған адамдарды емдейтін тиісті дәрі – дәрмек жоқ.Бұл ауру адам бойында бірден пайда болмайды. Вирус иммундық жүйесіне зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды.СПИД пайда болғаннан бері қанша жылдар өтсе де, одан емделіп, мүлдем айығып кеткен адам жоқ. Бұл ауру туберкулез ауруының асқынуына тікелей әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша жыл сайын 1-желтоқсанда СПИД-пен күрес күні аталып өтеді. Қазір дүние жүзінде СПИД-пен бірнеше миллиондаған адам ауырады. СПИД – бұл бойдағы қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организміндегі иммундық жүйені бұзатын жіне бүкіл аурулар қатарына төтеп беретін мүмкіндігін жоқ қылып, өлімге әкеп соқтыратын дерт. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша осы аурумен ауыратын 65млн адам тіркелген және 25млн адам кейінгі жылдары осы дерттен қайтыс болған. СПИД – үміті жоқ болашақ, оған бүкіл дүние көмектесе алмайды. СПИД адамға көп бақытсыздық әкелетін қатерлі, жазылмайтын ауру. | | Интербелсенді тақта/ компьютер |
Сабақтың соңы | СПИД –ғасыр індеті.Қазіргі уақытта бұл аурудың емі жоқ, бірақ одан сақтану жлдары бар. Әрдайым сол сақтық жолдарын естен шығармай, орындап жүрсең, өзіңді сақтайсың. ХХІ ғасырда, ашық аспан астында, Денсаулықтарыңыз мықты болсын Отбасыларыңыз қуанышқа толсын, Өмірлеріңіз салауатты болсын! Ауруды жүқтырмау, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау өз қолымызда, салауатты өмір – жарқын болашақта өмір сүрейік! | Оқушылар бір біріне жылы сөз айту арқылы қорытындылайды | | презентация |