Файл: Мектеп Н. Одасынов атындаы жом.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.04.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №28

Сабақтың тақырыбы:. Өзін-өзі кәсіби тануда тұлғаның жеке қасиеттері

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 13. 04. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағыттау;оқушылар рухани- адамгршілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерту;

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығын таңдауда қателеспейдi

Кейбір оқушылар орындай алады: Оқушы өзін-өзі кәсіби тани алады

Тілдік мақсат:

Мамандықтар. туралы өз ойларын атайды.

Ресурстар:

Интерактивтік тақта, видео роликтер.

Пәнаралық байланыс:

Психология, тарих

Алдыңғы оқу:

Кәсіби қызметтер, тамақ өнеркәсібі

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»-делінген.

Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім жобасы мектептерде пән ретінде оқытылуда

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

30 минут


Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Оқушыларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу- бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптасады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани –адамгершілік тәрбие –екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс –тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз..

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», депті Ақан сері. Олар: жалған айтпады, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Ола болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға , оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

18 минут

Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында ескеріліп, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында ең басы қажеттілік өзін-өзі дамытушылық қажеттілігін қалыптастыруы тиіс.

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым-қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез-келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін-өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?







Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №29

Сабақтың тақырыбы:. Келешек мамандықтар

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 20. 04. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасы бар

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жол таңдай бiлeдi

Кейбір оқушылар орындай алады: Өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес мамандық таңдай бiлeдi

Тілдік мақсат:

мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Ресурстар:

Оқулық, слайд

Пән/қ байл/с:

Тарих, психология, география, әдебиет

Алдыңғы оқу:

Келешек мамандықтар

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырм/н сұрау

10 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Кім болам?

Ақын болсам, тіл керек.

Шешен болсам, шеберлік керек.

Ғалым болсам, ой керек,

Маман болсам, білік керек.

Палуан болсам, білек керек,

Бәріне негіз болар білім керек.

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Сұрақ – жауап:

Тамақ өнеркәсібі салаларын атаңдар.

Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады?

Сауда саласындағы мамандықтарды ата.

Ауыл шаруашылығы салаларын атаңдар.

Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығына байланысты қандай мамандықтарды білесіңдер?




3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )

Топпен жұмыс:плакатка салып, қорғау.

1-топ.Мен таңдайтын мамандық.

2-топ.Қай мамандық түрі осы заман талабына сай.

3-топ.Мамандықтардың ерекшеліктері.

Тігінші тапсырмасы:Суреттегі заттардың атын жаз.



Бұ рғы, сүргі, қайрақ





Жаңа сабақ

15 минут


Тапсырма:

«Доп плюс мамандық немесе кім көбірек мамандықты атайды?»

Барлық оқушылар орнындарына тұрады. Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы мамандықтарды атайды.

Ескерту:Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда үш секундтан аса ұстамау керек.

Музыкант тапсырмасы:Кімге не керек екенін табыңдар.





Тапсырма: Сиқырлы кестедегі суреттердің жауабын табыңдар?



1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

12 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )

Тапсырма:Оқушыларға нұсқау беріледі, берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.

Ең ақшасы көп - ......... (бухгалтер, экономист).

Ең жасыл - ......... (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).

Ең тәтті - ........ (аспазшы, кондитер).

Ең күлкілі - ....... (клоун, карикатурашы).

Ең жауапты - ....... (сот, бухгалтер).

Ең салмақты - ........ (мұғалім, заңгер).

Ең қарым - қатынасы күшті - ........ (бизнесмен).

Өз ойын дәләлдеп берді

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Тапсырма: «Мамандық туралы диалог» - «Иә, бірақ та ...».

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұптар ойыншылардың біріне болашақта алғысы келетін мамандығын талдап, ойластырады. Бұл жерде ойыншының міндеті өз қалауын негіздеу. Диалог «Иә, бірақ та ...» принципі бойынша құрылады.

1-ші «Маған ұнайтын мамандық ...., себебі ...».

2-ші «Иә, бірақ та ...».

Оқушылардың таңдаған мамандығының оған сәйкес келетіндігін аргументті түрде дәлелдей алдыма? Содан соң рөлдермен алмасады. Талдау. Құрылған диалог туралы пікір-талас, өз ойларын, не сезінгендерін жеткізу.




3-деңгей (жинақтау, бағалау тапсырма )

INSERT картасы. Сабақ несімен қызықты болды?

Сабақтан не үйрендім?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?




Үйге тапсырма

2 минут







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?





Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №30

Сабақтың тақырыбы:. Шығармашылық жобаға арнап бұйым таңдау және жобаны жүзеге асыру

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 24-29.04

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.

А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.
Ә. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдына қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту.
Б. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.


Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тілдік мақсат:




Ресурстар:




Пәнаралық байланыс:

«Технология» (5-9 с.), информатика, математика, экономика, экология, бейнелеу өнері, тарих.

Алдыңғы оқу:




Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)



Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

4 минут


1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут

15 минут

«Ізденіс жұмыстар» – топтастыру әдісін қолданып.

Эскиз орындау схемасы.

Технологиялық карта бағандары.

Қауіпсіздік сақтау ережелері.

Сарамандық жұмыс.

Экономикалық есептер, формуласы.

«Экологиялық дәлел» топтастыру әдісі.

«Шығармашылық жұмысты пайдалану» топтастыру әдісі.

Жарнама схемасын құру.

Жеке тапсырма ( оқулықпен жұмыс)


1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

3 минут




Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?






Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №31

Сабақтың тақырыбы:. Бисерден жасалған бұйым жиынтығы

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 01-06.05

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ негізделген оқу мақсаты:




Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тілдік мақсат:




Ресурстар:




Пәнаралық байланыс:

математика, тарих.

Алдыңғы оқу:




Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Крeстик-нөлдiк ойыны
1. Бисер дегеніміз не?
2. Стеклярус дегеніміз не?
3. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?
4. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
5. Бисердің отаны?
6. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
7. Бисердің түрлері?
8. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

15 минут



1. Бисерден жасалған әшекейлер - түрлі түсті шыны моншақтар, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы, кезден - ақ шеберлерді қызықтырған.
Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкеюде. Бисер және стеклярус әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады.
Қазіргі кезде бисерлерді негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады: моншақ, алқа,
сырға, белдік, кулон, білезік т. б.
2. Бисерден бұйым жасау технологиясы. Бәйшешек гүлін жасау.
Бәйшешек гүлі - Қазақстан оңтүстігінің алғашқы көктем гүлі, сондықтан оны халық «бәйшешек» деп атайды. Кей жылдары тіпті қаңтар айында гүлдейді. Енді осы гүлді бисерден жасаймыз.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

18 минут

Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал - саймандар түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу да маңызды.

Сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал - жабдықтар:
- бисер: ақ және жасыл түстер, бисер салатын ыдыс, сым темір, гипс, акрил бояуы

Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )







2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )







3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті


Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?






Тексерілді:---------------------ДОТЖО

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №32

Сабақтың тақырыбы:. Бұйымды бисермен әрлеу

Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.

Күні: 11. 05. 17ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Бисермeн жұмыс iстeй алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бұйымды бисермен әрлей алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тілдік мақсат:




Ресурстар:

Бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу

Алдыңғы оқу:

Бисер, бұйымды бисермен әрлеу

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау

4 минут

Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».Суреттер арқылы.
1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?


1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ

13 минут


Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сабақты бекіту

20 минут

Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.
Тор тігіс 
Айқас тігіс таңдай тігіс 
Қабырға тігіс 
Жұлдызша тігіс
2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?
Шым кесте моншақ кесте
Біз кесте Баспа кесте

V.
Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету.
Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.

Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.
Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.

VI. Сабақты қорытындылау. 
– Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
– Иненің құрылысы мен түрлері. 
– Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы? 


Өз ойын дәләлдеп берді

Үйге тапсырма

2 минут







Бағалау

2 минут

Оқушыларды жиынтық бағалау


Суммативті

Формативті

Кері байланыс

2 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?