Файл: Сабаты таырыбы ос дгелекті арбаны пайда болуы лемді алай згертті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Құрметті әріптес!

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі







472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған. «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша

Қысқа мерзімді жоспар

5– сынып, 2-тоқсан

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?

 Бөлім:

Қос дөңгелекті арбалар және империялар

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау


Сабақтың мақсаты:

Римнің көне замандағы қуатты империяға айналуына әсер еткен факторларды анықтау.

Бағалау критерийлері

Рим империясының күшею факторларын дұрыс табады;

Қуатты әскерді сипаттап береді.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттар: Оқушылар:

тарихи факторларды (Римнің өсуіне қала-мемлекет дәне империя ретінде әсер ету) талқылау кезінде академиялық тілді қолданады.

Пәнге тән лексика және терминология

Империя, республика, плебейлермен патрициялар, принципат, доминант, трибун, сенат, Цезарь.

Жазылым мен диалогқа пайдалы сөздер:

................. болғандықтан, римдіктер қуатты бола бастады.

...... арқасында Рим әскере күшейе бастады.

Құндылықтарды дарыту

Елдердің мәдениетіне құрметті тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Бастапқы ынталандырушы материал

«Ширату» Оқушыларға Капитолий қасқырының суретін көрсетіңіз.

Оқушылардан суретке қарап, жеңіл және күрделі сұрақтар құрауды сұраңыз.

Рим қаласының құрылуы туралы бейнероликті көрсетіңіз.

Ромул мен Рем туралы аңызды айтып беріңіз, оқушыларға өздерінің жауаптарын толықтыруын сұраңыз. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

http://italy4.me/lazio/roma/kapitolijskaya-v.olchica.html

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

(Г)Оқушыларға ақпараттық парақтарды үлестіріңіз (дифференциация)

Оқушылар топта жұмыс істейді

1-топ – мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз;

2-топ – мәтіннен кем дегенде 15 кілт сөз табыңыз;

3-топ – мәтін бойынша 5 бұрыс ақпарат жазып, көрші топтарға көрсетіңіз.

Топаралық бағалау.

Жетістік критерийлері:

(И)Рим империясының б.з.б. ІІ ғ. Картасын көрсетіңіз.

Оқушылар картадан римдіктердің жаулап алған елдерді тауып, ел атауларын айтады.

Рим империясының картасын көрген кезде Сізде не көп таң қалдырды?

Рим империясын сипаттайтын сын есімдерді айтыңыз.

Римнің көне заманда қуатты империяға айналуына қандай факторлар әсер етті деп ойлайсыздар?

Оқушылар римдіктер қуатты әскерінің арқасында Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға дейін созылған қуатты империяға айналды деген ойға келеді.

(П) Оқушылар жұпта жеңілмейтін әскерге сипаттама жасайды.

(К)Рим әскері туралы видео көрсетіледі. Кейін оқушылар дәптерлеріне рим легиондарының ерекшеліктерін жазып алады.

Рөлдік ойын.

Оқушылар Юлий Цезарь жайлы ақпаратпен танысып, шағын рөлдік көрініс көрсетеді.

Ұсынатын көрініс тақырыптары:

  1. Цезарьдың Рим билігін алуы;

Цезарьдың Галия жерін жаулауы.

Рим империясының күшею факторларын (кем дегенде екеу )дұрыс

Оқушылар кем дегенде 3 қуатты елдің әскерін атап береді.

Табады

Оқушылар жеңілмейтін әскердің кем дегенде 5 сипаттамасын көрсетеді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Шәкілдеу»:

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «Стикердегі жазба»


Слайд 3 Постер Маркер
ҚБ парағы, Оқулық Үлестірмелі парақтар


«Алғаш- қы адамдардың

өмірі» сурет, стикерлер

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Кері байланыс

«Түртіп алу» стратегиясы


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

  1. Сабақтың соңында оқушылар «Рим империясының артықшылықтары неде?» тақырыбында эссе жазады












«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша

Қысқа мерзімді жоспар

5– сынып, 2-тоқсан

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?

Бөлім:

Қос дөңгелекті арбалар және империялар

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау

Сабақтың мақсаты:

Римнің көне замандағы қуатты империяға айналуына әсер еткен факторларды анықтау

Тілдік мақсаттар

Оқушылар топтық талдауда дәлелдерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектейді

Пәндік лексика мен терминология: скифтер, сақ-массагеттер, тиграхау-далар, Александрия Эсхата

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Мен, Александр Македонский … болды деп санаймын Меніңше, скифтер немесе сақтар ең… болған

Жазылымға арналған тапсырма: кескін картамен жұмыс

Құндылықтарға баулу

Патриотизм, өзінің және өзге ұлт тарихын құрметтеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Бастапқы ынталандырушы материал

«Шешімі кейінге қалдырылған сұрақ» цитата «Мен жеңісті ұрламаймын!»

(М) Бұл сөздер кімге тиесілі деп ойлайсыңдар?

Сол тұлғаның тұлғалық қасиеттерін атай аласыңдар ма? Топтастыру – «А.Македонский қандай?»: 1-топ: «Ұлы»; 2-топ: «Дана»; 3-топ: «Қатал»; 4-топ: «Бір беткей»

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушылардың айтқан болжамдарын тақтаға (флипчартқа) жазып, бүкіл сыныппен талқылайды


ҚБ мадақтау

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Төменде берілген мәтіндегі көп нүктенің орнын тиісті сөзбен толықтырыңыз: Александр Македонский Македония орталығы Пелледе ______________ шілде айының

аяғында дүниеге келген. Оның әкесі ________________ ежелгі македон патшасы Каранның тұқымы, шығу тегін мифтік батыр Гераклмен байланыстырса, шешесі Олимпиада Эпир патшасының қызы, эллиндік миф батыры Ахиллмен шығу тегін байланыстырады. 13 жасындаоған ____________________ ұстаздық етеді. Александрға этика, саясат ғылымдары бойынша дәріс беріп, оны болашақ гректердің қолбасшысы рухында тәрбиелеу мақсаты тұрды. Аристотель мектебінен ол үлкен білімді азамат болып тәрбиеленіп, ________________ мен «Одиссеяны» әрдайым ықыласпен оқитын болатын.


Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар алғашқы өнер үлгілерін қолдана отырып, алғашқы адамдардың өмірін суреттейді.

Дескрипторлар:

Гомердің «Илиада» еңбегін біледі Аристотель ұстазын біледі

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Ең үздік жауап»

ҚБ «Алақан-жұдырық»

ҚБ «Жұлдызшалар»


Ласко үңгірі

туралы

бейнебаян

суреттер

ВЕНН диаграммасы

Кесте

сызбалар

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Кері байланыс

«Бұл сабақты оқып, мен…»

Білмеймін .......

Білемін .....

Түсінемін .....

Түсінемін және қолдана аламын ....

Басқа біреуді үйрете аламын .....

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

  1. Гомер деген кім?












«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша

Қысқа мерзімді жоспар

5– сынып, 2-тоқсан

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?

Ежелгі Орта Азия империялары қаншалықты қуатты болды?

БЖБ №3

Бөлім:

Қос дөңгелекті арбалар және империялар

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?

Ежелгі Орта Азия империялары қаншалықты қуатты болды?

БЖБ №3

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау;

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін талдау;

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

Ассирия империясы, екінші Вавилон империясы, Парсы империясы секілді ежелгі мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын оқып үйренеді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Шығыстағы ежелгі мемлекеттердің географиялық жағдайын және шекарасын сипаттайды

  • Жаңа Вавилон патшалығының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды

  • Ассирияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды

  • Ежелгі Парсының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкндік беріледі:

  • Тыңдалым - видеоматериал көріп болған соң тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында.

  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.

  • Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.

  • Айтылым - топтарда және жұптарда талдау талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.

Құндылықтарға баулу

Патриотизм, өзінің және өзге ұлт тарихын құрметтеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, жетістік критерийі таныстырылады.

Оқушыны 3 топқа біріктіру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБ мадақтау

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Картамен жұмыс жүргізу. Топ оқушылары сол мемлекеттердің саяси дамуы жайлы картамен жұмыс жасайды.

Топтарға мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады. Әр топ оқулық бойынша мәтінмен жұмыс жасайды.

Оқылымнан кейін оқушылар ауылшаруашылығы іс-әрекеті, билеу ісі, жаулап алу бағыттарының ерекшелігін ескере отырып, кесте толтырады. Кесте толтырылғаннан кейін, топтың бір өкілі келесі топқа келеді де, өз кестелері бойынша түсіндіру жұмысын жасайды. тыңдап отырған топ өз кестелерін толықтырады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

«Жұлдызшалар»


Кесте-сызба «Жаңа тас ғасырындағы өзгерістер

Суреттер

Кесте

сызбалар


Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Кері байланыс



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

  1. Қайталау












«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша

Қысқа мерзімді жоспар

5– сынып, 2-тоқсан

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті?Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды? БЖБ №4

Бөлім:

Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті?

Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды?

БЖБ №4

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру

5.1.2.3 қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін «касталық жүйе» ұғымын қолдану;

5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Үндістанның ежелгі өркениеттерінің ерекшеліктерін зерттейді

Тарихи деректердің мазмұнын түсінеді

Мохенджо Даро қаласының жойылу себептерін анықтайды

Бағалау критерийі

Суретті түсіндіріп, маңызды ақпаратты анықтау

Мәтіндегі және графикадағы ақпаратты қарастырады

Ежелгі қаланың опаты туралы төрт нұсқасының нақтылығын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі:

  • Тыңдалым – оқушылардың бір-бірінің жауаптарын тыңдау барысында.

  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.

  • Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.

  • Айтылым - топтарда және жұптарда талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мемлекеттің өзгеруі/жетістіктері .......

Мемлекеттің әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени саласындағы жетістіктер ..........

Ең маңызды өзгерістер/жетістіктер.....

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды /

айтарлықтай, өйткені….

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Арии, санскрит, веды

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, мәдениетті құрметтеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


Тақырыпқа шығу мақсатында оқушыларға ежелгі қаланың қираған түрі көрсетіледі

  • Нені көріп тұрсындар?

  • Бұл қала қайда орналасқан деп ойлансындар?

  • Не себепті қала қиралып түр?

Мохенджо Даро қаласы туралы қысқаша шолу жасау

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары анықталады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБ мадақтау

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин


Үндістан өркениетіне шолу жасау

Кескін картамен жұмыс

Ж Тапсырма 1: картаны пайдаланып, Үнді аңғарындағы өркениеттердің қалыптасуының мерзімін уақыт сызығына түсіріңіз. Осы уақытта тағы қандай өркениеттер болғанын есіңізге түсіріңіздер

Қалыптастырушы бағалау. Дескрипторлар.

Оқушылар:

  • Өркениеттердің қалыптасуын анықтап түсіндіреді.


Ж Мохенджо-Даро қаласындағы қазба жұмыстары туралы деректі талдау

Үнді халқының дағдылары туралы не айта аласыңдар, жауапты дәлелдеңіз

Қаланың күйреу себептері қандай болуы мүмкін?

. Б Сызбаны талдау. Қалай ойлайсындар, Мохенджо Дароның жойылуының себептері қандай болды?


Оқушылар тарихи деректен мәтін оқып (арий тайпалары туралы) және Мохенджо Даро қаласының қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан орында жасалынған фотосуретті талдайды. Ауызша (не жазбаша) сұрақтарға жауап береді.

Дескрипторлар:

Деректерді талдап қорытынды шығарады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»


Суреттері бар мәтін
Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар



Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Кері байланыс



Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды