Файл: Кні 28. 11. 2022 Сынып 8 атысандар саны атыспаандар саны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні:28.11.2022
Сынып:8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Пәні: Биология
Оқытушысы: Байзақ А.Р.
Сабақтың тақырыбы: «Витаминдер және олардың маңызы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға витаминдердің адам өміріндегі маңызы және пайдасы туралы түсіндіру. Авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз ұғымдарының мәнін ашу арқылы өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту, оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:ауызша әдістер,түсіндірмелі-көрнекілік әдісі,топтық жұмыс,проблемалық мазмұндау әдісі,«Джигсо әдісі».
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Аудитория дайындығы, оқушыларды түгендеу.
I.I Үй тапсырмасын тексеру
1. «Серпілген сауал»
Мақсаты: Өткен тақырып бойынша ауызша сұрақтар қою арқылы оқушылардың алған білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.
Шарты: Оқытушы оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды, ал оқушылар шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.
1.Тірі организмнің ең кіші бөлшегі қалай аталады? (жасуша)
2.Жасушаның құрылысын,химиялық құрамын зерттейтін ғылым қалай аталады? (цитология ғылымы)
3.Жасушаның 98% құрайтындар нелер? (макроэлементтер)
4.Жасушаның құрамында неше пайыз су кездеседі? (80%)
5.Жасушаның көбеюіне қатысатын органоид? (ядро)
6.Жасушаның ішін cұйықтыққа толтырып тұратын органоид қалай деп аталады? (цитоплазма)
7.Өсімдік жасушасының сырты немен қапталады? (қабықша)
8.Өсімдікке жасыл түс беретін қандай пластидтер? (хлоропластар)
9. Бейорганикалық заттарды атаңыз? (су мен минералды тұздар)
10. Күн сәулесі әсерінен көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетін процес қалай аталады? (фотосинтез ).
(Топқа бөлу: Жеміс жидектер арқылы топқа бөлу) қағазға үш жеміс-жидек аты жазылады: алма, алмұрт, жидек.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
«Жаңа тақырыпты ашу» үшін сұрақ қою
Мақсаты: Сұрақтар қою арқылы жаңа тақырып бойынша оқушылардың витаминдер туралы не білетінін анықтау.
Шарты: Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.
1. Витамин деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Витаминдер дегеніміз не?
2. Витаминдердің қандай түрлерін білесіздер?
3. Витаминнің адам ағзасы үшін пайдасы қандай?
Жоспар:
1. Витаминдерге сипаттама А, В, С, Д, К, Е витаминдері
2. Дәрілік витаминдер туралы түсінік
3. Әр түрлі тағамдарда витаминдердің алатын орны
-
«Дертке дауа - дәрумендер» (бейнебаян)
Мақсаты: Тақырыпты өмірмен байланыстыру.
Шарты: Тақырыпқа қатысты витаминдер туралы бейнебаян арқылы оқушыларға ақпарат беру.
3. «Джигсо әдісі» арқылы постер қорғау
Мақсаты: «Үйрете отырып, үйренемін» қағидасымен оқушылардың өздері оқи отырып, өзгені оқытуға үйретуге дағдыландыру.
Шарты: оқушыларға берілген тапсырманы топта талқылай отырып, постер арқылы тақтада қорғайды.
I топ. Витаминдердің түрлеріне қысқаша шолу.
II топ. Витаминдерге сипаттама. А,В тобының витаминдерінің адам ағзасы үшін пайдасын түсіндіру. С,Д,К витаминдерінің пайдасы туралы түсінік.
ІІІ топ. Дәрілік витаминдер туралы түсінік.
I топ. Витаминдердің түрлеріне қысқаша шолу.
Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады. Витаминнің өмір арқауы екенін алғашқыда орыс ғалымы Н. И. Лунин білген көрінеді. Ол 1880 жылы хайуанаттарға ғылыми тәжірибе жасап көреді. Ғалым екі топ тышқанды бөліп алып, арнаулы бөлмеде бағады. Ол тышқанның бір тобын қолға үйретіп, сүтпен асыраса, екінші тобына жасанды, яғни құрамындағы кұнды заттары алынған сүтті беріп байқайды. Байқағанда бірінші топтағы тышқандар өседі, семіреді, тіпті балалап көбейеді. Ал, екінші топтағылар жүдей бастайды да, кейін қырылып бітеді. Сөйтіп, ғалым тәжірибесін қорытады. Ғалым тіршілік үшін арқау болатын арнаулы заттар керектігін шамалайды. Бірақ ғалымның организмге табиғи азық-түлік түрлерінен басқа да қасиетті, нәрлі заттар керек деген бұл пікірін ширек ғасыр бойы ешкім елемей келген болатын.
II топ. Витаминдерге сипаттама. А,В тобының витаминдерінің адам ағзасы үшін пайдасын түсіндіру. С,Д,К витаминдерінің пайдасы туралы түсінік.
Тек 1905—1912 жылдары ғана шетел ғалымдары Лунинның ашқан жаңалығын сөзсіз мойындады. Алдымен поляк ғалымы Казимир Функ лабораториялар мен әдебиетте жинақталған нақты материалдарды талдап, оған өз клиникасында тапқанын қосты. Сөйтіп әлгіндей затқа «витамин» деп ат қойыпты. Ол адамның қырқұлақ, тері, нерв, асқазан бұзылысы (пеллагра), аяқ-қолдың салдануы секілді ауыр аурулар ағзаның витаминсіз, немесе витамині кем құнарсыз, арқаусыз тағамдармен күнелткендігінен деп дәлдеп айтты. Витаминдер бірсыпырасы өсімдіктер құрамында болғандықтан олар күрделі химиялық әдіспен айырылатын болды, тіпті синтезденіп өз алдына тазартылып шығарылып жүр.
Ғылыми зерттеуге қарағанда витаминдер денедегі уыттағыш арнаулы заттар құрамында болады екен, олар қоректік заттардың ағзаларға сіңімділігін тездететін күшті заттар қатарына кіреді. Адамның денсаулығын нығайтып, оны түрлі аурулардан қорғап, жұмыс қабілетін арттыру үшін витаминдер организмге күнделікті тағамдар арқылы белгілі мөлшерде үзбей жетіп тұруы қажет. Әрине, бұл жағдай тәжірибеде ойлағандай бола бермейді. Қазіргі озат медицина ғылымы витаминдердің сексенге тарта түрін тауып отыр. Бірақ олардың бәрі бірдей пайдаланылмайды. Әзірге әбден сыналған, тіршілік үшін маңызы күшті аз ғана: А, Д, Е, К, С, РР, В1,В2, В12 сияқты витаминдер бар. Бұлардың көпшілігі азық-түліктер құрамында кездесетін болса, бірқатары олардан бөлініп, таза түрінде синтезделіп те шығарылады. Айталык, С витамин — аскорбин қышқылы түрінде, В1 — тиамин түрінде, В2 — рибофлавин, РР — никотиндік қышқыл түрінде (әрине, темекідегі никотиндік қышқылы емес. Е. О.). Витаминдерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:
1)суда еритіндер (С,Р,РР, және В тобының витаминдері);
2) майда еритіндер (А,Д,К,Е)
ІІІ топ. Дәрілік витаминдер туралы түсінік.
А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. А витамині жетіспесе, адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады.
В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдері зат алмасу, Көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ), Жүрек ауруына шалдықтырады. В 2 (рибофлавин) жасушаның энергия алмасуын реттейді.Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады.В 6 (пиридоксин)нәруыз бен майлар алмасуына қажет. В12 (цианокобаламин)витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса,қан аздық ауруы пайда болады. В15 витамині – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.
С витамині (аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл витамин организмде жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс – жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д витамині (кальциферол) организмде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысынашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендеу керек. Біздің дәрі –дәрмек шығаратын өндірістеріміз тәтті қабықпен қапталған дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді ауру және сау адамдардың дәрігердің рұқсатынсыз өз бетімен ішуге болмайды. Витаминді дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Сабақты бекіту:
«Дені саудың жаны сау» шарты жетіспейтін витаминдерді тауып адамды сауықтыру.
1 Науқас:
Менің балам Мешел ауруына шалдыққан қаңқасы дұрыс қалыптаспаған. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін қандай дәрумендер пайдаланса болады?.
(D витамині (кальциферол-Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері:
1-3 жастағы балаларда 2500 МЕ
4-8 жастағы балаларда 3000 МЕ (IU) немесе 75 мкг/тәулік,
9 -13 жастағы балаларда– 4000 МЕ (IU) немесе 100 мкг/тәулік.
2 Науқас:
Ағзам тез шаршайды, қызылиім қанталайды, тұмау ауруларымен көп аурам қалай анықтасам болады ауруымды?
(С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздал-ған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100)
3 Науқас:
Менде жарақат алсам тез жазылмайды, қолымды пышақпен кесіп алғам содан әлі жазылмады 1 айдай болды. Не себептен?
(В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процесте-ріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады.
-
1-3 жастағы балаларда 0,85 mg -
4-8 жастағы балаларда 1,7 mg -
9 -13 жастағы балаларда 3 mg;
Үй тапсырмасы: Адам денесінде витаминдер мөлшерлері қанша болу керек кесте құрып келу.
Бағалау:
Алма алма алма
Алма алма
Алмұрт алмұрт алмұрт
алмұрт алмұрт
Жидек жидек жидек
жидек жидек
I топ. Витаминдердің түрлеріне қысқаша шолу.
Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады. Витаминнің өмір арқауы екенін алғашқыда орыс ғалымы Н. И. Лунин білген көрінеді. Ол 1880 жылы хайуанаттарға ғылыми тәжірибе жасап көреді. Ғалым екі топ тышқанды бөліп алып, арнаулы бөлмеде бағады. Ол тышқанның бір тобын қолға үйретіп, сүтпен асыраса, екінші тобына жасанды, яғни құрамындағы кұнды заттары алынған сүтті беріп байқайды. Байқағанда бірінші топтағы тышқандар өседі, семіреді, тіпті балалап көбейеді. Ал, екінші топтағылар жүдей бастайды да, кейін қырылып бітеді. Сөйтіп, ғалым тәжірибесін қорытады. Ғалым тіршілік үшін арқау болатын арнаулы заттар керектігін шамалайды. Бірақ ғалымның организмге табиғи азық-түлік түрлерінен басқа да қасиетті, нәрлі заттар керек деген бұл пікірін ширек ғасыр бойы ешкім елемей келген болатын.