ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.04.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: ДОСТЫҚ-табылмас бақыт
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, ұлттар достығы туралы, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың достық туралы түсініктері қалыптасады, қоршаған ортамен дос болуға үйренеді, ұлттар достығының маңызын түсінеді және оны нығайту қажеттілігін біледі.
Керекті құралдар: интерактивті тақта, түрлі түсті қағаз, стикерлер, А-4, А-3, әріптер, ермексаз, желім, түрлі түсті жолақшалар.
Сабақтың барысы:
|
|
І. Сәлемдесу.
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына арнап бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
ІІІ.Қызығушылықтарын ояту:
-Балалар, қазір сендерге «сиқырлы» әріптер таратамын. Әріптердің артында жазылған тапсырмаларды орындап, осы әріптерден «сиқырлы» сөз құрастыру керек.
(Оқушылар тапсырмаларды орындап, осы әріптерден сөз құрастырады.)
-Зат есім дегеніміз не?-с
-Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?-т
-Әлемде неше ғаламшар бар?-о
-Мектеп сөзін үш тілде айт.-д
-Білім туралы мақал-мәтел айт.-ы
-6x7=?-қ
-Балалар, қандай сөз құрастырдыңдар? (оқушылар жауабы) .
ІV. Бүгінгі сабақта не туралы әңгіме қозғайтын боламыз? Дұрыс, бүгін біз ДОСТЫҚ туралы сөз қозғамақпыз. Айтыңдаршы, достық кімнің арасында болады? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Шын досты қалай білуге болады?
- Өзіңнің досың туралы не айтасың?
-Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?
Мұғалімнің сөзі: Достық-адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі., бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар сендер де бір сыныптың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар. Интербелсенді тақтадағы мәліметпен жұмыс жасау, мақал-мәтелдердің мағыналарын ашу.
V.Топпен жұмыс.
1 топ-Достық тақырыбына шағын шығарма жазу.
2 топ-Достық туралы мақал-мәтелдерден «шынжыр» құрастыру.
3 топ-Достық тақырыбына постер жасау.(ермексаз, түрлі түсті қағаз,т.б. оқу құралдарын пайдалану)
Әр топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды, бір- бірін толықтырып отырады. VI. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.
VІI.Интербелсенді тақтамен жұмыс.
-Адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.
Өзара сыйластық, Еңбек, Шыншылдық, Сүйіспеншілік
Мейірімділік, Кешірімділік, Оқу, Өзара көмек,Сұлулық
Түсіністік, Төзімділік , Өтірікші , Тәртіпсіз, Қамқорлық
Адалдық, Әдептілік , Салмақты ,Кек сақтамау, Жалқаулық
Төзімсіздік, Мақтаншақтық, Жауапкершілік(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
VIII. Рефлексия: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай тақырыпта сөз қозғадық? Достық туралы не білдіңдер?
Балалар, әрқайсыларын ортаға шығып, достық жайлы ойларыңды айтып, түрлі түсті жолақшаларды дөңгелекке байлайсыңдар.(оқушылардың іс-әрекеттері)
Мұғалім сөзі: Ал ендеше, балалар, біздің жолақшаларымыз неге ұқсап кетті? Бұл нені білдіреді? Достық адамдар арасында ғана емес, ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Бұл күнге біз бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып, өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық.( «Достық» әні шырқалады)
Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққулы ауылы
«Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебі» КММ
Абетжанова Самал Токтасыновна
Бастауыш сынып мұғалімі