Файл: Лекция таырыбы дебиеттік оу дістемесіні масаты жне міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

пәнімен байланысы осы шығарма мазмұнына сәйкес техника түрлеріне, құрылыс мамандарына, олардың еңбектеріне деген қызығушылығын туғызды, оларға құрметпен қарауға үйренеді.Еңбектің түрлеріне қатысты шығармаларды оқып, оларды өмірде көрген тәжірибелермен салыстырып, өз пікірін дәлелді түрде білдіреді.

  • Оқушы өз ойын жүйелі жеткізуде, тілдік қатысымдылықты сақтау, байланыстырып сөйлеу және тіл дамыту жұмыстарында, шығарма, мазмұндама жазуда қазақ тілі пәнімен байланысы жүзеге асырылады.

  • Әдебиеттік оқу пәні шығарманың мазмұнына сәйкес қоршаған ортамен тансу пәнімен байланысады, табиғат құбылыстары мен ерекшелітерін тануда жыл мезгілдеріне байланысты табиғатқа саяхат жасау, ауа райын бақылау жұмыс тары іске асады, ал оқиғаны салыстыруда автордың көзқарасы мен идеясын тіршілік өмірмен байланыстыру мәселелері сипатталады.

  • Пәндік материалды қайта өңдеу іс-әрекетінде, ішкі жоспарды іске асыруда, мақсатқа бағытталу мен белгілі бір шешім қабылдауда, іс-әрекеттің орындалуын бақылау, бағалау, түзету енгізуде әдебиеттік оқу пәні математикамен байланысады.

  • Мәтін мазмұнына сәйкес түсінгені бойынша шығармашылықпен сурет салу, яғни, басты кейіпкерді немесе образды, не болмаса тұтас сюжеттің суретін салу арқылы ойын бейнелеп жеткізуде бейнелеу өнерімен байланысады.

  • Көркем шығарманың идеясын ашу мақсатында музыка қолданылады. Мұғалім шеберлігі мен оқушының шығармашылығы бірлесіп, тақырып мақсатына сай дұрыс таңдалған музыканы пайдалануға болады.Бұл, әрине, әдебиеттік оқу пәнін музыкамен байланыстырады.

  • Әдебиеттік оқу пәні информатикамен байланысады. Ақпаратты іздеу, алынған ақпаратты сақтау, компьютерді пайдалана білу- әрбір мұғалімнің міндеті. Сонымен бірге барлық пәндерден дайындалып, жарық көрген электрондық оқу құралын тиімді пайдалану оқушылардың әдебиеттік оқу пәнін оқуға деген қызығушылықтарын арттырары сөзсіз.


Көркем мәтінді талдау арқылы оқушылар адам тағдырымен, өмір шындығымен, жазушының поэзиясымен танысады. Әрине, ондай таныстық бұл сыныптарда жазушы жасаған кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын ұғуға әрекеттену, көркемдікті, шығарма оқиғасын қызықтау тұрғысында болады. Оқушы бойында көріне бастаған осындай ой қаракеттерді әрі қарай дамыту, оларды білімдік арнаға салу, оқушыларды жазушының ойын аңғаруға, кейіпкер ісіне баға беруге баулу сабақтың басты мақсаты болуға тиіс.

Мектепте оқыту мен тәрбие беру тығыз бірлікте қаралады. Көркем шығарма тәрбие берудің де пәрменді құралы. Сондықтан оны заман талабына сай оқыту арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеу құралына айналдыра білу басты міндет болып есептеледі. Мәселен, тәрбиенің бір түрі – патриоттық тәрбиеге IV сыныпқа арналған « Әдебиеттік оқудан» мысалды көптеп келтіруге болады.

Патриоттық тәрбие - Отанға адал қызмет ету болса, ол оқушылардың саяси сауаттылығын, адамгершілік қасиетінің молдығын, эстетикалық талғамдылығын, еңбек сүйгіштігін қамтиды. Демек, халық қажетін өтерлік туындылар беріп отырған жазушының өз басынан бастап, оның шығарма кейіпкері бойындағы жақсы қасиеттер - кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Оқушылар әрбір туындыны бір ғана жазушының меншігі демей, оны Отанға қызмет етудің айқын айғағы деп қабылдайды, жазушыны, ол суреттеген адамдар тағдырын тарихпен байланыстыра тануға дағдыланады, әр шығармада көрінген өмір шындығы оларды түрлі сезімге баулиды, ойландырып, толғандырады.

Бұл ретте ауыз әдебиеті үлгілерінде көрінген халық арманы мен тілегі, әділдік пен жақсылықтың қастандық пен зұлымдықты жеңетіндігі, шығарма қаhармандарының жағымды, жағымсыз
болып бөлінетіндігі, ондағы тартымды, қызықты уақиғалардың тәрбиелік мәні бар. Халық даналығы, эпикалық шығармалар бала ұғымына,түсінігіне жақын. Оның жанрлық ерекшелігі, уақиғасының бірден-бірге сатылы дамуы оқушылардың қызығушылығын ынтасын арттырады,жаттап алып, жадында сақтайды.

Әдеби ертегілер де халық ертегілерінің бір түрі. Оның уақиғасында кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінде шындықтан ертегілік, аңыздық сипат басым жатады. Айырмашылығы авторы бергілі.

Ауыз әдебиеті үлгілерінің ұғымды болуы кейіпкерлер әрекеттерінің әдеттегіден тысқары қимыл - әрекетке батыл баратындықтары әрі олардың көздеген мақсаттарына түрлі кедергілерді жеңіп жететіндіктері, олардың ақтық, пәктік қасиеттері, мақсат- мүдделерінің көп тілегімен үндестігі, соның арқасында олардың дұшпанынан досының көп болатындығы, әділдіктің әділетсіздікті жеңетіндегі оқушыларды мәтінді қызығып оқуға жұмылдырады, ертегілік қасиетінің бала қиялымен ұштастығы олардың қанағаттанарлық сезімдерін оятады.

XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінен бастап оқушылар жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларын оқу арқылы аталар мен әкелердің күрес жолымен, олардың асқақ армандарымен, мақсат-мүдделерімен танысады. Ол ертегілерді оқу барысында оқушылар адамдар аңсаған асыл арманның ескірмейтіндігін, қайта олардың жаңа дәуірде жаңа мазмұнға ие болғандығын меңгереді. Ондай асыл арманға еңбек сүйгіштік пен адалдық, әділдік пен жақсылық, адамгершілік қасиеттер жатады.

Оқушылар әдебиеттік оқу сабақтарында саналы оқуға
үйренеді, оқу техникасын жетілдіреді, мәнерлеп оқуға жаттығады.Оқудағы мәнерлі ырғақ, сазды үн оқушылардың көркем шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін дұрыс түсініп, саналы игеруінен, олардың эстетикалық әсерленуінен, эмоциялық тұщысынан пайда болады.

Қызығушылық пен оқуға құштарлық туған жағдайда оқушылардың көркем шығармаға деген талғамы артады. Талғам да өздігінен қалыптаспайды, оған да мұғалімнің басшылығы қажет. Осы міндеттерді жүзеге асыруда мұғалім бағдарламада көрсетілген оқушылардың білімін, іскерлік пен шеберлік дағдыларына қойылатын басты талаптарды ескергені жөн. Оларды орындап шығу мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті, асқан шеберлікті, керек етеді. Әдебиеттен берілуге тиісті әдеби білім, іскерлік пен шеберлік дағдылары көлемінің бағдарламада айқын көрсетілуі мұғалім жұмысына жеңілдік келтіреді, әдебиетті пән ретінде оқытудың негізін қалауға септігін тигізеді.

Ол әдеби білім, іскерлік пен шеберлік дағдылары мұғалімнің сабаққа мұқият дайындалуының, шығармашылық ізденісінің, құрамы мен құрылысы жағынан алдын ала ойластырылған бір емес, бірнеше жүйелі талдау сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың негізінде қалыптасады.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей

Білім алушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Орта деңгей:


  1. Педагогикалық ғылым саласы ретінде әдебиеттік оқу әдістемесінің нысаны, пәні, зерттеу әдістерін сипаттаңыз.

  2. Пәннің басқа ғылымдармен байланысын сипаттаңыз.

Жеңіл деңгей:


  1. «Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу әдістемесі» пәнінің маңыздылығы.

  2. Пәннің мақсаты және міндеттері.

БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері Бастауыш мектептегі әдебиеттік оқу әдістемесінің дамуына әсер еткен қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер.

Реферат

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер:


  1. Г.В.Гринцевич, аудар. Ж.Т. Мұқанова, Ж.К.Нуртазина. Бүлдіршіндермен қызықты әңгімелер. Оқу-әдістемелік құрал. Көкшетау, 2019.

  2. Бастауыш сыныптарда тіл дамыту әдістемесі. Әдістемелік құрал. Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019.

Қосымша әдебиеттер:


  1. Д.Х. Кушмурзина., К.Б.Шинбулатова. Әдебиеттік оқу әдістемесі: 5В010200

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығыныңстуденттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қостанай: ҚМПУ, 2018.

  1. Н.Мәтбек.Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері. Алматы, 2020.