Файл: ыса мерзімді саба жоспары за мерзімді жоспар блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4А Дифференциалдық теңдеулер | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Садыкова Г.Н. | ||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме) | 11.1.25 - екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шешу (ay''+by'+cy=0 түріндегі ,мұндағы a,b,c -тұрақты шамалар); | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушыларға: екінші ретті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдерін табу әдістерін меңгерту.(Білімді бекіту сабақ) | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар оқу мақсаттарын игеру үшін: Білу, түсіну: екінші ретті тұрақты коэффициентті бар біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулердің анықтамасын біледі; Қолдану: екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шешу әдісін қолданады; Талдау: түбірлеріне байланысты дифференциалдық теңдеудің түрін, шешу әдісін анықтайды | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - дифференциалдық теңдеуді шешудің әдісін таңдауды негіздейді; - ay''+by'+cy = 0 (мұндағы a, b, c – тұрақтылар) түріндегі теңдеуді шешуде терминдерді қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - екінші ретті дифференциалдық теңдеу; - сызықтық дифференциалдық теңдеу; - Коши есебі; - характеристикалық теңдеу. Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер: - шешімін табу үшін ... характеристикалық теңдеу құрамыз … ; -. жалпы шешімін табу үшін …; - дифференциалдық теңдеу дербес шешімін табу үшін …; | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы тақырыпты оқи отырып, оқушылардың физика курсымен байланысты гармоникалық тербеліс теңдеулерін шешу әдістері туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ActivInspireжабдықтамасын пайдалану. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Дифференциалдық теңдеулер түрлерін ажыра алу; айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шеше білу білімдері қажет. | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 4 минут 2 минут | 1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау және сабаққа дайындықтарын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Өзара дәптерлерін алмастыра отырып, үй тапсырмасының орындалуын қадағалау. 2.Білімді өзектендіру Мақсаты: ұсынылған сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру. Дағдылар:білу, түсіну Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушылардың білімдерін бекіту үшін сұрақтар қояды. Оқушының іс-әрекеті:оқушылар жауаптарына түсініктеме береді, бірін-бірі толықтырады. Сипаты:оқушылар екінші ретті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеудің анықтамасын еске түсіреді, характеристикалық теңдеу құрастыру мен теңдеудің түбірлері болуы мүмкін жағдайын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді. Оқушылар екінші ретті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеуді шешудің бағалау дескрипторын анықтай отырып, жазады. 1)характеристикалық теңдеуді құрастырады; 2)характеристикалық теңдеудің түбірлерін табады; 3)теңдеудің жалпы шешімін жазады. | | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 13 минут 6 минут 10 минут | 3. Топпен жұмыс Мақсаты:Оқушылардың екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер туралы білім дағдыларын бекіту Дағдылар: қолдану, сыни ойлау Мұғалімнің іс-әрекеті:оқушыларды үш шағын топтарға бөледі және тапсырмасы бар кеспе қағаздарын таратады. Оқушының іс-әрекеті:бір-бірімен өзара ақылдаса отырып, тапсырманы орындау; I топ Теңдеуді шешіңіз: . Теңдеудің дербес шешімін табыңыз: және , егер II топ Теңдеуді шешіңіз: Теңдеудің дербес шешімін табыңыз: және ,егер III топ Теңдеуді шешіңіз: Теңдеудің дербес шешімін табыңыз: және ,егер Сипаты:Мұғалім оқушыларға тақырыпты бекіту үшін берілген есептерді шешуді және тақтада шешімін көрсетуді ұсынады. Оқушылар топтарының жеке қабілеттерін ескере отырып, дифференциалдық тапсырмалар құрылады. Оқушылардың нәтижелі жұмыстануы үшін топтық дифференциация қолдануға болады. Бағалау:әрбір жұптың тапсырмасын мұғалім тексереді, талдайды, өзара кері байланыс жасайды. 4. Жұппен жұмыс Мақсаты: Оқушылардың екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер туралы білім дағдыларын саралау. Дағдылар: қолдану, саралау Теңдеудің дербес шешімін табыңыз:
Сипаты: оқушылар жұптаса отырып, ұсынылған тапсырмаларды орындайды. Бағалау:жұптар арасында өзара бағалау 5. Өзіндік жұмыс. Мақсаты:Оқушылардың жаңа тақырып бойынша ұсынылған тапсырмалар арқылы игерген білім икемділіктерін саралау. Дағдылар: білу, қолдану Теңдеуді шешіңіз: Теңдеудің дербес шешімін табыңыз: 1. және ,егер 2. және , егер Орындалуы: Оқушылар ұсынылған тапсырмаларды жеке орындайды. Бағалау: өзін-өзі бағалау дескриптор бойынша | Н.В.Богомолов Практические занятия по математике: «Высшая школа», 2007 Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | 4. Сабақты қорытындылау. Рефлексия: Мен нені білдім........... Мен нені оқыдым........... Менің білгім келеді Мен меңгердім Үй тапсырмасы: Қосымша4 | Стикерлер | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдарыменресурстарыноқушылардыңжекеқабілеттерінесепкеалаотырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін. Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепкеалаотырып, сабақтыңкез-келгенкезеңіндеқолданылаалады | Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз | Денсаулықсақтаутехнологиялары. Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері. ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |