Файл: Мектеп Н. Одасынов атындаы жом.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №33

Сабақтың тақырыбы:. Матадан раушан гүлін жасау.

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 15-20.05

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Балаларға еліміздің табиғатының ғажайыптарын түсіндіріп, гүл бейнесін тігу әдісін үйрету. Матадан раушан гүлін жасау

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тілдік мақсат:




Ресурстар:

Мата қиықтары, ине, жіптер, қайшылар, біртүсті мата, картон, панноға арналған рамка, панноның үлгісі.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу

Алдыңғы оқу:

Натюрморт, раушан гүл,

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Слайд: Табиғат. 
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. 
Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» . Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады. 
Раушан немесе Райхан гүлі — хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған. 
Біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. 
Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлмен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді . 

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут


Жұмбақ : 
Құлпырса, қадірлейді, аялайды. 
Құраса сыпырғышқа жарамайды. - Бұл не? (гүлдер) 

Гүлдер туралы тақпақтар. 
Слайдтар (тірі гүлдерден композициялар). 
Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс-шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И.Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт). 

Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айыралады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады. 
Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар. 



1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

18 минут

Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд 

Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары). 

1.Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек. 
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек. 
3.Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек. 
4. Инені ауызға салуға болмайды. 
5. Қайшыны бір-бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек. 

Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек. 

Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?







Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №34

Сабақтың тақырыбы:. Бұйымды бисермен кестелеу

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:




Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тілдік мақсат:




Ресурстар:




Пәнаралық байланыс:




Алдыңғы оқу:




Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».Суреттер арқылы.
1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?


1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут


Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар:

1. Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды.

2. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады.

3. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады.

4. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады.

5.Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар.
«Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.


1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

18 минут

Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.
Тор тігіс 
Айқас тігіс таңдай тігіс 
Қабырға тігіс 
Жұлдызша тігіс

2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?


Шым кесте

Моншақ кесте

Біз кесте

Баспа кесте




Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?