Файл: Оушыларды ылыми зерттеу жмысына баулу Зерттеу пні дебиет.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі –ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.
Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс – әрекет жүргізу үшін тек қана ақпарат тық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу қалыпты пікір – шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой – өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс- жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмприкалық (тәжірибе) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады.
Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс – әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс – әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатан табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған.
1.2 Ғылыми – зерттеу жұмысының бастауы.
Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде табиғаттың, жаратылыстың тылсым дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен.
Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.
Сөз өнері де проблемаларға толы. Әдебиеттегі проблемалар сол көркем туынды негізінде жатқан қалам иесінің көтерген ойынан, айтайын, берейін деген мақсатынан туындайды. «Әдебиет – қоғам айнасы» дейді, көркем туындыда қаламгер сол қоғамдағы басты өзекті, проблемаларды көтеруге тырысады. Мысалы, Абайдың көп өлеңі өз халқын, өзі өмір сүрген ортаны ащы сынауға негізделеді. Себебі неде? Себебі Абай өз халқының, қоғамының басындағы басты кемшіліктерді түсіне білді. Содан шығу жолын іздеді, оны сынау арқылы халқын оқу –білімге үндеді, имандылық, тазалыққа тәрбиелегісі келді. Ақын қазақ халқының артта қалу себебін жалқаулық, қараңғылықтан іздеді. Осы проблемалар Абайдың көп өлеңдерінің туу себебіне әкелді.
Әдебиет пәнінің әр тақырыбында проблема жатыр десек, артық емес. Оның бастысы көркем шығармалардың қайсысында болмасын, қаламгер ойы, идеялық – эстетикалық мақсаты жатады. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау», М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларында қалмақ қызының бейнесі бар. Олардың екеуінде ақындар сұлу, ақылды, қайратты, айлалы етіп бейнелейді. Олар – өз ұлтының патриоты, өз сүйгеніне берік, адал. Тіпті, Абылай (Көкшетауда) қалмақ қызының алдында дәрменсіз, ал «Батыр Баянда » қалмақ қызы Баянды да, Ноянды да қармағына түсіреді. Батыр Баянды жазылмас қайғыға душар етеді.
Проблема қайда жатыр? Неге қалмақ қызын екі ақын осылай бейнелеген? Әлде олардың бейнесінде тарихи шындық жатыр ма? Оқулықтан бұл сұрақтың шешімін кездестіре алмаймыз. Тіпті ғалымдар еңбегінен оның дәл жауабын табу қиын. Бұл жерде, ең алдымен, өзіндік болжам, шығарманы қабылдау дәрежесі, тіпті эстетикалық талғамның деңгейі де көмекке келе алады. Ең бастысы , қабілет, іскерлік дағды, аналитикалық ойлау, салыстыра білу, көркем мәтінді жете түсіну, ғалымдар еңбегіне де өзіндік көзқараспен қарау көмекке келе алады.
ХХІ ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры. Барлық жаңалықтарға адам ақыл- ойын, білімін дамыта келе, қоршаған ортаны өзін тереңірек тану барысында, алыс ғарыштың кеңестігіне жете, ғылым саласында еңбектену арқасында жетті.
Ғылыми білім негізінде соңғы жүз жыл ішінде адам баласы өз ғаламшарын өзгертті, тұрмысын көп есе жеңілдеткен және үдеткен үлкен өнеркәсіп, көптеген машиналар мен жабдықтар ойлап тапты, тіпті күнделікті тұрмыс жағдайын да өзгертті.
Ғылым адамзат дамуының қорғаушы күшіне айналды. Адам жасайтын жұмыстың басын көпшілігін машиналар мен құралдар орындайтын болды. Адам жер бетінің бір бұрышынан екінші басқа нүктеге мұхит пен құрлықтарды аттап лезде жеткізетін көлік құралдарын ойлап тапты.
1.3 Зерртеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары
Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс. Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? » деген сұрақтарды қамтиды.
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.
Ғалымдардан ақыл –кеңес сұрау.
Интернетке жүгіну.
Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.
Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып –өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.
Қорытынды жасау.
Бейне материалдар, слайдтар жасау.
Жұмысты қорғауға дайындалу.
Тақырыптың өзектілігі
Мақсаты, міндеті
Болжамы
Жоба құрылымы
Зерттеу кезеңдері
Эксперимент әдістемесі
Зерттеу жаңалығы
Қорытынды
ІІ бөлім Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу
Бұл бөлімде мен өзім жетекшілік етіп, оқушылармен жүргізген жүмыстарымнан үзінді беремін. Осы жұмыстарды жүргізген кезде маған ақылшы- кеңесші болған, пікірлер жазған Семей мемлекеттік педагогикалық институты Шәкәрімтану ғылыми – зерттеу Орталығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай ағамыз.
Тақырыбы: Пушкин поэзиясы Абайдың ақындық мектебі контексінде.
Жұмысты орындаған: Қайратқызы А. 11 «А» сынып оқушысы.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Тақырыптың өзектілігі
Бұл ғылыми – зерттеу жұмысы Пушкин поэзиясының Абайдың ақындық мектебіндегі алар орны жайлы мағлұмат береді. Бұл жұмыс тақырыбы жағынан Қазақстандағы Пушкин жылын және Ресейдегі Абай жылын өткізумен тығыз байланысты.
Кіріспе бөлімінде ғылыми- зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттері, көтерілген мәселенің бүгінгі күнгі өзектілігі жайлы сөз болады. Негізгі бөлімде Пушкиннің қазаққа ұлы Абай арқылы жол ашып танылуы, Пушкин поэзиясының Абай шығармашылығына әсері, екі ақын шығармашылығы арасындағы үндестік, тығыз байланыс нақты мысалдармен дәлелденген. Осы бөлімде Абай аудармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы да сөз қозғалған. Абайдың қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруі, орыстың классикалық әдебиетімен үндестік мәселесі жан – жақты талданады, салыстырулар да бар. Сонымен қатар, Пушкин поэзиясын аударумен айналысып Абай дәстүрін жалғастырушылар туралы да мәлімет беріледі. Осы жерде Шәкәрім атындағы Семей университетінің жоғары математика кафедрасының білгір де білікті ғалымы Сағидолла Қожакелдинов туралы айтып кетпеуге болмайды. Ол кісі туралы Мұратбек Оспанов Сағидолла Қожакелдиновтың «Таңдамалы аудармалар және аудармалар туралы пікірлер» кітапшасында жазған алғы сөзінде: «Сағидолла Қожакелдиновтың еңбегі де осындай маңдай тердің жемісі деуге әбден болады», — деп мәлімдеген. Оның үстіне математика сынды нақты ғылымның маманы әдебиетке әуестенуінің өзі қуантарлық нышан.
Қорытынды бөлімде қазақ халқына Абай арқылы жеткен Пушкин шығармаларының қуаты, өмірлік мағынасы туралы сөз болып, Пушкиннің тарихи орны, Пушкин әлемін бар қазаққа жайып салған Абай шығармашылығының биік шыңы жайлы әңгіме болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты – Пушкин поэзиясының Абайдың ақындық мектебіндегі алатын орнын ашып көрсету.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер қойылды:
Абай аудармалары арқылы Пушкинді танып білу.
Екі ақынның арасындағы үндестікті көрсету.
Пушкин поэзиясының Абайға әсер – ықпалын көрсету.
Абай және Пушкин шығармашылығы арқылы жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеу нысаны
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Абайдың, Пушкиннің өлеңдері, аудармалары алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Орыс әдебиеті мен мәдениетіндегі Пушкиннің орны және қазақ халқының рухани келбетіндегі Абайдың орны ғылыми тұрғыдан зерттеліп, қажетті мәліметтер жиналып түзілді.
Абай шығармашылығындағы Пушкиннің рөлі, оның орыс әдебиетіне деген ілтипаты қарастырылып, сипаттама берілді.
Екі ақынның поэзиясындағы үндестік анықталып, сипаттама беріліді.
Зерттеудің әдістері
Зертеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің құрылымы
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жұмыс бойынша жоғарыда аталған оқушы Қайратқызы Аяулым
2006 жылы мектеп оқушыларының ғылыми жобалары жарыстарының қалалық кезеңінде ІІІ жүлделі орынға ие болып, 2007 жылы «Оқушылардың білімдері мен ерік – жігерлерін еліміздің үдемелі дамуына жұмылдыру» атты аймақтық студенттік ғылыми — практикалық конференцияда ІІ жүлделі орынды иеленді.
Тақырыбы: Еңлік –Кебек оқиғасының қазақ сөз өнеріндегі көрінісі.
Жұмысты орындаған: Мұқағалиева Назым 10 «А» сынып оқушысы.
«Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес»
Шәкәрім
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Тақырыптың өзектілігі
Дүние жүзі әдебиетіндегі бірталай ұлы шығармалары халық аңызы негізінде туғандығы белгілі. Жеріне жеткен шеберлікпен, асқан ақындық күш – қуатпен ғаламат философиялық шындықтарды поэтикалық суретпен берген Гетенің «Фауст» трагедиясының сюжеттік желісі халық әдебиетінде жатыр. Неміс Клингер «Фаустың өмірі, қызметі, өлімі» деген роман, ағылшын Марло «Доктор Фаустың қайғылы тарихы» атты трагедия жазды. Тақырыпты әр түрлі пайымдағанмен бұладың бәрі де көркемдігі, тереңдігі жағынан Гете трагедиясынан көш кейін. Мұндай фактілер арқылы аңыз бен көркем әдебиеттің байланысы, әр жазушы аңызды өз шығармасында қалай пайдаланады деген мәселелерді айқындауға болады. «Еңлік — Кебек » аңызының нұсқаларына тоқталғанда осы мақсат көзделді.
Енді осы «Еңлік – Кебек » аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасында, қазақ халқының дана тұлғалары «Абай, Шәкәрім, Әуезовтер» қазақ сөз өнерінде болмаған бір сюжеттің жанрлық интерпритациясын көрсете білді.
Әр сөзде бір сыр, әр сырда бір мұң, әр мұңда бір мағына бөлек – бөлек, әр ой қайтіп онға бөлінсе, әр сөз де солай күрт – күрт үзілді. Сонда соқпа – соқпа ой арасынан, үзік – үзік сөз астарынан жылт – жылт сезім шапшып шыға береді. Міне, Абай, Шәкәрім мен Әуезов үндестігі деп осыны айтамыз.
Халық қиялы оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан көріп, жаңаша тірілтіп, жаңғыртып, ұмытпай жадына сақтайды, есіне тұтады. Солай ұрпақтан ұрпаққа кете береді.