Файл: Оушыларды ылыми зерттеу жмысына баулу Зерттеу пні дебиет.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.04.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған Еңлік — Кебек жайлы халық аңызы болатын. Енді осы «Еңлік – Кебек » аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасына жеке –жеке тоқталып, оларды өзара салыстырып көрелік. Өмірде шын болған бақытсыз ғашықтар Еңлік пен Кебек хикаялары ескі күндердің өзінде ел арасына кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартқан — Абай деп білуге тиіспіз. [ 1 ]
Алғашқы нұсқа 1892 жылы «Дала уәлаятының газетінде» (№№ 29, 31-32,34- 40) сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты көлемді прозалық шығарма өзінің таным өресі, ой өрнегі тұрғысынан ғана емес, сөз саптау, сөйлем құру, көркемдеу тәсілдері жағынан алып қарағанда да тек Абайға ғана тән сыпат танытады. Кейбір зерттеушілер бұл еңбек Шәкәрімге тиесілі деп пайымдайды. Оған дәлелдері де жоқ емес. Алайда Абайдың әуелде өз өлеңдерін шәкірт достарына тілегенін, «Дала уәлаятында» жарияланған «Жаз» бен «Болыс болдым мінекей» Көкбай атынан шыққанын еске алайық. Түйіп айтқанда, «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты әңгіменің сюжеті, тұтас сөз тіркестері қайталанып жататын — Абай прозасының үлгісі болып табылады. Абай өнерінің қыр –сырын, өріс — өресін айқындай түсетін, әдебиет тарихын байытатын өзгеше әңгіме деп атауға болады.
«Дала уәлаяты» газетінің 1900 жылғы 46 санында жарияланған нұсқа «Қазақ тұрмысынан хикая» деп аталады. Алғашқы нұсқадан бірнеше өзгешелігі бар.
Үшінші нұсқа — Мағауияның «Еңлік — Кебек» поэмасы. Мағауия Абайдың мәслихатымен және материал беруімен пайдаланып, бірнеше поэма жазады.
Төртінші нұсқа — 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған «Жолсыз жаза» поэмасы.
Қазақ реализмі Абай тұсында қалыптасты, ұлы ақынның өнерлі шәкірттерінің жан – жақты қызметі нәтижесінде әдебиетте жетекші әдіске айналды десек, бұл реттегі Шәкәрім еңбегі тек лирикалық поэзиямен ғана шектелмейді. Білімдар Шәкәрім эпикалық жанрларға да қалам тартады. Ақынның атын бүкіл қазақ даласына танымал еткен «Қалқаман – Мамыр» және «Жолсыз жаза» («Еңлік – Кебек») поэмалары. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Еңлік – Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді. Ақтабан шұбырындыдан кейін қазақтардаң Сырдан кетіп, Шуға, Арқаға қарай аууы, сөз болады.
Ақиқатында Шәкәрім ақынның өзі де «Еңлік — Кебек» поэмасының аяқталу сәтінде:
«Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес» деуінде үлкен бір тарихи шындықтың шұғылалы тұстарын аңғаруға болады.
«Еңлік — Кебек» аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасына жеке – жеке тоқталып, оларды өзара салыстырып шықаннан соң, байламдар жасауға болады.
Мұхтар «Еңлік – Кебегінің» сюжеті негізінен халық аңызының бұрыңғы әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен тарайды. Екі ел арасында нақты болған оқиғаның драма материалы екенін ұғыну – жас қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғартады. Бұл ретте Әуезов Шекспирді еске түсіреді.
Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын көреміз.
Сондай –ақ бірсыпыра зерттеушілерді қос мұңлықтан қалған Ермек деген баласын Еңліктің төркіндерінің ұрлап әкетіп, Ермектен қалған нәсілдерді кейінге дейін «жиен ауылы» деп атап келгендігін әрі Еңліктің әкесі Қарабатырдың (шын есімі Ыхан) тәрбиелеп «Жадыра» деп атағандығын алға тартады. Бұл мәселе де кең ауқымды, кешенді зерттеу мен түбегейлі ізденісті қажет ететіндігін атап өткіміз келеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты — фактілер арқылы аңыз бен көркем әдебиеттің байланысы, әр жазушы аңызды өз шығармасында қалай пайдаланады деген мәселелерді айқындау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер қойылды:
«Еңлік — Кебек» аңыз нұсқаларының айырмашылығын ажырату.
оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан көріп, жаңаша тірілтіп, жаңғырту.
Аңыздың төрт нұсқадағы берілген көркемдік сабақтастығын саралау.
Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» («Еңлік — Кебек») жазушылық шеберлігінің өзіндік қол таңбасын көрсету.
жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған «Еңлік – Кебек» аңызының ерекшелктерін сараптау.
Зерттеу нысаны
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде төрт нұсқа «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты көлемді прозалық шығарма, Мағауияның «Еңлік — Кебек» поэмасы, Шәкәрім ақынның «Еңлік — Кебек» поэмасы, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік — Кебек» шығармалары алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Аңыздың төрт нұсқадағы берілген көркемдік сабақтастығы сараланып, дәстүрлік жалғастық табу жолдары ажыратылды.
Төрт нұсқададағы айырмашылықтар зерттеліп,берілген оқиғалардың, кейіпкерлердің есімдері, тұрмыс жайттарының ерекшелігі айқындалып, оларға теориялық талдау жасалды.
Сондай –ақ бір сыпыра зерттеушілердің айтуынша қос мұңлықтан қалған Ермек атты ұрпақтың қалғандығы, осы кезде кешенді зерттеу мен түбегейлі ізденісті қажет ететіндігі.
Зерттеудің әдістері
Зертеуде баяндау,жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің құрылымы
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жұмыс бойынша жоғарыда аталған оқушы Мұқағалиева Назым
2008 жылы мектепішілік конференцияда жүлделі І орын алып, халықаралық студенттік конференцияда ІІ жүлделі орынға ие болды,
Оқушылар осы ғылыми – зерттеу жұмыстар барысында өздері күнделік жүргізді.
Мысалы:
Мерзімі Жұмыс барысы Ескерту
Мамыр айы Мектептегі жетекшіммен Ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша «Еңлік –Кебек оқиғасының қазақ сөз өнеріндегі көрінісі» атты тақырыпты таңдап алдық. Осы тақырып бойынша жобаның мақсатын, жоспарын, міндеттерін құрдық. Тақырыбымызға байланысты мектеп кітапханасынан керекті материалдар қарастырдық.
Маусым айы Қажетті материалдар іздеу мақсатымен жетекшім Жанна Намазбайқызымен Абай кітапханасына бардық. Сол жерде тақырыбымызға байланысты катологпен жұмыс істеп, мұрағаттағы газет журналдардан керекті материалдарды жазып алдық.
СМП институтына барып, Шәкәрімтану ғылыми – зерттеу Орталығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай ағамен кездесіп, көп мәліметтер алдық.
Шілде
айы
Қорытынды
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам кашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет — қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандыкты. ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана коймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, XXI ғасыр мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларды ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылык қабілеттерін дамыту.
Әр мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, шығармашылык тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алдық. Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата — ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Қандай дарынды бала болмасын, оның барлығы өз бетімен ғылыми жұмыс жазуға, зерттеу, ізденіске бара алмайды. Ол үшін мұғалімнің көмегі, ақыл- кеңесі қажет.
Ғылыми жүмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.Сондықтын мектеп ішінен іріктеп алған дарынды оқушыларымызбен ғылыми — зерттеу жұмысын жүргізуді үйреткен шакта бірінші — теориялық әдіснамалардың түрлерін, жаңа ой- пайым шығаруға, ғылыми болжам, салыстыру, талдау жасауды үйрету. Екінші -дұрыс тақырып таңдап, проблемалар туғызып, оны шеше білу. Үшінші — жоба кұрылымын дұрыс құра білу, оны қорғау әдістерін үйрету.
Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет ететіні түсінікті. Ал оны қорғау да өте күрделі мәселе. Сонымен қатар, әр оқушы ғылыми жұмыстарды жазғанда күнделік жүргізгені дұрыс.
Осыған орай, мектептерде оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарын жандандыру — үлкен міндет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қ.Бітібаева «Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу жолдары» , Семей «Үш биік баспасы ЖШС»
Л.С. Выготский «Воображение и творчество в школьном возрасте»,Москва: «Просвещение», 1967г
3.Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылми –зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»
4.Қ.С. Құдайбергенова «Педагогтың шығармашылық өнері»
5.М.Мағуин, «Ғасырлар бедері», Алматы «Шәкәрім дәрістері» 2003ж.
6.Шәкәрім «Өлеңдер мен поэмалар», — «Жалын» баспасы, Алматы, 1988ж.
7.М. Әуезов \Құрастырған Х. Сүйіншалиев . – Алматы: Рауан, 1990ж.
8.Қ.Мұхаметханұлы. Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ.
9.Қ. Мұхаметханұлы. Абай мұрагерлері «Қазақстан », «Ұлттық энциклоредия» — Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы 1974-672. 4 том
Қ. Мұхаметханұлы. Қ.С.Э –дағы кейбір мақалар жайында «Семей таңы» 24 ақпан 1970ж.
11.Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған көркем шығармалар. – Алматы: Жазушы. 1970 ж.
12.Рымғали Нұрғалиев. «Еңлік – Кебек трагедиясы» -Алматы . Жазушы 1987ж.
13.Абайдың ақын шәкірттері. Дайындаған . Қ. Мұхаметханұлы. Алматы. РГЖИ. «Дәуір» 1993ж
14.Еңбекші қазақ 10.12.1957ж.
15.«Известия » газеті 21.12 1957ж
«Советская культура»1985ж, «Театральная жизнь» 1959ж
17.«Дала уәлаяты» газеті
Жоғарыда баяндалып өткен зерттеу жұмысым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көп көмегін тигізді деп айта аламын. Себебі 2009ж. 11 «А» сынып оқушысы Мұқағалиева Назым «Әділ – Мәрия» — психологиялық роман» атты тақырыппен ІV халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған оқушым Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (грант иегері) филология факультетінің І курс студенті.Сондай – ақ, жоғарыда баяндамасы талданған оқушым Қайратқызы А. (грант иегері) Шәкәрім атындағы университеттің журналистика факультетінің ІІІ курс студенті. Биылғы 2010ж. 10 «А» сынып оқушысы Ақанова Әйгерім «Хан Кене» трагедиясын басқа шығармалармен салыстыру» атты тақырыппен V халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып І дәрежелі дипломға ие болды.
«Оқушыларды ғылыми –зерттеу жұмысына баулу» атты зерттеу жұмысыммен облыстық инновациялық – педагогикалық идеялар фестиваліне қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.Инновациялық – педагогикалық идеялар жөніндегі V Республикалық фестиваліне қатысып сертификат алдым.
Источник: https://www.tarbie.kz/24819