Файл: Кні 28. 11. 2022 Сынып 8 атысандар саны атыспаандар саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


II топ. Витаминдерге сипаттама. А,В тобының витаминдерінің адам ағзасы үшін пайдасын түсіндіру. С,Д,К витаминдерінің пайдасы туралы түсінік.

Тек 1905—1912 жылдары ғана шетел ғалымдары Лунинның ашқан жаңалығын сөзсіз мойындады. Алдымен поляк ғалымы Казимир Функ лабораториялар мен әдебиетте жинақталған нақты материалдарды талдап, оған өз клиникасында тапқанын қосты. Сөйтіп әлгіндей затқа «витамин» деп ат қойыпты. Ол адамның қырқұлақ, тері, нерв, асқазан бұзылысы (пеллагра), аяқ-қолдың салдануы секілді ауыр аурулар ағзаның витаминсіз, немесе витамині кем құнарсыз, арқаусыз тағамдармен күнелткендігінен деп дәлдеп айтты. Витаминдер бірсыпырасы өсімдіктер құрамында болғандықтан олар күрделі химиялық әдіспен айырылатын болды, тіпті синтезденіп өз алдына тазартылып шығарылып жүр.

Ғылыми зерттеуге қарағанда витаминдер денедегі уыттағыш арнаулы заттар құрамында болады екен, олар қоректік заттардың ағзаларға сіңімділігін тездететін күшті заттар қатарына кіреді. Адамның денсаулығын нығайтып, оны түрлі аурулардан қорғап, жұмыс қабілетін арттыру үшін витаминдер организмге күнделікті тағамдар арқылы белгілі мөлшерде үзбей жетіп тұруы қажет. Әрине, бұл жағдай тәжірибеде ойлағандай бола бермейді. Қазіргі озат медицина ғылымы витаминдердің сексенге тарта түрін тауып отыр. Бірақ олардың бәрі бірдей пайдаланылмайды. Әзірге әбден сыналған, тіршілік үшін маңызы күшті аз ғана: А, Д, Е, К, С, РР, В1,В2, В12 сияқты витаминдер бар. Бұлардың көпшілігі азық-түліктер құрамында кездесетін болса, бірқатары олардан бөлініп, таза түрінде синтезделіп те шығарылады. Айталык, С витамин — аскорбин қышқылы түрінде, В1 — тиамин түрінде, В2 — рибофлавин, РР — никотиндік қышқыл түрінде (әрине, темекідегі никотиндік қышқылы емес. Е. О.). Витаминдерді  латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:

1)суда еритіндер (С,Р,РР, және В тобының витаминдері);

2) майда еритіндер (А,Д,К,Е) 


ІІІ топ. Дәрілік витаминдер туралы түсінік.

А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін  тигізеді. А витамині жетіспесе, адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық  бауырында, теңіз  алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады. 

В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдері зат алмасу, Көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ), Жүрек ауруына шалдықтырады. В 2  (рибофлавин)  жасушаның энергия алмасуын реттейді.Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады.В 6 (пиридоксин)нәруыз бен майлар алмасуына қажет. В12  (цианокобаламин)витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса,қан аздық ауруы пайда болады. В15 витамині – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.


С витамині(аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға  қарсы тұруын  арттырады, сүйек  пен тістің  мықтылығын жақсартады. Ол организмге  қыста және көктемде  көбірек қажет. Бұл витамин организмде  жеткілікті болу үшін – көкөніс  пен  жеміс – жидектерді , ашыған қырыққабатты  тағамға көбірек  пайдаланған  жөн. 

Д витамині (кальциферол) организмде  күн сәулесінің әсерінен  түзіледі. Бұл витаминнің  жетіспеуінен жас нәрестелер  мешел ауруымен  ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысынашарлап, қаңқасы  дұрыс қалыптаспайды, аяқ  сүйектері  қисайып, басы мен іші  үлкен  болады. Бұл аурудан сақтану  үшін  бала таза ауада, күншуақта көбірек  серуендеу керек.     Біздің дәрі –дәрмек шығаратын өндірістеріміз  тәтті қабықпен  қапталған  дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді  ауру және сау адамдардың  дәрігердің  рұқсатынсыз  өз  бетімен  ішуге  болмайды. Витаминді  дұрыс пайдаланбай,  мөлшерден  көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға  ұшырап, денсаулыққа  зиян келтіруі  мүмкін.