Файл: Мектеп Н. Одасынов атындаы жом.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №24

Сабақтың тақырыбы:. Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеуде бисерді қолдану

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 2. 03. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайында түсінік беру; киім үлгісіндегі ою-өрнектердің қарапайым түрлерін қағаз бетіне түсіріп, ұлттық киімдерін дайын шаблон арқылы әшекейлеуге үйрету.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек түрлерінің ерекшеліктерін бiлeдi.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Киім үлгісіндегі ою-өрнектердің қарапайым түрлерін қағаз бетіне түсірe алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнектердің қарапайым шаблон арқылы әшекейлей бiлeдi.

Тілдік мақсат:

Моншақ – бисер -

Ресурстар:

қазақтың ұлттық киім үлгілері,фотосуреттер; оқушылардың үздік орындаған жұмыс

үлгілері; ою -өрнек түрлері, кітаптар.

Пән. байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу

Алдыңғы оқу:

Бисер, моншақтар, металл, керамика, стеклярус

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

9 минут

Сұрақ – жауап

  1. Бисер дегеніміз не?

  2. Бисермен қандай бұйымды әшекейлейді?

  3. Бисердің қандай түрлері бар?

  4. Бисер өріміне қандай материалдар қажет?

  5. Кестелеу үшін қандай канва және бисер қажет?

  6. Бисерді кестелеуге арналған қандай тігіс түрлерін білесіңдер?

  7. Қандай бұйымдарды бисермен кестелейді?

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

2-деңгей (қолну, талдау)

Үйдe бeргeн тапсырмалардың түснiксiз жeрiн бiргe талқылау

3-деңгей (ж/тау, бағалау)

Үйдe бисeрмeн жұмыс iстeп кeлгeн жұмыстарынан көрмe ұйымдастыру

Жаңа сабақ

10 минут


Кіріспе. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу». Осы жұмысты дайын шаблон арқылы жасаймыз.

Қол өнерінің бір түрі –сәндік қолданбалы өнер. Бұл өнерде халық қолданатын заттарды – ыдысты, киімді, киізден жасалған бұйымдарды, жиһазды әдемілеуге, әшекейлеуге тырысқан. Қазақтың ұлттық киім –кешектеріне келсек, оның да ұлттық өзгешеліктері бар. Киімдерді алдымен көшіп –қонуға арнап тіккен. Ұлттық киімдер екі бағытта тігілген - әйел адам және ер адам киімдері.

Біз киімдердің бір қатар түрлеріне тоқталамыз. Ұлттық киімді бірінші таңдаған түрлі –түсті қатырма қағазға бастырып, үлгісін қиып аламыз да, үстіне кимешек, камзолды үйлестіріп жапсырып дайындаймыз. Содан соң оларды түстері келетін фольга немесе жылтыр қағаздан қарапайым ою -өрнек ойып әшекейлейміз.

Бисермен кестелеп әшекейлейді.

Суреттер көрсету

Презентация

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сергіту жаттығуы.

2 минут

Ал, қазір балалар, жұмысқа жақсы кірісіп кету үшін денемізді шамалы қозғалтып, шынықтырып алайық. «Қыз қуу» ойынын ойнап жіберейік. Ол үшін бір қыз бала және бір ер баладан тұратын екі жұп керек. Мына ағаш атымызға мінген қыз бала мен ер бала белгілі арақашықтықта бір мезетте шабады. Ойын шарты бойынша қыз бала бұрылысқа бірінші болып жетуі тиіс. Егер ер бала бұрылысқа дейін қыз баланы қуып жетсе, жеңімпаз атанады, ал қуып жетпеген жағдайда қыз бала оны қамшымен ұрады. Екеуі де осы жарыста өздерінің тапқырлықтарын, шабандоздық шеберліктерін таныта білуі керек.

Сергіту жаттығуын жасады

Сабақты бекіту

16 минут

Сұрақ –жауап.

Бәрекелді, жарайсыңдар. Енді мұқият тыңдап, мынадай сұрақтарға жауап берейік:

Ерте заманда қыздар мен әжелердің қандай бас киімдері болған, олар қалай аталған?

Жауап : сәукеле, кимешек, шарқат, жаулық, орамал, тақия.

Ер баланың киімдері қандай болғанын атаңыз

Жауап: шапан, тон, мәсі, кебіс, т.б.

Ұлттық киімдерді бүгінде қай күні киеміз? Қандай мереке келе жатыр?

Жауап: Бүгінде Наурыз мерекесінде киеміз. Наурыз мерекесі келе жатыр.

Ұлттық ою -өрнек түрлерін білесіңдер ме?

Жауап: қошқар мүйіз, жұлдызша, ирек, түйе табан, т.б.

Сұрақтарға жауап бeрeдi

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Сонымен, балалар, біз ұлттық киімдер түрлерін айқындадық. Сол киімдерге ата- бабаларымыз ою -өрнектің көптеген әсем түрлерін орналастырды. Біз енді жасымызға қарай қарапайым ою -өрнек түрлерін ойып, түстік шешімін табу арқылы қиып орналастырып, таңдаған ұлттық киімімізді әшекейлейміз. Кең тараған қошқар мүйіз, қызғалдақ, жұлдызша, ирек оюларын үлгілерге қарап, киімдеріміздің үстіне, ортасына, шетіне орналастырамыз.

Оюдың әр түрін көрсету, атауы жазылған.Киім үстінде орналасқан үлгісін, орналасқан жерлерін көрсету.

1.Қарапайым ою -өрнек түрлерін ояды

2.Таңдаған ұлттық киімді әшекейді.

3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, тапсырма )

Тәжірибелік жұмыс.

Жұмыс алдында балаларға қайшымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін ескерту.

Оқушылардың ұлттық киімдердің түстік шешімдерін, оюды үйлесімділікпен орналастыруды дұрыс орындауын қарап шығу, жеке көмек көрсету.

Тәжірибелік жұмыс жасайды

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?







Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №25

Сабақтың тақырыбы:. Кәсіби қызығушылық, қабілет, икемділік

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 09.03. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Кәсіпкерлік туралы түсінік беру. Кәсіпкерліктің түрлері, кәсіпкерге тән қасиеттер туралы, кәсіпкерлік мақсатына жету жолындағы қиыншылықтар мен табыстарға қол жеткізуге болатындығы арқылы оқушыларды алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу. 

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Тамақ өнеркәсібі саласындағы және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар туралы оқушылар мәлімет алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығын таңдауда қателеспейдi

Кейбір оқушылар орындай алады: Өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін үйрету

Тілдік мақсат:

Жеке кәсіпкер туралы өз ойларын атайды.

Ресурстар:

Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы, стикер

Пәнаралық байланыс:

Психология, тарих

Алдыңғы оқу:

Кәсіби қызметтер, кәсіпкерлік

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

І топ «Рахат» кондитерлік фабрикасы 
Эмблемасы, Ұраны: «Үнемделген уақыт – қалтадағы артылып қалған ақшамен тең» 
ІІ топ «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы 
Эмблемасы, Ұраны: «Уақыт ақша, ал тиімді жұмсалған уақыт- көп ақша» 

Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Сергіту сәті. «Сауда белгісін» қорғайды. 
Мұғалім әр тапсырманы теңгемен бағалайды. 
Үй тапсырмасын сұрау. Деңгейлік тапсырмалар. 
1. Пайданың формуласы қандай? (Т-Ш =П) 
2. Пайда неге байланысты? (Шығынға байланысты болады) 
3. Пайда дегеніміз не? (табыс пен шығындардың айырмашылығы) 
4. Қандай өндіріс шығындарын білесің? (жұмыскерлерге жалақы төлеу, шикізат сатып алады, электр қуатын төлеу керек, аренда, жер учаскесінің төлемін жасау ) 
5. Егер шығындар табыстан артық болса? .(фирма зиян шегеді) 
6. Фирманың басты мақсаты не? (көбірек пайда табу) 
7. Пайданы тағы қалай атауға болады? (Таза табыс) 
8. Фирмалардың пайдасы әр түрлі болады. Неліктен? (шикізатты арзан бағамен сатып алу есебінен, өндірісті жақсы ұйымдастыру есебінен, жаңа технологияларды пайдалану есебінен) 
9. Егер табыстар шығыннан артық болса, онда.... (фирма пайдаға шығады)

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут


15 минут

«Кәсіпкер» сөзіне кластер 
1. Нарықта бәсекеге түседі 
2. Кәсіпкерлік қызметпен айналысады 
3. Тәуекелден қорықпайды 
4. Тәуекелге барады 
5. Белсенді ізденісте болады 
6. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алады 
7. Тәуекелділікке бас тігеді 
8. Фирмаларды, дүкендерді басқарады 
9. Өз ісін ашқан адам 
10. Өз ісін ұйымдастырған адам 
11. Сауда жасаумен айналысады 
12. Заңда тиым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысады

«Банктен несие алу» әдісі. Банктен несиелік карточка арқылы несие алады. Ол үшін сұрақтарға жауап береді. 
1. Кәсіпкерліктің мақсаты не? (Пайда алу) 
2. Кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі.  (кәсіпкерлік) 
3. ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңы қай жылы шықты? (1992 ж) 
4. «Кәсіпкерлік» сөзінің мағынасы не? (іске асыру) 

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

3 минут

Кәсіпкерге тән қасиеттер 
1. Адалдық, яғни серіктестердің өз ара сенімділігі. 
2. Жауапкершілік. Нағыз кәсіпкер өз қылығына ақшасымен, мүлкімен жауапты болады. 
3. Сыйластық. Іскерлік қарым-қатынас әдебін сақтау керек. 
4. Сабырлылық пен қанағатшылдық. Тиісті шекті сақтау және көре білу, өзінің ырықсыз тілектері мен ұмтылыстарын басқара білу. 
5. Мінез-құлық мәдениеті. Іскерлік қарым-қатынастардың ережелерін білу, оны сақтау. 
6. Уақытты пайдалана білу. «Уақыт-ақша» деген сөзді бизнесмен өз мәнінде түсінуі керек. 
Кәсіпкерге жат қасиеттер 
1. Жалқаулық 
2. Жауапсыздық 
3. Заңға бағынбау 
4. Алдау, өтірік айту 
5. Басқаның дүниесін иелену 
6. Қызғаншақтық 
7. Бәсекелесін жоюға ұмтылу 
8. Кәсіпкерліктің әдеп ережелерін сақтамайтындар 
9. Басқа адамдардың мүддесін ескермеу 
Есеп.Табыс, шығын, пайда 



Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )




Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті


Кері байланыс

2 минут

«Бес саусақ» арқылы оқушылардан мына сұрақтар төңірегінде жауап ала отырып, кері байланыс жасау. 
Бас бармақ: -Не үйрендім? 
Балаң үйрек: -Қандай жетістікке қол жеткіздім? 
Ортан терек: -Көңіл-күйім? 
Шылдыр шүмек: -Неден қиналдым? 
Кішкене бөбек: -Кімге көмектестім? Балалар өз ойларын жинақтап, бүгінгі сабақ барысында алған ішкі сезімдерін, ой-толғаныстарын параққа жазады. 

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?







Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №26

Сабақтың тақырыбы:. Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет.

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 16. 03. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Тамақ өнеркәсібі саласындағы және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар туралы оқушыларға мәлімет беру.Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығын таңдауда қателеспей өтуге бағыттау.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Тамақ өнеркәсібі саласындағы және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар туралы оқушылар мәлімет алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығын таңдауда қателеспейдi

Кейбір оқушылар орындай алады: Өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін үйрету

Тілдік мақсат:

Видео ролик көрсетіледі. Жеке кәсіпкер туралы жеңіл өнеркәсіп саласынан. Осы роликті көрсеткеннен кейін үйден өз ойларын атайды.

Ресурстар:

Интерактивтік тақта, видео роликтер.

Пәнаралық байланыс:

Психология, тарих

Алдыңғы оқу:

Кәсіби қызметтер, тамақ өнеркәсібі

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.

Тренинг арқылы топтарға бөлу. Карточкада мамандықтар түрлері жазулы, сол мамандық бойынша жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі бойынша 2 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлау.

Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

10 минут

Сұрақ – жауап:

1.Америкалық психолог Д.Холланд кәсіби ортаны неше типке бөлді? 2.Реалистік типке қандай адамдар жатады? 3. Зертеушілік типке қандай адамдар жатады? 4. Артистік тип қандай? 5. Әлеуметтік типтегі адамдар қандай? 6. Кәсіпкерлік типтегі адамдар қандай? 7.Кеңселік типетегі адамдар қандай? 8. Кеңес үкіметінің психологы Е.Климов кәсіби ортаны неше типке бөлді? 9. Адам-табиғат типіндегі адамдар. 10. Адам-техника типіндегі адамдарға мәлімет бер. 11. Адам - белгілі-жүйе. 12.Адам – өнер. 13. Адам – адам.

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

20 минут


III Негізгі бөлім. Ой қозғау.

Топтық жұмыс. Оқушылар кітаппен жұмыс жасап, берілген сұрақтарға жауап береді. Бірінші топ тамақ өнеркәсібі, екінші топ жеңіл өнеркәсіп.

Постермен жұмыс. Сауда саласындағы мамандықтар.

І топқа сұрақ – Сатушы кеңесші, сатушы, сауда өкілі.

ІІ топқа сұрақ – Мерчендайзер, сауда агенті, көтерме сауда менеджері.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

7 минут

Қорытынды сұрақтар.

  1. Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтар түрлерін атаңдар.(кондитер, инженер-технолог,технолог және т.б)

  2. Тамақ өнеркәсібі технологының бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? (Ол жан-жақты, білімді,өз ісінің шебері болу керек және мықты химикте болу керек.)

  3. Технолог неге жауап береді? (Технолог өндірістегі жалғасып жатқан операциялар тізбегіне жауап береді.)

  4. Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады? (тігін,тоқыма,трикотаж, аяқ киім өндірісі, былғары галантерея бұйымдары салалары және тоқымашы, иіруші, конструктор-модельер, суретші-модельер, пішуші, тігінші мамандықтары да жатады.

  5. Жеңіл өнеркәсіп қандай өнімдер өндіреді? (Трикотаж киімдер, аяқ киім, киім, галантереялық бұйымдар өндіреді.)

  6. Жеңіл өнеркәсіпке тән қандай мамандықтарды білесің? (суретші-модельер, конструктор-модельер, пішуші, тігінші, тоқымашы.)

Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?








Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №27

Сабақтың тақырыбы: Сауда саласындағы мамандықтар.


Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 06. 04. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Ауыл шаруашылығы және сауда саласындағы мамандықтар туралы білімдерін толықтыру, осы мамандықтардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, өздерінің өмірлік жоспарларын құруға бейімдеу.

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Ауыл шаруашылығы және сауда саласындағы мамандықтар туралы оқушылар мәлімет алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығын таңдауда қателеспейдi

Кейбір оқушылар орындай алады: Сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын толықтай айта алады

Тілдік мақсат:

Сауда саласындағы мамандықтар. туралы өз ойларын атайды.

Ресурстар:

Интерактивтік тақта, видео роликтер.

Пәнаралық байланыс:

Психология, тарих

Алдыңғы оқу:

Кәсіби қызметтер, тамақ өнеркәсібі

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

«Сен маған, мен саған» сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. Сұрақтар:

Кәсіби маман дегенімізді қалай түсінесің?

«Адам-табиғат» типіне сипаттама бер.

«Адам- техника» типіне қандай ерекшелік тән?

«Адам-белгі жүйе» типін таңдаған адамнан не талап етіледі?

«Адам-өнер» типін қандай маман иелері иеленеді?

«Адам-адам» типтегі мамандықтың ерекшелігін атап өт.

Тамақ өнеркәсібі саласында қандай мамандықтар кездеседі?

Жеңіл өнеркәсіпке тән қандай мамандықтарды білесің?

Жеңіл өнеркәсіпте қандай өнімдер өндіреді?

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут


Слайд арқылы суреттер көрсетіліп,сұрақ қойылады. Суреттен қандай мамандық иелерін көріп отырмыз? Бұл маман иелерін қандай салаға жатқызамыз?

Бүгінгі сабағымызда мал шаруашылығы және сауда саласындағы мамандықтар туралы білетін боламыз.

«ЖИГСО» әдісімен берілген тақырыппен өз бетімен танысады.

«Ең жақсы ойыны».
Ең ақшасы көп …….(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ……(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ……(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ……(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты …..(сот, бухгалтер).
Ең салмақты ……(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті …(биснесмен).

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

18 минут

1-жұп: Рөлдік ойын « Сатушы- кеңесші мен сатып алушы»

2-жұп: «Ауылым –алтын бесігім» таныстырылым жасап, қорғау.

Өз ойын дәләлдеп берді




Әбунасыр әл Фараби «… адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді… жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтағым келіп тұр.




Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )




2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Әлемдегі қауіпті мамандықтар туралы мәлімет

3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )

«Мамандығым-мақтанышым» эссе жазып келу

Бағалау

2 минут

Оқушыларға бағалау парақшасындағы ұпайлары жинақталып, баға қойылады.

Суммативті

Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?