Файл: 1 Таырыбы ош бол,тты ліппе! Масаты Оушыларды білімдерін бекіту, оларды алан білім, білік дадыларын крсету, тілін дамыту, сздік орын молайту, ыптылыа трбиелеу. Жанкелді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 Тақырыбы: Қош бол,құтты Әліппе! Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік  дағдыларын көрсету,    тілін дамыту, сөздік қорын молайту,  ұқыптылыққа тәрбиелеу. 

Жанкелді : Ау халайық,халайық Кәне бері қарайық                 Бүгін бізде береке               

Болмақ  қандай мереке?

Амина: Тағзым  етем , достарым Айтайын мен  бар сырды

Аяқтадық бүгін біз

Әліппе атты ғылымды

Жанкелді: Бүгін   бізде мереке

Ән  салып , би билейміз

Арналады өнерім

Әліппеге бәрі де

Амина: Төрт  ай білім алыппыз

            Әріптерді танып біз

Жақсы  оқып  жарысып ,

Сауаттандық бәріміз

Жанкелді Олай болса  не тұрыс

Біздер  үшін қуаныш

Мерекені бастайық

Бар өнерді ортаға біз тастайық « Сыңғырла қоңырау» Рауза орындайды

Амина :Бұл күндері еліміздің  ,  біз сияқты    мыңдаған    балалары    Әліппе  оқулығын  бітіріп    мерекелеуде.Біз енді    кітап  пенжурналды  оқи  алатын  болдық.  Бұл  өнерді   бізге  Әліппе   досымыз  үйретті. 

Жанкелді:  Бар  білімнің  бастауы        Бар  ғылымның  бастауы , Жас балаға  нұр  шашқан . Қандай  кітап  тіл  ашқан ?

2 Барлығы:Әліппе

Амина :Олай  болса , балалар  сүйікті  досымыз  Әліппені   ортаға   шақырайық.

Төрт ай  ішінде  меңгерген  ,үйренген білімімізді ,өнерімізді  ортаға  салайық.

Әліппе Алпамыс: Армысыздар , жас достар!

Армысыздар, ұстаздар !

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім-көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық !

Мұғалім: Жарайсың.  Әліппе, сізге  төрімізден  орын  бар .

Ән барлығы «Біз оқушы баламыз»

Кәусар: Кешегі   сәби  балаңыз ,

 Жарады   міне  қараңыз.

Ғылым     білім  жолында,

Енді  қайық  саламыз .

Айсұлтан:  Қыркүйекте  келдім де,

3Сыныпқа  кірдім  қуанып Қарсыалды  ұстаз  мейіріммен  Қадамымды  құп  алып .

Мариям :  Бар білімнің бастауын

Әліппеден бастадым.

Үйренуге талпындым

Құлшынып балғын жас жаным.

Мұхаммед Али : Өтті  оқу,  сан  сабақ,

Бүгін  үлкен  салтанат

Оқулықпен  достасып

Әліппемен қоштаспақ. Айзере А: Ең алғаш алғанымда әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді? Ұстазым оның кілтін алып берді.


 Ильяс:Бұрқыраған   білімнің Қайнар  көзін  көріп пе ең? Том –том  қалың   кітаптың , Басы  болған  Әліппем.

Айсана : «Әліппе» деген алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырысып бақ , намысқа! Алихан Б:  Бар кітапқа  бас  болған Әліппе –ғылым  анасы Әліппеден  басталған , Даналықтың  данасы . Аяна Б: Ыстық  әрбір  беттерің, Жазуыңды  ұғамын Ақыл  берді  Әліппе Ақылшы  сен  мұғалім.

Адиля: Әліппе   даңғыл  жол ашты

Жаңадан  пәндер  жалғасты .

Әліппе сырын  ұқтырған

Рахмет   , ұстаз  ,  алғашқы !

4 Ән  : Ұстазым

Нұрсұлтан : Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны «Әліппе».

Аяна А :     А – ны айтқанда даусымыз дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

Жігер:Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып,әріпке.

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

Айтұмар : Үйретті бізді әліппе

Қырық екі дербес әріпке.

Сөз,сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық дәріпке.

Ханкелді Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Алихан Ж: Әліппе –білім анасы,
Әліппе кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған
Адам барма баласы. 

Томирис. Енді біз жаза білеміз 
Әріпті қосып,әріпке. 
Риза боп саған жүреміз 
Сүйікті біздің Әліппе. 

5 Айсафи Таныстырған   42  әріппен ,

Қош, бол менің  қасиетті  әліппем.

Сенің  арқаң   оқи  ,жаза  білгенім,

Сауатты  адам  санатына  кіргенім.

Ақерке.Білімге жолды бастаған

Әліппем саған,мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған, мың алғыс

Айбота Барлық   әріп  бағалы  ,  Айттық    әділ   бағаны

Әріпсіз   сөз  болмайды  .      Буын    онысыз  толмайды .

Адам  барлық  әріпті  ,  Ардақтайды  қолдайды .

Айзере С Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
«Әліппе» атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.

Айлина Оқитын, әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің тегін қазатын.
Жанкелді:Ал ,балалар ,  әліппе  жайлы  не  білеміз?

Қазақ  балаларына  ең  алғаш  әліппені  жазған  кім?

Барлығы: Ахмет Байтұрсынұлы

Айтұмар:  Әліппе - сауат ашу оқулығы 1912 жылдардан бастап қолданысқа енді. Сол әліпби негізінде тұңғыш «Әліппе» оқулығы жарыққа шыққан


6 Томирис : Ахмет Байтұрсынұлы Оқуға шақыру Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана, әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Амина.Қазақ  балаларына  ең  алғаш  мектеп ашқан кім?

Барлығы:  Ыбырай Алтынсарин

Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин  балаларға   қандай  өсиет  қалдырды ?

Айсафи : Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар

Амина Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларыңа ата- аналарыңның,әже- аталарыңның қосқан үлесі көп, солай емес пе? Кәне бәріміз бірге рахмет айтайықшы

Барлығы: Аналарға, ата-әжелерімізге мың алғыс!

Ән Жақсы көрем Мейір Жігер Ханкелді орындайды

Мейір

Аялаған баптаған

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Анамызға мың алғыс!

Ән Анашым анажаным орындайтындар қыздар

7 Әліппе: Балалар,сендер мені оқыдыңдар,  жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар мақал мәтел жаттадыңдар, ертегілер мен әңгімелер оқыдыңдар,  мәтіннің мазмұнын айтуды үйрендіңдер. Рахмет  сендерге , достарым! Мені жақсы меңгердіңдер, таза ұқыпты ұстадыңдар, ризамын. Ал енді балалар менің сендерге айтатын тілегім жаңа достарыңды мен сияқты сүйіп, құрметтеңдер.Енді  мен сендермен қоштасамын. Ән Рахмет саған әліппе!

Жанкелді:Ал енді сендермен төрт жыл бірге болатын, білім беретін Ана тілі оқулығын ортаға шақырайық.

Барлығы: Ана тілі, ана тілі ,ана тілі .

Саламатсыңдарма, балалар! Енді мені оқып , менен білім аласыңдар.

Өз ана тілдерінді құрметтеңдер.

Ана тілін арын бұл

Ұятын боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілінді құрметте! Дегендей    енді   біз  бір-бірімізбен  айнымас  дос  болайық .

  Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді. 
1. Еліміз қалай аталады? (Қазақстан) 
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)
5. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42) 
6. У дыбысы қандай дыбыс? (Дауысты да, дауыссыз да) 

7. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата (ю,я) 
8. Дыбыс бермейтін әріптер (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 
9 Сөз неден құралады? (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 
10. Сөйлем туралы не білесің? (Сөйлем сөзден тұрады. Сөйлемнің басы бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі деген тыныс белгілері

Мұғалім: Балалар, Ана тіліміздің мәртебесі әрқашан биік болсын деп, біз арнайы хан сарайының тағынан кем емес таққа отырғызып, ана тілімізге деген құрметті осылай көрсетсек

Көрініс: Рауза мен Мейір

Әжесі мен  немересі. 

8 Жанкелді : Көрніс Әжесі мен  немересі. 

Сахнада  әжесі газет    оқып отырады.  Баласы сабақтан күнде екілік баға алады.

Бір күні баласы есіктен жүгіріп келіп:

-Әже,  әже мен бүгін бес алдым,-дейді.

-Қай сабақтан?

-Ана тілден-3 тік

-Дене сабағынан-2 лік

-Балам ау бұл жерде бес деген баға көріп тұрған жоқпын,алғаның 3-пен 2  лік .-Ой әже 2 мен 3 ті қосқанда 5 болмай ма? Соны да білмейсің бе?

Ана тілі

Оқуда зейінді болыңдар

Еңбекке бейімді болыңдар.

Ақ жол болсың, ізбасарларым

Кір шалмасың қабақтарың.

Оқығандарың есте болсың,

Күнделіктерің беске толсын.

Енді сендердің жолдастарың

Мына мен боламын

Жанкелді Ал құрметті оқушылар білімдерін әрі қарай дамытатын,ерінбейтін еңбекқор мықты болсын

Амина Осымен бүгінгі 1 сыныбында өткен «Қош бол, құтты Әліппе» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Айбота Барлық   әріп  бағалы  ,  Айттық    әділ   бағаны

Әріпсіз   сөз  болмайды  .      Буын    онысыз  толмайды .

Адам  барлық  әріпті  ,  Ардақтайды  қолдайды .