Файл: Сабаты таырыбы ос дгелекті арбаны пайда болуы лемді алай згертті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша

Қысқа мерзімді жоспар

5– сынып, 2-тоқсан

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды?

Бөлім:

Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;


Сабақтың мақсаты

ежелгі үнділердің шаруашылық туралы білу

ежелгі үнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағдарларына сипаттама беру

ғылымдардың дамуына шаруашылық пен сауданың ықпалын анықтау

Бағалау критерийлері


  • Суретті түсіндіріп, маңызды ақпаратты анықтау

  • Картада 2 кем емес сауда бағдарын анықтай алады

  • Сауда жолдарының бойында 3 кем емес географиялық аймақтарды атай алады

  • Өлшемдер жүйесін талдайды

Балама өлшем жүйесін ұсынады

Тілдік мақсаттар

Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі:

  • Тыңдалым – оқушылардың бір-бірінің жауаптарын тыңдау барысында.

  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.

  • Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.

  • Айтылым - топтарда және жұптарда талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мемлекеттің өзгеруі/жетістіктері .......

Мемлекеттің әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени саласындағы жетістіктер ..........

Ең маңызды өзгерістер/жетістіктер.....

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды /

айтарлықтай, өйткені….

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Зебу, каботаж саудасы, эталон, дәмдеуіш

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин.


Тақырыпқа шығу мақсатында оқушыларға үнді сауда керуеннің суреті көрсетіледі.

Өздеріңді көпес ретінде елестетіңіздер. Жұпта келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

Басқа елдерде сату үшін қандай тауарды апаратын едіңіздер?

Үнді тауарларын сатуға қай мемлекеттерге бағыт аласыз? Неліктен?

Талқылау

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары анықталады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБ мадақтау

Тақырыптық суреттер

Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Қысқаша шолу ретінде үнділер қандай шаруашылықпен айналысқаны туралы және қандай өндіріс көздері болғаны туралы айтылады

Ж Практикалық тапсырманы ұйымдастырып орындау. Оқушылар тарихи деректен мәтінді қарастырып келесі тапсырмаларды орындайды:

Үнді тауарларының басқа елдерге тасымалдануының қандай тиімді бағдары болды?

Бұл бағдар қандай географиялық аймақтар арқылы өтті?

Ежелгі үнді көпесі сауда тауарларының сатылуын сәтті жүргізгісі келсе, онда ол қандай ғылыми білімдерге ие болуы тиіс?

Ж Екінші практикалық тапсырманы ұйымдастырып орындау. Ежелгі Үндістанда саудагерлер салмақты және ара қашықтықты өлшеу үшін жеке өлшеу бірліктерін пайдаланған. Біз метрлік жүйені қолданамыз. Ал, енді өздеріңіз мөлшер мен қашықтықты өлшеудің жеке жүйесін құрастырып көріңіз. Эталон ретінде кез келген мөлшерді алуға болады. Бірақ ескертіңіз, сіздердің эталондарынды қолданысқа енгізу үшін ол қарапайым әрі түсінікті болуы қажет

Үнді көпестерінің дағдыларын анықтап түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • Картаға тауарларды тасымалдауға тиімді бағдарларды дұрыс салады

  • Географиялық аймақтарды дұрыс анықтайды




ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

Ақпараттық

Мәтін

Кесте

карта

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Кері байланыс

  • Бүгінгі сабақ мазмұны түсінікті ме?

  • Не түсініксіз?

  • Нені білгіңіз келеді?

  • Мақсатымызға жеттік пе?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

  1. Қайталау












«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша

Қысқа мерзімді жоспар

5– сынып, 2-тоқсан

7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды?

Бөлім:

Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау


Сабақтың мақсаты

Ғылыми білімдердің Ежелгі Үндістан мен барлық адамзат өміріне тигізген әсеріне баға беру

Бағалау критерийлері


Гупта дәуірінде Үндістанның даму ерекшеліктерін біледі

Ғылыми-танымал журналға қысқаша мақала жазады

Ежелгі Үндістанның ғылыми білімдері жайында портфолио құрастырады

Тілдік мақсаттар

• Топ ішінде жұмыс істегенде талдайды, салыстырады, жинақтайды

Пән лексикасы мен терминологиясы

• Билеуші, Нысандар (зерттеу), Дін, Буддизм, индуизм, Ашока, Будда, Каста (брахмандар, вайшьи, кшатрилер, шудралар, парилер), Мохенджо-Даро, Ригведа, Калинги

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

• Император Ашока ұлы император болды, себебі…

• Алайда, басқа жағынан алғанда

Индуизм басым болып қала берді, себебі …

Құндылықтарды дарыту


Еңбексүйгіштік пен шығармашылық, азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік, академиялық адалдық, көптілділік, топта жұмыс жасай алу, толеранттылық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин.


Тарихи концепт (фокус): маңыздылық

Оқушылармен сәлемдесу және сыныпты топқа бөлу (дүние бөліктері: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

Ғылыми білімдер жайында суреттер. Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтау керек.

Оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

(БЫМ) Гупта дәуірінде пайда болған үнді ғалымдарының өнертабыстары бейнеленген пазлдарды құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылардың болжамын тыңдаңыз.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


Мадақтау

Гупта дәуіріндегі ғылым http://civilka.ru/india/india.html


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Оқушыларға Гупта (III—VI ғғ. Магадхада, Солтүстік Үндістанда билеген патша әулеттері) дәуіріндегі Үндістан картасының суретін көрсетіңіз.

Келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

Бұл империя туралы қандай сұрақтар туындады?

Қай билеушісінің атын білесіздер?

Өнертабыстар мен картадағы суреттер арасында қандай өзара байланыс бар?

(Т) Оқушылар Гупта дәуірі кезеңінде ғылымның дамуы жайында портфолио құрастырады

(С) Оқушылармен бірге олардың құрастырған портфолиосын талқылаңыз. Бір-бірінің жұмысына баға беруді ұсыныңыз. (Топтық жұмысты өзара бағалау критерийлері)

(Ж) Оқушылар Гупта кезеңіндегі ең маңызды ғылыми және технологиялық жетістіктер туралы шағын мақала жазып, онда ежелгі өркениеттердің бірінің (оқушылардың таңдауы бойынша) ғылым мен техникасының дамуымен салыстыруы керек. Таңдау жасағанда оқушылар осы жетістіктердің тәжірибеде қолданылуын фактілерімен дәлелдейді.

Әр түрлі өркениеттерде ғылыми білімнің даму мысалдары:

1. Үндістан мен Мысыр арифметикасы

2. Үндістан мен Мысыр медицинасы

3. Үндістан, Грекия немесе Рим архитектурсы

4. Үндістан, Мысыр немесе Ежелгі Грекия астрономиясы

Оқушылар болжамдарын мәлімдейді, бұдан кейін фотосуретті уақыт сызығында «Бүгін» белгісіне жақын, 1960-1970 жж. аралығына орналастырады

Оқушылар ресурстар тізімінен карточкалар мен Мысырдың әлеуметтік құрылымын сызба бойынша жүйелейді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

«Жұлдызшалар»


Салыстыру үшін қолданылатын сайттар

Мысырдағы ғылыми жаңалықтар

http://alfarabinur.kz/iz-istorii-vostoka/nauchnye-dostizheniya-drevnego-

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин

- мен бәрін түсіндім және тапсырмаларды қиындықсыз орындадым

- мен бәрін түсіндім, алайда тапсырманы орындау қиын болды

- мен барлығын орындай алмадым

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект